Курстық жұмыс: Әдебиет | Ахмет БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН САБАҚ ҮРДІСІНЕ ЕНГІЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ

0

Мазмұны

КІРІСПЕ
1 А. БАЙТҰРСЫНОВ МҰРАЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗІ
1.1 А.Байтұрсынов мұраларының зерттелу жайы және оның педагогикалық идеяларының Ы.Алтынсарин идеяларымен үндестігі
1.2 А.Байтұрсыновтың педагогикалық ой-пікірлері және оның тәлімдік мүмкіндіктері
2 А. БАЙТҰРСЫНОВТЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫН САБАҚ ҮРДІСІНЕ ЕНГІЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 А. Байтұрсынов мұралары арқылы бастауыш сынып мұғалімдерін даярлаудың маңызы
2.2 А.Байтұрсынов мұраларын мектептің оқу-тәрбие үрдісіне енгізу жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі нарықтық экономикаға сүйенген, ғылыми-техникалық жаңалықтарға еркін аяқ басқан егеменді еліміз ХХІ ғасыр табалдырығын аттай отырып, білім беру ісі мен қоғамды ізгілендіру мәселесін, демократия мен ұлттық руханиятты, мәдениет пен тілді түлетуге, ұлттық мәдени мұраларды жандандыруға баса көңіл бөліп, білім беру мекемелері өздерінің алдына басты міндет етіп қойып отыр. Осымен байланысты жаңарған қоғамның жастарын ұлттық-патриоттық рухта тәрбиелеуге арналған оқу-тәрбие жүйесінің жаңа кешенін жасау қажеттілігі туындауда.
Қазақстан республикасының мәдени-этникалық білім беру тұжырымдамасында «мемлекетіміздің тәуелсіздігін нығайту ұлттық мәдени дәстүр жалғастығына, тарихи мұраларды жандандырып тәрбие құралына айналдыруға, халықтар мүдесі мен бірлігінің тоғысуына негіздеулі керек. Мәдени-этникалық мұраны жандандыру мен жалғастыру, ұлттық патриоттық сезімді ояту мен аялау ең алдымен мектептен басталуға тиіс», деп өте орынды айтылған.
Сондай ғалымдардың бірі – А.Байтұрсынов еді. «Ахмет Байтұрсынов-ұлттық тарихымызда ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға»,-деп Ә.Кекілбаев атап көрсеткендей, ғалымның артына қалдырғанмұрасын расында да ешкіммен салыстыруға болмайды. «Жаңа жазу . Жаңа әліппе. Тұңғыш емле. Тұңғыш фонетика. Тұңғыш грамматика. Тұңғыш синтаксис. Тұңғыш терминалогия мен әдістеме. Тілашарлар. Тіл танытқыштар. Тіл жұмсалар». Ол ашқан «Қазақ» газеті мен қазқ мектептері, Қазақ мұғалімдер курсы, ол жасаған қазақ терминдері қоры, осылай санай берсек, ұлы ағартушының қазақ мәдениетіне, Қазақстан ғылымы мен оқу –ағарту ісіне қосқан іргелі үлесі үшін ұшан теңіз.
Ғалымның педагогикалық көзқарастарын ғылыми-педагогикалық тұрғыда зерттеу жұмыстары А.Қыдыршаевтың «А.Байтұрсыновтың әдістемелік
мұралары» атта ғылыми-зерттеу жұмысында қарастырылған. Мұнда қазақ
тілінің әдістемесіне ғалымның қосқан үлесінің, тіл білімін дамытуға орнының ерекше екендігі талданған. Сонымен қатар, Р.Б.Үсембаеваның «А.Байтұрсынов мұралары арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгаршілікке тәрбиелеу» атта ғылыми-зерттеу еңбегінде ғалымның еңбектеріне ғылыми талдау жасалып және оны бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде пайдаланудың жолдары қарастырылған. Ал, А.Байтұрсыновтың педагогикалық-психологиялық мұраларының тәлімдік мүмкіндіктері Қ.Жарықбаев пен С.Қалиевтің «Қазақтың тәлім-тәрбиесі» және «Қазақтың педагогикалық ой-пікірлер Антологиясы» атты еңбектерінде жақсы ашылып көрсетілген.
Дегенмен, А.Байтұрсыновтың педагогикалық мұрасы, оның ішінде жалпы орта білім беретін мектептерге білім мен тәрбие беру, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау мәселелері әлі де болса жан-жақты ғылыми –педагогикалық тұрғыда зерттелген жоқ деп айта алмаймыз. Ал, ол кеңінен зерттелуі және қазақ педагогикасы тарихынан заңды орын алуы тиіс.
Зерттеудің мақсаты: А.Байтұрсыновтың педагогикалық-ағартушылық ғылыми еңбектерін зерттеп педагогикалық колледждер мен жалпы орта білім беретін мектептердің оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың ғылыми-әдістемелік кешенін жасау, оны теориялық және практикалық тұрғыда негіздеп, жан-жақты дамыған шығармашыл тұлға қалыптастырудың маңызы мен мәні аса зор.
Егер, А.Байтұрсыновтың педагогикалық мұраларындағы құндылықтарды іріктеп, тәлімдік мүмкіндіктерін айқындай отырып жасалған әдістемелік ұсыныстар іске асса, онда рухани құндылықтарды бағалай білетін , ұлттық және патриоттық санасы жоғары жеке тұлға қалыптастыруға игі ықпал еткен болар едік.
Зерттеудің міндеттері: «А.Байтұрсыновтың тәлімдік ой-пікірлерін оқу тәрбие үрдісіне енгізудің әдістемесі» атты екінші тарауда А.Байтұрсынов мұралары арқылы бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау мәселелері, Ахмет мұралары бойынша жасалған «Ахмет тағылымдары» атты арнаулы курс бағдарламасы, оны педагогикалық колледждер мен орта мектептің оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің жолдары сөз болады.
Зерттеудің базасы: Тараз қаласы, № 51 орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары.
Зерттеу кезеңдері: 2006-2007 оқу жылында зерттеу бойынша әдебиеттерге, мерзімді басылымдарға талдау жасалынды. 2006-2007 оқу жылында зерттеу тақырыбы бойынша іс-шаралар жүргізіліп, диплом жұмысына материал етіп енгізілді.
Зерттеу құндылығы: Студент-практиканттар бастауыш сынып мұғалімдері әдістемелік нұсқау ретінде пайдалануға болады.
Зерттеу пәні: Оқушыларға бастауыш сынып пәндерінде А.Байтұрсыновтың шығармаларын оқыту арқылы әдіскердің тәлімдік ой-пікірлерін оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің әдістемесі.
Зерттеу болжамы: Егер оқыту процесі мен әдістері оқушының А.Байтұрсыновтың тәлімдік ой-пікірлерін оқу-тәрбие үрдісіне пайдалануға бағытталып, теориялық тұрғыда негізделсе, онда оқушының білімге деген құштарлығы артады.
1 А.БАЙТҰРСЫНОВ МҰРАЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗІ

1.1 А.Байтұрсынов мұраларының зерттелу жайы және оның педагогикалық идеяларының Ы.Алтынсарин идеяларымен үндестігі

А.Байтұрсынов қазақтың ағартушы педагогы Ы.Алтынсариннің тікелей ізбасар-мұрагері жөне оның идеясын жалпақ қазақ даласында іске асырушы қайраткер болғандықтан, оның педагогикалық мұраларын Ыбырай еңбектерінен бөліп қарауға болады. Соңдықган, ең алдымен Ыбырайдың ағартушылық идеясы қандай еді, А.Байтұрсынов бастаған зиялы топ ол идеяны қалай жалғастырды деген мөселелер төңірегінде ой қозғау қажет. Ыбырай заманы Ресей патшалығының отаршылық саясатымен тұстас келеді. Орыс патшасы қазақ еліне мектеп ашуды сылтауратьш өзінің отаршылдық саясатын жүргізді. Оны Н.И.Ильминскийдің синодтық обер-прокурор К.Н.Победоносцевке жазған хатынан аңғаруға болады.
