Курстық жұмыс: Әдебиет | Ахмет Йасауи жолы

0

Мазмұны

І Кіріспе
Йасауи жолының негізі—білім
ІІ Негізгі бөлім
а) Ізбасарлары хақында
б) Йасауи жолының істері туралы

ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Йасауи жолының негізі—білім
Ахмет Йасауи жолы — Тәңірді тану және білімнің ортасындағы сара жол. «Ла илаһа илла-Аллаһ», яғни, Алладан басқа Жаратушы жоқ. Дін тек біліммен ғана кемелденеді. Көбінесе «Исламның шарты бесеу» деп айтамыз. Айта-айта ақиқатқа да айналып кетті. «Алланың Бірлігі, Мұхамедтің елші екендігін білу, намаз, ораза, қажылық, зекет». Ал, шындығында қажылық пен зекет денсаулығы мен байлығы сай келгендер үшін шарт. Олай болса жарлы-жақыбайлар үшін Исламның шарты үшеу болғаны ма?
Ахмет Йасауи жолында шариғаттың 10 шарты бар. 1) Алланың Бірлігі мен Мұхамедтің елші екендігін тану, осыған сену; 2) Намаз; 3)Ораза; 4) Қажылық; 5) Зекет; 6) Жылы сөзді болу; 7) Дінді пайғамбар жолына сай ұстау; 8) Жақсылықты жаю; 9) Жамандықты тыю; 10) Білім-ғылым табу. Көрдіңіз бе өте кең қамтылған таным.
Жылы сөзді болудың діннің он негізінің бірі болуы Қасиетті Құрандағы Али-Имран сүресінің 159-шы аятында анық көрсетілген: «Алланың мейірімінің арқасында Сен оларға жылы сөзді, жұмсақ (мінезді) болдың, егер дөрекі тас жүректі болғанында қасыңа жуымас еді. Олай бола оларды кешір, Олар үшін кешірім сұра, басқару ісінде де олармен кеңес!»
Білімге келсек Хз. Пайғамбарымыз білім үйрену— эйел мен еркек әрбір мұсылманға парыз»,—дейді. Адамзаттың ең үлкен данышпандарының бірі түрік Ұлықбектің абсерваториясының маңдайшасында Хз. Мұхамедтің «Әрбір мұсылман күн сайын білімін арттыруы керек. Екі күні өзгеріссіз бірдей болып өткендер—бізден емес» деген хадис жазулы тұр.
Білімсіз, білімнен жырақ қалғандарды Йасауи атамыз надан дейді. Надан—білімсіз, білімді үйреніп, арттыруға тырыспайтындар деген сөз. Ахмет Йасауи Хикметінде:
«Алдымен жақсылар кетті, жалғыз қалдым,
Надандардан бір жақсы сөз естімедім.
Дана кетті надандардан шектім жапа,
Жол таба алмай, адасып қалдым міне»
Тағы бір хикметінде:
«Құл Қожа Ахмет ғалымдарға қызмвт қылғын!
Ғалымдардың сөзін встіп, амал қылғын!
Амал қылып Хақ жолында жаңынды бер!
Амалсыздар дидар көрмес ей достарым!»
Білім—ақиқатқа ұласуды, болмысты тануды қамтамасыз етеді. Болмысты танудың жолы—білім жолы. Болмысты танығандар өздерін де таниды. Өзін танудың жолы да білім. Өзін білген—Алласын біледі. Алланы танудың жолы да—білім. Алла—шексіздік. Шексіздік тікелей өзі танылмайды. Яғни, Алланың заты танылмайды. Бірақ, Оның жаратқандарын тану арқылы Алла туралы танымыңызды арттыруға болады. Бұл таным жолы да білім арқылы жүзеге асады. Ең қажетті білім— ғылыми таным, яғни, ғылым әдістерімен игерілген білім.
Шынайы сопылық жолшылары білімге үлкен мән берген. Өйткені, Алланың жаратуындағы мақсат «өзінің танылуы үшін» деген түсінік сопылықтың негіздерінің бірі. Алланы махаббатпен сүйетін адам үшін Оны танудың жолы да білім болса, махаббат та білімнен алыс кете алмайды.
