Курстық жұмыс: Әдебиет | Ахмет Байтұрсынұлы халықтың әлеуметтік мәселелерін көтерген қоғам қайраткері

0

Мазмұны

Кіріспе.

Негізгі бөлім.

1.Ахмет Байтұрсынұлы-халықтың әлеуметтік мәселелерін көтер-
ген қоғам қайраткері……………………………………………………………5

2.Ахмет Байтұрсынов «Қазақ» газетінің бас редакторы……………………………………………………………………………8

3.Ахметтің өлеңдері мен аудармаларының тәрбиелік мәні…..12

Қорытынды………………………………………………………………………..19
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………..21
Ахмет Байтұрсынұлы-халықтың әлеуметтік мәселелерін жырлаушы ақын.

Жиырмасыншы ғасырдың алғашқы отызыншы жылы-қазақ өркениетінің ең бір қарқынды дамыған, гүлденген тұсы. Олай дейтініміз, ұлт мәдениеті, үлкен әдебиет, қазақтық ғылым, білім де- бәрі шын мәнінде осы кезде ірге көтере бастады. Бәрінің де кейін қаз тұрып кетуіне, қалыптасуына Ахмет Байтұрсынұлы тікелей мұрындық болды. Сондықтан да, осы отыз жылды қазақ өркениетінің «Байтұрсынов дәуірі», «Байтұрсынов ғасыры» десе де болады.
XX ғасырдың алғашқы ширегінде, қазақ еліндегі толғағы жеткен күрделі де, келелі мәселелер және шешімін табылмай шиеленісіп бара жатқан саяси-әлеуметтік жағдайлар әлеуметтік ойдың шұғыл дамуына себеп болды. Ахмет Байтұрсынов 1895 жылы Орынборда мұғалімдер семинариясын бітірісімен, әлеуметтік-саяси жұмысқа белсене араласып кетті. Оған мүшкіл күйі себеп болды. Ол халқының еркіндігін аңсап қана қоймай, әлеуметтік ахуалының нашарлығы отарлау саясаттан екенін көрсете отырып, бостандық, еркіндік үшін күреске бел байлайды. Оның бейбіт жолмен шешетін алғышарттарын қарастырады.
Қазақ халқын құрып кетерлік күйге жеткізген патшалық Ресейдің отарлық саясатын сынаған үшін Ахаң саяси қуғынға ұшырайды, әлденеше рет абақтыға жабылады, жер аударылады. Ол туған халқының мүддесі үшін күресін тоқтатпай, алдымен сол халықтың өзінің жігерін қайрап, намыс отын тұтатып, «ұйқыдан оятуға» бел буады. Екі ғасырдан астам уақыт отарлық бұғау оның жігерін құм қылып, дәрменсіздікке, үмітсіздікке ұшыратқанын түсінген Ахаң, Мұхтар Әуезовтың сөзімен айтқанда, «Қазақты айқайлап оятуға заман ерік бермеген соң, маса болып қалай ызыңдап оятамын деп, ұзақ бейнетті мойнына міндет қылып алды» .
Ахаң қазақ қоғамының қасіретке ұшырап отырғандығының басты себебі- жер мәселелесіне байланысты деп қарайды. Ол «қазіргі қазақ мәселелерінің ең зоры-жер мәселесі. Бұл- қазақтың тірі, я өлі болу мәселесі »- деп үлкен әлеуметтік мәнін ашып берді. Ахаң Қарқалыда жер аударылып жүрген кезінде, 1905 жылы бірқатар қазақ оқығандарының басын қосып, патша Үкіметіне Қазақ халқы атынан петиция жазады. Онда ең бірінші шешетін маңызды мәселе етіп қазақ жерін алуды тоқтатуды, орыс жерінен переселенді жібермеуді қояды. 1913 жылы жазған мақалаларында да жер мәселелеріне патша әкімшілігінің назарын аударып отырады. Соның бірінде жоғарғы хакімдер «қазақ пайдасындағы жерлерді алады, қыстауларынан көшіреді, қай жөнмен алып, қай орынға көшіреді-оны қазақ білмейді»,-деп ашына жазады.
Білім, білімге үйрету, білім беру Ахаңның үлкен бір арманы еді. Өйткені, әлеуметтік өмірдің барлық өзекті, түйінді мәселелері осы білімге , оқуға келіп тірелетін, ол барлық кезеңде солай болып келеді, солай болып қалып та отыр.
