Конструкторлық және технологиялық құжаттаманы метрологиялық сараптау туралы қазақша

0
4
Advertisement

Метрологиялық сараптама — стандарттау мен метрология тұрғысынан алып қарағанда конструкторлық және технологиялық құжаттаманың сапасын қамтамасыз ету үшін қажет. Жасалатын өнімнің сапасы конструкторлық құжаттаманың сапасына да байланысты. Конструктор осы мәселені шешу үшін нәтижеге барынша аз шығын жұмсауды қарастырады. Қазіргі уақытта өнім жасау конструкторлық құжаттаманы әзірлеу сатыларының оңтайлы реті пысықталған, міндетті сатылар мемлекеттік стандарттарда тәртіптелген.

Осы сатыларда жаңа өнімді жасаудың қажеттілігі мен қисындылығы, оның әзірлеу, жасау мен пайдалану жолдары анықталады немесе тексеріледі сондай-ақ конструкция бойынша түбегейлі және түпкілікті техникалық шешімдер белгіленеді. Осы жұмыс сатыларында жүргізілетін жұмыстардың көлемі мен әзірленуге тиіс конструкторлық құжаттама мемлекеттік стандартта белгіленген.

Жұмыс сызбасын әзірлеу бұйымды жасаудан, тәжірибелік үлгілерді жасаудан, оларды дұрыстаудан басталады. Оларды дұрыстау кезінде қателіктер мен кемшіліктер анықталады, сондықтан техникалық құжаттамаға біраз өзгерістер енгізу қажет болады. Мұндай сызбалар стандарттар мен сатып алынатын материалдар, бұйымның сапасын арттыру, оның материал сыйымдылығын азайтуды, жаңғыртуды жүргізу және т.б. жөніндегі іс-шаралар өзгерген жағдайда өзгереді.

Конструкторлық құжаттаманың сапасы ең алдымен өндірістік процесс пен бұйымды кейінгі пайдалану барысында тексеріледі. Конструкция жасаудың сапасы көбінесе бұйымның технологиялығымен, яғни ықтимал аз материалдық шығынмен уақытта талап етілетін параметрдегі бұйымды жасау мүмкіндігімен анықталады. Метрологиялық сараптама шығарылатын бұйымдардың сенімділігі мен ұзақ уақыт пайдалану мүмкіндігін арттыру мақсатында жүргізіледі. Сараптама қателердің және осының салдарынан ақауды түзету кезінде жұмсалатын қисынсыз шығындардың пайда болуына жол бермеу үшін жүргізіледі.

Метрологиялық сараптама жүргізуді метрологиялық қамтамасыз ету МИ 1325-86 тәртіптеледі. Онда өнім әзірлеу, жасау, сынау мен қолдану сатыларында бақылау-өлшеу операцияларының тиімділігін қамтамасыз ететін бірқатар ереже белгіленген.

Сапаны бақылау мен өзара алмастырудың тиімділігі мен шынайылығын қамтамасыз ету мақсатында өлшенетін параметрлердің оңтайлы параметрлерін анықтау ең маңызды параметрдің бірі болып табылады. Зерттеу процесінде өлшенетін және бақыланатын параметрлердің номенклатурасының жеткіліктігі мен негізділігін, сондай-ақ оларды қысқартудың немесе оларды бақылауға жұмсалатын шығынды азайтатын өлшеу мүмкіндігін анықтау керек. Техникалық талаптарды көрсету үшін стандартталған терминдер қолданылуға тиіс. Арнайы терминдер қолданылған жағдайда олардың түсініктемесі қоса тіркелуге тиіс.

Даяр өнімнің техникалық шарттарға (ТШ), даяр өнімді сынау параметрлерінің, оның технологиялық параметрлерінің сәйкестігін анықтайтын зерттелетін параметрлердің номенклатурасының толықтығын анықтау керек. Еңбек қауіпсіздігі ережелерін бақылау, қоршаған ортаны ластау, материалдық құндылықтардың есебін жүргізу жөніндегі талаптардың жеткіліктілігіне ерекше назар аударылады. Бақыланатын номенклатураны қысқарту немесе бақылау қиын номенклатураны қысқартуды есептік немесе тәжірибелік зерттеудің негізінде орындауға болады. Параметрлердің номенклатурасының негіздемесі, оның толықтығы мен дұрыстығы олардың жеткіліктілігін талдауға, олардың арасындағы тәуелділікті тәжірибелік зерттеудің әдістемесі мен нәтижелеріне негізделуге тиіс.

