Домой Білім Курстық жұмыс: Әдебиет | Ана тілі оқулығындағы мәтіндердің теориялық негіздерін зерттеу

Курстық жұмыс: Әдебиет | Ана тілі оқулығындағы мәтіндердің теориялық негіздерін зерттеу

0
238

Мазмұны

КІРІСПЕ 3

1 МӘТІНДЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мәтін. Мәтіннің түрлері 7
1.2 Мәтіндердің зерттелуі 19
1.3 Бастауыш оқулықтарыны мәтіндерінің таңдалуы,құрылысы,қызметтері, оқыту әдістері 27

2 «АНА ТІЛІ» ОҚУЛЫҒЫНДА МӘТІННІҢ АЛАТЫН
ОРНЫ, АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ
2.1 Мәтін — білім береді, тәрбиелік қызмет атқарады 33
2.2 Мәтін — ой дамыту және тіл дамыту құралы 39
2.3 3-сынып «Ана тілі» оқулығының талдануы 44

ҚОРЫТЫНДЫ 54
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 МӘТІНДЕРДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Мәтін. Мәтіннің түрлері.
Мәтін — оқушылар меңгеруге арналған білімнің мәні мен мазмұн көлемін анықтайтын ақпараттың негізгі тасымалдаушысы.
Мәтін — құрылымдық жүйенің жоғарғы жағына жақын орналасқан оқулықтың жалпы моделінің негізгі жүйесі. Оқулықтың мазмұнын ашып көрсетіп толық, ретпен баяндалуын қамтамасыз етіп, бағдарламаға сәйкес
оқу материалының негізделуіне мүмкіндік береді. Мәтін (лат. Негіз — негізгі мазмұны мата, тоқу). Біріншіден, жазбаша немесе баспа түрде тілдік айтылулар мен мэлімдемелердің ауызша түрде жеткізілуге қарағанда жазылуы. Екіншіден, тілдік белгілер арқылы берілген және бекітілген тілдік, 1 соның ішінде әдеби шығармалардың сезім мен қабылданатын жағы. Үшіншіден, салыстырмалы түрден тұтастығымен, бірлігімен, ербестігімен сипатталатын тілдік коммуникацияның бірлігі.Төртіншіден, мәтін үш мағынада («Мәлімет», «тұтас мәтін», «тілдік шығарма») — филологияның бір ерекше саласының зерттеу пәні. Бұл сала тұтас мәтін теориялары» деп аталады. Оның екінші атауы – мәтін. [16]
Мәтін — өнім, сөйлеу қызметінің нәтижесі, сөйлеу шығармалары — ауызша немесе жазбаша мәтін көлемі бойынша бір сөйлемнен көп деп көрсетіледі. Мәтін — айтылу терминінің байланыстырып сөйлеу терминінің екінші мағынасындағы синонимі.
Мәтінге тақырыптық, түпкі ойдың, салыстырмалы түрде аяқталудың синтаксистік (күрделі синтаксистік, тұтастық және сөйлем деңгейінде), композициялық және қисындық ішкі қүрылымының бірлігі тән. Мәтінде тілдік функцияналдық мүмкіндіктері, оның синтаксисінің, лексикасының, стилистикасының заңдылықтары жүзеге асырылады. Мәтін қандай да бір стильге жататындығымен сипатталады.Стильдер: ғылыми, публицистикалық, ауызекі сөйлеу және т.б.
