Курстық жұмыс: Азаматтық кодекс | Мұнай және газ саласындағы азаматтық-құқықтық шарттар

0

Мазмұны

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . …………………
1 Тарау. Мұнай мен газды игеру процесіндегі құқықтық реттеудің жалпы сипаттамасы.
1.1. Жер қойнауын пайдалану аясындағы нормативтік актілердің тарихы мен жүйесі. . . . . . . . . . . …………………..
1.2. Жер қойнауын пайдалану құқығының түсінігі және мазмұны ………………………………………………….
1.3. Жер қойнауын пайдалану құқығының объектілері және субъектілері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . …………
2 Тарау. Мұнай және газ саласындағы контрактілер.
2.1. Мұнай және газ саласындағы контрактілердің жалпы сипаттамасы . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ………..
2.2. Концессия туралы контракт . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ……..
2.3. Өнімді бөлу туралы контракт . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . …….
2.4. Сервистік қызмет көрсету туралы контракт . . . . . . . . . ….
3 Тарау. Мұнай және газ секторын құқықтық реттеуде шет елдердің тәжірибесі.
3.1. ТМД елдерінің мұнай және газ секторын құқықтық реттеудегі тәжірибесі . . . . . . . .. . ……………………
Қорытынды . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ……………
Қолданылған әдебиеттер …………………………………………….

К і р і с п е
1995 жылы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы елімізді демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жариялады. Мұндай саяси және экономикалық бетбұрыстардың нәтижесі жаңа нарықтық қатынастардың пайда болуына, әлемдік шаруашылық байланыстарға кіруге және халықаралық экономикалық ынтымақтастықтың дамуына мүмкіндік туғызды. Ашық типті экономика құруының құқықтық негізі жеке меншікті мойындау мен қорғауды, кәсіпкерлік қызметтің еркіндігін бекітетін Қазақстан Республикасы Конституциялық ережелері болып табылады.
Әлемдік шаруашылықтың қазіргі жағдайы соңғы онжылдықтарда әртүрлі мемлекет экономикаларының ғаламдастыру үрдістің кеңеюімен және тереңдеуімен айқындалып отыр. Шаруашылық өмірді ғаламдастыру бағыттарының бірі болып капитал экспорты табылады, атап айтқанда шетелдік инвестициялар. Тікелей шетел инвестициялардың ең көп бөлігі экономикамыздың мұнай және газ секторларына құйылып жатыр.
Қазақстанда мұнай өндірісінің бастамасы 1898 жылға жатады. Ембі ауданында жоғары сапалық мұнайдың 2 кен орны: Доссор (1898ж.) және Манат (1915 ж.) ашылып, өңделе бастаған болатын. 1914 жылы Ембіде мұнайдың максималды өндіруі 272 мың тоннаға дейін жетті. Ал, 1899 жылы қарашаның 13 жұлдызында бірінші мұнай фонтанын Гурьев (қазіргі Атырау) облысы Жылыой ауданының Қарашоңғыл жеріндегі №7 скважина берді және ол 10 метр тереңдіктегі фонтанның 1 күндік дебиті 22-25 тоннаға жеткен.
Бүгін Қазақстан Республикасы әлемдегі ең ірі, мұнайға бай елдердің қатарына жатады. Мемлекетіміздің мұнай және газ аудандарының перспективті аумағы 1 млн 700 мың км2-ге тең, яғни бүкіл жеріміздің 62% құрайды. Қазіргі кезде 200-ден астам мұнай мен газ кен орындары ашылған.
Біздің ел дүние жүзінде барланған қордың көлемі жағынан мұнай бойынша 12-ші (Каспий шельфін есепке алмағанда), газ және конденсат бойынша 13-ші, ал өндіру деңгейі бойынша 23-ші орында. Қазақстан мұнайдың 2,2 млрд тонна, конденсаттың 690 млн тонна және газдың шамамен 2 трлн м3 алынатын қоры 208 мұнай және газ кен орындарымен ұсынылған және оның үлесіне барланып дәлелденген әлемдік мұнай қорының 1,5% (шельфті есепке алмағанда) тиісті. Мұнайдың болжамдық ресурстары шамамен 13 млрд тоннаны құрайды.
1993-1997 жж. мемлекетімізге құйылған 6,7 млрд АҚШ доллары көлеміндегі шетел инвестициялардың 43,9% мұнай және газ секторларында қолданылған. Жаңадан ашылып жатқан мұнай және газ кен орындарының көбеюі, осы салаға шетел инвестицияларының келуіне әсер етуде. 1999 жылы келіп түскен 1,8 млрд АҚШ доллары көлеміндегі шетел инвестицияларының 84,7% осы мұнай және газ кешеніне келіп түсіпті.
Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігі шамамен 35-40% мөлшерінде мұнай және газ саласы есебінен құрылады. Болашақта бұл көрсеткіш Каспий шельфінде өндіру көлемінің ұлғаюына байланысты елеулі түрде өседі. Тұтастай аланда, 2010 жылға қарай Каспийдің өндірісті әлуеті 150-200 миллион тонна болады деп бағалануда.
Осы мағынада бұл жұмыс тақырыбының өзектілігі, айтарлықтай дәрежеде ел экономикасында алдыңғы қатардағы орынды алып тұрған мұнай және газ секторының маңыздылығымен айқындалады. Осыған орай, мұнай және газ секторының азаматтық-құқықтық реттелуін ғылыми тұрғыдан зерттеу аса маңызды болып табылады және теоретиялық та, практикалық та тұрғыдан өте үлкен роль атқарады.
Осы жұмыстың пәні болып мұнай және газ секторының жер қойнауының бір түрі ретіндегі азаматтық-құқықтық реттелуі табылады.
Жұмыстың мақсаты мұнай және газ саласындағы ұлттық заңнаманың кемшіліктерін табу, оларды жою жолдарын іздестіру, азаматтық-құқықтық шарттардың мәнін ашу, басқа елдердің тәжірибелерімен және бұл саладағы ғалымдардың еңбектерімен танысу болып табылады.
Осы саланың және жалпы еліміздің жас екенін ескере келе, бұл тақырып жақыннан бастап зерттеле бастады. Осы саладағы зерттеушілер ретінде М.К.Сулейменов, К.С.Мауленов, Е.Б.Жүсіпов (з.ғ.к. дисс. Правовое регулирование недропользования А-2001), Ченцова О.И. сияқты ғалымдарды атауға болады.
1 Тарау. Мұнай мен газды игеру процесіндегі құқықтық реттеудің жалпы сипаттамасы
1.1. Жер қойнауын пайдалану аясындағы нормативтік актілердің жүйесі және даму тарихы
Қазіргі кезде Қазақстанда жер қойнауын пайдалануға байланысты белгілі бір заңнама жүйесі қалыптасып үлгерді. Бұл жүйе Қазақстан Республикасының 1991 жылы мемлекеттік тәуелсіздігін алғаннан бастап қалыптаса бастады. Жалпы азаматтық заңнаманың қалыптасуымен қатар, белсенді түрде жер қойнауын пайдалану туралы заңнама жетіле бастады, соның ішінде мұнайға қатысты арнайы заңнама.
Жер қойнауына қатысты ереже Қазақстан Республикасы Конституциясының 6 бабының 3 тармағында көрсетілген. Онда жер қойнауы мемлекеттің меншігі екені туралы айтылып, жер қойнауын пайдалану кезінде негізгі қағидаға айналды.
Жер қойнауын пайдалану саласындағы қазақстандық задардың ішінде алғашқылардың бірі болып 1992 жылы 20 мамырда қабылданған «Жер қойнауы және минералдық шикізатты қайта өңдеу туралы» Кодекс (әрі қарай – «Жер қойнауы туралы» Кодекс) еді. «Жер қойнауы туралы» Кодекс Қазақстанның осы экономика саласында өте үлкен роль ойнап, республикадағы жер қойнауын пайдаланудың құқықтық негізін қалаған болатын.
1996 жылы 27 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заң күші бар Жарлығы (әрі қарай – «Жер қойнауы туралы» Жарлық) қабылданған еді. Осы жарлық қабылданғаннан кейін «Жер қойнауы туралы» Кодекс күшін жойды.
