Көркем әдебиет пәнінен конспект. Тақырыбы: «Арыстан мен тышқан».

0









Көркем әдебиет пәнінен конспект. Тақырыбы: «Арыстан мен тышқан».

Автор: Бейсекеева Данагуль Бауыржанқызы

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Конспект Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-01-29


Материал туралы қысқаша түсінік

Ортаңғы топ тәрбешілеріне арналған көркем әдебет пәнінен конспект жоспары.




Білім беру саласы: «Қатынас»Пән: «Көркем әдебиет»Өтпелі тақырып: Аңдарқалай қыстайды?Тақырыбы: «Арыстан мен тышқан»Мақсаттары 1.Тәрбиелік: Ертегі арқылы балаларды адамгершілікке тәрбиелеу. 2.Дамытушылық: Арыстан мен тышқан» ертегісінің мазмұнымен таныстыру, ертегіні оқып беру тіл байлықтарын молайту, қызығушылықтарын арттыру, ойлау қабілеттерін дамыту. 3.Оқыту: Арыстан мен тышқанның айырмашылығын айтуПедагогикалық технологиялар: әңгімелеу,сұрақ-жауап,түсіндіру;Ресурстармен қамтамасыз ету: Суреттер, «Арыстан мен тышқан» ертегісінің бейнесіБилингвалдық компонент: тышқан- мышь, арыстан-левСөздік жұмыс: Арыстан,тышқан,торҰйымдастырылған оқу қызметінің барысы:I.Ұйымдастырушылық кезеңі  (2мин)— Балалар сендер ертегі тыңдағанды жақсы көресіңдерме?— Қандай ертегілерді білесіңдер?Ендеше,мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер бұл қандай ертегі екенің тауып аласыңдар.Жұмбақтар.Атай өзі салғанын,Көрді өсіп қалғанын.Ары тартты, бері тартты,Тарта алмадыұл қай ертегі? (Шалқан)Апасынан қашып кетті,Атасынан қашып кетті.Кездестіріп біраз аңды,Біраз жолдан асып кетті. Бұл қай ертегі? (Бауырсақ)Айбарлы түсі бар,Қанжардай сұсы бар.Күжірейген жалдыБілсең айт бұл аңды?Дұрыс балалар: Арыстан-азулы аң патшасы .Ол орманда өмір сүреді. Арыстан ашуланғанда күркіреген дыбыс шығарады.— Біз бүгін Арыстан туралы қызықты ертегі, «Арыстанмен тышқан»-деген ертегсімен танысамыз. Ендеше мұқият тыңдаймыз.II. Негізгі бөлімі.1.Әңгімелесу  Арыстан мен тышқан

Ерте, ерте, ертеде, орман патшасы арыстан тоғайдың қалың беделінде ұйықтап жатады. Бір тышқан ойнақтап, үстінен жорғалап жүргенін сезіптіАрыстан ұйқысынан ызаланып оянып, тышқанды ұстап алып, өлтірмекші болғанда тышқан жалбарынып:-Тақсыр, мені өлтірмеңізші,бір жолға кешіре көріңіз. Бір күні менде бір кәдеңізге жарармын-депті.Арыстан оның сөзіне күліп,— Сен кішкентай бір тышқансың, менің қандай қызметіме жарамақсың-деп жаны ашып, тышқанды қоя беріпті. Тышқан байғұс   қуанып, «арыстан досым»-деп жүгіріп ойнап кете барыпты.Күндердің күнінде арыстан жортып, ойнап жүріп, аңшылардың құрған тұзағына түсіп қалыпты.Шарқ ұрып, тыпырлап, ақырып-бақырып жатса да тұзақтан құтыла алмапты.Сол жерден өтіп бара жатқан тышқан арыстанның бұл халін көріп, қасына келіп қарап тұрса, сонда арыстан тышқанға қарап:— Лажың бар ма бұған қылар? – депті. Тышқан дереу тістерімен тұзақтың жіптерін кеміріп қиып кеп жіберіп, арыстанды тұзақтан құтқарыпты. Тышқан арыстанға:— Мені кішкентайсың,- деп мән бермеуші едің.— Міне, сені бір ажалдан алып қалдым, — депті. Осылайша арыстан жасалған жақсылықтың қайтарымы болатынын жақсы түсініпті.2.Сергіту сәтіОрманға біз барамызАғаштарды аралапАрыстан болып ақырып,Тышқанша біз жүреміз.Ертегіні көлеңкелі театр арқылы көрсету.3.Сұрақ-жауап:Арыстан қандай екен?Тышқан қандай?4.Дидактикалық ойын: «Ненің даусы?»Мақсаты: Балалар әр түрлі аңдардың дауыстарын тыңдап, қандай жануар екенін табады.III.Қорытынды:Балалар ертегі сендерге ұнадыма?— қандай ертегімен таныстық?— сендер тышқанның орнында болғанда не істер едіңдер?







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.