Мәтін — әдеби шығарма: мақала, повесть, тілдік шығармашылық кезінде алынған оқушы шығармасының тілдік мазмұнын білдіретін термин. [30]
Мәтін — адамдардың қоғамдық комунативтік әрекетінің, олардың арасындағы түсінісудің ерекше қүралы. Мәтін өз функциясында жеке адамдар арасындағы қатынас, сөйлеу және ойлау әрекетінің нәтижелерінде алмасу құралы ретінде де көрінеді. Мәтін түсіну оның заттық — мағыналық мазмұны бойынша диалог құруды проблема етіп қойып, оны шешу жолдарын іздестіруге, дэлелдер жинақтауға жетелейді, сөйлеу және ойлау эрекетін синтездеу қажеттілігін тудырады. Белгілі бір мэнде жасалған (жазылған) мәтін өз бойына сыртқы дүниемен жэне ойлаумен тығыз байланысты ситуацияларды сіңіреді. Кез — келген мәтін белгілі бір нұсқадан алынатындықтан, әрбір рухани әрекеттің көрінісі халық мәдениетіне тән рухани шындықтың өмір сүру тәсілі болып есептеледі.
Мәтін — дербес тұтастық, онда сөйлеушінің ойлаған ойы тілдік көрініс табады. Мәтіннің әрбір элементі өзіне тән қосымша мағыналарға, баянды мэнге ие болып, жүйелі сипатта қызмет істей алады.
Мәтінді белгілі бір тұтастықта меңгеру — тілдің ақиқат сырларын үғынудың кілті. Ол ойлау, идеялық сезім, таным әрекетін қалыптастырады. Үғыну, мәтіннің мэнін түсіну, жалпы мәтінде қолданылу мағынасы жалпы функциялық қатынастарды анықтауды қажет етеді. Мәтіннің заттық — мағыналық мазмұнын теру арқылы оқушы адамзат білімінің осыған дейін өзіне беймәлім болып келген жақтары мен өзге құнды мәліметтерді, парасаты мен эмоциялық жігерлік қасиеттерін дамытып, өзіндік этикалық, эстетикалық позицияларын айқындай түседі. Түпнұсқа мәтіндер пайдалануда білім беру процесінде халықтың тарихы, тұрмысы, мәдениеті туралы білімдер жиынтығы сипат алады. Мүның өзі халық мүрасын, халық педагогикасын, көркем шығармаларды біліп үйренуге қызығушылық тудырып, ізденіс, зейінін арттыруға мол мүмкіндіктер жасайды.
Мәтіннің негізгі белгілері:
1.Сөйлемдер топтарының болуы;
2.Мағыналық байланыс;
а)тақырып пен сөйлеу пәнінің бірлігі;
ә) негізгі ойдың болуы және дамуы.
Мәтін — сөйлемдер тобы. Барлық сөйлемдер тобы мәтін бола бермейтінін білген жөн. Ол үшін мынадай мысалды қарастыруға болады. Мысалы, Мөлдір көк гауһар тастан жасаган күмбездей Көкше аспанға асқақтаған кербез бойымен көзімді тартып жүре берді. Сұрғылт даланың жотасында бір топ той жайылып келеді. Мөлдір көк гауһар тастан жасаған күмбездей Көкше адамға төніп түр. Оқушыларға сөйлемдерді салыстыру үшін тапсырмалар беруге болады.
Тапсырмалар:
1.Сөйлемдердің қай тобында бір нәрсе туралы айтылып, қайсысында
әр түрлі ой берілген?
2.Сөйлемдердің қай тобында сөйлемдерді біріктіретін жалпы ой
бар, қайсысында жоқ.
2. Сөйлемдер қай топта өзара байланысқан және байланыспаған. Бұл тапсырмалардағы негізгі мақсат: Қай үзінді мәтін бола алатынын анықтап дәлелдеу. Мәтінді қүру үшін біз айтылған ойдан шығып, алға ойды дамытып, қадам жасаймыз. Жаңа ойды қосып, сөйлем құру үшін керек мәліметтер беріледі. [25.239], [26.73-75]. Оқушылар сөйлемді қүрып, қайталанатын сөздерді қалдыруды немесе орын ауыстыруды қарастыру керек. Сонымен қатар оқушылар артық фразаларды алып тастап жаңа ой берілмеген сөйлемді айыра білу керек. Оқушы материалды толық меңгермегенде осындай қателіктер жібереді. Оқушылардың мэтін бойынша меңгеретін икемділіктеріне сөйлемдердің ретін тағайындауды дұрыс қарастыру керек. 2. а) Мәтіннің мағынасьнң тұтастығы. Мәтін сөйлеу қызметінің нәтижесі. Адам сөйлеу қызметінің мақсаты мен түрткі (мотив) сөйлеу пәнін осы мақсатымен түрткісі (мотиві) анықтайды. Сөйлеудің пәні болып қандай да бір шындықтың үзіндісі саналады (қоғамдық оқиға, табиғат құбылыстары, адамның сыртқы келбеті мен ішкі дүниесі, өлі табиғаттың заттары, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі). Мәтіннің мағыналық тұтастығында шындықта бар байланыстар көрініс табады.