«Біз үшін — дейді ол,- бұратаналар орысша сөйлегенде жаңыльп, қызарып, орысша жазғанда көптеген қате жіберетін болып, жалғыз губернагордан ғана емес, төменгі бастықтардың бәрінен үрейленіп қорқып тұратъш болса жақсы болар еді,»-деп өздерінің саясаттарын әшкерелеп береді.
Егер, Ы. Алтынсариннің шьғармашылық жөне ғылыми еңбектеріне зер салатын болсақ, оның идеясы Н.И.Ильминский идеясына мүлде қарама-қарсы екенін байқаймыз. Оған дәлел, ЫАлтынсариннің мектептерде хриетаан дінін оқытуга қарсылығы жөне ислам дінінің мән-мағынасын қамтыған «Мұсылманшылдықтың тұгқасы» атгы еңбегің мектептің оқу-тәрбие үрдісіне енгізуі еді. Ислам дінінің мән-мақсатымен таныстыра отырып, негізінен адамгершілік төрбиесі мөселесін қамтитын бұл еңбегі 1884 жылы Қазан қаласында араб әрпімен жарыққа шықты. Осы еңбекті жазудағы мақсаты жөнінде ЫАлтынсарин былайдеді: «біріншіден, қазақ жастарының дін жөніндегі түсініктері теріс бағытқа түсіп кетпеуі үшін екіншіден, қазақтың жазба тілінде татар тілі орынсыз етек алуына жол бермеу үшін мен соңғы кезде Мұхаммет шариғатын үйрене бастап, осы оқу құралын құрастыруға кірістім» -дейді. Яғни, оның бұл еңбекті жазудағы мақсаты — дінді адамгершілікке төрбиелеудің құралы деп түсіңіп, өзінің педагогикалық мақсатына икемдей пайдалану еді. Ы.Алтынсарин жас өспірімдерге адамгершілік рухта төрбие беру мақсатын ұстанды. Ол еңбек, адамды сүйе білу, кішіпейілдік, қарапайымдылық, үлкенді сыйлау, жолдасгық т.б. мөселелерге кең көңіл бөлді. Өзінің хрестоматиясында қазақтың төл өңгіме, аңыз, ертегілеріне кеңірек орын беру арқылы ол үлттық жөне жалпы адамзаттық құндылықтарды үйлестіре үйретуді көздеді. Ы.Алтьшсарин шығармаларының төрбиелік потенциалы бүгіні күнге дейін өз күшін жойған жоқ.. Ағартушы шығармашылығының негізі — адамгершілікке, имандылыққа төрбиелеу болды. Оның пікірінше, осындай қасиеттер түгелдей бір адам бойында қалыптасқанда ғана ол парасатгылықпен біреуге жанашыр бола алады.
Ы.Алтынсарин шығармаларының бөрі адам жанының небір түпкірлеріне үңілетін, адамгершілікке тұнып тұрған озық идеяларға толы. Оның ойынша оқытудың негізгі мақсаты — пөн мазмұны бойынша ақпаратгар беру ғана емес, жалпы іскерлікті, адамгершілік қасиеттерді қатар қалыптастыру болуы тиіс.
Ы..Алтынсарин ашқызған алғашқы ұлттық мектептердің құрылымдары төмендегідей еді:
1. Екі жыл оқытатын ауылдық мектеп.
2. Төрт жыл оқытатын бір кластық мектеп.
