Курстық жұмыс: Әлеуметтану | Жастар мобильділігі

0

Мазмұны

І Кіріспе —————————————————————————————-3
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Жастар мобильділігінің әлеуметтік ерекшеліктері.——————————-5
2.2. Жастар мобильдігін әлеуметтік тұрғыда зерттеу. ——————————-14
Қорытынды ———————————————————————————-24
Пайдаланылған әдебиеттер —————————————————————26
Сілтемелер ———————————————————————————— 27

Кіріспе
Тұлға проблемасы бірқатар ғылымдардың-философия, социология, психология, педагогика, т.б. ғылымдардың зерттеу обьектісіне жатады.
Мәселен, философия тұлғаны таным мен творчествоның, іс-әрекеттің субектісі ретінде қарастырса, психология оны психикалық қасиеттер мен процестердің: мінез-құлық, темперамент, қабілет, т.б. тұрақты жиынтығы ретінде зерттейді.
Осы аталған және басқа да ғылымдардың ғылыми мәліметтеріне сүйене отырып, әлеуметтану ғылымы тұлғаны әлеуметтік өмірге белсенді түрде араласатын, әлеуметтік қатынастардың субьектісі ретінде қарастырады. Тұлға — әлеуметтанудың өзекті проблемаларының бірі, өйткені қоғамдағы болып жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестердің, сол сияқты жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың іс-әрекеттерінің себептерін, мәнін жеке тұлғалардың мәнді сипатты белгілері арқылы түсінуге болады. Басқаша айтқанда, жеке тұлғаның мінез-құлқы арқылы тұтас топтың, қоғамның өмірін түсінуге болады.
Әлеуметтану тұлғаның қоғам өмірінің барлық дерлік салаларындағы қызметін (отбасы, экология, саясат, құқық, білім беру мен тәрбие, мәдениет, т.б.) өзінің зерттеу пәніне жатқызады.
Тұлға әлеуметтік қатынастар мен байланыстардың бастапқы агенті болып саналады. «Тұлға дегеніміз кім? Бұл сұраққа жауап беру үшін «адам», «индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы мазмұндық айырмашылықты біліп алуымыз крек. «Адам» деген – адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.
«Индивид» адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық – бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы. Ал, «тұлға» дегеніміз, адамның тек табиғи-биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні.
Үлкен әлеуметтік топтардағы әлеуметтік теңсіздікті “әлеуметтік стратификация” ұғымы арқылы суреттейді. Стратификациялық теорияның негізін салушы Питирим Сорокин , “кез-келген ұйымдастырылған әлеуметтік топ үнемі әлеуметтік стратификацияланған (жіктелген)”. Үнемі бірдей әлеуметтік топ болмайды, оның мүшелері тең болатын топ болмайды.
Стратификация бұл иерархиялық тәртіп бойынша жіктелген, топтардың әлеуметтік капиталына қарай теңсіз таралуы – құқық, билік, әсері, мүмкіндігі, дәрежесі, жеңілдіктері, кірісі, т.б. қарай мүшелерінің таратылуы. Әлеуметтік стратификацияның үш негізгі түрі бар: экономикалық, саяси және кәсіби. Қабаттар және лоардың арасында индивитердің орын ауыстыру байқалады, оны “әлеуметтік мобильділік”деп атайды. Әлеуметтік мобильділік горизонтальды және вертикальды болуы мүмкін. Горизонтальды мобильділік бір тең дәрежелі әлеуметтік топтан екіншісіне ауысуы. Вертикальды – бір әлеуметтік деңгейден екіншісіне ауысуы. Бұл әлеуметтік сатыда жоғары немесе төмен жылжуы мүмкін. Мұндай стратификациялық әдісті қолдану әлеуметтік – демографиялық топта әлеуметтік кеңістікте белгілі бір шын мәнісінде орындалады.
2.1. Жастар мобильділігінің әлеуметтік ерекшеліктері.
Адамзат қоғамы түрлі кезеңдерден қоғамның жастар проблемалары етінде айқындауға болатын ерекше проблемаларды шешу қажеттілігіне тап болды. Осы проблеманың ерекшелігі мен өзектілігі барлық қоғамды біріктіреді: қоғам жастар арқылы биологиялық және сол сияқты рухани жаңғырады.
Қоғамда демографиялық топтың осы санатын айқындаудың әртүрлі әдістері бар. Маркстік теорияның жақтастары жастарды құсас антропологиялық ерекшеліктері және психологиялық қасиеті бар жастық топ ретінде ғана қарамау қажеттілігін талап етеді. Бұл жерде жастардың мәні олардың қоғамдық қатынастардың тарихи айқындалған (жастар таптан тыс санат емес) сипатына негізделген әлеуметтік ерекшеліктері мен белгілерінде болады.