Сөйлеу пәнінің бірлігі — айтылымның тақырыбы. «Тақырып деп мәтіннің мағыналъқ ядросын, жалпыланған мазмұнын түсінуге болады. Айтылымның мазмұны деген түсінік сөйлесудіц ақпараттылығы деген категориямен байланысты. И.Р.Галъперин бүл категория тек мәтінге ғана тән — деп екі түрлі ацпаратты айыра білуге болады», — дейді. Олар мазмүндық-тұжырым фактілік, мазмұндық — түжырымдьщ. Мазмүндьщ -деректік ацпарат (МДА). Біздің қоршаған ортада немесе санамыздағы болған, болатын процестер, оқиғалар, деректер туралы мәліметті білдіреді. Мазмұнның — тұжырымдық ақпарат (МТА) оқырманға, құбылыстар арасындағы қатынастар туралы түсінікті әсіресе жеке авторлық түсінікті, саяси — деректік ацпарат (СДА) құралдар арқылы сипаттаған, халықтың, әлеуметтік, эконмикалық, саяси, мәдени — өміріндегі маңызын, олардың себеп — салдар байланыстарын білдіреді. [31]. Ондай мәлімет бүкіл шығармадан алынады. Осы екі түрлі ақпаратты тақырып және оның негізгі ойы деп атайды.
ә) Мәтіннің мағыналық тұтастығына жету үшін негізгі ой түсінігінің маңызы ерекше. Мәтін мағыналық тұтастыққа жете алады, егер материалды іріктеу негізгі ойды жеткізуге тэуелді болса. Басқаша айтқанда мэтіннің сөйлемдерін тақырып қана емес негізгі ой біріктіріп, мағыналық тұтастық білдіреді. Мәтіннің мағыналық тұтастығын айтқанда айтылымдардың көлемін ескеру керек. Басты тақырып құрайтын тацырыпшалар қатарына бөлініп, тақырыпшалар одан әрі бөлшектеніп, микротақырыпқа дейін жетеді. Микротақырып — дегеніміз сөйлеу мағынасының кішкентай (мшималъный) бірлігі. Мәтін — ол абзац болып саналады. Мәтіннің мағыналық тұтастығы мен айтылымның аяқталуы деген түсінік байланысты. И.Р. Гальпериннің пікірі бойынша аяқталу деген түсінік үлкен мәтінге ғана, тұтас сөйлеу шығармасына тән. Мәтін аяқталған болып саналу үшін автор көзқарасы тұрғысынан ой аяқталған кейіпке ену керек. Мұндай мәтін дұрыс рәсімделген түрде басы мен аяғынан тұрады.

Түтас мәтіннің бөлігіне, мысалы абзацқа келгенде оның салыстырмалы түрде автономиялығы туралы айту керек. Себебі салыстырмалы түрде ой сөйлеу мағынасы көрініс тауып, микро тема ашылады.
Абзац бірнеше сөйлемдерден түрып өз бастауын тақырыптың сөйлемдерден немесе абзацтық фразалардан алып мағынасымен тізбектелген сөйлемдермен аяқталады. Мәтіннің аяқталуының көрсеткіші немесе салыстырмалы — автономиялығы тақырыпша таңдап алып, мазмұнын көрсету болып табылады. Тақырыпшаларда тақырып немесе айтылымдардың негізгі ойы көрсетіледі. Сөйтіп, мағыналық — тұтастықтан мәтіннің төмендегідей белгілері шығады.