Жер қойнауы туралы жаңа заңнаманың қажеттілігі, бұл аяға шетелдік инвестициялардың үлкен қызығушылығымен туған болатын. Шетелдік инвесторлар өздеріне қатысты қазақстандық заңнаманы бағалай келе, 1992 жылы қабылданған «Жер қойнауы туралы» Кодекстің ішінде көптеген кемшіліктер мен қарама-қайшылықтар бар екенін айқындады. Ең бастысы, жаңа жағдайларға «Жер қойнауы туралы» Кодекстің идеологиясы жарамай қалды. Осы Кодекс әкімшілік қатынастарға негізделіп, басқару органдарының қатал тәуелділігінде болатын мемлекеттік кәсіпорындардың арасындағы қарым-қатынастарды реттеуге арналған болатын. Бұл әрине, совет өкіметінің заманындағы қолданылған идеологияның сол жылдардағы әлсіреп келе жатқан соңғы әсерлері еді. Қазақстан рыногының мұнай және газ секторына шетелдік инвесторлардың келуі қысқа мерзімде олармен қарым-қатынастарды заңи түрде реттеу туралы сұрақтарды шешу қажеттілігін туғызды.
«Жер қойнауы туралы» Жарлықтың пайда болуына дейін, мұнай туралы арнайы заңнама өңделіп, жарияланған болатын.
1995 жылдың 18 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президентінің «Мұнай операциялары туралы» Жарлығы, ал 1995 жылдың 28 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің «Мұнай туралы» Заң күші бар Жарлығы (әрі қарай – «Мұнай туралы» Жарлық) қабылданып, сол жылдың 1 шілдесінде күшіне енді. «Мұнай туралы» Жарлық «Жер қойнауы туралы» Жарлықтың концепциясы мен мазмұнына ең байсалды деген әсерін тигізді. Соңғысы, «Мұнай туралы» Жарлықтың концепциясына толық негізделіп, нәтижесінде жер қойнауының барлық пайдалы қазбаларына қатысты операцияларға қолданылып жүр.
Сонымен қатар, жер қойнауы операцияларын жүргізуіне байланысты ерекшеліктер пайдалы қазбалар мен техногенді минералды түзілімдердің жеке түрлеріне қатысты осы пайдалы қазбалар мен техногенді минералдық түзілімдер туралы жеке заң актілерімен айқындалады («Жер қойнауы туралы» Жарлықтың 4 бабының 1 тармағы).
«Мұнай туралы» Жарлық теңіз бен ішкі суларды қосып алғанда, Қазақстан Республикасының юрисдикциясында орналасқан территориясында мұнай операцияларын жүргізу кезінде пайда болған қарым-қатынастарға қолданылады. Егер, «Мұнай туралы» Жарлықтың ережелері мұнай операцияларын реттеуге байланысты басқа Қазақстан Республикасының заң актілеріне қайшы келсе, «Мұнай туралы» Жарлықтың арнайы заң актісі ретінде ережелері қолданылады. Осыдан, «Мұнай туралы» Жарлықтың күші «Жер қойнауы туралы» Жарлықтан басым болады. Ал егер, мұнай операцияларына қатысты кейбір қатынастар «Мұнай туралы» Жарлықпен реттелмей қалса, онда осы қатынастарға ортақ негізде «Жер қойнауы туралы» Жарлықтың ережелері қолданылады.
Ж.С.Елюбаевтың айтуы бойынша бұрынғы кездегі сияқты «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекс жасап шығару керек. «Бұл Кодекс мұнай және газ саласындағы барлық заңдарды біріктіріп, осы саладағы кодификацияланған нормативтік акт ретінде болуы тиіс» — дейді. Мен келесі себептермен айтылған оймен келіспеймін. Біріншіден. Еліміздің мұнай және газ саласындағы заңнама әлі толық қалыптасып үлгерген жоқ, яғни мұндай қадамға дайын емес.
Екіншіден. Кодексті жай заңмен салыстырғанда өзгерту немесе толықтыру қиынға соғады, ал бұл дегеніміз уақыт, күш-жігер. Қазақстан Республикасының құқықтық базасы бүгінгі күнге осы аса маңызды Жарлықтармен қоса, мұнай операцияларына немесе жалпы жер қойнауына қатысты сұрақтарға арналған басқа да заң актілерінен тұрады. Мысалы, 2001 жылдың 31 шілдесінде шыққан Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізу жөнінде Модельдік контрактіні бекіту туралы» № 1015 Қаулысы, 2002 жылдың 29 маусымында шыққан Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мұнай операцияларын жүзеге асырушы мердігерлермен келісім-шарттарда Ұлттық компанияның міндетті үлестік қатысуы арқылы мемлекеттік мүдделерді білдіру ережелері туралы» № 708 Қаулысы және т.б.
