Курстық жұмыс: Әдебиет | АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ АУДАРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мазмұны
КІРІСПЕ 3
1.АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ АУДАРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі 6
1.2 Мақал – мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі 7
2.АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ ҚҰРЫМДЫЛЫҚ, МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ҰҚСАСТЫҒЫ
2.1 Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері және оларды топтастыру 13
2.2 Ағылшын және қазақ мақал — мәтелдерінің этнолингвистикалық
сипаттары 20
2.3 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал — мәтелдердің құрылымдық жэне мағыналылық ерекшеліктері мен ұқсастықтары 20
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ГЛОССАРИЙ 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 28
ҚОСЫМША
1.АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРІНІҢ АУДАРЫЛУ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелуі
Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерге қатысты материалдарға шолу жасау барысында оларды жинақтау, сұрыптау, жүйелеу, жариялау ісінің екі кезеңнен тұратыны анықталды, оның алғашқысы — XIX ғасырдың екінші жартысы. Кеңес дәуірінің 1948 жылдарына дейін мақал-мәтелдерді тек халық аузынан жинап, жеке басылым ретінде шығару жұмыстары жүргізілген болса, екінші кезең — оларды тілдік тұрғыдан зерттеудің қалыптасуымен сипатталады.
Қазақтың мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым — Ш.Уәлиханов. Ш. Уәлиханов пен Н.Н. Березин архивтерінде XIX ғасырдың елуінші жылдарында ел аузынан жазып алынған екі жүзден аса мақал-мәтелдер сақталған. Сондай-ақ, қазақ ауыз әдебиетінің басқа үлгілерімен бірге қазақ мақалдары мен мәтелдерін де жинақтап, жеке жинақтар шығарып, қазақ тілі мен әдебиетінің, тіл ғылымының, мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан Ы.Алтынсарин, Ә.Диваев, В.Радлов, Щ.Ибрагимов, М.Терентьев,
т.б. сынды ағартушы, ғалымдардың еңбегі ерекше.
Қазақ мақал-мәтелдерінің ғылыми тұрғыдан зерттелуіне арналған іргелі монографиялық зерттеулер де, мақалалар да баршылық. Солардың ішінен ғалым Б. Шалабаев алғашқылардың бірі болып, аталмыш тұрақты тіркестер тобын арнайы қарастырып, олардың негізгі мағыналық топтарын, жанрлық ерекшеліктерін анықтады. М. Ғабдуллин өзінің «Қазақ халкының ауыз әдебиеті» деген еңбегінде қазақ халкының шаруашылығын, кәсібін, тұрмыс-тіршілігін сипаттайтын мақал-мәтелдердің өмір танытқыштық мәні мен қызметін айқындаса, С. Нұрышев оларды даму тарихы тұрғысынан қарастырды.
Мақал-мәтелдер – қалай, тура сол ойды әртүрлі сөздермен айтуды үйрену үшін берекелі мәлімет. Монолог және диалог сөйлеуіне үйретуде олар ауыспалы, сондықтан таңдалған тақырып өзекті болып табылады. Мақал-мәтелдер – ауызша халық шығармашылығының кең тараған жанры. Олар адамдарды баяғыдан бері алып жүреді. Тиянақты ұйқас, кәдімгі формасы, қысқалылық сияқты мәнерлі сөздер мақал-мәтелдерді тұрақты, есте сақтаулы, сөйлеуде қажет етеді.
Мақал-мәтелдер – халық шығармашылығының көне жанры. Олар көне заманда пайда болды, және өз пайда болу тарихымен ғасырлар тереңіне кетеді. Олардың көбі жазу шықпай тұрып пайда болды. Сондықтан олардың алғашқы қайнар-көздері туралы мәселе ашық болып саналады. Ағылшын мақал-мәтелдер пайда болуының осындай негізгі қайнар көздері: халықтық, әдебиеттік, библиялы пайда болуы, басқа тілден алынуы және мақал-мәтелдер ретінде Шекспир цитаталарының пайдаланылуы.