— Мәтін — бүл белгілі тақырыпқа айтылым.
— Мәтін арқылы сөйлеушінің ойы жүзеге асырылады.
— Әр түрлі көлемде мәтін — бүл салыстырмалы түрде дербес
айтылымдар.
— Мәтінге айтылымдардың негізгі ойын білдіретін тақырып қою.
— Дүрыс жазылған мәтіннің басы және соңы болады.
3. Мәтіннің байланыстылығы. Байланыстылық — бұл бөлінетін бөлігімен қатынасы бар мәтіннің үшінші мәнді сипаттамасы. Байланыстылық туралы сөз қозғағанда бірнеше компоненттен тұратын күрделі объектіге тап боламыз. Мәтін — күрделі объект. Ол мағынасы жағынан байланысқан сөйлемдерден түратын ерекше топтар. Бұл топтарды ғалымдар әр түрлі атайды. А.П.Пешковский, Н.С.Поспелов, Л.М.Лосева, С.Г.Ильенко және т.б. күрделі синтаксистік тұтастың десе, И.Р.Гальперин, Т.М.Николаева, О.И.Москальская және т.б. жоғары фразалъщ бірлік деп айтса, Н.Д.Зарубина сызықтық — синтаксистік тізбектер деп айтқан.[4].
Байланыстылықтың негізін сөйлемдердің коммуникативтілік сабақтастығы құрайды. Әрбір келесі сөйлем алдыңғы сөйлем негізінде құрылып, өзіне оның қандай да бір бөлігін іріктеп қосып алады

Коммуникативтік синтаксис тұрғысынан сөйлемдер екі бөлікке бөлінеді: салыстырмалы түрде — оны т а қ ы р ы п деп атайды және жаңа -оны р е м а немесе жаңа деп атайды.
Тақырыпта алдыңғы сөйлем ақпаратының бөлігі қайталанады. Бұл қайталау байланыстырушы бөліктің қызметін орындайды. Ремада жаңа ақпарат болады. Ол айтылымды дамытып, мағынасын байытып, ойды алға жылжытады. Бұл жағдайда құрылған тізбектер бірнеше модель арқылы көрінеді:
1) Сөйлемдердің ретпен немесе тізбектеле байланысу тәсілі қолданылатын модель өте кең тараған. Бұл жағдайда бірінші сөйлем ремасы екінші сөйлемнің тақырыбы, екінші сөйлемнің ремасы — үшінші сөйлемнің тақырыбы болып саналады.
Т, > Р,
Т2 (=РІ)
І
Р3 т.б.
Тз (=Р2)
Мысылы, Күндізгі қаптап жүрген трамвай, троллейбус, автобустар қайда қазір? Олардың әрқайсысының арнаулы тұрағы — демалуға жайғасатын орны бар. Олар сонда жиналады. Мұнда түні бойы үйъқтамай, қызмет ететін адамдар бар. («Сен уйықтап жатқанда» 3-сынып, «Ана тілі» 13-бет)
2) Екінші модель параллель — қатарлас байланысу тәсілі және
тікелей тақырыбы бар сөйлемдер тізбегін көрсетеді:
Модельдің үшінші түрі сөйлемдердің параллель қатарлас тэсілі негізінде қалыптасады. Бірақ оның құрылымында тікелей тақырыбы болмайды. Сөйлемдер арасындағы байланыс жалпы коммуникативтік міндет арқылы жүзеге асырылады. Мұндай құрылымдар пейзаждық суреттемелерде кездеседі. [12.62-70], [31]. Ол суреттемелерде кездесетін сөйлемдер тақырып пен ремаға бөлінбейді. Сөйлемдер арасындағы байланыс етістік түрлерінің мезгілдік түрлері мен сөздер тәртібімен қамтамасыз етіледі.
