Курстық жұмыс: Әлеуметтану | Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі мемлекет саясаты
Мазмұны
КІРІСПЕ
І Бөлім Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негіздері.
1.1. Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негізінің пәні мен тапсырмасы және принциптері мен әдістері
1.2. Әлеуметтік жұмыстың экономикалық кеңістігі
ІІ Бөлім Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі мемлекет саясатының бөлімі ретінде.
2.1 Халықты әлеуметтік қорғаудың объективтік қажеттілігі және мемлекеттік стандарты
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Әлеуметтік жұмысқа қойылатын талаптар әлеуметтік сферадағы терең және жан-жақтылы реформаны қайта ұйымдастыру жағдайы, жаңа экономикалық қатнастың қоғамдық жағдайға ауысуы, экономикалық білімді меңгеру болып табылады.
Жалпы гуманитарлық және әлеуметтік экономикалық цикл сияқты жалпы мамандандырылған тәртіп циклі бойынша да әлеуметтік жұмыс бағыты бойынша мемлекеттік деңгейде жоғары мамандандырылған білім экономикалық білімге көлемінің қажеттілігін көрсетеді.
Оқу құралында курстық тақырып әлеуметтік және экономикалық негізін, мемлекеттік экономикалық саясатының әлеуметтік бағыты және әлеуметтік даму сұрақтары, халықты әлеуметтік қорғау жүйесі, әлеуметтік жұмыстың экономикалық кеңістігінің түсінігі мен мәні, әлеуметтік сферада субъекттердің экономикалық қарым – қатнастардың қарастыру болып табылады.
Қоғамдағы әлеуметтік стратификация және оның әлеуметтік – экономикалық зардаптары, нарықтық қатнасқа ауысу кезеңінде халықтың материалдық жағдайының жақсаруы мен динамикасы түсіндіріледі.
Халықты әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамтамасыздандырудың ұжымдық – экономикалық негізі, әлеуметтік қызмет көрсету орындарының өкілі, салық салу, қаржы мен байланысты мәселелерді қарастырады.
Экономикалық ұжым, кадырлық қамтамасыздандырылу және әлеуметтік жұмысшының еңбек ақысын төлеу тақырыптары енгізілді.
І Бөлім Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негіздері.
1.1. Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негізінің пәні мен тапсырмасы және принциптері мен әдістері.
Экономикалық ойлау адамзат қоғамымен бірге өмір сүріп келеді. Ежелгі философтар (Аристотель, Ксенофан, Платон және т.б.) шығармаларында экономикалық тұрмыстық варианттары көрсетілген.
«Экономия» термині грек тілінің «ойкос» (үй, шаруашылық) және «номос» (ереже, заң) деген сөздерінен алынып, бастапқы кезде үй шаруашылығы туралы ғылым ретінде қарастырылады. Қазіргі кездегі экономика – бұл «рыноктық шаруашылық» категориясының синонимі.
Әлеуметтік жұмыстың экономикалық функциясы – бұл жеке тұлға, отбасы, қауым және бүкіл қоғамның тіршілік етуі мен дамуын қамтамасыз ететін ресурстық база, жағдайлар кешенін құруға бағытталған халықты әлеуметтік қорғау жүйесі субъектілерінің қызметі. Ол экономикалық ресурстарды қалыптастыру және рационалды бөлу, олардың тиімді пайдаланылуын бақылау және тағы сол сияқты элементтерден тұрады.
Адамның жеткілікті түрде тіршілік ету мәселесін шешу бойынша экономикалық қызметті іске асыруға үш субъект қатысады: мемлекет, қоғам және адамның өзі. Нақты жағдайларға байланысты олардың әрқайысысы көп немесе аз міндеттерді өз мойнына алады.
Рыноктық қатнастар қалыптасуының қазіргі сатысында әлеуметтік жұмыстың экономикалық функцияларын іске асыруда мемлекет басты роль атқаратындығын тәжірибе көрсетіп отыр.
Әлеуметтік жұмыс экономикасы – материалдық емес қызмет өндіру бойынша халықты әлеуметтік қорғаудың барлық құрылымдарының экономикалық қызметі.
Материалдық емес қызмет өндіру сферасының мынадай спецификалық ерекшеліктері бар: бұл сфераның өкілі (тұтыну заты) тауар түрінде емес, белгілі бір қызмет, еңбек түрінде болады. Яғни, «… зат түрінде қызмет көрсетпей, еңбек түрінде қызмет көрсетеді…». Бұл жерде материалдық – заттай өндіріске тән қызмет формасынан өнім формасына өту іске аспады, және қызмет өндіру процесі әрқашан да оны тұтынумен сәйкес келеді.