3. Алты жыл оқытатын екі кластық училище. Осы мектептерден қазақтың белгілі ағартушы қайраткерлері А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М. Дулатов, Н.Құлжанова, С.Көбеев, Ғ.Балғымбаев, Б. Өтетілеуов жөне т.б. білім алды. «Ғұлама ағартушы ғалым» атты еңбекте: «Ы.Алтынсарин мектебін бітірген қазақ зиялыларының бірі: Ахмет Байтұрсынов — Торғайдағы екі кластық орыс-қазақ мектебін бітіргеннен кейін Орынбордағы мұғалімдер училищесінде оқыды»,- деп атап көрсетеді. «Ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннің бастамасын ілгері дамытып нағыз ғылымдық дөрежеге көтеріп, жетер жеріне жеткізіп берген-А.Байтұрсынов»-деп Қ.Мұхамедханов атап көрсеткендей, А.Байтұрсынов Ыбырай негізін салған ағартушылық идеяларды жалғастырушы болды. Олардың идеяларының үндесгігін шығармаларынан, әңгіме, өлең, мысалдарынан, этнографиялық еңбектерінен, мақалаларының мазмұнынан анық байқаймыз. Мәселен, А.Байтұрсыновтың «Оқу жайы» атты мақаласында қай халықтың болмасын ілгері басу себебі де, кейін қалуы да оқу мәселесімен байланысты екенін дәледейді. Оқусыз халық қанша бай болса да, біраз жылдардан кейін оның байлығы өнерлі халықтардың қолына көшпекші… …Бұл заманда қолы жетпегендерді теңдікке жеткізетін, әлсіздерге күш беретін өнер-білім, сол өнер-білімге мезгілі өтпей тұрғанда үйренсек тұрмысымызды түзетіп, басқалардың аяқ астында жаншылмас едік, біз де өз алдымызға бір жұрт еқендігімізді білдірер едік,» -деген мақала жолдарынан ағартушының егемен ел болудың, тәуелсіздіктің тірегі — білім деген нақты тұжырымды халық санасына жеткізгісі келгенін аңғарамыз. Сол сияқты «осы замандағы жан таңырқарлық нәрсенің бәрі де ғылыммен табылған. Адам баласын көкте құстай ұшқызған, суда балықтай жүздірген — ғылым.. Дүнияның бір шеті мен бір шетіне шапшаң хабар алғызып тұрған-ғылым, от арба, от кемелерді жүргізген — ғылым. Осыларды істеп отырған жұрттың бәрі де сондай болмаған. Бұлар да басында біздей, қатта бізден де өнерсіз болған. Халық жүре, оқи, талаптана келе осыншаға жеткен», — деген пікірінің де Ы.Алтынсариннің «Өнер-білім бар жұрттар…» атты өлең жолдарындағы идеямен мазмұндас, үндес екені байқалады. Екі ағартушы бір-бірін іштей түсініп, елінің келешегі тек өнер-білімде деп қарап, халықты оқу-ағарту ісіне шақыруды мақсат етті. Өзінің ұстазы Ы.Алтынсарин «Ауыл ауылды аралап, елден қаржы жинап, Тортай, Қосганай, Ырғыз-Ақтөбе өңірінде бірнеше мекгептер ашып, ал мекгептерде діни оқудың орнына дүншіуи пәндерді оқытуды қолға альш, «Қазақ хрестоматиясын» үсьшса, сейтіп қазақ халқының келешегі тек өнер-білімде деп түсінее», А.Байтұрсынов «Оқу жайы» атты мақаласында «Қазақ ауылында оқу жайы нашар, кемшілігі есепсіз көп, шебер маман, сайлы мекгеп, сәйкес бағдарлама, оқыту жайын дұрыс үйрететін, білгір маман даярлайтын оқу орны педучилищелер жоқ,»- деп дабыл қағады. Және «.. қазақта қай жерде болмасын қазақ үшін ашылған школдардың бәрі де аулынай школдар, бір ғана Қостанай уезіндегі 132 школдың 109-ы ауылнай школдар, ал мұндай школдардан қазақ балалары тіршілікке пайдалы білім аларлық деңгейге жетпейді»,- дейді. Сонымен қатар, мекгеп, орта жөне жоғарғы оку орындарын ашу керек, оларды дамыту, қаржыландыру мәселесін «Қазақ» газеті үнемі көтеріп, жұртқа жол көрсетіп отырада деп газеттің алға қойған ағартушылық қызметін білдіреді.