Мәтіннің құрылымдық негізін сөйлемдер арасындағы коммуникативтік сабақтастық қатынастары құрайды. Мәтінді құрастыруда байланыстылықты қамтамасыз ету үшін сөйлемдерді ойдың даму қисынын көрсете алатындай, сөйлемдердегі сөз тәртібін айтылымның коммуникативтік міндетіне бағындыра алатындай болуы керек. Мәтіндегі сөйлемдердің байланыстылығын көрсете алатын құралдарға қайталанатын сөздер, жіктеу және сілтеу есімдіктері, синонимдер, антонимдер, тектік түрлік белгілер, бір түбірлі сөздер, салалас жалғаулықтар және т.б. жатады. Бұл құралдар сөйлемдердің тізбекті және қатарлас байланысында да қолданылады. Мәтіннің байланысты болуында сөз тэртібі басты рөл атқарады. Монологтық сөйлеуде сөйлемнің басында салыстырмалы түрде белгілі ақпарат (тақырып), сөйлемнің соңында жаңа ақпарат (рема) болады. Мәтіннің кішігірім үзігі күрделі синтаксистік тұтастық немесе фразадан жоғары бірліктің құрылымдық негізі осындай болады.
Үлкен мәтіндерде бөліну мен байланысу мәселелері семантикалық деңгейде тарау, параграф, абзацтарға бөліну арқылы шешіледі. Олардың ретпен келуі, арасындағы мағыналық қатынастар тақырыптың ашылуы мен айтылудың негізгі ойына бағынады. Осыған орай біздің оқулық мәтіндерінің барлығы үлкен — үлкен романдардан, атақты жазушылардың үлкен шығармаларынан, әңгімелерінен, поэзия, прозалардан алынған үзінділер. Сол үзінділерді 3-сынып «Ана тілі» оқулығын қүрастыруда (Т. Әбдікәрімова, С.Рахметова, Б.Қабатаева) авторлар жүйелілікпен, реттілікпен, бала тіліне
жеңіл қылып таңдап алған. Мектепте оқушылармен жүмыс жүргізу
барысында мәтіндерді талдау, олардың түсініктілігі өте жақсы нәтиже көрсетіп отыр. Мәтіндердің соңында берілген сұрақтар мен тапсырмалар оқушылардың шығармашылық кабілеттерін дамытып, оқуға деген көзқарастарын арттыра түседі деп айтуға болады.
Мэтіннің түрлері. Мәтін тіл құралдары мен себеп — салдар, мезгіл және т.б. жалғаулықтар арқылы қисынды ретпен жүйелі түрде дами түседі. Мәтін төмендегідей компоненттерге бөлінеді:
1) тақырыптық принцип бойынша микротақырып, тақырыпша, тарауға
бөлінуі.
2) Синтаксистік принцип бойынша фразадан жоғары бірлестіктерге,
күрделі синтаксистік тұтастыққа бөлінуі.
Өзара байланысқан компоненттер мәтін композициясын құрап, оқырмандардың қызығушылығын тудырып, мәтіннің тиімді түрде түсінілуін қамтамасыз етеді. Мәтіннің синтаксистік қатынасын және құрылымын тіл білімінің жаңа саласы мәтін лингвистикасы зерттейді.
3) мәтіндер мазмұны мен өзінің ішкі құрылысына қарай
коммуникативтік мағыналық түрлерге бөлінеді. Олар: баяндау,
суреттеу, талқылау.
4) Мәтіннің өзгешелігі функционалдық (қызметтік) стилистикалық
түрлерге байланысты болады. Қызметтік — стилистикалық түрлері
көркем мәтін, публицистикалық мәтін, ғылыми мәтін. [8], [42].