Исламдағы танымал ғұламалардың бірі— Хз.Мұхамедтің немересі Жафар Садық әрі дін ғұламасы, әрі жаратылыстану ғылымдарын жетік меңгерген данышпан болатын. Нобель сыйлығының иегері Абдуссалам «Мұраттар және Ақиқаттар» атты кітабында Құранда 750 аяттың муминдердің білім мен ғылымды, ақиқатты зерттеуді бұйырғандығын анықтаған. Құран муминдерге «Аспанға, жерге, аспан денелеріне, түн мен күндіздің ауысуына адамдардың өмірге келіп, қалыптасуына, кемелердің теңізде жүзуіне, адамдардың түсі мен тілдерінің әртүрлі болып келуіне, тарихта өткен қауымдардын тарихына қараңыз дегенде жай ғана қарау емес, ғибрат алуларын айтқан болу керек, сірә!
Исламның алғашқы екі жүз жылдық тарихынан бастап мұсылмандар Құранның бұйрықтарын дұрыс түсініп, «хикмет муминнің жоғалған малы, қай жерден тапса, алсын» деген Хз. Пайғамбар сөзінің мэніне жетіп, ой қуған, зерттеген. Міне, Ислам өркениеті осылай қалыптасып, әсерлі ықпалымен Европаны оятқан, әлемді өзгерткен, бүгінгі өркениеттің құрылуын қамтамасыз еткен болатын.
С. Нюнкенің «Европада атқан Ислам таңы» деп аталатын кітабында осы шындықтар сөз болады. Ол «Құран түспегенде Ислам өркениеті болмас еді. Ислам өркениеті болмағанда, адамзаттың бүгінгі өркениеті тумас еді, әрі адамзат әлі де қараңғылық пен надандық шырмауында өмір сүрген болар еді»,—дейді. Ия, бұл айтылғандардың барлығы рас. Дегенмен бұдан да ащы шындық бар, ол—өкінішке орай Европаның ағартушылық дәуірі кезінде Ислам өркениеті өз ішіне тығылып, жабық қалып, Құранның рухынан алыстап, білім мен ғылыми санадан мақрұм қалған болатын. Ислам әлемінде еркін ойлау мен философияны күпірлік деп, соқыр сенімді (догманы) дін орнына қойып, бұрынғы жаттанды мәліметтерді қайталауды өнер, білім деп білген түсінік жайлаған еді. Мұның нәтижесі құлдырау мен кертартпалық болатындығы белгілі еді. Солай болды да.
Ал, Түркістанда Ұлықбек астрологияның шыңына көтерілсе, ұлдары оның абсерваториясын қиратып жатңан болатын. Осы тұста Туркияда да ғүлама, ғылымның саясы Фатих Мехметтен кейін немересі Селим Хан кезеңінен басталған сананың тұншығуы құбылысы Ақшамседдиннің «ақ таңынан» Эбусуудтың «қараңғылығына» алып келді. Нәтижеде Қадизадалар 4-ші Мүрат Ханды айтқанына көндіріп, жаратылыстану ғылымдарын күпірлік деп медресе бағдарламаларынан алдыртып тастады.
Бір қызығы осы қараңғылыққа қарсы күрескен, өнер мен білімнің еркін ойлаудың жаңтаушысы да суфилер болатын. Ол Сивастан шыққан Абдулэзиз еді. Бірақ, жеңілді. Мұсылман қоғамдарының құлдырауының себебін басқа жақтан іздеудің қажеті жоқ! Бұл белгілі тарихи оқиға. Реті келген соң еске салайын дегенім. Дегенмен, осы тарихты жиі еске салып тұрғанымыз абзал деп ойлаймын.
Жол—білім жолы, ақиқатқа ұласу үшін қолданатын әдіс, тәсіліміз де ғылыми әдістер болу керек деп ойлаймын.
Білім—өмірдегі ең шынайы ұстаз.

