Курстық жұмыс: Әдебиет | Алтынсарин қазақ педагогикасының негізін қалаушы

0

Мазмұны

I. КІРІСПЕ
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Ыбырай Алтынсарин және дәуір.—————————— 4 — 6
2.2. Алтынсарин қазақ педагогикасының негізін қалаушы — 7 -10
2.3. Ы. Алтынсарин – қазақ балалар әдебиетінің атасы——-11 — 15
2.4. Ы. Алтынсарин мұраларына көбірек көңіл бөлінсе… —16 -17

III. ҚОРЫТЫНДЫ
IV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
2.1. Ыбырай Алтынсарин және дәуір.

Ыбырай Алтынсарин 1841 жылы ескі стиль бойынша 20 окьтябрьде торғай облысы, Николаевск уезінің Арақарағай болысында (қазіргі Қостанай облысының Затабол ауданы) дүниеге келеді. Әкесі Алтынсары ауыл молдасы алдын көргені болмаса, басқалай оқу қумаған, момын адам болғаны белегілі. Ыбырайдың әкесін 1844 жылы кенесары Қасымов жасаған жасақтары өлтіріп кеткеннен кейін анасы Айман ерінің інісі Қошанға тұрмысқа шығады, одан туған ұрпақтары қазірде баршылық (ақын Мариям Хакімжанова, ғалым Шәбден Балғожин, т.б.)
Ыбырай талым – тәрбиені атасы Балғожа биден алады. 1846 жылдың мамырында атасы Орынборға барып, шекара председателі М.В. Ладыженскийге Ыбырайды жаңадан ашылуға тиісі қазақ балалларына арналған мектепке алуға арыз береді және ол арыз қанағаттандырылғаннан кейін 1850 жылдан бастап мектепке барады. Жеті жылдан кейін мектепті Ыбырай үздік бітіріп, атасы Балқожа бидің қасында хатшы болып жұмыс істейді. Жеті жыл оқу, Орынбордағы орыс зиялыларынан тәлім – тәрбие алу Ыбырай Алтынсариннің рухани өсуіне жол ашты.
1960 жылы Орынбор өлкесінің басқару орны Торғай бекінісінен қазақ балалары үшін бастауыш мектеп ашуға рұқсат алғаннан кейін осы мектептің оқытушысы болып тағайындалынады. Бірақ мектеп ашуға көптеген мүмкіндіктер жетпеген соң мектептің ашылуы кейінгі қалдырылады. Алайда, Ыбырый Алтынсарин қол қусырып қарап отырған жоқ, өз үйіне бірнеше оқушы қабылдап, оларды оқыта бастайды.1961 -1963 жылдар арасында Ыбырай Алтынсарин Торғай бекінісінен бір кластық мектеп ашу ісін мектептің қабырғасын тұрғызудан бастайды. Осы өңірге әскери комендант болып келген Яков Петрович Яковлев қазақ мұғалімінің оқу – ағарту жөніндегі қолға алған ісін қолдайды.
Ыбырай Торғай даласындағы ауылдарды аралап, мектеп құрылысына қаражат жинайды және Троицкідегі таныстарына хат жолдап, керекті құрылыс материалдарын және оқу құрал – жабдықтарын, кітаптарын алдырады. Кітаптардың ішінде Николай Ивановичтің «Самоучитель русского языка для киргизов» аталатын оқу құралыда болған.
1963 жылы Ы. Алтынсарин өзі жоболаған мектептің құрылысын бітіреді және 1964 жылы қаңтардың 8 – ші жұлдызында көп халық жиналып салтанатты түрде мектеп ашылады. Бұл мерекеде 14 бала мектепке жазылады. Біраз уақыт өткен соң тағы да екі ауыл баласы қосылады.
1879 жылы Ыбырай Алтынсарин ресми түрде Торғай облысының инспекторы болып тағайындалады. Торғай облысы ол кезде – Елек, Ырғыз, Торғай және Николаевск уездеріне бөлінетін еді. Орынбор губерниясына бағынатын Тройцк уезіндегі мектептерді де Ыбырай Алтынсарин басқарады.
Ы. Алтынсариннің тікелей өз инициативасымен қазақ жерінде жұртшылыққа арналған бүтін бір мектептер жүйесін құруы – оның теңдесі жоқ тарихи қызметі болып табылады. Бұл мектептерде ол қазақ тілі пәнін оқытуды енгізе отырып, күштеп орындастыруға, сондай – ақ реакциялық мұсылман дінінің ықпалына қарсы бірдей күресті.
Инспекторлық қызметтке тағайындалысымен Ы. Алтынсарин бірден жаңа мектептерді ашу ісіне кіріседі. Ең алдымен облыстағы барлық уезік қалаларда бір – бірден училищелер ашуды ұйғарады. Осы мақсатпен ол ауыл – ауылды аралап қаржы жинайды да, артынша Елек, Николаев,Торғай және Ырғыз уездерінде екі кластық орыс – қазақ училищелерін ашып, оларды оқушылар мен ұстаздармен қамтамасыз етеді.
Осы жылы Ы. Алтынсарин орыс – қазақ мектептеріне арналған Орынбор баспасынан екі оқу құралын — «Қазақ хрестоматиясын» және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралын» жарыққа шығарады. Бұл еңбектер ғылыми деңгейде жазылған асыл мұралар, қазіргі кезде де қадір – қасиетін жоймаған қымбат қазына.
Қазақстанның экономикалық дамуы үшін аса қажет болып табылатын тұрғылықты халық өкілдерінен мамандар даярлау ісіне ерекше мән бере отырып, Ы. Алтынсарин қаржыны кәсіптік және ауыл шаруашылық училищелерін ашуға жұмсайды. Тек қана халықтан жиналған қаржы ұстап тұрған кәсіптік училищені Торғай қаласында ашудың сәті түседі.
Қазақ әйелдеріне білім беру ісі де Алтынсарин есімімен тығыз байланысты. Аса маңызды бұл бастамада ол патша үкіметі тарапынан кедергіге ұшырайды. В. В. Катаринскийге бір хатында былай деп хабарлайды: «Қазақ қыздарына арнап ашылмақ интернаттың табысты боларына губернатордың күдігі бар… ал мұндай маңызды істі бастамаса, ешқанда ештеңе де болмайды ғой. Ал істің Ырғызда оңға басатынына мен қазірдің өзінде кәміл сенемін…». Көп ұзамай бұл арманы жүзеге асады. Ырғыз қаласында қазақ қыздарына интернаты бар арнаулы мектеп ашылады. Шындығында бұл қазақ халқының өмірінде болған аса үлкен оқиға еді. Аса маңызды бұл бастамасының сәтті болғанына Алтынсарин аса қуанады. Ол патша әкімшілігінен Торғай облысының барлық уездерінде қыздар училищелерін ашуға өтінеді. Өтініш бергеннен соң екі жылдан соң барып қана интернаты бар қыздар училищелерін 1891 жылы Торғай қаласында, 1893 жылы Қостанайда, 1895 жылы Қарабұтақ поселкасында және 1896 жылы Ақтөбеде ашуға рұқсат етіледі. Алтынсариннің талап етуі бойынша ашылған бұл қыздар училищелерінде 1896 жылдың қарсаңында оқыған 211 қыздың 70 – сі қазақ, 149 – і қоныс аударушы орыс қыздары еді.
