Курстық жұмыс: Әдебиет | Абай жолы романындағы антропонимдер

0

Мазмұны

Кіріспе………………………………………………………………………………………..3

1. Қазақ тіл біліміндегі антропонимдердің зерттелу
тарихынан……………………………………………………………………………….6
2. «Абай жолы» романындағы араб – парсы тілдерінен енген антропонимдер……………………………………………………………………..13
3. «Абай жолы» романындағы орыс антропонимдер………………17
4. Қазақ тіліндегі жалқы есімдердің морфологиялық
құрылысы……………………………………………………………………………..21
5. «Абай жолы» романындағы антропонимдердің жасалу жолдары. Түбір тұлғалы есімдер………………………………………….28
6. «Абай жолы» романындағы антропонимдердің сөз таптарына қатынасы……………………………………………………………………………….38
7. «Абай жолы» романындағы сан есімдерге байланысты антропонимдер……………………………………………………………………..40
8. «Абай жолы» романындағы антропонимдердің мағыналық топтары…………………………………………………………………………………42
9. Қорытынды ………………………………………………………………………….45
10. «Абай жолы» романындағы есімдер сөздігі…………………………46
11. Пайдаланылған әдебиеттер………………………………………………….52
Қазақстанда жалқы есімдерді зерттеу мәселесі 1945 жылдан кейін басталды. Бұл пікірімізге мысал етіп Г.Конкашпаев, Н.Баяндин, С.Алиев, Д.Ж.Кармышева т.б ғалымдардың топономикалық атауларға арналған еңбектерін атауға болады. 1955 ж. бастап қазақ антропономикасы ғылыми зерттеудің тұрақты нысанына айналды.
Қазақ тіл біліміндегі бұл саланың басында Т.Жанұзақов тұрды.
Антропономика — ономастиканың бір саласы болып, ол адам аттарының құрамын, құрылысын олардың келіп шығу заңдылықтарын, мағыналық ерекшеліктерін т.б. жақтарын лингвистикалық тұрғыдан зерттеп үйренеді.
Адам аттары, бірінші кезекте, адамның қоғамдағы орнын ажыратып көрсету үшін қойылады. Адам аттары қоғам үшін өте қажет. Олардың қоғамдағы рөліне қалай болса, солай қарауға болмайды. Антропонимдер басқа сөздер сияқты тілдердің заңдылықтарына бағанады, сондықтан тіл жүйесінің негізгі бір бөлімін құрайды және этнография, тарих, социология және құқықпен бірге лингвистикалық байланыста зерттеледі.
Шындығында да, адам аттарын зерттеу арқылы сол халықтың тілінің тарихын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін, әлеуметтік жағдайын т.б. сырларын ашуға болады. Осы тұрғыдан алғанда М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы антропонимдерді зерттеудің үлкен маңызы бар. Себебі романдағы адам аттарының құрамында араб-парсы, түркі және монғол тілдеріне ортақ элементтер мен бірге орыс тілінен кірген элементтер ұшырасады.
Эпопеяның тілін зерттеген Е.Жанпейісовтің есептеуінше «Абай жолында» тікелей кейіпкер ретінде қатысқан 450-дей адамның аты кездеседі екен [23;19].
Қазақ антропонимдерінің табиғатын ашу- бүгінгі күнгі қазақ тіл білімінң ең басты мәселелерінің бірі болып саналады.

