Көне Қытай елінің философиясы слайд,презентация
Көне Қытай елінің философиясы слайд,презентация
Көне Қытай философиясы Қытай – көне тарихтың, мәдениеттің, философияның елі мен жері. Мамандар Қытай өркениетінің басталуын ся дәуіріне, яғни б.д.д. III – II мыңжылдықтың саясына жатқызады. Б.д.д. XVII-XIIғ.ғ. Шан-Инь мемлекетінде қола мәдениеті дамиды, шаруашылықтың құлдық қоғамдық түрі жетілді. Шан-Инь дәуірінде Қытайда алғаш жазу пайда болған. Ежелгі Қытай тілінің грамматикасы қалыптаса бастаған. Шан-Инь қоғамының саяси билігі ван топтары арқылы жүргізілді. Сол үш цивилизацияның бірі — ұлы Қытай елі. Ол — бүгінгі таңда заманның қойған Талабына сәйкес жақсы жауап тауып, өте тез дамып келе жатқан ел. Ғалымдардың айтуына қарағанда, XXI ғасырдың отызыншы жылдарында Қытай дүние жүзіндегі ең дамыған елге, дүние жүзінің экономикалық орталығына айналмақ. Біздің жыл санауымыздан бұрын VIII—VI ғасырлар аралығында қазіргі Қытай мемлекетінің жерінде құлдық қоғам толық қалыптасқан-ды. Мифологиялық дүниетанымның орнын философиялық ілімдер ала бастайды. Олардың барынша гүлдену кезеңі Хань династиясына сәйкес келеді (б.ж.с.д. 207ж.-б.д.220 ж.). Зерттеушілер бұл кезенді «гүлденген жүз философиялық мектептің өзара тартысы» деп атаған. Мысалы, Хань дәуіріндегі тарихшы Сьма Тань (б.ж.с.д. 110 ж. қайтыс болған) солардың ішінен алты философиялық бағыттарды атап көрсеткен.