Материалдық емес қызмет сферасына тұрғын-ұй коммуналдық қызметтер, тұрмыстық қызмет көрсету, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, жолаушы автокөлігі және байланыс, әлеуметтік қамтамасыз ету және сақтандыру, әлеуметтік қызмет көрсету және тағы басқалары жатады. Олардың барлығына ортақ қасиет қызметтің осы түріне қамтылған жұмысшылар еңбегінің материалдық емес сипаты болып табылады. Бұл салаларды тағы да олардың адамдарға және олардың тіршілік етуіне әлеуметтік жағдай жасауға бағытталуы біріктіреді.[1].
Сонымен қатар 90 – шы жылдардың басында «әлеуметтік жұмыс» деп аталған қызметтің принципиалдық ерекшеліктері де бар. Ол тек әлеуметтік қолдау және қызмет көрсету, қызметі ретінде емес, сонымен қатар қоғамның объективті себептерге байланысты өзін-өзі қамтамасыз ете алмайтын мүшелерінің мүдделеріне сай әділетті әлеуметтік қайта құруға бағытталған мемлекет емес құрылымдар қызметінің жиынтығы ретінде қарастырылады.
Рыноктық өту кезеңінде мемлекет тарапынан қолдауды объективті қажет ететін адамдардың саны көбейеді. Сонымен қатар мемлекет иелігінен алу және меншіктің көп формалылығы мемлекеттің халықтың әлсіз топтарының әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз етуге ресурстың мүмкіндіктердің елеулі түрде қысқаруына әкеледі.
Бұл да рыноктық экономика қалыптасуы кезінде әлеуметтік жұмыс экономикасының бір ерекшелігі болып табылады.
«Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негіздері» курсының зерттеу пәні – бұл рыноктық экономика жағдайында әлеуметтіксферадағы және халықты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі экономикалық процестердің заңдылықтары, экономикалық факторлардың бүкіл қоғамның, жекелеген әлеуметтік топтарға көрсететін ықпалы.
Әлеуметтік жұмыстың экономикасы қоғам мүшелері мен мемлекет және басқа да саяси жүйелер арасындағы экономикалық қатнастарды зерттейді.
Әлеуметтік жұмыс экономикаға қоғамның материалдық негізі ретінде тоқталады. Бұл әсіресе қазіргі кезде өндіріс құлдырауы мен жұмыссыздықтың, инфляцияның өсуі, тауарлар мен қызметтердің барлық түрлерінің қымбаттауы байқалған өтпелі кезеңде маңызды болып табылады.
«Әлеуметтік жұмыстың экономикалық негіздері» атты курс қоғамның әлеуметтік организіміндегі экономикалық байланыстарды, оның өтпелі экономикадағы өзгерісін және экономикалық, құқықтық және басқа да әлеуметтік құқықтары төмен халықтың бөлігін әлеуметтік қорғауға бағытталғандығын, рыноктық қатынастардың қоғамның әлеуметтік организіміне ықпалын, экономикада жүріп жатқан процестерді және оның қоғамның әлеуметтік өміріне, оның жекелеген әлеуметтік топтары мен оның мүшелеріне, қоғамдағы отбасына және отбасындағы жеке адамға ықпалын зерттейді.[2].
Қоғамның экономикалық қатнастары оның жекелеген мүшелеріне тікелей әсер етеді. Әсіресе өндіріс құрал – жабдықтарына байланысты қатнастар үлкен ықпал етеді. Өндіріс құрал – жабдықтарымен бөтенсіту жұмысбастылық және әлеуметтік жіктелуіне, отбасындағы экономикалық, әлеуметтік мәселелерге алып келеді.
Халықты әлеуметтік қорғау саясатын іске асыру әлеуметтік жұмыстың міндеті. Мұнда қартаю, жұмысқа қабілеттілігін жою жағдайына байланысты әлеуметтік сақтандырудың, денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік кепілдіктің маңызы арта түседі.
Әлеуметтік жұмыстың экономикасы экономикалық теорияның негізгі категорияларымен анықталады: өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну.
Жеке адам және қоғам мүдделерін іске асыру кезінде адамдар қызметінің шешуші саласы – рыноктық қатынастар қалыптасу жағдайында өмірлік игіліктерді өндіру және бөлу саласына ерекше көңіл бөлінеді.
