Курстық жұмыс: Әдебиет | Ана тілі сабақтарында қазақ халық ертегілерін оқыту арқылы оқушыларға адамгершілік тәрбие беру әдістемесі

0

Мазмұны

Кіріспе …………………………………………………………………………………………….

І тарау. Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық ертегілерін оқыту процесінің рөлі
1.1. Бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің маңызы ……………………………………………………………………………………….6
1.2. Адамгершілік тәрбие беру құралы ретінде қазақ халық ертегілеріне педагогикалық-психологиялық көзқарас …………………………….10

ІІ тарау. Бастауыш мектептің ана тілі пәндерінде халық ертегілерін оқытудың әдістемелік негізі
2.1. Ана тілі сабақтарында қазақ халық ертегілерін оқыту арқылы оқушыларға адамгершілік тәрбие беру әдістемесі …………………………………… 21
2.2. Жеке іс-тәжірибелерден сабақ жоспарларының үлгілері …………… 26

Қорытынды ……………………………………………………………. 33
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ……………………….……………. 34
І тарау. Бастауыш мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық ертегілерін оқыту процесінің ролі.

1.1. Бастауыш мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің маңызы

Тәрбие — өсіп келе жатқан ұрпақты өмірге даярлаудың барлық жағын қамтитын, қоғамның талап-тілегіне тәуелді күрделі процесс. Оның өзіне тән заңдылығы, қағидасы, ұйымдастыру формалары мен әдістері бар. Тәрбие заңдылығы деп отырғанымыз педагогикалық құбылыстар мен процестердің объективті байланысы. Мысалы, тәрбиенің қоғамдық ортаның объективті, субъективті факторларына тәуелді болуы, жеке адам дамуы мен тәрбиенің баланыстығы, тәрбиеленушілердің іс-әрекетін қоғамға пайдалы етіп ұйымдастыру [4].
Өмірде баланың тәрбиелеудің мазмұнын белгілеу жетекші орын алады. Соңғы кезде білім мазмұнының тұжырымдамасында тәлім-тәрбие мазмұнының негізгі алты жағы: ақыл-ой тәрбиесі, имандылық тәрбиесі, еңбек тәрбиесі, эстетикалық тәрбие, тілдік қатынас тәрбиесі, дене тәрбиесі көрсетілген. Аталған тәрбие түрлерінің мақсаты дүниенің шындығын өз мәнінде танитын, эстетикалық сезімі, талғамы жоғары, іс-әрекетке жарамды, өзгелермен қарым-қатынас жасауға бейім, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық жасайтын жастарды тәрбиелеу. Қазіргі кезде баланың бойында ұлттық намыс қайырымдылық сезімін қалыптастыру айрықша орын алады. Өйткені әрбір адам ана тілінде өз халқының тәлім-тәрбиесін алуы арқылы өзге ұлттың өкілі алдында өзінің дамығандығын көрсете алады. Бұл тәрбие саласындағы өзін-өзі дәріптеу емес, терезесі тең ұлт ретінде өзінің әдет-ғұрпын, салт –дәстүрін өзгелерге таныту. Оның ықпалынан болған қасиеттерін мақтаныш ету.
Тәрбие процесінің қажетті буыны — өзін-өзі тәрбиелеу. Ол адамның өз мінез-құлқына баға беруінен, өз ісіне бақылау жасап, алға мақсат қоюынан көрінеді. Өзін-өзі тәрбиелеу ісі арнайы ұйымдастырылған тәрбие жұмыстарын жүргізгенде тиімді нәтиже береді.
Тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу тек өзін дамытуға ғана емес, сондай-ақ оны түзетуге де бағытталған. Тәрбие қоғам белгілеген және халықтың әдет-ғұрып, салт-дәстүр негізінде мұғалімнің, оқытушының, тәрбиешінің оқу сабақтары мен сыныптан, мектептен тыс жұмыстары кезінде арнайы мақсат көздеп, баланы қалыптастыруға ықпал ететін күрделі процесс.
