Көркем әдебиет: Алма
Көркем әдебиет: Алма
Автор: Жумаханова Гулжайна Алдабергеновна
Бағыты: Балабақша Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар
Жарияланған уақыты: 2019-02-03
Материал туралы қысқаша түсінік
Бүлдіршіндерге жемістер туралы түсінік беру олардың түрі дәмі пайдасы туралы толық мәлімет беру
МАД | Тәрбиеші:Жумаханова Г | Уақыты: | Кабинет: |
Тақырыбы | Алма | ||
Сабақтың мақсаты | Тақырыпты зейін қойып түсініп , мазмұнын түсіне білуге үйрету, мазмұны боыйнша қойылған сұрақтарға жауап беруге ынталарын арттыру. | ||
Көрнекіліктер | Үлестірмелі суреттер, плакат т.б | ||
Іс-әрекет кезендері | Тәрбиеші әрекеті | Балалардың іс — әрекеті | |
Психологиялық ахуалды қалыптастыру | Күндей күлейік!Әдемі боп жүрейік!Балдай тәтті болайық!Досымыз көп болсын! | Балалар алдағы өтетін сабаққа дайындық жасайды. | |
Ұйымдастыру іздестіру Жаңа сабақ | Ұйымдастыру кезеңі. Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Бір-біріне алма беріп, жылы лебіздерін білдіреді.— Жансая, сен осы алмадай әдемі бол!— Ақниет, сен осы алмадай тәтті бол!Педагог:— Қазір жылдың қай мезгілі?— Күз мезгілі неше айдан тұрады?— Күз айында қандай жемістер піседі?— Алма, алмұрт, шие, жүзім.Дидактикалық ойын: «Дәмін тап».Ойын шарты: педагог жемістер мен көкөністерді кесіп, алдын ала дайындайды. Балалардың көздері жұмулы, ортаға кезекпен шығып, жемістердің дәмін татып, қандай жеміс екенін табуы керек.Дәптермен жұмыс: «Алма» ертегісін балаларға оқып, әңгімелеп беру. Педагог:— Жылдың қай мезгілі еді?— Жабайы алма қайда қалды?— Алманы кім көрді?— Қоян Қарғаға не деді?— Қарға не істеді?— Кірпі нені алып кетті?— Үшеуі қайда барды?— Аю не деп жауап берді?— Қандай мақал айтты? Балалар жауап береді.«Береке басы бірлікте» — жоғары дауысорта дауыстөмен дауыста айтылады.Тыныштық сәті: Үнтаспадан сайраған құстардың, жел тербеп сыбдырлаған ағаш жапырақтарының, сылдырап аққан судың, сусылдаған құмның, уілдеген желдің даусы естіледі.— Қане, бәріміз бір сәтке көзімізді жұмайық. Табиғат аясында серуендеп жүрміз деп ойлайық. Таза ауа, ашық аспан, құстар қалықтап ұшып жүр. Алыстан судың сылдыраған сылдыры естіледі. Терең тыныс алайық. Көзімізді ашайық. | Балалар барлық қимылдарды тәрбиешіге қарап, қайталайды. Берілген тапсырмаларды орындайды. | |
Сергіту сәті | Аю жүрген орманның,Құлпынайы көп екен.Теріп, теріп алайық,Қалтамызға алайық. | Оқушылар ойын ойнайды | |
Рефлексивті — түзетушілік | Галлерияны шарлау: Жақсы, әдемі жапсырылған суреттерді балалар өздері таңдайды.Түзетуші, қорытындылаушы кезеңСуретті әдемі жапсырған балалар марапатталып, ескерткішке «Алтын алманың» суреті беріледі.Суреттің бояңдар | Тапсырмаларды әр бала өз алдына ерекше орындады. | |
Күтілетін нәтиже: | |||
Білу | Тапсырма мазмұнын толық есте сақтады. | ||
Өзіне үйренгені | Жаңа білімді түсінеді | ||
Үйрену | Сұрақтарға толық жауап беруге үйрену. |
Материалды сайттан тегін жүктеу
Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.