Кемеңгер Ахаң оқу-білім мәселесіне бір ғана 1913 жылы көптеген мақала жариялады. Соның «Оқу жайы»деген мақаласында: «Оқусыз халық қанша бай болса да, біраз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшпекші… Қазақтың шаруалығына бір жақтан надандығынан кемшілік келгенде, екінші жақтан білімсіздігін көріп тұрғандар басынып, елдіктен , теңдіктен қалдырып, тиісті сыбағасына қиянат етіп тұрғаны санасы бар қазаққа ескерерлік іс еді. Бұл заманда қолы жеткендерді теңдікке жеткізетін, әлсіздерге күш-жігер беретін өнер-білім ».
Ахаң: «Әуелі біз елді түзеуді бала оқыту ісін түзеуден бастауымыз керек »,-деп мәселені айқындап қояды. Оқытқанда баланы ана тілі-қазақ тілінде оқыту керек деп санайды. Ал «орысша оқу орыс қолтығында тұрған жұртқа керек… Қазақша оқи, жаза білген соң, шама келсе, орысша да білу қажет»,-деп түйеді. Бұдан біз Ахаңның бала алдымен ана тілінде білім алып, ана тілінің ықпалымен азамат болып қалыптасуы қажеттігін көрсеткенін, соны ғылыми-педагогикалық, психологиялық тұрғыдан дұрыс деп тапқанын көреміз. Ол бұл пікірін басқа Ресейге бағынышты ұлттар пікірлерімен үндес екенін көрсетеді. Мәселен, Ахаң 1910 жылы бастауыш мектептер туралы Ресей Думасында талқыланғанда: «мектептерде оқу орыс тілінде оқылсын, жасынан балалар орыс тіліне үйреніп, Россияға қараған басқа тілді жұрттар өз тілдерін ұмытып, орыс тіліне ауып, орыспен бірігіп, сіңісуіне жақсы деген. Сонда, жоқ, олай емес, әр халық бастауыш мектепте өзінің ана тілін оқуы тиіс »,-деп басқа жұрттар, әсіресе, татарлар Думаның нәсілдік-шовинистік әрекетіне наразылық білдіріп, қарсы болғанын құптай отырып, сондай әрекет қазақ тарапынан да істеліп жатқанын жөнді көреді.
Бастауыш кластарда баланың пәндерді тек ана тілінде оқуын армандаған және өзі өмірінің ақырына дейін соны іске асыруға атсалысқан. Ахаңның еңбегі қазір егемендікке қолы жеткенде зая кетіп жатқанына таң қаласың. Баяғы тотаритарлық жүйе кезінде салынған сүрлеумен балаларға екінші сыныптан бастап орыс тілін, тіпті оған қоса ағылшын тілін оқытумен келеміз. Ол балаға өзінің туған тілін ана тілін , әдебиетін, тарихы, дәстүрін игеру арқылы азамат болып қалыптасуына зардабын тигізуде.
Ал Ахаң баланың ана тілін білуін ұлттың ұлт болып өмір сүруінің ең басты шарты деп қараған еді. Ол: «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы ешуақытта адам құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қауіптісі-тіл»,-деп кесіп айтқан. Оны халықтың сол кездегі әлеуметтік ахуалымен байланыстыра қарастырды. Ахаңды елімізге сырттан келген кірмелердің көбеюі қатты алаңдатты . Соған байланысты ол: «Тарих жолымен қарасақ, -деп жазды ол «Қазақ» газетінде,-келімсек жұрт күшті болса, келімсек жұрт сіңіп, тұрғын жұрттың түріне түсіп, бөтендігі жоғалмақшы». Ахаңның осы кемеңгерлікпен айтқан әлеуметтік-этнологиялық концепциясы кеңестік жүйе кезінде қазақтың баласына түсіп, орыс қауымы Қазақстанда үлкен этносты күшке айналды. Оның әлеуметтік зардабы қазақ тілінің мүшкіл қаліне, тарихи және рухани сабақтастықтың бұзылуына әкеліп соқтырды.
Қазақ халқының абзал ұлдарының бірі, XX ғасырдың бас кезіндегі үркердей шағын топ-демократтық бағыттағы қазақ интеллигенциясының ең ірі, ең беделді өкілі, бір емес, екі рет заңсыз жазғырылып, сталиндік режимнің құрбаны болған Ахмет Байтұрсынұлын осылай танимыз. Бұл таным-бүгінгі күнгі демократия мен әділеттіліктің жемісі. Бұл- халыққа сіңірген адал еңбектің тарихта өшпейтіндігінің айғағы

Ахмет- «Қазақ»газетіндегі бас редактор.