Мақалдарды мәтелдерден айыру керек. Мақалдың басты өзгешелігі болып оның бітімі және дидактикалық мазмұны табылады. Мәтел үйрету мінезімен, ақылды қорытындының бітімсіздігімен айырылады.
Мақал-мәтелдер — сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын, көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, кеңілге түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған. Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік, мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.
1.2 Мақал – мәтелдердің ағылшын тілінде зерттелуі
Ағылшын тіліндегі жалпыхалықтық мұраны жинақтап, жариялау жұмыстары сонау көне ғасырда қалыптасып, күні бүгінге дейін дәстүрлі түрде жалғасып келеді. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, ете көне мақал-мәтелдер тізбегін қамтитын алғашқы «Book of Proverbs in the Old Testament» атты топтама V ғасырда жарық көрген. Кейінгі жинақтар халық игілігіне айналған осы іске етене араласып, зор еңбек сіңірген оқымысты ғалым Дезидериус Эрасмус есімімен тығыз байланысты. Оның 1500 жылы «Collectanea» (818 MM), 1508 жылы Венецияда «Chiliades» (3260 MM) деген атпен жарияланған жинақтары 1515-1536 жылдары аралығында толықтырылып қайта басылып шықты.
Артына өшпес тарихи із қалдырған ғалымдардың бірі Джон Хеуд (John Heywood) өзінің алғашқы «A Dialogue Containing the Number in Effect of all the Proverbs in the English Tongue» атты еңбегін 1546 жылы, кейінгілерін 1550, 1555, 1560 жылдары жарыққа шығарды. Сондай-ақ, 1610-1680 жылдар аралығында бірқатар мақал-мәтелдер жинақтары, атап айтқанда, 1612 жылы ағылшын шіркеу қызметшісі Thomas Draxe «Bibliotheca Scholastica Instructissima or, a Treasurie of Ancient Adagies, and Sententious Proverbes», 1639 жылы пастор Дж. Клардың (John Clarke) «Paroemiologia Anglo-Latina», 1640 жылы Дж. Хербергтің «Outlandish Proverbs», 1659 жылы Дж. Хауэльдің «Proverbs», 1670, 1678 жылдары Дж. Рэйдің ‘English Proverbs» атты енбектері жарық көрді. Келесі ғасырларда бұрынғы ескі жинақтар толықтырылып, қайта бастырылып отырды. Зерттеу барысында мамандардың көбінесе ағылшын тілі мақал-мәтелдерін жинаққа енгізу үрдісімен шектелгенін көреміз.
Ағылшын тілі мақал-мәтелдерін ғылыми тұрғыдан арнайы, жан-жақты қарастырған зерттеу жұмыстарының бар екендігі мәлім. Мысалы,
Л. И. Швыдкояның ғылыми зерттеуінде мақалдар мен афоризмдер «клише» деген атаумен бір топқа біріктіріліп, олардың синонимдік қатары берілген. С.И. Вяльцеваның ағылшын мақал-мәтелдерін стильдік, ал Э.Ахундованың зерттеуі синтаксистік ерекшеліктері тұрғысынан талдауға арналған. Ағылшын тілінің тұрақты тіркестерін зерттеу жұмыстары ғалым А.В. Кунин есімімен тығыз байланысты. Ол өзінің «Курс английского языка», «Курс фразеологии современного английского языка» тәрізді көлемді ғылыми еңбектері мен «Англо-русский фразеологический словарь» сөздігі т.б. арқылы ағылшын тілі табиғатының кейбір өзгеге беймәлім тұстарын айқындап, жалпы тіл ғылымына елеулі үлес қосты және салғастырмалы негіздегі ізденістерге бағыт-бағдар берді. Мақал-мәтелдердің басқа тілдік бірліктермен салыстыра алғанда өзіндік ерекшеліктерін, күрделілігін, мән-мазмұнының терендігін айқын көрсететін тұстардың бірі — аударма жұмысы. Кейбір жалпыхалықтық универсалдық сипатқа ие түрлерін есепке алмағанда, әдетте, мақал-мәтелдер бір тілден екінші тілге тікелей аударылмайды. Бір тілден екінші тілге тәржімелеу барысында мағынасы мен тіркес құрамындағы сыңарлары дәлме-дәл келетін теңбе-тең баламасы (абсолюттік балама) немесе контекстік мағынасы сәйкес эквиваленті қолданылуы мүмкін. Әсіресе, ілеспе аудармада шапшаңдық, жинақылық, нолдік қажет. Осы мақсатка негізделген, практикалық мәні бар жұмыстардың бірі — Т.Баймаханова, Н. Өтешева, Н. Байтөлеевалардың құрастыруымен жарық көрген «Английские пословицы и поговорки и их эквиваленты в русском и казахском языках» атты еңбек. Жұмыста мақал-мәтелдер он мағыналық топқа бөлініп, олардың орыс және казақ тілдеріндегі баламалары берілген. Алайда, ағылшын ММ-дерінің қазақ тілінде баламалары бола тұра, тікелей аударылған тұстары да баршылық.
Ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің ауқымды бір тобы қасиетті кітап інжілге байланысты қалыптасқан. Халық арасына кеңінен таралып, көп оқылғандықтан, інжілдік тізбектердің ауқымды тобы тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы тәрізді белгілердің негізінде қолдануға даяр тілдік бірлікке айналған. Зерттеу барысында олардың ауқымды бір бөлігінің тұпнұсқадағы қалпын берік сақтағандығы, еш өзгеріссіз қолданылатындығы айқындалды. Мысалы: Үоu саn nоt sегvе Gоt and mаmmоn (сөзбе-сөз аудармасы: Сен құдай мен мамонаға бірдей қызмет ете алмайсың); А soft answer turneth away wrath (с.с.а.: Жұмсақ (жылы) жауап ашуды қайтарады) т.б. Түп-төркіні інжілге барып саятын мақал-мәтелдердің сәл өзгеріске ұшыраған түрлері де кездеседі.
Ақын-жазушы, саясаткерлердің ұғымды, үйлесімді айтылған қысқа, әрі нұсқа, айшықты сөздерінің де ағылшын тілінің сөздік қорын байытуға едәуір үлес қосқаны нақтыланды. Мысалы: Тһе customer is always right (с.с.а.: Әрқашан тұтынушынікі дұрыс) тіркесінің Еуропадағы ең үлкен сауда орталықтарының бірі «Сэлфриджезді» (Selfridge’s) ашқан Г.Селфриджге тиесілілігі жөнінде деректер бар. Себебі, оның барлық дүкендерінде «Тһе сustоmег іs аlways гіgһt», яғни «әрқашан тұтынушынікі дұрыс» деген қатаң қағида қалыптасқан. Көпшілік көңілінен шыкқан осы сөз кейіннен халық арасында жиі айтылып, дәстүрлі қолданыска енген. Ағылшын тілінде бұл тәрізді қолдануға даяр, астарлы «авторлы» тіркестердің мол қоры бар.
Сонымен, ағылшын тіліндегі мақал-мәтелдердің ауқымды бөлігі қасиетті кітап інжілден, ал келесі бір бөлігі дарынды Шекспир сыңды керкемсөз шеберлерінің, халыққа танымал ақын-жазушылардың туындыларынан, сондай-ақ, көрнекті саясаткерлер сөздерінен бастау алғандықтары байқалады.
Қазақ және ағылшын паремиологизмдерінің түпдеректеріне қатысты негізгі айырма мынада: Қазақ ММ-дерінің ауқымды тобы жеке тұлғаға (би,шешен, ақылғөй, дана қариялар т.б.) байланысты қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауызша таралып отырған. Ал ағылшын ММ-дерінің негізгі бұлағы діни ағым, қасиетті кітаптан тараған ұлағатты сөздер болып табылады және сондай-ақ Шекспир сынды ұлы тұлғалардың айшықты, мәнді сөз үлгілері ерекше орын алады./ 1/
Ағылшын зерттеушілері аталмыш тіркестің қазіргі заман ағымына сай келіп тұрғанымен, көненің көзі екендігін ескертеді және оның алғашқы қолданысын біздің жыл санауымыз бойынша 320 жылдардағы Теопрастус (Тһеорatrus) жазбаларымен ұштастырады.
