Кулон заңы

0

Екі зарядтың өзара әсерлесу күші Кулон заңымен есептелінеді. Бір-бірінен r арақашықтықта орналасқан заряды q1 және q2 тең екі нүктелік зарядтардың арасында мына формуламен есептелінетің F күші пайда болады:


Кулон заңы


мұндағы k = 8,9875517873681764·109 Н·м2/Кл2 тең тұрақты коэффициент.


Электр зарядтардың арасында пайда болатын күшті Кулон күші деп те атайды.


Кулон күшінің бағыты


Екі зарядтың таңбалары әртүрлі болса, зарядтар бір-біріне тартылады. Зарядтардың таңбалары бірдей болса, зарядтар бір-бірінен итеріледі:


Кулон күші


Бұны жоғарыдағы формуланың көмегімен қорытуға болады.


Заңның ашылу тарихы


Кулон заңын 1785 жылы көрнекті француз физигі Шарль Кулон ашты. Бұған көптеген тәжиребелер нәтижесінде қол жетті.


Сол заманнан бастап бұл заң физикадағы негізгі заңдардың бірі болып қалды.


Электронның заряды жуықтап алғанда −1,6·10-19 Кл тең, бір-бірінен он метр арақашықтықта орналасқан екі электрон қандай күшпен әсерлеседі? Екі электрон бір-біріне тартылады ма?

Пән: Физика