Көңілді саяхат сабақ жоспары

0
171
Білім беру саласы: «Таным», «Коммуникация»
Оқу қызметінің тақырыбы: Көңілді саяхат
Мақсаты: түс туралы білімін, үлкен», кіші», ұзын», қысқа» ұғымдарын бекіту, оны атай білу, сұрақтарға жауап беру, көркем сөз айту арқылы сөйлеуін, тілін дамыту, саусақ моторикасын жетілдіру, көңіл – күйлерін көтеру, көмектесе білуге тәрбиелеу.
Заттық дамыту орталығы: ұзын – қысқа жолдар, түрлі – түсті асықтар, әженің үйі, күннің суреті, қыстырғыштар, үлкен – кіші гүлдер, дөңгелек сары қақпақ (бала санына), үшбұрыш пішіндер ламинатталған.
Билингвалды сыңары: Күн – солнышко, ұзын жол – длинная дорога, қысқа жол – короткая дорога, қызыл – красный, көк – синий, әже – бабушка.

Мотивациялық – қозғаушылық:
Шаттық шеңбері
Сәлем, сәлем басым
Сәлем, сәлем көзім
Сәлем, сәлем құлағым Сәлем, сәлем қолым
Сәлем, сәлем аяғым
Сәлем, сәлем досым!

Ұйымдастыру – шылық – ізденістік:
Қонақтармен амандасайық:
Сәлеметсіздер ме?
– Балалар, әжеге барғыларың келе ме?
Ендеше саяхатқа шығайық. Қараңдаршы Күнге, бәріміз Күнге шуақ жасап берейікші. Сонда Күншуақ бізге саяхатымыз көңілді болуға көмектеседі.
Алдыларыңа қараңдаршы,
қызыл және көк жол жатыр.
– Қызыл жол ұзын ба, қысқа ма?
Көк жол қандай?
– Дұрыс. Біз қызыл ұзын жолмен саяхаттаймыз.
Балалар жолда гүлдер өсіп тұр екен. Қандай әдемі, гүлдерді кімге сыйлайды?
– Дұрыс.
– Гүлдердің түсі қандай?
Әжеге гүл сыйлайық – деп, балаларға бір – бірден үлкен гүлдерді ғана жинату.
Тосын сәт: Айя қызды жолда кездестіру (асықтарды жинап жүреді) Балалар амандасады, Айяға асықты түсіне қарай қорапқа салуға көмектеседі. Балалар Айямен сергіту сәтін орындайды.
Сергіту сәті:
Біз кішкентай баламыз
Дөңгелекті баспаймыз.
Алға секіреміз
Артқа секіреміз.
Дөңгелек – біздің көлік.
Жаңбыр жауса – қолшатыр
Дөңгелекпен ойнадық
Қане енді жинайық.
Айямен бірге Әжеге келу: (әже қарсы алады, амандасу, тақпақ айту
1. Біз доспыз гүлдермен
Текке оны жұлмаймыз.
Әжеге, анаға
Біз гүлдерді сыйлаймыз.
2. Әжем менің әжетай,
Немереңмін кішкентай.
Айтқан тілді аламын
Ақылды бала боламын.
Әже:
– Айналайын, шырақтарым көөөп рахмееет! Өздеріңді көріп, тақпақтарыңды тыңдап сағынышымды бастыңдар. Әжелеріңе қалай жеттіңдер, әңгіме болсын, айта қойыңдар.
– Сендерге не көмектесті?
Тәрбиеші:- Қәне балалар әжеге құрастырып көрсетейік
Жеке жұмыс: Күншуақ құрастыру

Рефлексивті – түзетушілк:
Әже алғысын білдіріп, балаларға бауырсақ сыйлайды.
Балалар әжеге рахмет айтып, балабақшаға қысқа көк жолмен қайту, қоштасу.

Күтілетін нәтиже
Біледі: ұзын – қысқа жолды, үлкен – кіш гүлдіі, қызыл – сары түсті,
Меңгереді: ойын – жаттығуларды орындайды.
Жасай алады: күннің шуағын құрастырады.

Жамбыл облысы, Тараз қаласы,
№13 бөбекжай – бақша тәрбиешісі
Масатбаева Шарапат Сабырқызы
Көңілді саяхат жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/