1.2. Жер қойнауын пайдалану құқығының түсінігі және мазмұны Жер қойнауын пайдалану құқығы — заттық құқықтың бір түрі болып табылады. Ол параллельді түрде басқа да меншік, шаруашылық жүргізу, жедел басқару, жерді пайдалану және т.б. құқықтар сияқты өмір сүреді. Осы сипатта жер қойнауын пайдалану құқығы ең алғаш рет «Жер қойнауы туралы) Жарлықта бекітілген еді. Бұл уақытқа дейін жоғарыда айтылып кеткендей жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты қатынастар әкімшілік құқық шеңберінде жүзеге асырылатын. Жер қойнауын пайдалану құқығын азаматтық құқық институты болып табылатын заттық құқыққа трансформациялау идеясының авторы М.К.Сулейменов танылады. М.К.Сулейменов « Жер қойнауы туралы» Жарлықтың жобасын жасау жөнінде жұмыс тобының меңгерушісі бола тұрып, бұл институтқа теоретикалық негіздеме беріп, оның негізгі ережелерін қалыптастырды. Жер қойнауын пайдалану құқығының заттық құқықтың бір институты ретінде және бөтеннің мүлкіне құқық ретінде пайда болуының себебі ретінде жер қойнауы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес тек мемлекет меншігінде болатыны туралы ережені атауға болады. Кейбір дүние жүзі мемлекеттерінде жер қойнауы жеке меншікте болу мүмкіндігі орын алып отыр. Бұл жағдайда жер қойнауына байланысты операциялар жер қойнауына жеке меншік құқығы негізінде жүзеге асырылады. Қазіргі кезде әртүрлі мемлекет заңнамаларында өздерінің тарихи, ұлттық, діни және басқа да салт-дәстүрлеріне сәйкес жер қойнауына деген меншік құқығына қатысты әртүрлі ережелер қалыптасқан. Ішіндегі ең консервативті болып, жердің меншік иесі оның қойнауына да меншік құқығын иеленеді, бұл құқық осы жерге меншік құқығы бар болғанша және ол басқаға ауыспағанша сақталады деген ереже саналады. Мұндай келіс АҚШ-ты кейбір штаттарында қазіргі кезде де қолданылып тұр. Осыған орай, жер қойнауына қатысты мемлекеттің функциялары тек қана қоршаған ортаны сақтаумен шектеледі. Айтып кететін тағы бір мәселе, осы мемлекетте жер қойнауына қатысты операцияларды жүргізу, пайдалы қазбаларды жеткізу және қайта өңдеу кезінде қоршаған ортаны қорғауға байланысты дамыған әрі өте қатал заңнама қалыптасқан. Сонымен қатар, бұл заңнама жоғары дәрежедегі нақтыландырылғанымен ерекшеленеді. Мысалы, мұнай өндіруді ұйымдастыру кезіндегі скважиналар арасындағы ара-қашықтықты реттейтін арнайы ережелер бар. Бұл жағдай Батыс Европаның бірқатар елдерінде кішкене өзгеше шешілген. Француз Азаматтық Кодексінің 552 бабы, Италия Азаматтық Кодексінің 940 және 945 баптары, Алмания Азаматтық Кодексінің 905 параграфы жердің меншік иесі оның қойнауының да меншік иесі болып табылатындығы туралы айтады. Осылайша, Француз Азаматтық Кодексі жер учаскесінің иесіне жермен байланысты жұмыс жүргізуге, кез-келген жер асты құрылыс тұрғызуға және жер қойнауында табылу мүмкін кез-келген материалдарды өндіруге құқық береді. Сонымен қатар, 1956 жылы қабылданған Кен-тау Кодексі кендерді пайдалану тек қана мемлекет тарапынан берілетін концессия негізінде жүзеге асыруға рұқсат, яғни, ол жер қойнауына қатысты жер учаскесінің үстінде орналасқан жерге меншік құқығынан ерекшеленетін, жаңа, жер қойнауына меншік құқығын бекітіп отыр. Аталған норма егер, концессия сол кен табылған жер учаскесінің меншік иесіне берілсе де бірдей таралады. Жер учаскесінің қойнауында пайдалы қазбаларды іздестіруге байланысты жұмыстарды жүргізу үшін осы жер учаскесі иесінің рұқсаты қажет. Бірақ, оның бұл құқығы учаске қойнауында орналасқан пайдалы қазбалардың құнын бірен-саран бөлігін