1913 жылдың көктемінен өзі шығара бастаған «Қазақ» газетінің бетінде Ахмет Байтұрсынов қазақ қоғамынының келелі- келелі саяси- әлеуметтік мәселесін көтеріп, оны өзінің отарлық бұғаудан қазақты құтқару жолындағы күресінің құралына айналдырды.
Өзінің саяси -әлеуметтік көзқарасын газет бетінде насихаттаумен қатар, оны іске асыру үшін үлкен ұйымдастыру жұмыстарын да жүргізді.Жалпы қазақ съездерін шақыруға мұрындық болып, оларды шақыру, өткізу жұмыстарына белсене қатысты. Сондай съездің алғашқысы 1917 жылы 2-8 сәуірде Орынбор қаласында «Торғай облыстық съезі» деген атпен өткізілді. Оған 300 делегат қатысты. Съезді «Қазақ» газетінің бетінде Ахмет Байтұр сынов ашты. Ол бірлікке, тәртіптілікке шақырды. Ол «Ресейдегі Ақпан төңкерілісі қазаққа бостандық береді» деп түсіндірді. Съезд он төрт мәселе талқылап, ауылдық, уездік, болыстық және облыстық азаматтық комитеттер құруға шешім қабылдады. Съезд жалпықазақ съезін шақыруға шешім қабылдап, Әлихан Бөкейханов пен Ахмет Байтұрсынов бастаған сегіз адамнан ұйымдастыру бюросын құрды. Оған съездің бағдарламасын даярлау, өткізілетін уақыты мен орнын белгілеу тапсырылды. Съезд мерзімді баспасөздің маңыздылығын еске отырып, Орынборда шақырылып келген «Қазақ» газетін жиірірек шығарып тұру қажет деп тапты. Жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру қажет деп, әрбір жүз мың үйге бір мектептен болу керектігін көрсетті. Съезд қарарларын орындауды ұйымдастыра отырып, Ахаң қазақтың –ұлттық-демократиялық партиясы «Алашты» құруға белсене қатысты. Оның бағдарламалық құжаттарын даярлауға және құруға ат салысты. Съезд 1917 жылы шілденің 21-нен 26-на дейін Орынборда болды. Съезде қаралған өзекті мәселелер: қазақтың териториялық-ұлттық автономиясын құру, жер мәселесін шешу, мемлекет басқару ісін, халықтың милиция, сот құру, халыққа міндетті түрде бастауыш білім беру, қазақтың саяси партиясын құру т.б. мәселелері талқыланды.
Қаралған мәселелер Ахмет Байтұрсыновтың белсенді қатысуымен және оның үлкен ықпал етуімен талқыланып, олар жөнінде қазақ қоғамының өркендеуі, саяси әлеуметтік қатынастарын жақсарту жөнінде құнды шешімдер қабылданды. Шешім бойынша, Ресей құрамында қазақтың ұлттық демократиялық мемлекетін құрып, онда демократиялық әлеуметтік өзгерістер жүргізу көзделді. Ахмет Байтұрсыновтың ұсынысымен «Алаш» партиясы бағдарламасы жобасына әйелдердің саяси және әлеуметтік тең құқығы туралы қағида енгізді. 1917 жылы 21 қарашада «Қазақ» газетінде жарияланған «Алаш»партиясының жобасында Ахмет Байтұрсыновтың да қолы тұрды. Онда Ахметпен бірге Әлихан Бөкейхановтың да әлеуметтік көзқарастарын айқындайтын тұжырымдар жарияланды. Мәселен- «Басқарма мен милицияда істейтіндер жөніндегі мәселені халық шешеді. Партия халық үшін дәулет пен мәдениет жасауға ұмтылады… Партия кедейлерді жолдас, қанаушыларды жау деп санайды. Салық әркімнің дәрежесіне және дүние мүлкінің дәрежесіне байланысты алынуы керек… Халыққа білім беру баршаға ортақ, барлық оқу орнында тегін оқылады », -деп жария еткен. Жобадағы қағидалар Ресейде жеңіске жеткен Ақпан төңкерісінің ұрандарына сеніммен қарағандықтан жарияланған. Оны бағдарлама жобасынан көруге болады «Ресей демократиялық, федеративтік, парламенттік республика болады… Федерация мағынасы құрдас мемлекеттік бірлесу. Федеративтік республикада әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады, әрқайсысы өз тізгінің өзі алып жүреді »,-делінген.