Басқа көзқарастың жақтастары жастар социологиялық мағынада ол жас баланың рөлін аса көп ойнамайтын және де сонымен қатар үлкендердің рөлін толық құқықты тасымалдаушы болып табылатын адамдар өміріндегі мінез-құлық базасы болып табылады деп санайды (Г.Шилский). Жастардың барлық проблемалары кедейшілік құрылымды «бейтарап аумақтың» (no men’s land) мәртебесіндегі үздіксіздік үзілісінде құрылады деп санайтын американ социологы Г.Сиболд та осы көзқарасты ұстанады.
Көптеген батыстық социологтар жастарды «жаңа тап» деп айтады, олардың өмірге деген көзқарасы бірдей, талғамдары, мүдделері және қажеттіліктері дәл келеді. Жастар «біз» деген сезім күшінде социологиялық тұтастықты білдіреді. Осылайша, бұл жерде жастардың әлеуметтік-психологиялық құрамы және сапасы дербес және қоғамдық өмірдің сипатына қатысты емес ерекшелік ретінде қарастырылады.Жастардың социологиялық теориясында «ұрпақ», «жас ерекшелік тобы», «жастық шақ», «жастар», «әлеуметтік жасы келгендік», «қарттық» деген ұғымдар жоқ.
Социологиялық түсінікте жастық шақ қашан басталды? Әртүрлі авторлар, жастарды ерекше әлеуметтік-демографиялық топ ретінде сипаттай отырып бұл ұғымды біржақты қолданады. Мысалы, австриялық социолог Л.Розенмайер жастық кезең 13 жастан басталып 24 жаста аяқталады деп санайды. Ғалым осы кезеңнің ішкі жас ерекшелігін және әлеуметтік дифференциациясын баса айта отырып, қандай да болмасын нақты негіз бермейді.
13 пен 18 жыл аралығындағы жас «жасөспірім шақ» ұғымымен біріктіріледі және біршама дәрежеде жаңа белгілерге және әлеуметтік тәртіптің нысандарына әкелетін биопсихологиялық дамумен сипатталады. Бірақ адамды балалық шақтан бөлетін демаркациялық сызық 18 жаста өтеді. Бұл жас көптеген елдерде құқықтық дербестіктің басталуымен сипатталады, яғни ересектермен қалыпты теңестірумен және заңды құқықтарды алумен: еңбек үшін тең ақы төлеу, армияда қызмет ету, некеге отыру, сайлауға қатысу.
18 және 24 жыл арасындағы жаста жастардың отбасылық, кәсіби және құқықтық мәртебесі бойынша дифференциациясы неғұрлым нақты болады. Осы кезеңді Л.Розенмайер «жас ересектер» деп айтады. Егер бірінші кезеңде бұл кейбір кезде біртекті топ болса, онда 18 және 25 жас аралығындағы халық гетерогенді (біртекті емес). Бұл құрдастар тағдырының айырмашылығына байланысты әлеуметтік біртектілік емес және социологтар үшін ерекше мүдде.
Жастық шақта әлеуметтік рөлдерді белсенді игеру процесі болады. Олардың саны олар бәсең игерілетін немесе тоқталытатын белгілі бір «толығу» шегіне жылдам жақындайды.
Социолог В.Н.Боряз «толығу» шегі жастық шақ деп түсінуге болатын жас ерекшелік кезеңдерінің шеңберіне жатады деп есептейді. Ал одан әрі — әлеуметтік есею кезеңіне кіру. В.Н.Боряз жастар санатын айқындауға арналған аса кең шекараларды ұсынады, ол осы топқа 14-33 жас аралығындағы адамдарды кіргізеді. Көптеген социологтар адам жасы тек «есептегіш», өмір сүрген жылдың көрсеткіші ретінде ғана қаралуы мүмкін еместігі туралы көзқарасты жақтайды. Оның жеке адамның даму процесінің динамикасын зерттеуде елеулі мәні бар. Әлеуметтік құрам, қажеттілік пен мүдде, мақсаттар мен өмір сүру жоспарлары, әрекеттің нәтижелері мен перспективалар әрбір алдыңғы кезеңде дайындалады. Сондықтан зерттеушілер жеке тұлғаны бүкіл өмір бойындағы тұтастықта зерттеуді ұсынады.