Материалдық игіліктерді өндіру – адам және қоғам өмірінің негізі.
Экономикалық ғылым категориясы ретіндегі бөлу – бұл тек қоғамдық өндіріс нәтижесін бөлу ғана емес. Бұл ресурстарды немесе өндіріс факторларын да бөлу болып табылады.
Шаруашылық рыноктың жүйесінің қалыптасуы және осы негізде меншік иелері тобының қалыптасуы жинақталған мүлік бойынша бөлу принципінің ықпалын күшейтеді. Мұнда халықтың өз табысының қалыптасуы дифференциялануының өсуіне, қоғамның әлеуметтік, экономикалық жіктелуіне алып келеді. Бұл әлеуметтік ауыртпалықты жою үшін, халықтың әлсіз жүйесін қалыптастыру үшін жүйелі мемлекеттік араласуды талап етеді.
Әлеуметтік – экономикалық көмек мемлекеттік бағдарламасының негізінде азаматтардың конституциялық құқықпен қамтамасыз ету іске асырылады: тегін білім беру менмедициналық қызмет көрсету, қарттар мен жұмысқа қабілетсіздерді қамтамасыз ету, аналық пен балалықты қолдау және тағы сол сияқты. Оларды қанағаттандыру дәрежесі осындай жағдайдағы экономикалық даму деңгейімен анықталды.[3].
Бөлу процесін реттеу бойынша мемлекеттің қызметі негізгі үш бағыт бойынша іске асырылады.
Бірінші бағытта халықтың түсімі оның еңбегінің нәтижесіне, өмір сүруді қамтамасыз ету үшін қажеттілікті қанағаттандыру деңгейін есепке ала отырып тәуелді болады.
Екінші бағыт бірінші орында жәрдемақысы, арнайы емдеуге берілген төлемдердің бағытталған қажеттіліктер көлемімен сипатталады.
Мемлекеттік қолдаудың үшінші бағытының ерекшелігі өндірістік емес сфералардың сәйкес мекемелері арқылы халықтың заңмен анықталған топтарына берілетін жеңілдіктер және қызметтер арқылы бейнеленеді.
Әлеуметтік – экономикалық қолдау бағдарламасы еңбек процесіне тыс себептерге байланысты табыс деңгейіндегі айырмашылықты жоюға бағытталады.
Әлеуметтік жұмыс экономикасы жалпы экономикалық теория шеңберінде қала отырып, оның халықтың өмір сүруін қамтамасыз етуге ықпалын, экономикалық, саяси, тарихи, ұлттық, этникалық және басқа да қоғам өмірінің нормаларына тәуелді болатын мұқтаж адамдарды әлеуметтік қолдаудың мемлекеттік стандартын анықтауды зерттеумен айналысады.
«Халықтың өмір сүруін қамтамасыз ету» экономикалық категориясы қоғамның өндірістік күштеріне, рыноктық экономикасына қызмет етуі және дамуы жағдайында әлеуметтік – экономикалық қатнастарға сәйкес келетін сапалық және сандық көрсеткіштермен сипатталады.
Бұл тұрғыда халықтың өмір сүруін қамтамасыз ету жүйесінің әлеуметтік – экономикалық үлгісі қызығушылық туғызады.
Қазіргі рыноктық экономиканы мемлекеттік реттеу тәжірибесі мен ғылымға халықты «өмір сүруін қамтамасыз ету жүйесі» экономикалық категориясын енгізу теориялық тұрғыда дәлелденген және Қазақстанда жоғары деңгейде дамыған, әлеуметтік әділетті қоғамның қалыптасуын мемлекеттің білікті түрде қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді.[4].
1.2. Әлеуметтік жұмыстың экономикалық кеңістігі.
Әлеуметтік жұмыс бүкіл әлеуметтік кеңістікке кіретін белгілі экономикалық кеңістікте іске асырылады.
Оқымыстылардың (Яковлева А.И., Холостова Е.И., және тағы басқалары.) пікірінше әлеуметтік кеңістік қоғамдық тұрмыс формасы ретінде қызмет етпейді. Бұл процесс уақыт аралығында барлық құрылымдық элементтерді үздіксіз қозғалысында болады.
Әлеуметтік кеңістікте экономикалық байланыстар іске асырылады, әлеуметтік субъектілердің (жеке адам, отбасы, еңбек ұжымы, қауым, топ және тағы басқалары.) арақатынасының экономикалық формалары өзіндік экономикалық кеңістік жасай отырып көрініс табады.