Ізбасарлары хақында
Ахмет Йасауи жолы ол өлгеннен кейін үлкен арнаға айналды. Жаңа ұстаздар өсіп шықты. Ол Түрік Әлеміне жайылып бүгінге дейін келіп жетті. Бұл жолдың халифалары Арыстан Бабаның ұлы Мансүр Ата, Абдулмәлік, Таж Қожа, Зеңгі Баба болатын.
Хорезмдік Сайит Ата, Сүлеймен Бақырғани түріктер арасындағы Йасауи жолының ең мәшһүр шайхтары.
Үрімде ең атақты шәкірттері—Қажы Байрам мен Ақшәмседдин. Туркияда Сыраждар арасында кең тараған Хубиарлар мен Анадолы, Үрім топыраңтарында белгілі, аты ұмытылған көптеген Хорасан ерендері, алперендер, қазылар, дәруіштер Қожа Ахмет Йасауи жолының ізбасарлары болатын.
Біздің міндетіміз ооыларды зерттеп болашақ ұрпаққа таныту. Бұл бағытта Түркістан қаласында ашылған Қожа Ахмет Йасауи Қазақ-Түрік Халықаралық Университетінде маңызды шаралар атқарылуда. Ондағы «Йасауитану» зерттеулері нәтижесінде Ахмет Йасауидің өмірі, мүрасы, шәкірттері туралы тың деректер табылатынына сеніміміз мол.
Ахмет Йасауи Университеті Түрік Әлемінің жастарын Ахмет Йасауи жолында табыстыру, таныстыру және Түрік Әлемін білім дәуіріне жеткізу жолында ілгері қадам басып келеді.
Йасауи жолының істері туралы
Йасауи жолымен жүргісі келетіндердің алдымен қолында ісі болуы керек. Ахмет Йасауи қасық жонтып, қалақ оятын еді.
«Суфи болмағанда не қылсын үйде істейтін ісі жоқ» дегендей суфилік қолы бос адамның ісі емес, әрине. «Суфимін деп айтады, халыққа берер асы жоқ», демек суфидің өз кәсібін дамытып, табысын арттырып халыққа ас берердей мүмкіндігі болсын. Яғни, жалқаулық пен жатып ішерлікке суфилік деуге болмайды. Суфи болғың келсе алдымен ісіңді тауып, кәсіп құрып халыққа ас берер хәліңді түзелт. Хикметтегі «дүниеден қашу» деген тіркестер негізінен дүниеден безу емес, оған табынып, соның құлы болудан сақтану дегенді білдіреді. Жүрегінде Алласы, қолында ісі бар шын мұсылман үшін дүние мақсат емес, құрал. Суфи, Тәңірге жақындататын ең ұлы құлшылық арқылы «ғәріп, жетім мен пақырға қол ұшын беріп, жәрдемдесе алады. Йасауи жолындағылардың «алаған» емес, «береген» қол болу үшін қолы істен босамауы тиіс.
Йасауи жолындағылар «Алланың махаббатын талап етеді, ықыласты іздейді, маңдай терімен күнелткен басқа діндегілерге төзімді, нағыз ғылым іздеушілер болған. Ақиқатты білім жолынан іздеген.
Риясыз намаз ету мен ораза түту негізгі ғибадат. Оның ішіндегі ең маңыздысы таң намазы: «Не қош тэтті, Хақ зікірі таңсәрі уақыт болғанда, Балдан тәтті «Ху» аты таңсәрі уақыт болғанда». «Шын көңілмен тағат қыл Алла білсін».
Йасауи жолында зікір-Алланы еске алу деген сөз. «Ла илаһа илла-Аллаһ», «Аллаһ», «Ху», «Хай», Анта ал-Хади», «Анта-ал-Хаң» сияқты зікірдің қалыптары бар. Бұлар тікелей Алланың есімдері. Зікір етушілерге Алла уәде еткен: «Зікір ет, Мен де сендерді еске алайын». Зікір дауыссыз (іштей үнсіз я да дауыстап та айтылады) әрі дауысты жасалады. «Ара» зікірі де бар.
«Алла жадын айтар құлдар мағыналы,
Мағынасыз ешқашан құлдар ауызға алмас.
Алла деген ғашық құлдар әрдайым,
Алла зікірінен зәрре ғафыл қалмас».
Йасауи жолында зікірдің мәнін сезіне білу тиіс. Яғни, ғибадат етуші нені еске алып, не айтып жатқанын біліп, санасында «Ол-Әлем» жандану керек, зікірдің сонда ғана пайдасы болады.
Сұхбат—жолдың ең негізгі ұстанымдарының бірі. Даналар мен кемел адамдар айтушы, ал, қалғандары— тыңдаушы. Сұхбаттың өзіндік этикасы, салт-дәстүрі бар.
«Ерендер дидар көрер, дәруіштер сұхбатында,
Брендер мәжілісінде нұр жауар сұхбатында.
Не тілесең қабыл болар дәруіштер сұхбатында,
Әрбір сыр ашылады дәруіштер сұхбатында.