Ыбырай Алтынсарин қажымай, талмай жүріп 1883 жылдың 15 қарашасында Торғай қаласынан қолөнер мектебін ашады. Бұл қазақ даласындағы техникалық мәні бар алғашқы оқу орны болып табылады. «Қазақтардың, — деп жазды Алтынсарин, — тез қадаммен отырықшылық тұрмысқа көшіп жатқанын еске алып… қолөнер ашуды ұсынып едік. Міне, енді біздің бақытымызға бұл алғашқы тәжірибеміз сәтті жеміс беріп отыр». 1883 жылы уезд орталықтарында 4 мектеп, бір қолөнер мектебі ашылады. 1888 жылы Ы. Алтынсарин қолөнер училищесін бітіргендерді сынақтан өткізді, тиісті мамандықтарына байланысты куәлік қағаздарын қолдарына тапсырды. Алғашқы мамандардың ішінде Торғай уезінің Шұбалаң болысындағы №2 ауылдың азаматтары Мығымбай Көркембаев пен Бижан Айдарбеков ағаш шебері және токарь мамандықтарын алды.
Осы жылы Алтынсарин уезд орталықтарындағы орыс – қазақ училищелерінің жанынан кәсіптік мамандықтраға даярлайтын бөлімдер құрылды. Сөйтіп, Яковлевтің көмегімен қолөнер мектебіне қосымша тағы төрт жерден мамандар даярлайтын болды. Сол жылы – ақ аталған мектептер қажетті құрал – жабдықтармен, мұғалім кадрларымен толық қамтамасыз етілді. Торғай даласында ауыл шаруашылығына мамандар даярлау үшін басқада арнаулы оқу орындарын ашуды мақсат тұтты.
1888 – 1889 жылдар аралығында Ы. Алтынсарин денсаулығы бірден – бірге нашарлай берді. В. В. Катаринскиге хатында: «Сізге соңғы хатымды жазғаннан кейін мен тағы ауырып қалдым. Бұл жолы бұрынғыдан анағұрлым қатты ауырдым, жұрт мені жаны қалса тәуір болар еді деп қауіптенеді. Әлі де ауырамын, ұйқым жоқ десе де болады, тамақ ішпеймін. Жүрегімнің соғуы күшті, ентіге беремін» — деп жазған.
Ыбырай Алтынсарин аурулығына қарамай Қостанай қаласына келіп, Торғай губернаторы Барабашпен кездесіп, мына мәселерді шешуге келісімін алады: оқу – ағарту ісіне халықтан қосымша қаржат жинау, қыз балалар оқитын училищелер ашу, ауыл шаруашылығы мектебін ұйымдастыру, Москвадағы Жер шаруашылығы академиасында оқитын қазақ балаларына степендия төлеу, Красноуфимскдегі училище оқушыларына степендиясын көбейту, тері өңдейтін және сабын қайнататын заводтар ұйымдастыру және т.б.
Оның ауруы күн өткен сайын асқына берді. Біраз күндер қоныс аударып, қымыз ішіп, таза ауа жұтып дегендей табиғат аясына шығып та көрді, бірақ көмек болмады. Ұлы педагогтың қатты науқас екенін бүкіл Торғай даласына тарады. Онымен кездесуге көңіл білдіріп, денаулық тілеуге жер – жерден дос – жарандары, ұстаздары, шәкірттері келіп жатты…
1889 жылғы шілде айының 17 – күні, күндізгі сағат 11 – де, 48 жасына үш ай үш қалғанда Ыбырай Алтынсарин Тобы өзенінің жағасына жерленді.
Алтынсарин баларға өнегелі тәрбие беру аса маңызды іс деп білді. Ол шәкірттерді адамгершілікке, адал еңбекке, Отанды сүюге тәрбиелейтін. «Барлық күш – жігерімді олардың мінез – құлқына ықпал етуіне жұмсаймын, кейін парақор болып шықпауы үшін» — деп жазды.
Ыбырай Алтынсарин балаларды тәрбиелеу мен оқыту ісін заңды түрде алғаш бастаушы, ревалюцияға дейінгі Қазақстанда педагогикалық ой – пікірдің негізін қалаушысы болып табылады.

2.2. Ыбырай Алтынсарин қазақ педагогикасының
негізін қалаушы.