Әлеуметтік жұмыстың экономикалық кеңістігі (ӘЖЭК) – бұл қоғам мүшелерінің қалыпты өмір сүруін, олардың қажеттіліктерін оптималды қанағаттандыруға және жеке адамның шығармашылық потенциалын іске асыруды қамтамасыз ететін тұрақты дамушы, реттелген әлеуметтік жүйе, әлеуметтік қорғау институтының экономикалық қатынастар өркениетті қоғамда материалдық және рухани игіліктерді әділетті өмір сүруін қамтамасыз етуде сенімді кепілдікке негізделген түрде құрылуы тиіс. Бұл әлеуметтік жұмыстың тиімді экономикалық негізін құрудың қажетті алғышарты болып табылады.
Әлеуметтік кеңістік құрылымы өте күрделі. Оның экономикалық байланысы тек әлеуметтік қолдаумен көмек көрсетуді қажет ететіндерге ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің бүкіл халқына қызмет көрсетуге бағытталуы тиіс.
Әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік қызмет көрсету жұмыс және тұрғылықты орын бойынша, еңбек мекемелерінде, әлеуметтік қызмет көрсетудің әртүрлі станционарлық емес мекемелерінде (ЦСО, мейманхана, қызмет) яғни қарттар, мүгедектер, жетімдер, босқындар, үйі жоқ немесе табиғи апатқа ұшыраған адамдар тұратын жерлерде іске асырылады. Бұл сфералардың әрқайсысында әлеуметтік жұмыстың өзіндік құрылымы болады.
«Әлеуметтік жұьыстың экономикалық кеңістігі» түсінігі «әлеуметтік сфера» түсінігімен оның экономикалық, саяси және рухани сфералармен арақатынасы арқылы байланысты.
Әлеуметтік сфераның басты міндеті субъектілердің (жеке адам, отбасы, ұжымдар және тағы басқалары), сол сатыдағы қоғамның ғылыми негізделген нормалары мен экономикалық потенциалын айқындау болып табылады.[9].
Әлеуметтік жұмыстың экономикалық кеңістігі әлеуметтік қорғау жүйесінің экономикасын, білім беру, денсаулық сақтау, еңбек қатнастары сферасын, мәдениет, тұрмыс экономикасын және тағы басқаларын қамтиды.
1.Бұл сфералардың әрқайсысының экономикасының өзіндік ерекшеліктері болады және ерекше қызметтер атқарады.
Кәсіпорындарда әлеуметтік қамтамасызету және әлеуметтік сақтандыру қорларына аударымдар есебінен халықты әлеуметтік қорғаудың материалдық базасы құрылады, жұмыс орындары мен еңбек жағдайлары қалыптасады, тұрғын- ұй құрылысы іске асырылады, жұмысшылардың әлеуметтік – тұрмыстық қызмет көрсетуі және олардың материалды –экономикалық қолдауы іске асырылады. Өндірістік кәсіпорындар, мекемелер, өз қызметтерінің демалысы, емделуіне, квалификациясын арттыруына көп көңіл бөлінеді.
Қызметкерлердің кәсіптік одақтары экономикалық қатынастарда белгілі роль атқарады. Рыноктық қатынас жағдайында қоғам мүшелерінің мүдделерін анықтаушы және қорғаушы ретінде оның мәні арта түседі.
Меншікті мемлекет иелігінен алу және меншік формасын өзгерту, халық құрамындағы жұмыссыздардың көбеюі, қарт адамдар үлесінің артуы салдарынан тұрғылықты жер бойынша әлеуметтік жұмыстың ролі күрт артады. Бұл оның экономикалық базасын нығайтуды талап етеді. «Ресей Федерациясындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заңында (1991 жылдың 6-шілдеде қабылданған), Ресей Федерациясының азаматтық кодексіне сәйкес және тағы басқа нормативті актілерге сәйкес аймақтың қоғамдық өзін-өзі басқару органдары әлеуметтік – экономикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында әлеуметтік қызмет мекемелері, кәсіпорындарын құру мен ресурстық қамтамасыз етуге белсенді қатысуда.
Сонымен қатар мақсатты әлеуметтік бағдарламаларын қаржыландыруда, тұрғын-ұй қоры мен әлеуметтік инфроқұрылым объектілерін құру мен жөндеуде, шағын және орта кәсіпкерліктің…………