Шопенгауэр аса маңызды кезең ретінде жастық шаққа ерекше мән береді. Ғалым бәрі де адамдардың жасөспірім шақтың жылдарын қалай пайдаланатына қатысты екені атап көрсетті. Есейген жылдары олар әлемге көбірек әсер ете алады, жетіле түседі, сыртқы әсерге бағынбайды. Есейген шақ- іс-қимыл жасау және шығармашылық кезеңі, жасөспірім шақ- алғашқы масаттану және бірінші таным уақты. Жасөспірім шақ, жемісті тек жоғары бөлігі беретініне қарамастан, өнімін тек шыңы таным ағашының түбірі болып қалады.
Қазіргі қоғам жүз, екі жүз жыл бұрыңғыдай жастарға, оның мүдделеріне, құндылықтарына, іс-қимыл тәртібіне киім үлгісіне бір жақты қарамайды. Үлкен ұрпақ жастардың пікіріне, оның өзіне және оның проблемаларына тереңірек қарайды. Ал олар бүгін мүлдем қарапайым емес.
Экономикалық белсенді тұрғындардың халықтың жалпы құрамындағы үлесінің төмендеуі неғұрлым қарқынды бөлігі – жастар есебінен болады. Бүгін жұмыспен қамту қызметіне өтініш жасайтындардың әрбір екіншісі жастардың өкілі (16-29 жас). Олардың жартысынан азы ғана жұмыспен қамтылады. Сондықтан жастардың экономикалық іс-әрекеттегі үлесі халық шаруашылығында жұмыс істейтіндердің жалпы санының 24 процентін ғана құрайды. Жұмыссыз жастардың саны 1993 жылдың басында жұмыссыздардың жалпы санының 54 процентін құрайды.
Бүгінгі күні мемлекет тарапынан жағдайды өзгерту үшін үнемі әрекет жасалып отырса да бұл санның аса көп өзгерісі болмады. Осындай шаралардың бірі жастар кәсіпорындарын, кооперативтерді, құру, олар үшін салық жеңілдігін жасау көзделген жастардың кәсіпкерлігін мемлекеттік қолдау жөніндегі шаралар болды. Басқа да шараларда жеке тұрғын ұй салуға және сатып алуға, жол жүруге жеңілдікті несиелер, жоғары білімі алуға, жас отбасылар үшін арнайы қызмет құруға несиелер беру көзделді. Дегенмен жалпы экономикалық қиындықтар мемлекет мәлімдеген саясатты материалдық қамтамасыз етуге кедергі болды.
Жастардың әлеуметтік және экономикалық жағдайының нашарлауы олардың әлеуметтік өмірдегі қылмыстық ұяларға одан әрі тартылуының бастыы себебі болуы мүмкін.
Проблеманы зерттеушілер 1990 жылдан бастап қылмыскерлер қатарының жасарғанын атап көрсетеді. Мысалы, бүгінгі күні Ресейде қылмыскерлердің жартысы (54 проценті) – 14 пен 30 жас арасындағы жастар, барлық қылмыскерлердің жетіден бір бөлігін 14-18 жастағы кәмелетке толмағандар құрайды, Қазақстанда тиісінше – 50,9 және 6,9 процент. 1999 жылы ҚР полиция қызметкерлері 148 мыңға жуық кәмелетке толмаған қылмыскерлерді ұстаған, бұл 1998 жылға қарағанда 10 мыңға көп. Жоғары оқу орындарының қылмыс жасаған студенттері 40 процентке жуық, ал мектеп, лицей және гимназиялардың оқушылары – 23 процентке көбейді.
Жасөспірімдер және жастар жасаған қылмыстың айрықша ерекшелігі соңғы жылдары жеке бас мақсатында болып отыр. Ұрлық, автокөлікті айдап кету, тонау, ұрып кету, бұзақылық- бұлар кәмелетке толмағандар жасаған қылмыстың өзіндік «жиынтығы». Ең қорқыныштысы қылмыс өте аяусыздықпен жасалады. Мұндағы барынша «еңбек» электрондық бұқаралық ақпарат құралдарына тиесілі, олардың арналары бойынша жауыздық пен қатыгездік жаппай ағынмен беріледі. «Ең басты батырдың» жүйелі түрде гүлденуі өмірдің жетістіктеріне күшпен ғана қол жеткізетін жастардың сенімін қалыптастырады.
Жасөспірімдердің делинквенттік мінез-құлқы «ересек» қылмыстық мінез-құлықтың заңдылықтарына сәйкес келмейді. Жасөспірім істегенін жоққа шығармай, жиі түрде өзінің кінәсін мойындайды немесе іс жүзінде жоққа шығармайтын құқықтық тыйым салуды бұзады. Осындай мінез-құлықты түсіндіру үшін бейтараптық теориясына жүгінеді, оның мәні жасөспірімнің ….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!