Көңілді жаңа жыл ертеңгілік, жаңа жыл туралы тақпақтар

0
«Көңілді жаңа жыл» ертеңгілік
Зал мерекеге сай безендірілген. Жаңа жылдық шырша ортада, орындықтар циркті аренаға ұқсатып қойылған. Кіре берісте цирктік касса тұр. Одан кассирдің дауысы естіледі.
(үш клоун шығады)

1. Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!
Қызықтан құр қалмаңыздар!
Қаламызға алғашқы рет
Балапан елінен цирк келіп тұр! – Ақниет

2. Цирктің аты «Күншуақ»
Шақырады баршаны,
Жаңа жылмен құттықтап.
Күлкі, қуаныш сыйлап,
Қарсы алады сіздерді. – Нұрбек

3. Үлкендер мен балалар,
Келіңдер, асығыңдар.
Цирк көремін десеңіз,
Бізден билет алыңыз. – Руслан

Әуен ойналып тұрады. Балалар билет алып контро — ға көрсетіп, орындарына отырады.

Жүргізуші:
Цирк — дегенде қуанамыз бәріміз
Цирк дегенде шаттанамыз бәріміз
Цирк ол күлкі, цирк ол ойын
Көтереді көрерменнің көңілін
Ұсынысқа қош келдіңіз дейміз біз
Шаттанамыз, қуанамыз, күлеміз
Ән айтамыз, би билейміз, бәріміз
Өйткені, біз цирк дегенде сүйеміз.
Құттықтау сөз балабақша меңгерушісі Бибісара Тойымбетқызына береміз.

Көңілді әуенге екі сайқымазақ Бим және Бом жүгіріп кіріп келеді.
Бом: Саламатсыңдар ма, қонақтар
Бим: Балалар сендер цирктік ұсыныс көргілерің келеме?
Балалар: Иә, келеді.
Бом: Олай болса цирктік аренаға қош келдіңіздер. Бізде бәрі дайын.
Жүрг: Бәрі дайын болса, қане балалар орнымыздан тұрып, «Циркке біз шақырамыз» әнін орындайықшы.
Ән: Циркке біз шақырамыз»
Бим: Жарайсыңдар балалар, циркті барлықтарың тамашалауға дайын екенсіңдер.
Бом: Иә, иә, иә, дұрыс, Мына әсем шыршаға қараңдаршы. Не деген әдемі, керемет жасалған.
Жүрг:
Жасыл шырша ортада,
Қарайды бәрі тамсана.
Неткен сұлу. Неткен әсем,
Мына шырша өте көркем.
Шыршада ортада. Қонақтарда ортада, кімдер жетіспей тұр балалар?
Балалар: Аяз ата мен ақшақар
Бим: Иә, иә, ортамызда аяз атамен ақшақар жетіспей тұр.
Бом: Олай болса аяз ата мен ақшақарды шақырайық.
Балалар өлеңдетіп:
Аяз ата, аяз ата кел, кел, кел,
Ақшақарды, ақшақарды ерте кел.
Келмесеңіз болмайды,
Мына шырша жанбайды.
Аяз ата мен ақшақар кіреді. Балалармен сәлемдеседі. Қазір енді ортамызға ескі жылмен жаңа жылды шақырамыз.
Жүрг: Шырша жыры
Хор: Шырша жыры
Бим: мерекеміз жалғасады
Цирктік қойылым басталады.
Жүрг: Олай болса алдарыңызда гимнастшы қыздар. Қабыл алыңыздар. Инабат, Жансая, Айбану.
Инабат:
Кел билейік, үйренейік,
Ол келгенше жаңа жыр.
Құтты болсын, құтты болсын,
Құтты болсын жаңа жыл.
Айбану:
Шыршаға бардық,
Әсем ән салдық.
Аяз атадан,
Сыйлықтар алдық.
Жансая:
Жаңа жылды, жаңа жылды,
Қарсы алайық көңілді.
Еліміздің ертеңі біз,
Көркейтейік өмірді.
Жүрг: Алдарыңызда мысықтардың өнерін тамашалайық
Мысықтардың биі. Сая, Нұрия, Дильназ.
Дильназ:
Аппақ қылып даланы,
Аппақ қылып қаланы.
Қуантып баланы,
Төрлет, төрлет
Жаңа жыл.
Нұрия:
Тоғайда бауларда,
Ақ күміс жамылды.
Далада, тауларда,
Өзіңді сағынды.
Бом: Бим сен білесің бе, қазір осы жерге яғни аренаға кім шығатынын?
Бим: Жоқ билмеймін
Бом: Қалай білмейсің ол біздің ағылшын елінен келген шәкірттеріңіз
Бим: Қарсы алыңыздар ортада кішкентай клоундар.
Клоундар биі: Ақниет, Руслан, Райымбек, Нұрбек
Райымбек:
Жаңа жылда алдағы,
Көңіл өсіп көбейсін.
Ортақ ойы арманы,
Жақсы достар көбейсін.
Жүрг: Аяз ата сіз білесіз бе біздің балаларымыздың тағы бір өнерін тамашалаңыз.
Хор: Hello good morning
Бим: Ал, қазір аренада көңілді күшіктерді ортаға шақырамыз.
Күшіктер биі: Нұршат, Нұрсұлтан, Сәуле, Бағжан, Нұрлыби
Нұршат:
Жаңа жылым жол болсын,
Басқан қадам оң болсын.
Төрлет, төрлет жаңа жыл,
Бізге құтты жыл болсын.
Нұрсұлтан:
Жаңа жылдың жас ұланы,
Біз шыршаны қарсы алған.
Тамашаға асығады,
Қала, дала ән салған.
Сәуле:
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз,
Көптен күтіп сағынған.
Бағжан:
Жаңа жыл, жаңа жыл,
Жаңа жылға жаңа жыр.
Жасыл шырша жанында,
Билеп барлық бала жүр.
Нұрлыби:
Аппақ тонға оранып,
Базарлық мол алып.
Келді алыс сапардан,
Аяз ата оралып.

Қызылорда облысы
Қазалы ауданы Әйтеке би кенті
№ 11 «Балапан» балабақшасы
«Балапан» тобының ІІ санатты тәрбиешісі
Ешмахан Айнұр Сақтағанқызы
«Көңілді жаңа жыл» ертеңгілік жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/