Сонымен қатар жанрларға сәйкес болумен де байланысты. Жанрлар: өлең және проза, лирика, эпос, драма, мысал. басым болып саналады. Олар келесі элементтерден түрады:
Негізгі терминдер жэне оны оқулық білдіретін нақты ғылыми таным аясы мен бағытталған қызметтің тілі. Кілтті түсініктер және олардың анықтамасы. Негізгі деректер (құбылыс, обьектілер, процестер, оқиғалар, тәжірибелер). Негізгі заңдар мен заңдылықтар жэне олардың салдарының сипаттамасы. Негізгі теориялардың сипаттамасы. Дүниеге деген эмоционалдық — құнды қатынасы қалыптастыруға негіз болатын материалдар. Дүниетанымдық жэне идеологиялық жалпылау жэне бағалау. Қорытынды және резюме. Инструменталдық — практикалыц мәтіндер. Өзгертуші, тасымалдаушы қызметі басым мәтіндер құрамына келесі элементтер кіреді: Оқу материалын меңгеруге және өз бетімен білім табуға қажет қызметтің негізгі тәсілдерінің сипаттамасы.Білімнің нақты саласындағы танымның негізгі тәсілдері мен қолданбалы әдістердің сипаттамасы.Теориялық — танымдық ақпаратты меңгеруге қажет ережелер мен жалпылауды шығару үшін жағдайлар мен эксперимент, тәжірибе, жаттығулар, есептердің сипаттамасы.Негізгі икемділіктер кешенін қалыптастыру үшін қажет жаттығулар, есептер, тэжірибелер, өздік жүмыстар жинағын құру.Қисынды операциялар жэне негізгі икемділіктер кешенін қалыптастыруға қажет тэсілдердің сипаттамасы. Оқу материалын жүйелейтін, кіріктіретін арнайы бөлімдер, шолулар.Оқу материалын жалпы қайталау, бекітуге қызмет ететін мәтіннің арнайы элементтері. Қосымша мәтіндер — оқу материалын толық меңгеруге түсіндіруге қажет жеке вербалдық қүрылымдар.Коммуникативтік — мағыналық түрлер: баяндау (әңгімелеп беру), суреттеу жэне талцылау.
Әцгімелеп беру — бұл тілде бұрынғы болған оқиғаларды еске түсіріп айту.
Суреттеп беру — бүл затты, қүбылысты тілдік қүралдар арқылы елестету.
Талқылау — бүл логикалық дамудың қандай да бір айғағы. Талқылаудың мынадай 3 түрі бар:
1. Айғақтау.
2. Дэлелдеу.
3. Қорытындылау.
Талқылаудың негізгі бөлімі дәлелдеу болып табылады. Осы дэлелдеудің негізінде сөйлеуші /немесе жазушы/ ортақ жағдайды шешеді, талқылауды үйрену үшін, дәлелдеуді үйрену керек және болған істің анық — қанығын білу қажет. Талқылауды суреттеп беру әлементтері болуы мүмкін. Талқылау шығарманың ең қиын түрінің бірі. Бүл қаралған шығарманың түрлері тіл дамытуда ереже сияқты бір — бірімен байланысты болады. Шыгарманың тақырыбына байланысты шығарма түрлерінің монологты тегі өзгеріп отырады, бірақ бір түрі бағындырушысы болады.
Дайындық кезеңі — берілген материалдар қарастыруды, үй тапсырмасын сұрау, түсіндіргенді тыңдау, кітаппен жұмыс, өнер шығармаларын қараудан басталады. Осы қаралатын материалдар, өтілетін сабақтың материалымен байланысты болу керек.
Аяқтаушы кезең — ауызша сөйлеуге дайындықтың аяқтаушы кезеңіне тілдік қүралдарды соңғы рет таңдау, талдай білуге жаттығулар жатады.
Ал ауызша әңгімелеп беру — бүл көлемі жағынан шағын ауызша шығарма болмақ. Бүлар мысалдармен дәлелденіп, талданады.
Осыған орай, XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің классигі, аса көрнекті ақын, ірі қоғам қайраткері, өте білімдар ғалым Ахмет Байтұрсынов: «Қара сөз деп осы үғым жүйелерінен сөйлейтін эңгімелерді айтамыз. Үғым жүйесінің табы қара сөздің басы ……