Ахаңның «Қазақ» газеті бетінде1917 жылдың екінші жартысында қазақ қоғамының әлеуметтік проблемаларымен қатар, саяси проблемалар , ұлттық мемлекеттік мәселелері көбірек талқыланды. Оның өзекті мәселелері газеттің 1917 жылғы 252 –санында жарияланған «Ел қорғау » деген мақаласында жан жақты баяндалды. Онда: «Қазір бізге басында, мал мүлкіңді, жер -суыңды қорғама деп тиятын да Ресей жоқ, пана болып қорғарлық та Ресей жоқ… Қазаққа өз жабдығыңды қазір ойлап, өлмес қамыңды істе деп отырғанымыздың мәні осы… Ресейге паналамаған кезде қазақ едің: өлер ме едің , яки өлмес қамыңды істер ме едің?! Өлмес қамыңды істер болсаң, істейтін шақ міне туды»,- деп ұран тастады. Ахаң «Қазақ» газетін барлық ұйымдастыру, саяси- әлеуметтік жұмыстардың орталығына айналдырды. Екінші жалпы қазақ съезін шақыруға Әлихан Бөкейхановпен бірге қызу жұмыс жүргізді. Съезге дайындықты айта келіп, «Қазақ» газеті 1917жылы 2-қазанда шыққан 244-санында , шілдеде өткен бірінші жалпы қазақ съезінің шешімі негізінде құрылатын қазақтың саяси партиясын ежелгі атамыздың аты бойынша «Алаш » деп атау жөн деп жарияланды. Сол жылдың желтоқсан айының 5-нен 13-іне дейін Орынборда өткен 2-жалпықазақтық съезде қазақтың ұлттық-териториялық автономиясы да , саяси партиясы да Алаш деп аталсын деп шешім қабылдады. Съезде мектепке оқулық жасайтын Ахмет Байтұрсынов бастаған комиссия құрылды.
Сайып келгенде, бұл газет халықтың жүрегіндегі , тұрмыс- тіршілігіндегі, салт- дәстүріндегі, ой- қиял дүниесіндегі ең асыл, ең мұқтаж, ең көкейтесті мәселелерін қозғайды. Ана тілінде жазылған әдебиет шығармаларының тағылымын терең түсінеді. Этнопедагогиканың, халықтық психологияның, халықтық этиканың қасиетті ана тілі арқылы өмір сүретіндігін және адам баласының патриоттық сезімі, адамгершілік бейнесі, интеллектуалдық келбеті осы ұлы құбылыспен кіндіктес, өзектес екендігін түп тамырынан таныған.
«Қазақ»газетінде жаңа ғана қанаттаған жылдың өзінде жаздыртып алушылар саны үш мыңға жеткен. Ахмет Байтұрсынов газет шығарудың талай қиыншылықтарын бастан кешірді. Түрлі-түрлі қаңқулардың шырмауына түскен. Маңдайы тауға да, тасқа да соғылған.
Бұл газет туралы Мұхтар Әуезов былай деп еске алады : « «Қазақ»газетінің сүтін еміп өскен бір буын осы күнде білім жолында бұғанасы бекіп, іс майданына шығып отырса, кейінгі жас буын Ахаң салған өрнекті біліп, Ахаң ашқан мектепті оқып шыққалы табалдырығын жаңа аттап, ішіне жаңа кіріп жатыр. Ахаңның жаңа істеген еңбегі-қазақтың ұзын –ырға тарихымен жалғасып кететін қызмет, істеген ісімен өзіне орнатып кеткен -мәңгілік ескерткіш.
Қазақ жастарының сол кездегі ардақты тәрбиешісі Ахаң сөйлегенде менің есіме «Қазақ» газетінің әуендері түседі. Біз ол күндері мектеп ішінде жүрген бала едік. Бірақ патша саясаты темір бұғаудай мойынға батып, қазақ жұртын әлсіретіп, «кедейді шалап мас қылып, байды қымызға мас қылып », елдігін жоғалтып бара жатқанын тұманды оймен сезуші едік. Көмескі жауы қазақтың бесіктегі баласының көзіне де елестеген еді.
Сол уақыттарда «Қазақ» газетінің беттерінен анда-санда оқып отырған әсерлі анық сөздер қауіптің пішінің айқын көрсетіп, мектептегі жас балалардың сезімін түзу жолына беттеткендей болушы еді. Жас буынның жаңа туып жатқан әлсіз ойын «жол мұндалап », жетегіне бара жатқандай байқалушы еді. Мектептегі сабағын оқымайтын бала «Қазақ » газетін көрген жерде қадалып тұрып қалатын.
Бөтен қалада қыр есіне түсіп, елін ойлап жүрген балаға «Қазақ» газеті ауылынан келген сәлемдемедей болатын, ел басына келген пәле атын білмей, түсін танымаса да, елі мінбеген еспесі жоқ қайықты теңіздің ішінде жылжытып бара жатқан жел мен құйынның бар екенін оқып жүрген бала да сезетұғын. Қазақтың енкейген кәрі , еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек-жеңін жиғызған «Қазақ» газеті болатын. Ол газеттің жаны кім еді? Ішіндегі қажымайтын қайрат, кемімейтін екпін кімнің екпіні еді? Ол екпін, ұйықтаған қазақты айқайлап оятуға заман ерік бермеген соң, маса болып қалай ызыңдап оятамын деп, ұзақ бейнетті мойнына міндет қылып алған Ахаңның екпіні болатын…

