Компрессорлық қондырғыларды сипаттау | Скачать Курстық жұмыс

5


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Химия факультеті

Химиялық технология және мұнайхимия кафедрасы

5В072000 — Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы Химиялық-технологиялық өндірістің негізгі процестері мен аппараттары пәні бойынша Роторлы компрессорлар және газ үрлегіштер тақырыптағы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Орындаған: БЗХТ — 31 тобының студенті
Сағынтаева А.Д
Жетекші: х.ғ.к., доцент
Рахимжанова Н.Ж.

Қарағанды 2017
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Химия факультеті

Химиялық технология және мұнайхимия кафедрасы

Қорғалуға жіберіледі
Курстық жұмыстың жетекшісі: химия ғылымының кандидаты,
доцент Рахимжанова Н.Ж.
10 қараша 2017 ж.

5В072000 — Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы Химиялық-технологиялық өндірістің негізгі процестері мен аппараттары пәні бойынша Роторлы компрессорлар және газүрлегіштер тақырыптағы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Орындаған: БЗХТ — 31 тобының студенті
Сағынтаева А.Д.
Жетекші: химия ғылымының кандидаты,
доцент Рахимжанова Н.Ж.
Бағасы_____________________________

Қарағанды 2017
Мазмұны
азмұны
Кіріспе … … … … … … … … … … … ..
Кіріспе
4
I Бөлім. Компрессорлар және газ үрлегіштер туралы жалпы түсінік
6
1.1. Компрессорлар және олардың жіктелуі
6
1.2. Роторлы компрессорлардың жұмыс істеу принципі
7
1.3. Компрессорлық машиналар
9
II Бөлім. Компрессорлық қондырғылар
13
2.1. Компрессорлық қондырғыларды сипаттау
13
2.2. Компрессорлы станциялардың қызметі
15
2.3. Компрессорларды қауіпсіз пайдалану
16
Қорытынды
23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
24
… … … … … … … … … … … … … … … … … … ..