А.Байтұрсынов «Бастауыш мектеп» атты мақаласында Ресей үкіметінің орыстандыру саясатының бет-пердесін ашады әрі: «Хүкіметке керегі мемлекеттегі жұрттың бәрі бір тілде, бір дінде, бір жазуда болуы, әр халыққа керегі өз діні, тілі, жазуының сақгалуы. Солай болған соң бастауыш мектеп, әуелі миссионерлік пікірден, политикадан алыс боларға керек.., Олай болса, мектеп арқылы қазақтың дінін, тілін, жазуын жоғалтып, орысшаға аударамын деген пікірден хүкімет безіп, тиісті бастауыш мектеп екі жаққа да зиянсыз, пайдалы болуын көздеу керек. Солай ойлағанда көңілге ұнамды мектептің түрі біздің ойымызша мынау»,-деп бастауыш мектептің 5 жылдық болуын, қазақ халқының көшпелі ерекшелігін ескеріп, мектептерді келіп оқитын жөне жатып оқитындай ғып құруды, қыр мектептері мен қала мектептері ерекшеліктерін ескере ұйымдастырылуын талап етеді. Жалпы 5 жылдық бастауыш сатының 3 жылы ауыл, екі жылы болыс мектебіне берілсін. Ауыл мектебі тек ана тілінде болсын. Онда оқу, жазу, дін, ұлт тілі, ұлт тарихы, жағрафия, шаруа-кәсіп, жаратылыс жайы пәндері оқытылсын. Болыс мектебі орысша оқылатын соңғы екі жыл. Мүнда берілетін білім гимназияның төменгі сыныбына кірерлік пәндер болуы керек дейді. Демек, бұл салыстырулардан ғалымдардың мақсат-мүдделерінің үңдестігін, әрі заманына қарай өзіндік ерекшеліктері болғанын аңғарамыз.
Қорыта келгенде, Ы.Алтынсарин мен А.Байтұрсыновтың ағартушылық-педагогикалық мұраларын зерделей келе, олардың идеяларының үш бірдей бағытга үндесетінін байқауға болады. Біріншіден, екеуі де бар ғұмырларын ұлтгық мектеп ашуга, қазақ балаларына дүниежүзілік білімді терең меңгеріуге,өнерге, мәдениетке тартуға арнаған. Екіншіден, сондай дәрежеде білім берегін төл оқу-құралдарын, сол оқулықтарға дұрыс басшылық жасауды үйрететін ғылыми-әдістемелік құралдар жазды. Үшіншіден, болашақ маман даярлау ісін жандандыру, ұлттық мектептер құрылымын анықтау, мектетердің материалдық-техникалық базаларын нығайту, оқу-білім арқылы қоғамдағы саяси-әлеуметтік мәселелерді түсіндіріп ұлттық сананы ояту үшін ұлттық баспасөзді насихаттау құралы ретінде пайдаланған.
Сол сияқты, АБайтұрсынов Ыбырайдың рухани және тарихи ізбасары екенін Ә.Бөкейхановтың 1925 жылы 23 маусымда Мөскеуден АБайтүрсыновқа жазған хатыңдағы: «Бауырым Ахмет! …Алтынсарының баласы Ыбырай хатында өзіңіз жазсаңыз жақсы болар еді. Ол сенің ағаң емес пе ?! Егер ол қазір өмір сүрсе сендей болар еді, ал сен ертерек дүниеге келгенде, оның ісін жасарың хақ…» — деген пікірден де анық байқаймыз.
«Намыс — рух тамыры, яғни ыстық қайраттың ынтасы, сезім-қан, яғни жылы жүректің ісі, сана-ми, яғни нұрлы ақылдың сәулесі. Абай — ұлттық намысты ұлықтандырушы, Міржақып — ұлтгақ сезімді тудырушы, Ахмет ұлттық намыс пен ұлттық сезімді ұлттық санаға айналдырушы. Оқыған азаматтың тұңғышы, алғашқы шыққан көсемі,-» деп М.Әуезов атап көрсеткендей АБайтұрсынов ХХ ғасырдың басындағы ұлттық педагогикалық ой-пікірлердің негізін салған, халықтың сауатын ашуға бүкіл күш-қайратын жұмсаған қайраткерлердің бірі еді.
Ахметтің педагогикалық мұраларын зерттеген сайын ешкімге ұқсамайтын дара тұлға екенін көреміз. Оның ұлттық ерлік дәстүріне байланысты жинаған деректерінің тарихтан алатын орны ерекше.»Ер Сайын» жырын ел аузынан жинақтап, әндеп, ұрпақ тәрбиесіне пайдалануға ұсынды. Жәнібек батырға байланысты тарихи деректерді жинап, өз еңбегіне арқау етгі. Жастарды ерлікке тәрбиелеуде, азаматтық борыштылық сезімдерін оятуда бұл еңбектің орны ерекше. Ал, ғалымның «Білім жарысы» атгы мақаласында білімді жұрттарда осындай жарыс болады, қазақтың осыған ұқсас бәйге тігуінің пайдасы шамалы, далаға кеткен шығын дейді. Білім жарысы түрі жағынан осындай болғанымен мақсаты басқа әрі бұдан жұртқа келер пайда мол, шыққан шығын орны толады деп түсіндіреді. Еуропа жұртындағы білім жарысы туралы түрлі мысалдар келтіріп, пайдасына халықтың көзін жеткізгісі келеді. Білім жарысын қазақ арасында өткізу қажеттілік, тығырыққа тіреліп тұрған оқу-ағарту ісін жандандырудың бірден-бір көмекші жолы екенін уағыздайды: «Жұртқа ғылым үйретумен, көрумен, білумен жайылады. Білімнің бас құралы — кітап. Қазақ арасына білім жайылуына, әуелі оқу үйрететін орындар сайлы болу керек екінші, білім тарататын кітаптар жақсы боларға керек һәм халық арасына көп жайыларға керек. Осы мақсатқа жетуге зор себепкер болатын істің бірі — білім жарысы»,- дейді. Мұнда автордың мақсаты дұрыс оқулық шығару, оқу-ағарту існе халықты қатыстыру, кәсіби шебер мамандарды саралау. «Қазақ арасында оқу жұмыстарын қалай жүргізу керек» атты мақаласында үкіметтің қазақ арасындағы оқу жұмыстарын ұйымдастыруы мардымсыз, себебі қаржыландыру жағы жеткіліксіз, оқу қазақтың өзі үшін керек. Сондықтан, ел болып жұмыла кірісу керек»—дейді. Ол үшін, әр отбасы жағдайына лайық салық салып, жиналған қаржыны мектеп ашу ісіне жұмсауға шақырады. Кедей балаларына бірнеше тегін орын бөлуді ұсынады. Ауылдардың сирек орналасуына қарай кейбір мектептер жанынан интернатгар ашу қажет дейді. Ел болашағы үшін керек жұмысқа жекелеген шығынды киынсынбай, күресуге үндейді.
«Тәні саудың — жаны сау» атты мақаласында ол тән мен жанның мән-мағынасын, арақатынасын түсіндіреді. Тән тозса, жанның да тозып, адам азғындап, хайуан қатарына жететінін дәлелдеуде, қазақ халқының тәнін де, жанын да тоз-тоз еткен ашаршылық көріністерінен мысал келтіруінің философиялық, психологаялық және тәрбиелік мәні зор. Тән саулығының қажетілігін, қымбаттығын айта келе, тәңді тоздырмай, оның саулығы үшін қажет нәрселерге қысқаша былай тоқталады:
1) Тәннің өзіне керекті нәрселерді (ауа, тамақ, сусын сияқты нәрселерді) мезгілімен тиісті күйінде, керек мөлшерімен алып тұруы;
2) Ағзамыз әр түрлі кызметін мезгілімен дұрыс басқарып, дұрыс атқарып тұруы керек, мәселен, тамақтың қарында қайнап пісуі, бойға сіңуі, қан мезгілімен тарап тұруы сияқты қызметтер.
3)Тәнге зиян келтіретін ауру құрты, у, суық сияқты нәрселерден тәнді қорғау.
«Бұл үш шартты орнына келтіру үшін — әуелі демалатын ауа, жейтін тамақ, ішетін сусындардың жәй-мәнісін білу керек».
Екінші, тұратын үй, киетін киім, тұтынатын нәрсе, істейтін жұмыс, тән тәрбиесіне керек толып жатқан нәрселер бар — олардың жай-мәніеін білу керек.
Үшінші, тәнге зиян келтіреттн нәрселердің тәнге кіретін жолдары бар, ауру құртгарының өсетін, көбейетін орындары бар- оларды білу керек»,- дейді.Яғни, оның тән саулығының тамыры тазалықта, жан саулығының тамыры тән саулықта деген қағидаларының тәрбиелік мәні өте зор. Әсіресе, мұндай түсініктерді балаға отбасында, бастауыш сыныпта қалыптастыру қажет.
