Кристалдық тор – иондық, атомдық және молекулалық

0
940

Қатты заттар атомдардан, молекулалардан не иондардан құралады. Бұлар кеңістікте белгілі бір тәртіппен орналасуы мүмкін.


Мысалы ас тұзындағы (NaCl) натрий және хлор иондары былай орналысқан:


Ас тұзының кристалдық торы


Бұлар кеңістікте тор пішінді тәртіппен орналасады. Кристалдық тор дегеніміз осы. Кристалдық торларда атомдар, молекулалар не иондар белгілі бір тәртіппен кеңістікте орналасады. Қатты заттардың көбінде кристалдық тор бар.


Кристалдық тордың түйіндері дегеніміз, кристалдық торды құратын атомдар, молекулалар не иондар. Мысалы жоғарыдағы ас тұзының түйіндері натрий және хлор иондары болады. Кристалдық тордың түйіндеріне байланысты, кристалдық торлар – иондық, атомдық және молекулалық деп үшке бөлінеді:


Кристалдық торлар типтері


Иондық кристалдық тор


Иондық кристалдық тор заряды бар иондардан құралады. Бұны жоғарғы суретте көре аласыз. Көк түспен оң зарядталған, ал қызыл түспен теріс зарядталған иондар белгіленген.


Ас тұзы иондық кристалдық тордың мысалы бола алады:


Ас тұзының кристалдық торы


Себебі бұл зат, оң заряды бар натрий ионынан (Na+) және теріс заряды бар хлор ионынан (Cl) құралған.


Атомдық кристалдық тор


Атомдық кристалдық тор кеңістікте белгілі бір тәртіппен орналасқан атомдардан құралған.


Мысалы графит деген зат көміртегінің атомдарынан құралған, осы заттын атомдары былай орналасқан:


Графиттің кристалдық торы


Графиттегі әрбір көміртегі атомы көршілес үш көміртегі атомымен қатты байланысқан қабатты құрайды. Бұл затта осындай талай қатарлар бар. Бірақ қабаттар бір-бірімен әлсіз байланысқан. Соңдықтан графит жұмсақ әрі сынғыш болады. Бұл заттан қарындаш жасайды.


Ал алмас деген затта осы көміртегі атомдарынан құралған, бірақ бұл заттын құрылысы басқа:


Алмастың кристалдық торы


Алмаста көміртегі атомдары бір-бірімен берік байланысқан. Сондықтан бұл зат берік болады.


Молекулалық кристалдық тор


Молекулалық кристалдық тордың түйіндері молекулалардан құралған. Мысалы I2 кристалдық торы мынандай:


Молекулалық кристалдық тор


Бұнда нені байқаймыз? I2 молекулаларының белгілі бір тәртіппен орналасқаның.


Ескерту


Кристалдық торларды көрсеткенде, кристалдық торлардың түйіндерінің арасында жінішке сызықтарды белгілейді. Бұл сызықтар нақты емес, тек түсіну үшін ойша сызылған. Мысалы географияда меридиандарды картада сызықтармен бөледі. Бірақ бұлар табиғатта жоқ қой!


Бұндай сызықтар кристалдық торларда шынымен бар деп ойлап қоймандар!

Пән: Химия