Кіріспе
Жұмыстың мақсаты: газды сығу , тасымалдау үшін қолданылатын компрессор және олардың түрлерімен танысып , химиялық өндірістегі маңызын анықтау.
Жұмыстың міндеті: курстық жобада таңдалған процеске тоқталу компрессорлардың және компрессорлық станциялардың маңызын қарастыру;
роторлы компрессор мен газ үрлегіштің тиімділігін анықтап,жұмыс істеу принципімен танысу.
Өмірімізді жеңілдету үшін, өте көп мөлшерлі құрылғылар жасалды. Көптеген құрылғыларды біз қолданбаймыз, және оның не екенін, не үшін қолдану керек екенінде түсіне білмейміз. Мысалы, компрессорлық қондырғы. Компрессорлық қондырғы — қысылғын газды өндіреді және де арзан энергия көзінің бірі болып саналады. Бүгiнгi таңда, өндiрiстiң газ жəне басқада салаларының дамуы, елiмiздiң орталық аудандары мен алыс жəне өндiрiсте əлсiз игерiлген аймақтарынан табиғи газды тасымалдауда, құбыр өткiзгiштер жүйесiнiң жұмыс iстеуi жəне пайдалануды болашақта жетiлдiруге тəуелдi болды.
Магистральды газ өткiзгiштердi пайдаланудың орнықты режимi, газ құбырлары бойымен газды тасымалдау жəне компремирлеудегi минимальды энергиялық шығын арқылы айдау қабiлеттiлiгiмен оларды максимальды қолдануды талап етеді. Əрбiр 100 — 150 км-де газ құбырлы трасса бойымен газдарды сығымдап ығыстыру үшін компрессорлы станцияларды орналастырады. Компрессорлы станция жұмысының орнықты режимi, станцияда орнатылған газ айдаушы агрегаттардың, олардың жұмысының технологиялық режимi мен энергетикалық көрсеткiштерiнiң саны мен түрiне байланысты болады. Қазiргi уақытта, компрессорлы станциядағы газ айдаушы агрегаттардың (ГАА) негiзгi түрi, газтурбинді қондырғы (ГТҚ), электрлi қозғалтқышты агрегаттары жəне поршендi газ маторлы компрессорлар болып табылады.
Компрессор — қысым кезіндегі бағытталған газ тоғын құруға арналған қондырғы. Бұл машина қозғалтқыштан алған мeханикалык энepгияны cығылған газдың потeнциалдық энepгияcына жәнe жылуға түpлeндіpeді. Олардың даму тарих ерте ғасырлардан басталады. Қарапайым ауа айдағыштар металл өндіруде және ұсталық жұмыстар орындау кезінде кеңінен қолданылды. XVIII ғасырда металлургиялық заводтарда домендік пештерге ауа беру үшін қолданылды. 1763 жылы орыс механигі Ползунов И.И. поршендік ауа айдағыштың конструкциясын ұсынды, ол бу машинасының көмегімен қозғалысқа түсетін. Олар металл қорыту өндірісінде кеңінен қолданылды.
Қазіргі кезде компрессорлар мұнай, металлургия, тау-кен өндірісінде және басқа салаларда кең қолданыс тапты. Химиялық профильді заводтарда өндірістік үрдістер газ тәріздес заттарды үзіліссіз тасымалдаумен байланысты. Сонымен қатар, заводтарда өндірілетін өнімдер үлкен қысым немесе вакуум жағдайында алынады. Ол үшін компрессорларды қолдануға тура келеді. Химия өнеркәсібі өнімділігі және экономикалық тиімділігі жоғары компрессорлармен жабдықталады. Поршендік компрессорлар мен көп сатылы компрессорлар, ортадан тепкіш компрессорлар үлкен сұранысқа ие болуда. Заманауи компрессорлар тиімді электрлік жетектер қолданылады және қашықтан автоматты басқару қарастырылған. Өндіpіcтe қолданылып жүpгeн компpeccоp өнімділігі 500м3мин дeйін, ал туындыратын қысымы 5 Мпа-ға дeйін жетеді. Қыcымды 6-8 ece аpттыpу үшін көп cатылы поpшeньді компpeccоpлаp қолданылады. Қыcым 0,8 Мпа-ға дeйін болcа, құpылымы қаpапайым, өлшeмі шағын тілімшeлі pотациялық компpeccоpлаp, көп көлeмдe газ алу үшін оpта тeпкіш компpeccоpлаp (нeмece туpбокомпpоцeccоpлаp) қолданылады.
Компpeccоpдың қаpапайым түpі элeктp қозғалтқыш нeмece жeтeктeн,айдау қондыpғыдан,қыcылған газ cыйымдылығынан,жалғайтын құбыpшeктepдeн жәнe құбыpдан тұpады. Компpeccоpлаpда тұpақты токпен немесе айнымалы токпен жұмыс істейтін қозғалтқыштаp кеңінен қолданылады. Синхpонды қозғалтқыштаp қуаты үлкен (100 кВт жоғаpы) компpeccоpлаpда қолданыс тапты. Компрессорлық құрылғылар едәуір көп таралған. Олар тоңазытқыш қондырғыларда, пневматикалық қондырғыларды және бақылау — есептеу аппаратураларда кең қолданылады. Компрессорлар қарапайым түрде электр қозғалтқыш немесе жетектен, айдау қондырғыдан, қысылған газ сыйымдылығынан, жалғайтын құбыршектерден және құбырдан тұрады. Компрессорлық қондырғыларда қолданылатын электр қозғалтқыштары тұрақты және айнымалы токтан тұрады. Айнымалы ток қозғалтқыш синхронды және асинхронды болып бөлінеді. Асинхронды қозғалтқыш өз кезегінде қысқаша тұйықталған роторлы асинхронды қозғалтқыштан және фазалық роторлы асинхронды қозғалтқыштан тұрады.
Қысқаша тұйықталған роторлы АҚ үшін компрессорлық қондырғылардың артықшылықтары: үнемділік, қарапайымдылық, конструкциялық ыңғайлылық және жұмыс сенімділігі. Кемшіліктері бұл — 5-7 рет қозғалтқыштың номинал тоғын арттыратын жүргізілген ток және шағын жүргізілген момент. Асинхронды қозғалтқыштар өте жиі қолданылады. Синхронды қозғалтқыштар коп қуатты компрессорларда қолданылады (100 кВт жоғары). Компрессор — газды сығуға арналған машина. Құрылғысына байланысты компрессорлар:
— Мөлшерлі (поршенді, ротациялық), тұйықталған мөлшері азайтылған кезде пайда болатын қысылған газ;
— Ортаға тебуші және білікті, газға күштік әсер ету айналмалы күрек арқылы және сорғалап ағатын, оның жұмыс істеу принципі сорғалап ағушы насостар арқылы жүзеге асады.
Компрессорлар бірсатылы және көп сатылы болуы мүмкін. Көп сатылы компрессорлар үлкен қысым алу үшін қолданады. Компрессорлар стационарлы және қозғалмалы, көлденеңді, тік және көлбеу орналасқан цилиндрлі, бірсатылы және көпсатылы болып жасалады.