Кім келсе сұхбатқа, ерендерден үлес алар,
Жат келер, біліс болар дәруіштер сұхбатында.
Кібір мен қызғаншақтық өлер, дәруіштер сұхбатында,
Көз ашып Хақты көрер дәруіштер сұхбатында.

Расулға аян келді басынан тәжін алды,
Тұрып қызмет істеді дәруіштер сұхбатында.
Құл Қожа Ахмет сұхбатта, дем ұрар мінәжатта,
Жүрегі қош бақытты дәруіштер сұхбатында «.

Йасауи жолында жаннан кешіп, сама (би) жасау методы да бар. Бұл рухани-діни бидің түрлеріне жатады.
«Шиблидей сама жасап, жаннан кешсем»
Періштелер жиналып сұхбат құрды
Бимен сама жасауға бет бұрды
Миражда Хақ Мұстафа мұны көрді,
Енді менде ракс, сама жасағым келді».

Бірақ, сама дүние үшін емес, яғни рия үшін емес.
«Дүниені теппей, ракс, сама жасайтындар надан жахил, Хақ зікірін еш айтпастан жүрер ғафил
Дәруішпін деп айтады көңілі дүниеде, Дүние үшін ракс, сама жасайды, олар».
Сама және би Аллаға ұласу жолында рухани шабыт үшін қолданылған әдістер. Бұған да үлкен ықылас қажет. Йасауи жолында зікірдің жеке және алқа түрлері бар. Мәжіліс құрып, алқалы топ құрайды:
«Хақ Жамалын талап етсең, ей зікір етушілер!
Жаннан кешіп, халық ішінде рәсуә бол!»
Алқа бар, мәжіліс құрылған, зікір мен сама би, қобыз бен сырнай-саз да бар. Мұны түсінетіндер ғана біледі. «Амал ниеттерге қарай өлшенеді» деген. Бұлар сол дәуірдің музыкалық аспаптары. Сопылықта қобыз, домбыра, сырнай, бэрі болған. Мәдина қаласының әйелдері Хз.Мұхаммедті аспаптарымен, өлеңдерімен қарсы алған жоқ па еді?
«Рухтың азығы қобыз бен домбыра, саз,
Ах дегенде, жеті әлем ойран болар»
Ешкім адаспасын. Егер адам ақиқатқа ұласып, перделерді ашып, мәнді табамыз дегендер үшін Йасауи жолында күрес те риязат, та бар. Мужахада да, риязат та өте ауыр жол. Йасауи жолы-рухани әлем. Бұл руханияттан әркім өз несібесін алады. Жолға шыдап, төтеп бергендер оның мектебінде қалады, ұстаз болады. Қаласа сабағын алып, көңілін ашып, азға разы болып кете береді. Бұл жолда әркім қалауы мен талабына қарай …..