Академик А.Н.Кононовтың редакциясымен шыққан «Отандық тюркологтардың биографиялық сөздігі» кітабында Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен творчествосы жайлы мағлұматтар берілді.
Ұлттық мәдениет, әдебиеттану, тіл ғылымы тарихында Ахмет Байтұрсынов қазынасы ерекше орын алатындығы күмәнсіз шындық.
Ахмет Байтұрсыновтың тарихтағы орнын, оның әлеуметтік-қоғамдық істерін, дүниетанымдағы кейбір қайшылықтарын өз кезінде дұрыс көрсетіп, әділін айтқан адамдардың бірі- Сәкен Сейфулин. Ол «Еңбекші қазақ» газетінде(1923жылы 19 январь «Ахмет Байтұрсынов елуге толды » деген арнаулы мақала жазып, онда былай дейді: «Ахмет Байтұрсынов қарапайым кісі емес, оқыған кісі. Оқығандардың ішінен шыққан, өз заманында патша армап, қулықты атаман-шабармандарының қорлығына, мазағына түскен халықтың намысын жыртып, дауысын шығарған кісі. Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың намысын жыртып, ұлттың арын жоқтаған патша заманында жалғыз-Ахмет еді. Қазақтың осы замандағы кейбір оқығандары губернатор, соттарға күшін сатып тілмаш болып, кейбір оқығандары арларын сатып ұлықтық істеп жүргенде , Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай, қызметтерін қылды. » «Қырық мысал », «Маса» кітаптарын, «Қазақ» газетіне редакторлық еткен еңбектерін, Алаш кезеңін, артынан Компартияға кіргенін түгел шалып айта келіп, мынадай түйін түйеді: «Қалай болса да, жазушы азғана, әдебиеті нашар қазақ жарлыларына оқу һәм тіл құралдарымен қылған қызметі таудай… »
Сөйтіп, «Қазақ» газеті 1918 жылдың октябріне дейін шыққан.

Ахметтің аудармалары мен өлеңдерінің тәрбиелік мәні.

Қазақ даласының асыл перзентінің туған халқымыздың тарихы мен мәдениетіне қосқан үлесі қомақты, Ахмет Байтұрсынұлының мұрасы-қазақ халқының айқын бейнесі. Ол тарихи тағдыр, сәулелі ойлар мен көкейтесті арманды білдіреді. Ұлы Ұстаздың әрбір сөзі бүгінгі жеткіншек ұрпақтың тәрбиесіне игі ықпал етіп, рухани байлығымызды қалыптастыруға қызмет етеді. Оның тәрбиелік және эстетикалық идеялары бізді азаматтық және патриоттық сезімді көздің қарашығындай сақтауға баулиды.
Қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын, айналып келгенде, Ұлы Абай тапқан соқпақ орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынұсынады. Бұрынғы ескі ертегі, хикая үлгілері емес, енді жаңа өлеңдік форма-мысал арқылы, көшпелі елдің жақсы білетін стихиясы-жан-жануарлар өмірлерінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен Иван Андреевич Крылов туындыларын аударып, «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Петербургта бастырып шығарды.
Бір жағынан қызықты форма, екінші ……

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!