I Бөлім. Компрессорлар және газ үрлегіштер туралы жалпы түсінік

1.1.Компрессорлар және олардың жіктелуі

Компрессор — ауаны, газдарды, буды тиісті қысымға дейін сығатын машина. Бұл гидравликалық машина сорғы қозғалтқыштан алған механикалык энергияны сығылған газдың потенциалдық энергиясына және жылуға түрлендіреді. Ең көп тараған түрі — поршеньді. Компрессор цилиндрлерінің орналасуына қарай тік, көлденең және V тәрізді компрессорлар болып келеді. Өндірісте қолданылып жүрген компрессор өнімділігі 500 м3мин. дейін, ал туындататын қысымы 5 Мпа-ға дейін. Қосарлы іс- әрекетті компрессорларда газ поршеньнің екі жағынан да сығылады. Қысымды 6-8 есе арттыру үшін көп сатылы поршеньді компрессорлар қолданылады. Оларда газ бірнеше цилиндрде сығылады. Компрессорлардың цилиндрлері мен сатылар аралығында газ біршама салқындап үлгереді, сондыктан компрессорларды жетектеуге энергия шығыны азаяды да, майлау майының тұтанып кетпеу қауіпсіздігі камтамасыз етіледі .
Компрессорды таңдау :
− компрессорға кірер кездегі газдың көлемдік шығыны;
− соңғы қысымды;
− сору шарттары (температура, қысым жəне газдың ылғалдылығы);
− айдалынатын газдың қасиеттері (мольдік құрамы кірленгені жəне улану қасиеті);
− жетектің түрі жəне оған қойылатын талаптар;
− негізгі шарттар: бұл майлау жүйесі, машинаның көлемі мен салмағы,
вибрация жəне дыбысы;
Компрессордың түрі мен маркасын, оның негізгі көрсеткіштері арқылы таңдаймыз. Соңғы қысым жəне кірер кездегі газдың көлемдік шығыны да байланысты.
Компрессордың ең негізгі бір қасиеті бар, ол − дыбысы. Ол үшін металдан немесе пластмассадан жасалған кожухтарды пайдаланады. Бұл кожухтар шыны — волокнолы, шуды басатын антивибрациялық жабдықтармен жабдықталады. Кейбір компрессорларда глушительдер қолданылады. Компрессорлардың құрылымды құрылыстары арқылы жəне корпусы арқылы вибрация беріледі. Шуға қарағанда жиілігі аз, бірақ таралуымен сақталуы ұзақ. Компрессорда газдың қысымының артуы жəне оның қысымы төмен аймақтан қысымы жоғары аймаққа ауысуы жүреді .
Тау — кен кəсіпорындарында пневматикалық қондырғылардың компрессорларымен ауаның сығылуы жүзеге асырылады .
Газды сығу тəсілі бойынша компрессорлар екі топқа бөлінеді:
— көлемдік сығу ( ығыстыру компрессорлары) — оларда газдың (ауаның) қысымы жұмыстық кеңістіктің азаюы салдарынан жоғарылайды. Оларға поршеньді , бұрандалы, ротациялы компрессорлар жəне басқалары жатады.
— кинетикалық сығу — оларда газ (ауа ) айналмалы доңғалақтардың қалақтарымен күштік өзара əсерлесу кезінде газдың (ауаның) еріксіз қозғалысы процесінде сығылады, оларға центрден тепкіш жəне осьтік турбо компрессорлары жатады.
Компрессорлардың бірінші тобын кейде ығыстыру компрессорлары деп, ал екінші тобын оларда қалақтардың болуы салдарынан жəне олардың көмегімен сығу процессі жүзеге асырылатындықтан қалақты компрессорлар деп те атайды. Жалпы қабылданған компрессорлар жұмыс істеу қағидасына негізделген, яғни олардың қысымды арттыруына негізделген.
Жұмыс істеу принципі бойынша компрессорларды екі үлкен топқа бөледі:
— Көлемдік ;
— Динамикалық ;
Көлемдік компрессорлардың жұмыс істеу қағидасы жұмыс камерасының көлемін үлкейтуге негізделген. Қазіргі таңда көлемдік компрессордың он шақты түрі бар. Олардың ішінде кең таралғандары : поршендік , роторлы , роторлы-пластинкалы,т.б. Осылардың ішіндегі поршендік компрессордың ( 1-сурет)жұмыс істеу қағидасы компрессорлар ішіндегі ең ескісі және өте қарапайымы. Оның жұмыс істеу қағидасын түсіну үшін қарапайым үрлейтін сорапты еске алсақ жеткілікті. Яғни, поршеннің немесе плунжердің қайталап ілгерлемелі жұмысы кезінде жұмыс қорапшасы толтырылып жəне порциямен шығады. Бірақ кейбір айырмашылықтары бар. Ол цилиндрлерді майлау жəне суыту жүйесіне байланысты. Жұмыс мүшелерінің қозғалуына байланысты поршеньді компрессорлар екі түрге бөлінеді: қозғалыс механизмді, еркін. Қозғалыс механизмді компрессорды айрықша жəне моноблокты етіп екі топқа бөлуге болады. Айрықша компрессорлар кез-келген жетекке арналған. Айрықша кривошипті компрессорда тетіктер тобымен əртүрлі жүйелерді былайша бөлеміз:
— машинаның қозғалмайтын тұрақты бөлімдері — рама, станина, картер,
фонарлар, крейцкопфты бағыттаушы;
— қозғалатын механизмдер тобы — иінді білік, негізгі подшипниктар,
шатундар, крейцкопфтар, маховик;
— цилиндрлер тобы — цилиндрлер, цилиндрдің втулкалары, қақпақтар,
штокты тығыздайтын бөлімдер;
— поршендер тобы — поршендер, поршен сақиналары, штоктар;
1 — станина; 2 — білік; 3 — біліктің қарсы салмағы; 4 — шатун; 5 — крейцкопф; 6 — крейцкопфтың бағыттаушысы; 7 — бірінші сатының цилиндрді; 8 — екінші сатының цилиндрі; 9 — бірінші сатының поршені; 10 — екінші сатының поршені;11 — сору клапаны; 12 — айдау клапаны; 13 — сальник; 14 — аралық суытқыш; 15 — қосымша қуыс; 16 — қосу клапаны; 17 — маховик