Оқыту-мұғалімнің мақсатқа сай оқушыларды біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландыруға және өз бетінше еңбек ету ізденісіне үйретуге бағытталған іс-әрекеті. Оқушының білуге, тануға, үйренуге және бейімділігі мен қабілетін, іскерлігі мен дағдысын қалыптастыруға бағытталған іс-әрекетін оқу деп атайды. Ал мұғаліммен оқушының мақсатқа сай, тәлім-тәрбие мәселелерін шешуге бағытталған іс-әрекетін оқыту процесі деп атайды. Оқыту процесінде білім беру, тәрбиелеу, дамыту ісі шешіледі, яғни оқыту процесінде алдымен оқушыға оқу пәндеріне сай білім беріліп, іскерлік пен дағдыға үйретіледі. Екіншіден, берілген білім оқушының ой-өрісінің, қабілеті мен бейімділігінің дамуына әсер етсе, үшіншіден оқушыда көзқарас, сенім, мұрат, тәртіптілік, жүйелі еңбек ету, мінез-құлық қалыптастырады.
Жалпы жеке тұлғаның бойындағы адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудағы байланысты арналған ғылыми зерттеу еңбектерді зерделеу барысында бастауыш сынып оқушыларының мәдени-адамгершілік құндылықтарының қалыптасуы, олардың психологиялық дамуына байланысты арналған еңбектер сараланып, жүйеленгенгенін байқауға болады.
Мәселен, С. Төрениязова “Бастауыш мектеп оқушыларының сыныптан тыс оқу-тәрбие жұмысы арқылы дамытудың педагогикалық негіздері” атты ғылыми – зерттеу жұмысында оқушыны дамытуда білім мен тәрбие негізгі орын алатынын атап көрсете келе, дамудың бес жағдайын нақтылайды [5].
Психикалық дамуға – оқушының мінез-құлқының, ерік-жігерінің қабілеттігінің дамуы;
Дененің дамуға – дене бітімінің өз жасына сай болуы,
Рухани дамуға – оқушының ішкі жан дүниесінің сырттан әсер ететін күшпен өзара бірлігі;
Жалпы дамуға – оқушының жан-жақты үйлесімді дамуы; деп қорытындылай келе, сыныптан тыс уақытта бастауыш сынып оқушыларын дамытудық ғылыми теориялық негізін айқындай отырып, бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін жұмыстардыңь тиімділігін арттыруға, үйірме жұмыстарымен мектептегі қоғамдық ұйымдардың құрылымын айқындай отырып, тәжірибелік — эксперименттік жұмыстардың тиімділігін нақтылайды.
Көп ұлтты Қазақстан жағдайында аралас мектептегі адамгершілік тәрбие мәселесі В.А. Кимнің еңбегінде негіз болады. Әрбір этникалық топтың бір ұжымда тәрбиелену барысында олардың ұлттық ерекшеліктеріне, салт –дәстүріне, әдет-ғұрыптарына аса мән бере отырып, адами құндылық қасиеттерін қалыптастыруда әр ұлт өкілдерінің ықпалын жан-жақты ашып көрсетеді.
Қоғам дамуының жаңа кезеңінде адамгершілік тәрбиесі – адамзат қоғамын үнемі толғандырып келе жатқан күрделі мәселенің бірі. Жаңа әлеуметтік мәдени жағдайда жеке тұлғаның адамгершілік тұрғыдан қалыптасуына байланысты, біріншіден, бүкіл адамзат қоғамының даму тарихында адамгершілік тәрбиесінің өзекті болғанын, екіншіден, философиялық, тарихи, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық әдебиеттер мен зерттеулерге таңдау жасай келе, адамгершілік адамның тұлғаның құрылымында ең алдымен өзін танып білуі, олар мен адамгершілік қарым-қатынасы адамгершілік тәрбиенің бір қыры, үшіншіден, қазіргі жаңа әлеуметтік мәдени орта жағдайында адамның адамгершілік тұрғыдан қалыптасуы өзі өмір сүріп отырған қоғамның және әлеуметтік ортаның, оның жанды саласы – мектептің алатын орнының маңызы зор екеніне тоқталады. Адамгершілік тәрбиесі бірнеше міндеттерді шешуге көмектеседі.
— Өмір талабына сай қоғамның моральдық нормасын орындауға лайықты шәкірттерді тәрбиелеу;
— Оқушының бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;
— Оқушының санасына және мінезіне ұстаздың ықпал жасауы;
— Отанға, халқымызға, еңбек және қоғамдық іс-әрекетке жауапкершілік сезімін күшейту.
Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін тәрбие шаралары балалардың жас ерекшеліктеріне, жеке бас ерекшеліктеріне, қызығушылығына лайықты жасалады.
Адамгершілік тәрбиесі оқу-тәрбие үрдісінің барлық саналарына, яғни оқыту, білім беру барысында және еңбек үрдісінде жүзеге асырылады. Тәрбиелі болу үшін адамгершілік нормаларын құр жаттап алу жеткіліксіз, оны терең ой елегінен өткізу, бастан кешіру және толғануды мінез-құлыққа бекіту керек [6].
Жеке адамның адамгершілік жағынан қалыптасуы оның өмірге келген күнінен басталады. Мектепке дейінгі жаста балалардың бастапқы адамгершілік сезімдері мен ұғымдары, мінез-құлықтың ең қарапайым дағдылары қалыптасады.баланың мектеп жасына дейінгі қалыптасқан мінез-құлықтары келешекте ересек адамдармен және құрбы-құрдастармен қарым-қатынастарда көзге түседі, мінез-құлықтың, сезім мен сананың жаңа түрлері одан әрі дамытылады.
Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеу ең алдымен оқыту үрдісі барысында жүзеге асады. Үлкенді сөйлеудің, ата-аналарды құрметтеуге, еңбектенуге, ізеттілік сақтауға үйренеді. Бұл жаста балалар сапалы тәртіпке, жолдастық өзара көмекке, адамның көңіл-күйін түсінуге дағдыланады. Олар мектепте оқу -әрекетіне өзінің қатынасын, жанұяда, қоғамдық орында өзін-өзі ұстауды біледі. Соның нәтижесінде бастауыш сынып оқушыларының дербес және қоғамдық мінез-құлқы және адамгершілік қарым-қатынасы байқалады.
Мектеп оқушыларына тәрбие беру тек жеке пәндер арқылы ғана емес, сыныптан тыс тәрбие сабақтарында, үйірме жұмыстарында адамгершілік тәрбиеге баулуға болады. Ондай жұмыстар түріне сынып жетекшінің этикалық жарыстар, пікір сайыстар жатады.
Жасөспірімдерді адамгершілікке тәрбиелеуде өмірде кездесетін көптеген жағымсыз жәйттерден сақтандыру мәселесі ескеруіне тиіс. Мұндай мәселелерде әсіресе жанұяның рөлі ерекше. Себебі тәрбие жанұядан басталады.
Балаларды адамгершілікке тәрбиелеуде ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісіне қатыстыру, олармен тығыз байланыс жасау мәселесі негізгі орын алуға тиіс.
Адамгершілік тәрбиесінің басқа тәрбие салаларына қарағанда өзіндік ерекшеліктері бар. Ол қоршаған ортаға, қоғамдық қарым-қатынасқа, рухани байлыққа байланысты.
“Егер баланы тәрбиелеген дәрежеге жеткізудің сәті түссе, адамгершілік тәрбие жеке адамды жетілдіруде тиімді ықпал жасайды”,- дей отырып, “егер біз балаға қуаныш пен бақыт бере алсақ, ол бала дәл сондай бола алады”,- деген болатын В.А. Сухомлинский.
А.Бейсенбаева “Қазіргі кезде адамгершілік қасиеттер азайған, тұрақсыздық жағдай қалыптасқан қоғамда өсіп келе жатқан жасөспірімдердің бойына жоғары азаматтық, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда ғаламдастары, интеграция және гуманизация сияқты алдын-ала анықталған тенденцияларды ескеру қажет”,- деп көрсетеді.
Адамгершілік тәрбиесі – үзіліссіз жүргізілетін үрдіс, ол адамның өмірге келген күннен бастап өмір бойы жалғаса береді. Оның мазмұны оқушының жеке бас қасиеттерінің кең шеңберлерінде қамтиды. Сондықтан оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін ескеру негізі орын алмақ.
Қандай халық болса да оның ұлттық үрдісі, өзіндік әуені ілікті қасиеті, ұлттық болуы арқылы болшақ ұрпағының төл келбетін қалыптастырады. Сондықтан сан ғасырлар бойы халықтың өзінен бірге жасасып ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып өмір сынынан ерекшеленіп өткен бүгінгі өмірге жеткен әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді педагогикалық әдебиеттерге сүйенген дұрыс.