Алтынсарин мектеп мен тәрбие өз халқының тұрмысы мен өмірінің тарихи ұлттық ерекшелігене сәйкес келу идеясын ұсынды. Сондай – ақ, оның тамаша тарихи болашағына асқан сенімімен қарады. Ы. Алтынсариннің пікірі бойынша, ауыл мектептері болыс мектептерінің бірінші бөлімінің бағдарламасы бойынша жасауға тиіс. Ы. Алтынсарин қазақ халқына білім беру тек бастауыш мектеппен ғана шектеліп қана қоймай, ол мектептер құру туралы ойларын халқына жеткізді және қазақ балаларының университеттерде оқуын қалады. Алайда, ол Россия патшаларының жағдайындағы осыған ұқсас жоспарлардың өмірге сәйкес келмейтінін ескере отырып, Оренбург және Троицк жанындағы гимназия мен Қазақ университеттерінде оқитын қазақ балалары мен жастарға стипендия тағайындады. Ы. Алтынсаринның табандылығымен Орынборда 1886 жылы мұғалім даярлайтын қырғыз мектебі ашылды. Бұл кейіннен Орыс – қазақ мектептеріне мұғалімдер дайындайтын орталыққа айналды. Сөйтіп, Алтынсарин қазақ халқының өмірі мен салтына сәйкес келетін қолтума қазақ мектептерін ашудың жолдарын көрсетіп берді. Бұл жүйенің ең басты құндылығы барлық мектеп типінің мирасқорлыығы болып есептелінді.
Ыбырай Алтынсарин жастарды оқу – білім, өнерге үндегенде құрғақ насихатқа ұрынбайды, қайта өз ойын нақтылықпен дәләлдеуге ұмтылады. Айтпақ пікірді оқушы зердесіне еркін сіңіру үшін әр алуан ұстаздық амал – тәсілді қолданылады. Бұл тұста ол, ең алдымен, шешендік қайталауларды ұтымды пайдаланады. Ақын әр шумақ сайын:
«Бір құдайға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласмен тоқылық!» —
Деген жолдарды әдейі қайталай отырып, оқу – білімнің пайдасын айтуда бала жүрегіне жол таба білген. Сол христоматияға сөз басы ретіне берілген «Бір құдайға сыйынып, Кел, балалар, оқылық» атты өлеңде ақын оқушы түсінігіне жеңіл қарама – қарсы ұғымдарды әдейі шендестіріп қолданады.
Мәселен, ол білімділік пен надандылықтың аражігін ашып көрсету талабында жарық пен қараңғылықты қатар, жарастыра алып сипаттайды. Осы орайда алдымен оқудың пайдасын жарыққа балап:
Оқысаңыз, балалар
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдынан
Іздемей – ақ табылар –
Десе, надандықтың мән – жайын :
Оқымаған жүреді,
Қараңғыны қармалап, — дейді.
Автор өзі үндеп тырған оқу – білімінің тек ізденіс, еңбекпен табылатынына үлкен мән береді. Ол үшін инемен құдық қазғандай ыждаһат, сабырлық қажет екенін ескертеді. Сондай сарыла ізденудің арқасында қол жеткізген оқудың азбас, тозбас өнерге айналатынын айтады. Ақын ойынша: оқу – білім мәңгілік, ол жұтамайды және таусылмайды. Ал бұған қарама – қайшы тұратын надандықты ақын:
Надандықтың белгісі –
Еш ақылға жарамас.
Жайылып жүрген айуандай
Ақ, қараны танымас…
Жөн білмеген наданға
Қыдыр ата дарымас, —
деп бейнелейді. Сондықтан ол өз ойын қорытқанда да оқу – білімнің өмірдегі орнын, қажеттілігін баса көтереді.
Әдебиетімізде бұған дейін оқу – білім өнерге бірыңғай шақыратын мұндай жырлардың жоқ екенін ескерсек, осы «Кел, балалар, оқылық» өлеңінің мән – маңызы ашылып, өлеңін бастан – аяқ тың мазмұны, жаңа сипатты шығарма дей аламыз. Ыбырай мұнда қазақ балалары түгіл, ересектердің ұғымында жоқ техника тетіктері мен құрал – жабдықтарының іс — әрекет, қозғалысы мен адамға көрсетер қызметін суреттейді. Шынында, құлақ естіп, көз көрмеен паровоз, пароход, телеграф, телефон, газ, электр, самолет, т.б. сондықтан бұларды қазақ балаларына айтып түсіндіру талабында ол ел өмірінде бұрыннан бар жұмбақтау тәсілін ұстанады.
