Көжекпен ойналық балабақшадағы ашық сабақтар
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Көжекпен ойналық
Мақсаты: а) Сөйлемді толық құрауға,етістік сөздерді қолдана білуге үйрету,дыбысты анық айтуға дағдыландыру.
ә) Ойлау қабілеттерін дамыту.
б) Жануарларға деген сүйспеншілік оятуға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс:қоян..
Қолданылатын көрнекі құралдар: с презентация,сұр түсті қоян жұмсақ ойыншық,,тіл дамыту дәптері.
Мотивациялық-қозғаушылық :
Ғажайып сәт: ойыншық сұр қоянды қонақ ретінде таныстыру.(Балалар қызығушылық танытады.)
Негізгі бөлім: Сұрақ-жауап:
-Балалар бұл не? (қоян)
-Кәне,қайталаймыз.
(Қ дыбысын буын ішінде келтіріп қайталату арқылы жаттығуды орындату.)
Презентеция : Балаларға суреттерді көрсетіп қ дыбысының дауыссыз дыбыс екендігін,ауыз қуысынан шығатындығын айтқызу арқылы ажырату.(Суреттерге қарап сөзін қайталау арқылы, «қ»дыбысын анық айтуға тырысады.)
Қо-қо-қо-қоян,
Құ-құ-құ-құлақ
Қа-қа-қа-қалам.
Қы-қы-қы-қылыш.
Қу-қу-қу-қулық.
Қоянға сипаттама беру:
-Қоянның түсі қандай?(қоянның түсі сұр.)
-Оның жүні қандай?(оның жүні жұмсақ,мамық,үлпілдек.)
-Қоянның құлағы қандай?(қоянның құлағы ұзын.)
Ұзын ба,әлде қысқа ма?
-Неше құлағы бар?(оның екі құлағы бар және оның екі көзі ,тұмсығы,аузы,мұрттары,төрт аяғы,кішкентай құйрығы бар.)
Сергіту жаттығуы: «Сұр қоян».
Ұзын құлақ,сұр қоян
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлермен,
Ытқып-ытқып жүгірді.
Қарап еді артына ,
Қиығын сап көзінің,
Келе жатқан томпандап,
Көжегі екен өзінің. (балалар орындарынан тұрып,жаттығуды орындайды.)
(сергіту жаттығуын қимыл-қозғалыс арқылы орындайды.)
-Балалар көжек деген не?(көжек-қоянның баласы)
(К дыбысын буын ішінде келтіріп қайталату арқылы жаттығуды орындату.)
Кө-кө-кө-көжек.
Кө-кө-кө-көже.
Кө-кө-кө-көкек.
Кө-кө-кө-көрпе.
-Балалар көжек қандай болады?(көжек кішкентай,жүндері жұп-жұмсақ және сүп-сүйкімді болады.)
Дидактикалық ойын: «Көжекпен ойыналық»
Мақсаты: балалардың ойлау қабілетін дамыту және жылдамдылыққа үйрету.
Ойын шарты: тіл дамыту дәптермен орындалады,Көжектің сәбізге дейінгі жолын сызып көрсет.
-Қоян жүзеді ме?Әлде ұшады ма?(жоқ,қоян секіріп жүгіреді)
-Ол қандай жабайы аңдардан қорқады?(қоян әсіресе түлкіден қатты қорқады)
-Жабайы аңдарға нелер жатады?(жабайы аңдарға түлкі,қасқыр,аю т.б. жатады)
Мақалдың мағынасын түсіндіру.
Малжуасы-қой.
Аң жуасы-қоян.
-Балалар,қой-үй жануары,ал қоян-жабайы аң немесе жабайы жануар деп те айтуға болады.
(Балаларды мақал-мәтелді жаттап үйрету.)
Мақал-мәтелді «Үш дауыс» әдісімен жаттау.
Әдістің қолданылуы:
Бірінші жоғары дауыспен;
Екінші ортаңғы дауыспен;
Үшінші төмен дауыспен қайталанылады.
Рефлексия: дыбыстарды анық айтуға ұсыныс білдіру,қорытындылап мадақтау.(дыбысты анық айтуға тырысу.Балалар қоянға ризашылығын білдіреп көштасады.)
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!