Біздердің қазіргі “Халық педагогикасы’’ деп жүргеніміз, сол ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жиып — терген тәсілдері мен тәрбиелерінің жиынтығы. Олай болса, бұл күллі адамзат мәдениетінің тарихының анасы тәріздес, аса үлкен құбылыс. Сөйтіп дүние жүзіндегі халықтардың тәлімі мен тәрбиесінің бастауын сонау топан су заманынан бастау керек. Сонан бері адамзат баласы басынан талай қилы замандарды кешті. Бертін келе толып жатқан халықтар пайдасы болып, әрқайсысы өзінің тарихы мен мәдениетін жасады. Сол рухани қазыналарға жататын фольклордың ішінде, бүкіл халықтық педагогиканың негіздері айтылады. Ендеше, қазақ халқының жүзден аса батырлар жырында, қаншама ғашықтық дастандарында, небір ғажайып ертегілер мен аңыздарында, тіпті мақал-мәтелдерінде тұнып тұрған адамшылыққа жеткізер тәлім екені анық. Тек мұны жүйелі түрге келтіріп, пәрменді әдістермен ұрпақ тәрбиесіне пайдалануымыз керек [7].
Қазіргі тәрбие мәселесіне ерекше көңіл бөлер шақ туды. Әрине, бала тәрбиесі қай кезде де назардан тыс қалып қойған емес. Бірақ, бүгінгідей қоғамның аласапыран шағында исі адам баласын адамгершілік тәрбиеге баулу өте-мөте маңызды мәселе болмақ. Осыған орай, бүгінгі мектеп оқушыларына адамгершілік тәрбие беру мақсатында “Атамекен” бағдарламасы қабылданған “Бағдарламада”, “Салт”, “Асыл мұра”, “Бабалар өсиеті”, “Достық”, “Ата-ана” секілді тәрбиелік мәніне орай топтастырылған бөлімдер бар. Олардың қайсысы болмасын бала бойында асыл да, ізгі қасиеттердің қалыптасуына үлкен септігін тигізері даусыз.

1.2. Адамгершілік тәрбие беру құралы ретінде қазақ халық
ертегілеріне педагогикалық-психологиялық көзқарас

Егер халық ертегілеріне педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ мұның балаларға танымдық əсері жоғары. Халық ертегілерінің таңдаулы үлгілері ғасырлар бойы жасалған халық шығармашылығы болғандықтан оның ішінен көркем тіл де,терең ой да,тамаша үздік кейіпкерлер де табылады. Оның осы сияқты аса жоғары идеялық көркем қасиетін балалардың санасына жеткізу үшін бұлардың да өзіне лайық оқып үйрену жолдары əдіс амалдары бар, мысалы ертегілерді алатын болсақ, ол ел аузында ғасырлар бойы сақталып айтылып əңгімеленіп келеді. Ал осы ертегілер арқылы бала айналасындағы өмірді, адамдарды кеңірек танып ұстанымдылыққа еңбек сүйгіштікке ие болады.
Ертегі бала ойында сақталу үшін түрлі жолдар арқылы жүргізуге болады.
1.Ертегі оқу. Мұнда сол ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп соның көңіл-күйін образ арқылы бейнелеп беру.
2.Пантомима ойыны. Ешқандай сөз айтпай сол кейіпкердің қимылдарын көрсету.
3.Суретпен жұмыс. Əр түрлі жəндіктер бейнеленген суреттер немесе бір ертегідегі барлық қимылдарды суреттер арқылы көрсету. Баланың табиғат туралы білімдерін кеңейтіп табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып, қамқорлыққа алуға тəрбиелеу. Сабақта үнтаспа, бейнетаспа суреттер көрнекілікті пайдалану əңгімелесу, түсіндіру. Табиғаттың əсемдігін көріп сезіне білу балалардың өмір тəжірибесін байытып, олардың эстетикалық талғамын дамытады. Туған жерге деген ыстық сүйіспеншілігін күшейтеді. Халық ұғымында табиғат деген сөз [6;15]. Жер — ана.туған жер, атамекен сөздері түрінде көп айтылады.