«Тһеге іs а timе оf еvегуthing (с.с.а.: Әр нәрсенің өз уақыты бар).
Қазақша баламасы: Сабапқы ине сәтімен.
Бұл ағылшын мақалы қасиетті кітап Інжілдің » То еvегуthing tһеге іs а sеаsоn, апd а tіmе tо еvегу риrроsе under tһе һеаvеn». (с.с.а.: Аспан астында әр нәрсенің, әр мақсаттың өз мерзімі бар) деген өсиет, өнегелерінен ықтималдық, тұрақты қалыпқа енген./9/
Қазақ және ағылшын тілдерінде ақша-қаражат жайлы мақал-мәтелдер де кездеседі.
Мысалы, » Таке саrе оf реnсе апd the роunds will tаке саrе оf thеmsеlvеs» (с.с.а.: Пэнсті үнемдеп ұстасаң, фунт өз-өзін үнемдейді). Теңге тиыннан өсер, Жылқы құлыннан өсер; Береке бір тиыннан.
Ағылшын тілі мақал-мәтелдерінің алтын қорынан ауа-райына, аспан денелеріне, табиғат құбылыстарына қатысты мақал-мәтелдерді жиі кездестіруге болады.
Ағылшын тілінде халық арасында жиі қолданылатын «Маппеrs таке the тап», Маппеrs таке thе тап» (с.с.а.: Адамды адам ететін оның әдептілігі) тұлғасы ықшам, алайда мәні зор тілдік орам, орта ғасырда орын алған қағида, дәстүрлерге, заман талабына байланысты калыптаскдн. Әсіресе, ХІV ғасырда Англияда мәдениеттіліктің негізгі шарттарына, өзін-өзі ұстау ережелеріне баса назар аударылып, мүлтіксіз орындалуы талап етілді. Әдептілік, ізеттілік ережелерін қамтитын арнайы жинақтар шығарыла бастады. Уақыт өте келе осы ұстанымдардың бірқатары жалпыхалықтық мақал-мәтелге айналып, кеңінен қолданыс тапты.
Мысалы,Good таппеss таке the а тап.
Адамды адам ететін оның әдептілігі) ; If yои sit bу worthier тап thап thуsеlf аrt опе, Suffеr hіт fіrst tо tоисһ thе теаt (с.с.а.: Егер өзіңнен салауаттырақ адаммен дастархандас болсаң, одан үлгі ал, ягаи соған қарап ас іш) т.б.
«Жалғыз қаздың үні шықпас, Жалғыз қыздың мұңы шықпас» деген мақал. қазақтың әдет-ғұрпына, өмір салтына байланысты тілде қалыптасқан деп ойлаймыз. Өзара қарым-катынасын жекжат болып нығайтқысы келген адамдардың балаларын атастырып, күйеу жігіт қайтыс болса, әмеңгерлікпен туған бауырының, болмаса жас ерекшелігіне карамай туыстарының біріне қосуы тәрізді мәселелер ата дәстүрі бойынша шешімін табатын. Балғын жас қаздардың тіпті әкесінен де үлкен қарт кісілерге тұрмысқа шығуға мәжбүр болуының негізгі себептері, қыз әкесінің сіңірі шыққан кедейлігі, не жетім қыздың жалғыздығы екендігін көптеген мұражай деректері дәлелдейді. Жоғарыда келтірілген мақалдың шығуына мұның шаға алмай, тағдырдың дегеніне көнген арулардың қайғы-қасіреті себеп болған тәрізді.