Сурет 1 Поршенді компрессор

Үстіңгі жағынан төмен қысымды ауа немесе газ сорылады және поршень төмен түседі, ал поршень жоғары көтерілгенде газ немесе ауа үлкен қысымға жетіп, жоғарғы клапаннан шығарылады. Поршенді компрессорлар айдамалау мен сіңіру санына қарағанда кәдімгі және қос әрекетті компрессорларға бөлінеді. Кәдімгі компрессор бір қос кезекті жүрісінде бір сіңіру мен бір айдамалау жасайды. Ал қос әрекетті компрессор — екі сіңіру екі айдамалау жасайды. Қысу сатысы компрессорлы машинаның соңғы немесе аралық (келесі сатыға түсер алдындағы) қысымға дейінгі газдың сығылғаны.
Сатылар саны бойынша поршенді компрессорлар бірсатылы және көпсатылыға бөлінеді, ал олар горизонтальді және вертикальді болып бөлінеді. Бірсатылы компрессорда газ параллелді істейтін бір немесе бірнеше цилиндрлардағы соңғы қысылымға дейін сығылады. Қос әрекетті бірсатылы компрессорда цилиндрдағы газ кезек — кезек поршеннің екі жағына сығылады. Поршеннің қос кезекті жүрісінде екі сіңіру мен екі рет айдамалау болады. Цилиндр екі сіңіретін және екі айдамалайтын клапандармен жабдықталған. Қос әрекетті компрессорлар күрделі құрылымнан тұрады, бірақ көлемімен салмақтары бірдей жай компрессорларға қарағанда, олар екі есе өнімдірек.
Ротациялық компрессорлардың бір түрі — винттік компрессорлар (2-сурет) , олар винт тәрізді екі ротормен жабдықталған. Жұмыс кезінде олар бірі біріне тимейді, арасындағы қуыс маймен тығыздалады. Винттік компрессорлар шағын (аз) қуатты қозғалқыштырдың өнімділігімен ресурс өсетіндей, ал энергия тұтынуы екі есе азаятындай етіп ойлап құрастырылған. Олардың артықшылығы ретінде шағын өлшемдерін, салмақтарының айтарлықтай ауыр еместігін, сенімді жұмыс істеуін және ұзақ қызмет ету қабілетін атауға болады. Винттік агрегаттар ұзақ уақыт бойы автономды режимде жұмыс істеуге қабілетті болғандықтан үздіксіз қарауды, жөндеуді қажет етпейді. Винттік компрессорлардың шуды басатын каптамалары болғандықтан басқа компрессорларға қарағанда тыныш жұмыс жасайды, цехтарда адамадарға жайлы жағдай жасалады. Бұл компрессорлардың көпшілігінде сандық басқару қарастырылған Осының арқасында қысымды, циклдің үрдістердін, энергия тұтынуды реттеуге болады . Винттік компрессорлардың басты артықшылығы ретінде оларда поршендік компрессорларға қарағанда май шығыны бірнеше есе аз болатындығын атауға болады. Сондықтан бұл көрсеткіш шығатын ауа үшін өте маңызды, өйткені оның тазалығы жоғары болады, қосымша фильтрді қажет етпейді.

Сурет 2 Винттік компрессор

Винттік компрессорлық қондырғы мынадай детальдар тұрады:
— ауа сүзгіш, ол сорылатын ауаны тазартады;
— негізгі винттік блок, бірі біріне параллель орналасқан екі винттік ротордан тұрады;
— электрқозғалтқыш, ол винттік жұпты қозғалысқа келтіреді;
— май ажыратқыш, ол ауаны майдан ажыратады;
— термостат, ол қозғалтқыштың температурасын қадағалайды және реттейді;
— басқару блогы, ол қомпрессордың жұмыс басқарады;
— желдеткіш, ол ішке ауа тартады және бір мезгілде қозғалтқышты суытады.
Винттік компрессордың жұмыс істеу қағидасы : қозғалтқыш винттерді қозғалысқа келтіреді және осы винттерге тазартылған ауа келеді. Кейін ауа винттер арасындағы маймен араласып, винт бойымен қозғалады. Қозғалыс барысында ауа қысылып, қысымға ие болады. Соңында қысылған ауа майдан тазартылады да ары қарай беріледі. Ал,май тазартылып,қайтадан винтке беріледі.
Динамикалық компрессорларда білік механикалық энергияның әсерінен газ сығылып,ротордың қалақшаларымен ары қарай тасымалданады. Ағынның қозғалыс бағытына байланысты ортадан тепкіш (3-сурет) және өстік деп бөлінеді. Оpтадан тeпкіш компpeccоpлаpда жұмыcтық дeнeнің қозғалыcы оpтаданпepифepигe қаpай оpындалады. Оcыған байланыcты қыcым мeн үздікcіз газ ағыны қалақтың айналу қозғалыcы арқасында пайда болады. Оpтадан тeпкіш компpeccоp алдымeн бағыттаушы аспаптан(1), біpжақты жәнe eкіжақты қанатшалаpдан (2), диффузоpдан (3), тұрқысынан (4) жәнe шығыcтық қысқа құбырлардан (кіpіc жәнe шығыc құpылғыcы) (5) тұpады.