құрайтын компенсация беру туралы, меншік иесінен мәжбүрлеп алынуы мүмкін. Осыған ұқсас бұл жайт Алманияда да реттелген. Жер қойнауы туралы Федералдық Заңға сәйкес пайдалы қазбаларға меншік құқығы, осы пайдалы қазбаларды өндіруге қатысты концессия бар тұлғаға тиесілі. Концессия беру туралы өтініш жасаған тұлға осы жер учаскесінің меншік иесі болу керек немесе меншік иесімен жер қойнауын пайдалану құқығын беру туралы шарт жасасуы тиіс. Италия занамасы жердің меншік иесі құқықтарына одан да қатал түрде қарайды. Уго Маттей жазғандай «Жер учаскесі иесіне оның пайдалы қазбалары тиесілі еместігі аз болғандай, тіпті іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесіне қатысты мемлекет тарапынан рұқсаттың керегі де жоқ». Жер қойнауын пайдалану құқығынан мәжбүрлеп айырғаны үшін төленетін компенсация сомасына табылған пайдалы қазбалардың құны қосылмайды. Осылайша, Батыс Европа мемлекеттерінің заңнамаларына келесі белгілер тән. Біріншіден, жерге және жер қойнаына байланысты құқықтың бөлінуі және олардың жеке меншікте болу мүмкіндігі. Екіншіден, жер қойнауынынауын пайдалануды жүзеге асыру «жер қойнауының меншік иесі болса да» тек қана өкілетті мемлекеттік органымен берілетін арнайы рұқсаты арқылы жүргізу мүмкіндігі.
КСРО кезінде идеологиялық және экономикалық жағдайларды ескеретін болсақ, жер қойнауының тек қана мемлекеттік меншікте болғанын көруге болады.
Жер қойнауына қатысты меншік құқығы ерекше түрде қоғамдық салт-дәстүрлер басым Ислам мемлекеттерінде түсіндіріледі. Мемлекет бұл жерде қоғамдық игіліктің қорғаушысы рөлін атқарып, қоғам мүддесі үшін жер қойнауын пайдалану құқығын белгілі бір жағдайларға және белгілі бір уақытқа беріледі. Осындай принциптердің негізінде Таяу және Орта Шығыстың ең ірі мұнай өндіруші мемлекеттерінің жер қойнауын пайдалану туралы заңдары жасалған.
Көптеген елдерде мемлекет заңи негіздеменің бір нысанын тауып, заңнамалы түрде жер қойнауына және оның ресурстарына қатысты өзінің егеменді құқығын бекітеді. Осыған орай, бірқатар жағдайларда пайдалы қазбаларды барлау және өндіру үшін территорияны берген жер учаскесінің меншік иесі осы пайдалы қазбаларды барлау және өндіру құқығын бергені әдетте төленіп отыратын белгілі бір төлемдер нысанында болатын компенсация алу құқығын өзінде сақтап қалып отыр, ал кейбір жағдайларда бұл төлемдер толық немесе жекелеген түрде мемлекет қазынасына түсіп отырады.
Қазіргі кезде халықтар мен ұлттардың өз елінің табиғи байлықтарымен, соның ішінде жер қойнауы және оның ресурстарымен иелену, пайдалану және билік ету құқықтары әрбір мемлекет егемендігінің ажырамас элементі ретінде қарастырылады. Бұл ереже тіпті жалпы танылған халықаралық нормаға айналуы десек те болады.
Осылайша, жер қойнауы жеке меншікте де (әдетте жер учаскесіне жеке меншік құқығы бар тұлғада), мемлекеттік меншікте де болу мүмкіндігін көрдік. Осыған орай, Қазақстанда орын алып отырғандай жер қойнауыны мемлекет меншігінде болуы осы объектіге меншік құқығы пайда болуының тек қана табиғи сипатымен емес, мәдени және ең негізгісі, әлеуметтік пен экономикалық тәртіп сияқты көптеген басқа да себептер кешенімен түсіндіріледі.
Жер қойнауы — бұл жалпы ұлттың ортақ мұрасы. Пайдалы қазбалар өндірістің көптеген салаларының шикізаты және тек қана халық шаруашылығының емес, сонымен қатар бүкіл адамзат үшін энергоресурстарының қайнар көзі болып табылады, яғни соңғы есепте экономикалық және қоғамның қалыпты өмір сүруін қамтамасыз етудің негізі ………..

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!