Діни мифологиялық наным-сенімге байланысты ММ-дердің этнолингвистикалық уәжі. Ағылшын және казақ тілдеріңде наным-сенімге байланысты макал-мәтелдер де кездеседі. Мысалы, ағылшын тіліндегі «Gоd hеlрs thоsе WHO hеlр thеmself» (с.с.а.: Өзіне өзі көмектескендерге құдай да жәрдемдеседі) тіркесінің шығу төркінің біздің жыл санауымызға дейінгі 570 жылы жазылған «Геракл және күймеші» атты Эзоптың (Аезор) аңыз әңгімесімен байланыстырамыз. Мифтік әңгіменің жалпы мазмұнына келер болсақ, күймесі батпақка батып түрып калған күймеші оны шығаруға талпыныс жасамастан, көмекке құдіретті де күшті Гераклді шандырады. Адамның бұл қылығына катты ашуланған Геракл: «күйменің доңғалағының артына иығынды тіреп итер де, өгізінді алға айда» дейді және алдағы уақытта еш әрекет қылмастан өзін шақыруға қатаң тыйым салады. Осы ой түйіні XVIII ғ. дейінгі әдебиеттерде әр түрлі жолдармен берілген. Мысалы, Дж.Барэт (Jоһn Вагеі) «Аn Аtуеагіе» (1580) атты еңбегінде: «Gоd helps thоsе іn tһеіг аnаіге, which aге іndustrious» (с.с.а.: Құдай еңбек сүйгіштерге көмектеседі) десе, Дж. Херберт (G. Herbert) «Jасulа Рtudеntum» деген шығармасында «Неlр tһуsеlf, аnd Gоt will һеlр tһее» (с.с.а.: Өзіңе өзің көмектес, сонда сондай да жәрдем береді) деп, сәл түрлендіре қолданған. Қазіргі уақытта тұрақты қолданысқа ие «Got һеlр thоsе, wһо һеlр tһеmsеlf» мақалы алғаш рет 1736 жылы Б.Франклиннің (В. Frаnкlіn) «Рооr Rісһагd’s Аlmаnаск» атта еңбегінде қолданылды.
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі наным-сенімге, оның ішінде, жаратқан ие, алла тағалаға қатысты ММ-дерді салғастыра зерттей отырып, олардың семантикалық жағынан өзара сәйкес келетіндігі анықталды. ММ-дер арқылы берілетін ойдың өзара өзектесіп, астасып келу себебін әртектес тілдер өкілдерінің өмір сабағының, ғасырлар бойғы тіршілікте көзі жетіп, көкейіне түйген тәжірибе жиынтығының ұқсастығымен ұштастырамыз.
Ағылшын тілінің фразеологиясына қатысты кешенді зерттеулерімен, дәйекті тұжырым, пайымдауларымен танымал А.В. Кунин де жоғарыда аталған ғалымдардың көзқарасын ұстанады, алайда, аталмыш тұрақты тұлғалардың құрылымдық-мағыналық ерекшеліктерін негізге ала отырып, оларды «коммуникативтік фразеологиялық бірліктер» деп атап, жеке қарауды ұсынады./21/ Сондай-ақ, автор құрамындағы сыңарлары тура мағыналы болып келетін мақалдар тобын яғни, «all is well that ends well» (сөзбе-сөз ауд.: сәтті аяқталған істің бәрі жақсы), «Арреаrances аге dесерtіvе» (сөзбе-сөз ауд.: келбет — алдамшы), Better late than nеvег» (сөзбе-сөз ауд.: ештен кеш жақсы) тәрізді ,оралымдарды фразеологиядан тыс, «фразеологиялық емес тұрақты құрылымдар» аясында қарастырды.
Осы жоғарыда аталған тұжырымға қарсы пікірді ұстанушы белгілі ғалымдар — Н.Н. Амосова, А.М. Бабкин, В.П. Жухов, М. Нагиев,
М.А. Филипповская, А.Н. Кожин т.б. Мақал-мәтелдерді фразеология саласынан тыс қарайтын ғалымдардың көпшілігі оларды ауыз әдебиетінің зерттеу нысаны қатарына жатқызады. Ал осы бағыттағы көлемді зерттеулерімен танымал ғалым Н.Н. Амосова «мақал-мәтелдерді фразеология қорына жатқызуға болмайды, олар мазмұны жағынан да, сөйлемде атқаратын қызметі тұрғысынан да фразеологиялық бірліктердің белгілеріне жауап бермейді» деген пікір ұсынады.