Ыбырай сол таныс емес техника заттарының іс — әрәкеттерін алдымен өзімізде бар нәрселермен теңеу арқылы ұғындырмақ болды. Айталық, ол паровозды «аты жаоқ құр арба» деп бейнелесе, ал суда жүзген кемені кәдімгі нән балаққа баулайды. Бұл, біріншіден, жұмбақ шешеіп үйренген қазақ балаларының ойлау қабілеті мен соған деген ықылас – ынтасын арттырса, екіншіден, жаңа заттың болмысы мен қызметінен хабардар болып, нақты түсінік алады. Осындай танымдық сипаты жағынан теңдесі жоқ бұл жырладың бір үзіндісі төмендегінше болып келеді:
«Өнер – білім бар жұрттар
Тастан сарай салғызды.
Айшылық алыс жерлерден
Көзіңді ашып – жұмғанша,
Жылдам хабар алғызды.
Аты жоқ құр арбаны
Мың шақырым жерлерге
Күн жарымда барғызды.
Адамды құстай ұшырды,
Мал істейтін жұмысты
От пен суға түсірді.
Отынсыз тамақ пісірді,
Сусыздан сусын ішірді!…»
Рас, еңбек пен өнерді игеруге шақыру халық ауыз әдебиеті үлгілірінде бұрыннан бар, алайда мұндағы негізгі мақсат көшпелі өмірдің талап – тілектері төңірегінен аса қоймайтын.
Ы. Алтынсарин алғаш балаларға арнап жазған әңгімелерін өзінің төл өлеңдеріне қосып сол Христоматиясына енгізді. Осы қысқа әңгімелерінде ол жас шәкірттерді адамгершілікке, ізгілік пен бауырмалдыққа, адал еңбек пен әділдікке, әдептілік пен сабырлыққа, зейінділікк пен білімді еркін игеруге шақырады. Ыбырай прозасының басты ерекшелігі қазақ халқының мәдени — әлеуметтік өмірін арқау ете отырып, жаңа буын жастардың өсіп жетілуіне қажетті түзілім міндеті туралы Н. Н. Ильминскийге жазған хатында: «Қазақ балаларына, меніңше мағыналы анекдоттар, жұмбақтар, ойына ой қосатын әңгімелер керек. Өлең жағын мен мүмкін болғанынша қазақ өлеңдерінің арасынан іріктеп аламын. Екінші кітабымды мен балаларға қызықты етіп, табиғат құбылыстары, табиғат күштері туралы, тарих және географиялық ғылыми әңгімелер келтірмекпін». Бұдан тұңғыш ұстаздың шәкірттерге ғылымынң әр саласынан тыңғылықты білім беретін пәндік оқуды енгізуді ойластырғанын көреміз.
Ыбырай әңгімелерінің негізгі түйіні: жас буынды өнер – білімге үндеу, адамгершілік мінез –құлыққа тәрбиелеу болып табылады. Ол ел- жұртқа қажет білім мен өнерді игерудің төте жолы тұрақты мектептер арқылы іске асады деп санады. Сондықтан ағартушы қазақ халқын егін егіп күн көретін отырықшылыққа шақырады. өз әңгімелерінде отырықшылықтың артықшылығын дәлелдеуге ерекше зер салады. Ыбырайдың «Қыпшақ Сейітқұл», «Киіз үй мен ағаш үй» деген ықшам жазылған қысқа әңгімелерінде дәл осындай жағдайлар суреттеледі.