Бастауыш мектеп жасында оқушыларға арналған əдебиет жанры жағынан көбіне жеңіл сюжетке құрылған шағын шығармалар, хайуанаттар жайында жазылған əңгімелер белгілі оқиға не ойын түрлеріне құрылған өлеңдер, ертегілер болып келеді.
Ертегілердің танымдық-тағлымдық рөлі К.Ушинский Д.Макаренко, В.Сухомлинский еңбектерінде ерекше көрініс тапқан [9;44]. Аса көрнекті педагог В.Сухомлинский өзінің педагогикалық қызметінің өн бойында мектеп оқушыларын тəрбиелеу жəне дамыту мəселелерімен шұғылданды. Ол ертегілерсіз шығармашылықсыз, қиялсыз толық мəнінде тəрбие жүзеге аспайды деп саналады.
Жалпы қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналып баспаға шығуы XIX ғасырдың II жартысынана басталады деуге болады. Бұл ретте Ш.Уəлиханов, Т.Потанин, В.Радлов, Э.Диваев, И.Березин, А.Алекторов жəне т.б аталуға болады. Кейінгі кезеңде қазақ ертегілерін зерттеуге М.Əуезов, М.Ғабдуллин, С.Садырбаев, С.Қасқабаев жəне басқалардың қосқан үлесі елеулі болды.
Белгілі қазақ жазушысы академик М.Əуезов қазақ фольклористерінің арасында алғашқылардың бірі болып ертегілерге былай деп анықтамасын берді: «Ертегі -деп баяғы замандағы елдің дүниеге көзқарасын білдіретін, ия сол көзқарастың белгілі ізін көрсететін онан соң, елдің белгілі санатын білдіретін арнаулы үлгі айтатын жамандықты жерлеп жақсылықты айтқан, ойдан шығарған көтерме əңгімені айтады. Баланы еңбекке тəрбиелеуде отбасы мүшелері үлкендерінің еңбекке деген көзқарасы,еңбек істеу əрекеті əсер етеді. Бала бойына тамаша қасиеттер мен адалдықты, мейрімділікті, имандылықты егетінде осы-ертегі. Ертегі — ауыз əдебиетінің көлемді саласының бірі. Ертегілер -бірнеше ғасырлардың жемісі. Ертегінің негізгі бір саласы қиял-ғажайып ертегілері. Бұларда өмірде болмайтын нəрселер туралы əңгімелер қозғалады. «Ұшқыр кілем»,»Адам жеңбек Айыртас батыр»т.б қиял-ғажайып ертегілердің де өзінше мəні үлкен. Ертегілерідің ішіндегі көне түрінің бірі — хайуанаттар жайлы ертегілердің балаға берері көп. Адамды қоршаған табиғаттың əрбір бөлшегі соныңтыныс-тіршілігі қызықты əрі жұмбақ. Мектепте сабақ үстінде кім хайуанаттар, еңбек жəне өнер жайында ертегілер біледі деген ойын арқылы балаларға тиянақты мағлұмат,тəлім-тəрбие беруге болады. Халық ертегілерінің бала дүниетанымын қалыптастырудағы маңызы аса зор. Қазақ фольклорындағы ертеден келе жатқан көне жанрлардың бірі — ертегілер. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша тараған мол мұра. Оның осы дəуірге дейін жетуі ертекшілермен тығыз байланысты. Халық арасында үлкен беделге ие болған ертекшілер ертегіні шебер орындаған.Жаңадан ертегілік сюжетті тудырып толықтырып отырған [8;24]. Ертегіден халқымыздың ертеңге деген сенімі мен арман-тілегін, қиялын, даналығын, ғасырлық өмір тəжірибесін көреміз. Ертегінің қай түрін алсақта ол баланың ой-қиял ұшқырлығын күшейтеді, мінез-құлқын, ерік — жігерін қалыптастырады. Сондықтанда ертегіні оқытуда оның жанрлық ерекшелігін ескеріп. тəрбиелік мақсатына айрықша көңіл бөлгеніміз жөн.