А.Байтұрсынов көтерген мұндай мәселелер ел президетінің халқына жолдауы «Қазақсган 2030» бағдарламасы мазмұнымен де ұштасып жатыр. Жалпы А.Байтұрсынов педагогака ғылымына өзінің қолтаңбасымен ерекшеленетін үлкен мұра қалдырды.
«А.Байтұрсынов пен оның замандас пікірлестері
жайындағы қазіргі жүргізіліп жатқан ізденіс-зерттеулерімізді жинақы бір атаумен «Ахметтану» деп атар едім. Ахметтану -тек бір ғана қайраткерді танып — білу мақсатын көздемей, тұтас бір кезеңге қатысты мәселелерге баратын таным тармағы болуға тиіс»-деп Р.Сыздықова атап көрсеткендей, XX ғасырдың басындағы ой-пікірлердің өзара сабақтастығын «Ахметтану» деп атау арқылы ұлттық педагогиканың қалыптасуының тұп-тамырын, діңін байқаймыз.
Ж.Аймауытов пен А.Байтұрсыновтың педагогикалық еңбектерін саралағаңда олардың еңбектеріндегі ой-тұжырымдар бір-бірімен ұштасып жатады. Мәселен, Ж.Аймауытов балаға тілді үйрету үшін төмендегі шарттарды белгілейді:
1) Басқа пәндерден тіл оқуында айырым болмасын, қайта өзге пәндер тіл үйренуге көмек етсін; 2) Жан дүниесінде (психологияда) тіл үйрену басты жұмыс емес, жанама жұмыс болғандықтан, бала әуелі тәжірибеге таянып, нәрсемен танысып, кейін сол нәрсе туралы сөйлесіп, тындасын, жазсын, оқысын-тілге үйренсін; 3) Баланы тілдің әр түріне машықтандырғанда, белгілі жүйе қолданылсын. Жазу, оқу, тындау, сөйлеуден соң келеді, соңғылары тәжірибеден соң келеді. Сондықтан әуелі баланың көрген білгені туралы әңгіме құрып, кейін оқуга, жазуға үйретілсін; 4) Бала әуелі өз бетімен сөйлеуге, жазуға төселіп, сонан кейін үлгілі сөздерге елікгеуге мүмкіндік берілсін; 5) Әңгіме үшін берілетін мағлұмат кітаптағы даяр заттар бола бермей, баланың тәжірибесінен, көрген-білгенінен алынсын. Кітаптан өмірге емес, өмірден кітапқа қарай жылжысын.
Ал, А.Байтұрсыновтың «Тіл жұмсар» атты әдістемелік еңбегінде: «Бала білімді тәжірібйе арқылы өздігінен алу керек. Мұғалімнің қызметі — оның білімінің, шеберлігінің керек орны өздігінен алатын тәжірибелі білімінің ұзақ жолын қысқарту үшін, ол жолдан балалар қиналмай оңай өту үшін, керек білімін кешікпей кезінде алып отыру үшін, балаға жұмысты әліне қарай шағындап беру мен бетін белілеген мақсатқа қарай түзеп отыру үшін керек»,-дейді. Сонымен қатар, оқыту теориясына байланысты да қос ғалымның идеясы бір-бірімен орайлас келеді. Ж.Аймауытов оқудың негізгі әдістемелік ұстанымын былай деп береді:
1) Жаңа берілетін сабақты баланың білегін мағлұматтарымен ұштастыру; 2) тиісті таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына ынталандырып, ілтипат аудару; 3) сабақта алдын ала даярлайтын сұраулар қою арқылы ынтасын арттыру, ілтипатын сақгау; 4) қажетсіз мағлұматгардан сақгану, баланың ілтипатын қоздыратын қызықты нәрселерді ғана сөйлеп, үйрету; 5) баланың ішін пыстыратын біркелкі мағлұматгардан сақтану, лайықты салыстыру, теңестіру, ұқсастыру, түрлі әдісті оңғаймен оқытуды жандандыруға тырысу; 6) алғашқы кездегі оқыту дерекгі, көрнекті …….