Күн энергетикасы — Физика,механика — Қазақша рефераттар — Қазақша тесттер мен шпорлар

0

Күн энергетикасы

Жыл сайын Жер Күннен шамамен 1,6х1018 кВт/с энергия алады, бұл энергияны тұтынудың қазіргі деңгейіне қарағанда 10 мың есе көп. Және күннің Жердегі энергетикалық балансында энергияның басқа барлық көздерінің қосынды үлесінен 5 мың есеге артады, басқаша айтсақ жер үшін күн энергиясының әлеуеті жылына шартты отынның 123х1012 т құрайды.Сонымен қатарЖерде пайдаланатын энергияның барлық түрі жылу энергиясына трансформацияланады, бұл энергия өндірісінде түсетін күн радиациясының 5% тең келетін қайтымсыз өзгерістерге әкеп соғуы мүмкін.

Қазақстан аумағының көпшілік бөлігінің күн энергиясын пайдалану үшін жағымды климаттық жағдайлары бар. Оңтүстік аудандарда күн сәулесінің ұзақтығы жылына 2000-нан 3000 сағат құрайды, ал күн энергиясының горизонталь қабатқа түсуі –1 ш. м-ге 1280-нен 1870 кВт/сағ-қа дейін [1, 2].

Күн шуағы мол шілдеде горизонталь қабаттың 1 ш. м келетін энергияның мөлшері орташа алғанда күніне 6,4-тен 7,5 кВт/сағ дейін құрайды. Яғни, күн энергиясын кеңінен пайдаланудың шаруашылық маңызы болуы мүмкін [9,11,24,25].

Қазақстанның географиялық жағынан қалай орналасқанына қарамастан, елдегі күн энергиясының ресурстары жағымды құрғақ климаттық жағдайлардың арқасында тұрақты да жайлы болып табылады. Күн сағаттарының саны жылына 2200-3000 сағат құрайды, ал күн сәулесінің энергиясы 1 ш. м. жылына 1,300-1,800 кВт құрайды,бұл ауылдық жерлерде күн батареяларының панелін, атап айтқанда фотоэлектр көздерінің ықшам жүйелерін жасауға мүмкіндік береді. Энергияның осындай деңгейінде суды күнмен жылытудың болашағы бар, әсіресе газ құбырларына қолы жетпей отырған қашық аудандар үшін.

Қазақстанның барлық аумағындағы энергия ағынының потенциалды ағыны 1 трлн. кВт/сағ.құрайды. Экология шарты бойынша энергия ағынын ықтималды пайдалану деңгейі 1 трлн. кВт/сағ. құрайды (түрлендірудің ПҚК 100% болғанда) [18, 21].

Сонымен қатар, соңғы жарты ғасыр бойына фотоэлектрлік түрлендіргіш (ФЭТ) бағасының әрбір 5 жылда 50% төмендегені байқалады, ал ПӘК 4-6%-дан 28,2% дейін артқан. Сонымен, алғашқы ФЭТ құны 1 Вт үшін 1 мың доллардан асатын, ал қазіргі кезде құны 1 Вт үшін 5 доллардан төмен. 15% ПӘК болғандағы керамикалық тағандағы поликристалды кремнийден жасалған ФЭТ (АҚШ) өндірісінің конвейерлік технологиясы 1 Вт үшін 2 долларлық бағасын алуға мүмкіндік береді, аморфты кремнийден ФЭТ алу (Жапония, ПӘК 6-10 %) олардың құнын 1 Вт үшін 1 долларға дейін төмендетуге мүмкіндік береді [18, 21, 22, 41].