«Қыпшақ Сейітқұл» атты әңгімесінде Ыбырай мал баққан халықтың жұт пен барымтаға тәуелді екенін айта отырып, Сейітқұлдың ақылдылығы мен тапқырлығын жастарға үлгі етіп ұсынады. Сауда етуге малы жоқ, ұры – қаралықпен күн көрүге болмайды. «Жортуыл басы жолда қалады» деген халықтың даналық сөзі жаман іске аяқ бастырмайды. Ақырында Сейітқұл тұрақты мекен іздеп, Торғай төңіріндегі Қабырға деген өзен – судың жағасын ұнатып сол жерді мекен етеді. Жоқшылықтың зардабын көп көрген жалаңаш – жалпы кедейлерді сол жерге көшіріп алып келеді де, отыз үйлі кедейге кетпен ұстатып, егіншілік жұмысты кәсіп еткізеді.
Барымтаны әдет еткен Сейітқұлдың ағасы бұл ынтымаққа көнбей, Түркістан жаққа қалып қояды. Бір жерді мекен еткен Сейітқұл ауылы көтеріліп, шаруалары күйлене бастайды. Бес – алты жылдың ішінде Сейітқұл ауылы дейтін іргелі елге айналады. Сөйтіп, адал еңбек, маңдай терімен байыған жұрт өзгелер батып келе алмайтын қорған тұрғызып, қалалардан киім – кешек, азық – түлік алдырып, мамыржай өмір кешеді. Бұларға кезінде қосылмаған Сейітқұлдың ағасы ұрлықпен жүріп қолға түсіп мерт болады.
Бұл әңгіме отырықшы тұрмыстың артықшылығын айта келіп, байларға жалданбай – ақ өз бетімен еңбек ету арқылы да дәулетті тұрмыс құруға болатынын дәлелдейді. Екіншіден, отырықшы халықтың ынтымағы да, бірлігі де, шаруашылық экономикасы да күшьті болатынын суреттейді. Үшіншіден, мәдениет пен ғылым тек отырықшы халықта блатынын айтады. Төртіншіден, оңай олжа табу үшін барымтамен күн көрудің баянсыз болатынын дәләлдеп, балаларды одан жирендіреді. Ыбырай шығармаларының тілге жнңіл, жүрекке жылы тиетінін, оқушының санасын оятып, сүйсіндіре түсетін құнды жақтары осысында. Балалардың түсінігіне жеңіл тиетін ерекшелегі де осы тұрғыдын баяндалады.
Сондай – ақ жазушының баларды әдеп пен әділеттіліке, қанағатшылдық пен жомарттыққа, сақилық пен тазалыққа, ізеттілік пен бауырмалдыққа шақыратын әңгімелеріде бір төбе. Бұлардың ішінде жан – жануар тіршілігінен алып жазылғандары да аз емес. Мысалы, «Түлкі мен қарға», «Сауысқан мен қарға», «Қарға мен құрт» және т.б. Алайда, оның балалар табиғатына жақын, қазақ өмірінен алып жазған шығармаларының өзі аса елеулі. Осы орайда қара сөзбен келсе де айтыс өнерін еске түсіретін «Жан – жануарладың дауласқаны», «Байұлы», «Жәнібек батыр» тәрәзді топтамалары тапқырлық, шешендікке баулуды мақсат етеді. Ыбырай өз әңгімелерін де шешендік, нақыл, аталы сөздерді жиі қолданып отырады. Айталық, ол «Әке мен бала» әңгімесінде ақыл – насихатқа толы: «Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың. Азға қанағат ете білмесең, көптен құр қаларсың» жолдарды ұсынса, «Қыпшақ Сейіткұлда»: «Сейітқұл жұрт ағасы болды, енді сол жұртының адал бейнет, табан ет, маңдай термен тапқан дәулетін аңдыған жаудан, ұрыдан, даладағы бөріден сақтаудың қамын ойлап, уайымға қалды», — деп шешендік үлгіде сөйлейді.
Сонымен Ыбырай Алтынсарин өзінің қара сөздерінде тәрбиелік мәнді, қысқа сюжетті, шағын ……

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!