Зерттеудің нысаны
М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы антропонимдер. Олардың мағыналық топтары, жасалу жолдары, морфологиялық тұлғалары. Қазақ антропонимдерінің зерттеу тарихына шолу.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері
— Жұмыстың негізгі мақсаты- М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы антропонимдердің құрамын анықтау.
— Қазақ антропонимикасына байланысты жазылған ғылыми еңбектерге шолу жасай отырып, романдағы ұшырасатын антропонимдердің топтарын анықтау.
— Романдағы араб-парсы, орыс және жалпы түркілік есімдерді анықтау.
— Романдағы антропонимдердің тұлғаларын талдау.
— Романдағы антропонимдердің мағыналық топтарын көрсету.
— Романдағы антропонимдердің жасалу тәсілдерін көрсету.
— Антропонимдердің қазақ лексикасын мағыналық жақтан баюына қосқан үлесін көрсету.
— Осы көрсетілгендердің негізінде М.Әуезовтің «Абай жолы» романы тілімізді байытудағы рөлін көрсету.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы
— М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы кісі есімдерінің құрамын анықтай отырып, олардың қазақ тіліне кіру себептерін анықтау.
— Антропонимдердің лексикалық қорды байытудағы рөлін танып білу.
— Шет тілдерден кірген кісі есімдерінің себептерін танып білу.
— Антропонимдердің тіл тарихына этнографияға байланысты жақтарын анықтау.
— Антропонидердің халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпына байланысты жақтарын ашып беру.
— Антропонидердің түркі және монғол тілдеріне ортақ жақтарын ашып беру.
— Антропонидердің ұлттық табиғатын аша отырып, олардың пайда болуындағы тарихи жағдайларға шолу жасалады.
Жұмыстың құрылымы
Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
1. Қазақ тіл біліміндегі антропонимдердің зерттелу тарихынан
Қазақ ономастикасы бүгінгі таңда өз нысанын кеңейтіп, өз алдына тіл ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып, біршама жетістіктерге жетті. Қазақ ономастикасына арналған ғылыми еңбектер саны жағынан да, сапасы жағынан да өсіп одақтық дәрежедегі зерттеулерге жетіп қалды деп айтуға болады[1].
Қазақ ономастикасының тек қана бүгінгі жайы зерттеліп қоймай, оның ертедегі орта түркі дәуіріне тән жазба ескерткіштердегі ономастикадағы ғалымдардың зерттеу объектісі болды. Бұл жөнінде тілші ғалымдар А.Әбдірахманов, Т.Жанұзақов, Ә.Нұрмағамбетов, Ә. Қайдар. В.У. Махбиров, А.Ибатов т.б. ғалымдардың ғылыми еңбектерін атап көрсетуге болады [2; 2-1]
Қазақ тіліндегі «Қазақ антропонимикасы» Т.Жанұзақовтың еңбектерінде жан-жақты зерттеліп бірнеше ғылыми мақалалар мен көлемді еңбектердің жарық көргенін айтсақ болады [3]. Сондай-ақ, қазақ антропонимикасы Е.Б.Бекмұхаметов, Н.Оңдасынов, Л.З.Рүстемов, Ә.Қайдаров, Ә.Мұқатаева т.б. ғалымдардың еңбектерінде сөз болды [4].
Тіл ғылымы қоғамдық ғылымдармен де, жаратылыстану ғылымдармен де тығыз байланыста өсіп дамып келеді. Осы байланыс айрықша қоғамдық ғылымдардың ішінде тарих пен этнографияда айрықша тайға таңба басқандай байқалады. Бұл байланыстың қай дәрежеде екендігі тілдің ономастикасында айрықша байқалады.
Адам есімдері сан ғасырлар бойы жасап келе жатқандықтан оның тарихында толып жатқан тіл тарихына қатысты қызықты деректер бар. Егер осы жағын ескерсек, антропонимияны эерттеудің үлкен ғылыми теориялық мәні бар.
Профессор Телқожа Жанұзақовтың айтуына қарағанда, қазақ тілінде қолданудан шығып қалған кейбір сөздер / Ардақ, Байсал, Ораз, Жора ,Жекен / тек қана антропонимияда сақталып отыр [І; 23]
Антропонимдерде халықтың өткендегі тарихын танып, білуге септігін тигізетін, сондай-ақ қандай діндерде болғанын мәдени өмірінен мағлұмат беретін қызықты деректер де жатыр. Осы тұрғыдан алып қарағанда, қазақ антропонимдерінде өзге туыс халықтармен ұқсас та жағы және өзіне тән характерлі өзгешеліктері бар.
Тілдердегі кісі аттарының шығу төркінін және олардың этимологиясын зерттеу –тіл білімінің ономастикасы салаларымен тығыз байланысты. Түркі тілдерінің ономастикасының зерттеу –ғалымдардың еңбектерінде Орта Азия халықтарында адам аттарының көпшілік жағдайда ұқсас екендігі айтылып жүр.
Бұндай ұқсастықтың болуы заңды нәрсе. Себебі бұл халықтардың әдет-ғұрып, салт –санасы , күн көрісі өте ұқсас. Сондай-ақ бұлардан басқа да ономастикадағы ұқсастық бұл халықтардың дінінің де ұқсастығы да болуы мүмкін. Бізге белгілі қазақ, қарақалпақ, өзбек, түркмен, қырғыз халықтарын да жүздеген аттар діни ұғымдармен байланысты.
Түркі халықтарында ат қоюға байланысты түрлі әдет-ғұрыптардың барлығы байқалады. Мысалы: баласы тұрақтамай өле беретін болса Тұрсын, Тұрды, Тоқта, Тұрар ат қою немесе қыз туа беретін болса Жаңылсын, бала өле берсе әртүрлі жаман аттар, айуанаттардың аттарын Арыстан, Итбай,Бөрібасар т.б. деп ат қою дәстүрі кең етек жайған.Бала аурулы болмау үшін Ұрыбала ,Салақбала деген аттарды қою жағдайлары кездеседі.
Бұндай жағдайлар түркі тілдерінің бәрінде де монғол тілдерінде де жиі ұшырасатынын Т. Жанұзақовтың « Қазақ есімдерінің тарихы.» деген еңбегінен көбірек байқауға болады [І3 ;47 ]
Көркем туындылардағы адам аттары туркологияда В.В.Радлов, В.М. Жермунскийдің, А.К. Боровковтың; Н.К.Баскаковтың, Ә.Қоңыратбаевтың т.б. ғалымдардың еңбегінде жиі сөз болған мәселелердің бірі. Кезінде М.Әуезов ….

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!