Ертегінің оқиғасын тартымды етіп құру, бір əңгімеден екіншісін тудыру ертекшілірдің шеберлігіне байланысты болады. М. Əуезов пен Е. Исмайлов қазақ ертегішілерінің айтқыштық өнеріне ерекше мəн береді. Олар ертегішіні де үлкен шығармашылық адамы деп дарынды ақынға теңейді. Шынында да ертегі айту еріккенің ермегі емес, ол шығармашылық өнерді, асқан шеберлікті керек етеді. Неше түрлі ғажайып оқиғаға құрылған ертегілерді жігін бұзбай өрістете айту, əрбір эпизодты арасынан қыл өтпестей етіп байланыстыру, сюжетін қызғылықты етіп баяндау, ертегілердің əрбір кейіпкеріне лайықты мінездемелер беру, оладың образдарын, көз алдына елестерліктей портреттерін жасау, əрқайсысының іс-əрекеттеріне қарай сөздік, тіл таба білу, т.б. ертегі айтушыдан мол өнерді, шеберлікті керек етеді. Демек, ертегінің тартымды болу — болмауы оның айтуына байланысты. Ертегіші шығармашылық адамы болғандықтан, ол өзінің репертуарына аса ұқыпты қараған. Орыстың халық ертегілерін жинап зерттеген А.Н.Афанасьев, Н.Е.Ончуков, М.К.Азадовский, Ю.М.Соколов. тағы басқалары: «Халық арасынан шыққан ірі ертегішілер ертегі айтуды үлкен творчестволық еңбек деп түсінген жəне олар ертегі айту үшін көптеген даярлықтар жасаған»,-дейді. Бұл жай қазақ ертегішілерінің дəстүрінде де болған. Мұхтардың «Абай» романында, Сəбиттің «Өмір мектебінде» жəне Есмағанбеттің «Ақындар» атты монографиясында қазақ ертегішілерінің шығармашылық қызметін көрсететін аса қызықты материалдар берілген [4;54]. Ел арасына атағы жайылған айтқыш-ертегішілерді халық өте жоғары қадірлеген, оларды жыршы, ақындармен қатар қойған. Кейбір дарынды ертегішілер ел аралап, жұрттың жиналған жерінде ертегі, əңгіме айтатын болған жəне бір əңгімесін қайталай бермейтін, бұрын естілмеген жаңа ертегілерді туғызған. Ол үшін, бір жағынан, бұрын-соңды айтылып жүрген ертегілерді өздерінше өңдеп мəнерлеген; екіншіден, сол халық ертегілерінің негізінде жаңадан сюжетті ертегілер туғызған. Осының негізінде кейбір ертегішілер бір ертегісін бірнеше күн бойына айтқан жəне алдыңғы айтқандарын қайталамай оның жалғасын келесі күндері ұзаққа созған, сөйтіп, бір ертегісін көлемі жағынан повесть, роман дəрежесіне жеткізген. Мұны Абай айналасындағы ертегішілердің шығармашылық өнерінен байқауға болады. Ертегішілер ескіден келе жатқан ертегілерді айтушы, орындаушы ғана болып қойған жоқ. Олар ертегінің халықтық дəстүрін сақтай отырып, қоғамдық, таптық жағдайларға байланысты жаңа ертегілер шығарған. Сонымен қатар ертегі ойыны барысында неше түрлі себептермен байланысты əрекеттер араластырылып қолданылады. Мазасыздануды диагностикалауда осы қайта құруды зерттеулінушінің жас ерекшелігімен салыстырып бағалау кеңінен пайдаланылады.
Ертегінің құрылымдық жəне функционалдық ерекшеліктерін зерттеушілер терапияға қатысушылардың келесі көрсеткіштерін бағалауды ұсынады мəтіндерінің бағыттылығы, ой шабыты, айналасындағылармен байланысының тиімділігін, жасқаншақтықтық, қорқақтық пен именгіштігін. Осы көрсеткіштер иелері терапияға беріліп кетеді, ал бұл көрсеткіштері дамымағандардың ойын əрекеттері бұзылған болады да олардың дамуында мешеулік орын алуы мүмкін. Сондықтан ертегінің түзету-дамытушылық функциясы күшті деп айтуға болады [5;42].
Халық ауыз әдебиетінің ішіндегі ең жақыны балаларға ол ертегі болмақ. Алғашқы қауымнан бастап, бала тәрбиесіне ерекше әсер ететін ертегілерді ойлап шығарған адамзат тарихында …..