Метрологиялық сараптау саласына бұйымның конструкциясының бұйымды жасау, сынау және жөндеу процесінде қажетті параметрлерді талап етілетін дәлдікпен бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етуді бағалау кіреді. Осы мақсатта параметрлері өзгеретін беттерге қол жеткізу мүмкіндігі тексеріледі. Өлшенетін нүктелерге қол жеткізу қиын болғанда, арнайы немесе бірегей өлшеу құралдарын пайдалану жөніндегі талаптар негізсіз болған жағдайда бұйымның функционалдық қасиеттерін нашарлатпай оның конструкциясын өзгерту жөнінде ұсыныс жасамады.

Бұйымды өлшеудің дәлсіздігіне ықпал ететін барлық қасиеттеріне талаптар қойылғанын анықтау қажет. Мысалы, сызықтық көлемдерді өлшеген кезде бұйымның беті мен материалының кедір-бұдырына талап белгіленуі тиіс (бірінші талап өлшеу құралы мен бұйымның беті өзара ықпалдасуына байланысты өлшеу дәлсіздігінің құрамдасын анықтайды, ал екіншісі өзара ықпалдасудың дәлсіздігі мен температураның дәлсіздігін анықтайды).

Өлшеу дәлдігі көрсеткіштерінің бақылау мен өзара алмастырымдылық, сондай-ақ технологиялық процестердің оңтайлы режимдерін қамтамасыз ету талаптарына сәйкестігін анықтау метрологиялық сараптаудың негізін қалайтын ережелердің қатарына жатады. Осыған байланысты өлшеудің әрбір нәтижесі бойынша өзі негізінде алынған өлшеу дәлсіздігінің сипаттамаларының мағынасы көрсетіледі. Өлшеу дәлсіздігінің сипаттамаларын қолдану саласы мен көрсету тәсілі бойынша ерекшеленетін 2 топқа бөлуге болады.

Бірінші топқа конструкторлық немесе технологиялық кұжаттамада, ӨОӘ немесе басқа ҒТҚ-да талаптар немесе жол берілетін мағыналар түрінде берілген сипаттамалар жатады. Осы топтың сипаттамалары кездейсоқ мөлшердің — өлшеу дәлсіздігінің бас жиынтығының ыктимал қасиеттерін көрсетеді. Осы сипаттамалардың мағыналары — бұл жол берілетін мағыналардың шектері немесе барынша ыктимал мағыналар — белгіленген талаптар бойынша орындалатын нәтижелердің жиынтығына косып жазылады. Осы топтың сипаттамалары өндірісті технологиялық дайындауда, өнім өндірісі мен пайдалану процесінде орындалатын жаппай техникалық өлшеу саласында қолданылады.

Екінші топқа өлшеу барысында тікелей бағаланатын сипаттамалар мен олардың нәтижелерін пысыктау жатады. Осы сипаттамалар бірінші топтың дәлсіздік сипаттамаларының статистикалық бағасы болып табылады және олар бағаланған өлшеудің жеке нәтижесінің өлшенетін мөлшердің нақты мағынасына жақындығын көрсетеді.

Олар ғылыми зерттеулер мен метрологиялық жұмыстар жүргізген кезде орындалатын өлшеу саласында, мысалы, өлшеу құралдарын аттестаттауда, физикалық константаларды анықтау кезінде қолданылады. Өлшеу дәлсіздігінің таңдалатын сипаттамаларының номенклатурасы өлшеу нәтижелерінің тағайындалуына, олар пайдаланылып шешілетін міндеттердің жауапкершілігіне орай әр түрлі болуы мүмкін. Бағалау кезінде өлшеу нәтижелерін өңдеудің статистикалық әдістері кең колданылады. Метрологиялық сараптауда дәлдіктің нормасы да аныкталады. Дәлдіктің нормасын анықтамай өлшеу құралының түрін таңдау мүмкін емес. Құжаттамада дәлдік нормасының негіздемесі жазылады.

Жол берілетін дәлсіздіктен аз нәтиже алу бақылаудың дұрыстығын айқындайтын бастапкы қағида болып табылады. Осыған байланысты конструкторлық құжаттамада параметрлердің жол берілетін ауытқулары мен оларды бағалаудың жол берілетін дәлсіздіктері, технологиялық құжаттамада — өлшеуді қажетті дәлдікпен іске асыруды қамтамасыз ететін әдістеме көрсетіледі.

#Конструкторлық #және #технологиялық #құжаттаманы #метрологиялық #сараптау

Рақмет ретінде жарнаманы баса кетіңіз

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз