Күнтізбелік тақырыптық жоспар, технология пәні бойынша

0
62

 

5 – 9 сыныптарға арналған «Технология» пәні бойынша Күнтізбелік – тақырыптық жоспар
Түсініктеме хат
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығымен бекітілген.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 10 сәуірде № 8424 тіркелген.
Жалпы білім беретін мектептің 5 – 9 сыныптарына арналған «Технология» білім саласы пәндерінің оқу бағдарламалары – Астана, 2013. – 55 б.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІЫ. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ, АСТАНА ҚАЛАСЫ, 2013 жыл.
Сағаттар саны:
Барлығы 34, аптасына1 сағат (оқу жоспарына сәйкес)
Компонент инвариантты.
Жоспарлы бақылау сабақтары(Практикалық жұмыс):
5 сынып – 24;
6 сынып – 26;
7 сынып – 26;
8 сынып – 24;
9 сынып – 25.
Бағдарламалық және оқу – әдістемелік жағынан жабдықтау
Оқулық, мұғалімге арналған оқулықтар, дидактикалық жинақтар, оқушыға арналған дәптер, электрондық басылымдар, басқа әдебиет:
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар
Оқу жылы: 2013 – 2014
Сынып: 5
Құрастырды: технология пәнінің мұғалімі Жаксылыкова Тамила Тлемесовна
5 – сынып оқушыларының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
1) асүй мен асханаға қойылатын санитарлық – гигиеналық талаптарды;
2) азық – түліктерді өңдеу; қазіргі асүй жабдықтарының түрлерін;
3) бутерброд пен ыстық сусындар дайындау технологиясы мен түрлерін;
4) көкөністердің тағамдық құндылығын;
5) тоқыма талшықтарының жіктелуін;
6) матаның өңі мен теріс жағын;
7) матаның негіз жібін, өңі мен теріс жағын анықтау;
8) мата, жіп, ине таңдауды;
9) қолмен тігілетін инешаншымдар мен тігімдерді орындауды;
10) матаны сырып тігу, бастыра тігу, бүгіп тігу, шеттіктеу тігістерімен біріктіру және өңдеуді;
11) ішкі көрініс, сәулет қысқаша мәліметтерді;
12) ұлттық салт – дәстүрлерді;
13) тұрғын үйдің ішкі көрінісін әрлеу, әсемдеу тәсілдерін
14) мақта мен зығырдан тігілген киімдер күтімін;
15) аяқкиімді күту тәсілдерін;
16) киімді күтудің шартты белгілерін;
17) маңызды көкөніс дақылдарын (пияз тектес, асқабақ тектес, асханалық);
18) көшеттерді отырғызу ережелерін (қырыққабат, бұрыш, баклажан, қызанақ);
19) жобаны таңдаудың себебін (мәселелері, қажеттілігі), міндетін, қолдану аймағын;
20) халық шығармашылығының түрлерін;
21) жобаны дағды, білім алудағы шығармашылық жұмыс ретінде, халық дәстүрі мен тарихына құрмет ретінде.
білу/түсіну тиіс:
1) асүй құрал – жабдықтарымен жұмыс істеуді;
2) сыртқы түріне қарап азық – түліктердің сапасын анықтауды;
3) тағам өнімдерін механикалық және жылумен өңдеуді;
4) жұмыртқа, көкөністерден жасалған тағамдар, бутерброд және ыстық сусындар дайындауды;
5) матаның түрлерін анықтауды;
6) мата, жіп, ине таңдауды;
7) қолмен тігілетін инешаншымдар мен тігімдерді орындауды;
8) матаны сырып тігу, бастыра тігу, бүгіп тігу, шеттіктеу тігістерімен біріктіру және өңдеуді;
9) сәндік және әрлеу жұмыстарын орындауды;
10) жиһазды орналастыру, түстерді таңдауды;
11) киім тазалау және дақтарды кетіруді;
12) киімге қарапайым жөндеу жұмыстарын жүргізуді;
13) киімді жөндеудің тиімді тәсілдері және оны күтудің құралдарын таңдауды;
14) бөлме жағдайында көшеттер отырғызуды;
15) өсімдіктерді көшіріп отырғызу, суару, күтуді;
16) тұқымның өнгіштігін тексеруді;
17) өсімдікті топыраққа отырғызуды;
18) шығармашылық қызметте өзінің мүмкіндіктерін бағалауды;
19) жобаны дайындау, туындаған идеяны жүзеге асырылатын нәтижесіне дейін жеткізу бұйым дайындауды;
20) жасалған жұмысты бағалауды;
21) құрақ техникасын орындау, кілемше, панно, көрпе, майлық, үйкекті (заттың астына қоятын бұйым) тігуге байланысты жұмысты технологиялық жағынан дұрыс орындауды;
22) дайын бұйымды әсемдеуді меңгеруі тиіс.ТҚЖ құрастырды: технология пәннің мұғалімі Жаксылыкова Т. Т.
Технология пәні бойынша Күнтізбелік – тақырыптық жоспар. жүктеу

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!