Мақал-мәтелдерді жинақтап, сұрыптап, белгілі бір жүйеге келтіруде, тілдік бірлестіктер табиғатының кейбір қырларын айқындауда зор еңбек сіңірген ғалым Г.Л. Пермяков аталмыш тұрақты тұлғалардың тілші ғалымдар тарапынан да, әдебиетші мамандар тарапынан да зерттелуі қажеттігін ескертеді.
Осы келтірілген ой-пікірлерге және өзіндік зерттеу нәтижелеріне сүйенер болсақ, мақал-мәтелдердің тұлға тұрақтылығы, тіркес тиянақтылығы, мағына тұтастығы, қолдануға даярлығы тәрізді сипаттары оларды фразеологазмдер қатарына қосып, осы салада зерттеуге толық мүмкіндік береді.
Мақал-мәтелдер – ауыз халық шығармашылығының кең таралған жанры. Мақал-мәтелдердің пайда болуының уақыты белгісіз, бірақ бірі дұрыс: мақалдар да, мәтелдер де көне заманда пайда болған, содан бері тарихының бүкіл бойында халыққа ілеседі. Мақал-мәтелдердің тұрақтылығына және еске алушылығына жететін көмегімен құралдарға да көңіл аударылады. Сондай құралдардың бірі – айқын немесе ассонансты ұйқас:
Little strokes tell great oaks
A stitch in time saves nine.
Мақал-мәтелдердің кәдімгі балансталған формасы ең жиі пайдаланылатын тәсіл, мысалы:
More haste, less speed
Easy come, easy go
Like father, like son.
Қысқалылық еске алынатын айтулардың маңызды аспектісі болып табылады. Тек ең көп емес мақал-мәтелдер көпсөзді, олардың көпшілігі бес сөзден тұрады:
Boys will be boys.
Dead men tell no tales.
Better late than never.
Practice makes perfect.
Тіл туралы ғылымда мақал-мәтелдерге жалпы қабылданған көзқарас құрылған жоқ.
Кейде мақал-мәтелдер астында өмірдің әртүрлі құбылыстарын бейнелейтін және аяқталған сөйлемнің формасымен ие болатын мерген бейнелі нақыл сөздер түсіндірілді. Мақалдар аяқталған пікірді белгілйді.
Мәтелмен мақалдан ақыл қорытындысының бітімсіздігімен айырылатын қысқа бейнелі нақыл сөздерді атайды.
Ұқсас анықтама барлық түсіндірме сөздіктерінде де, көптеген арнайы баптарда да, зерттеулерде де кездесуі мүмкін.
Фразеология бойынша бөлек жұмыстарда мақалдың мәтелден басты айырмашылығы: мақал жалпы пікірді түсіндіреді, мәтел – пікірді жиілік мінезінде. Осы лингвистердің пікірі бойынша тек қана мақалдар емес, және де мәтелдер аяқталған сөйлем формасымен ие бола алады.
Мәтел сондай құрылыстың тұрақты сөйлемі болып саналады, мақал сияқты, бірақ дидактикалық мазмұнынан айырылған.
Көбінесе мәтелдер ретінде мынандай сөйлемшелер келтіріледі:
When pigs can fly. When two Sundays come together.
When hell freezes over. The Dutch have taken Holland.
2. АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ МАҚАЛ – МӘТЕЛДЕРІНІҢ
ҚҰРЫЛЫМДЫҚ, МАҒЫНАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ҰҚСАСТЫҚТАРЫ
2.1 Ағылшын және қазақ мақал – мәтелдерінің құрылымдық, мағыналық ерекшеліктері және оларды топтастыру
Мақал-мәтелдерді топтастырудың негізгі қағидалары. Тіл білімінде ММ-дерді топтастырудың бірнеше қағидасы бар, енді солардың негізгі түрлеріне тоқталайық.
1. Әріптік, әліпбилік (алфавиттік) топтастыру. Аты айтып тұрғандай, топтастырудың бұл түрінде мақал құрамындағы алғашқы сөздің басқы әрпі негізге алынады. И.С. Гварджаладзенің, Г.Л. Айшерсонның, B.C. Смиттің жинақтарында ағылшын ……