Сурет 3 Ортадан тепкіш компрессор

Тағайындалуына байланысты компрессорлар: химиялық, тоңазытқыштық,энергетикалық және жалпыға бірдей болып жіктеледі.
Сығылатын газдың түрі бойынша компрессорлар : ауалық, оттектік, аммиакты, фреонды, азотты, гелийлі, хлорлы және т.б болып бөлінеді.
Компрессордағы қозғалтқыш түріне байланысты: электроқозғалтқыш, іштен жанатын қозғалтқыш, бу немесе газ турбинді болып бөлінеді.
Жасалынатын қысым шамасы бойынша :
— вакуум сорғылар деп аталатын компрессорлар, олар газды (ауаны) вакуумы бар кеңістіктен сорушылар жəне оны атмосфералық немесе одан сəл көп қысымға қысушылар. Айдау қысымы 200 кПа;
— ауа үрлегіштер (газ үрлегіштер) — бұл ауаны (газды) 0,3МПа дейін сығушы машиналар;
— төмен қысымды компрессорлар (0,3-1,0 МПа);
— орташа қысымды компрессорлар (1,0-10,0 МПа);
— жоғарғы қысымды компрессорлар (10,0-250 МПа);
— өте жоғары қысымды компрессорлар (250МПа үлкен қысымға арналған) [1][3].

1.2. Роторлы компрессорлардың жұмыс істеу принципі

Роторлы компрессордың жұмыс істеу қағидасы белгілі болғаннан бері 120 жыл болды және ХХ ғасырдың 30-ыншы жылдары зерттеліп, 1934 жылы патенттелді. Оның жұмыс істеу қағидасы айналмалы сығушы элементке негізделген. Роторлы машиналарда газдың сығылуы эксцентрлі орналасқан ротор айналғанда газ көлемінің төмендеуімен байланысты. Роторлы компрессорлар құрылымы жəне жұмыс жасау принципі бойынша роторлы сораптарға ұқсас. Бұл компрессордың артықшылықтары: ортадан тепкіш компрессорға қарағанда ПƏК жоғары, поршендік компрессорға қарағанда салмағы аз, ыңғайлы, құрылымының қарапайымдылығы, газдың берілуі біртекті. Роторлы компрессорды пайдалану барысында оларды автоматты жəне дистанционды жүйеге ауыстыру өте оңай.Көп жағдайда роторлы компрессорды жылжымалы компрессорлық станцияларда пайдаланады. Роторлы компрессорға қызмет көрсету өте ыңғайлы жəне автоматты немесе қашықтықтан басқару түріне өзгерту өте жеңіл. Роторлы компрессорлардың кейбір түрлері тек таза газ айдау үшін, басқа бір түрлері — сұйық газ қоспасын беруге арналған; олар кəсіпшіліктерге мұнайгаз дайындау жүйелерінде вакуумдық сораптар, детандер (кеңейту) түрінде қолданылуы мүмкін.
Құрылымы бойынша роторлы компрессор келесі топтарға бөлінеді:
1) бір білікті:пластиналы,сұйықтық сақиналы, жылжымалы роторлы жəне т.б.; 2) екі білікті:коловратты (рутс типті) жəне бұрандалы. Барлық роторлы компрессорлардың сорушы клапандары болмайды, ал айдаушы клапан тек роторлы сырғанақ түрдегі компрессолар да болады. Сосын пластиналы компрессорларда кездеседі. Кішігірім машиналарға жəне вакуумды сораптарға, қысымның көтерілу дəрежесі аз өте үлкен компрессорларға ауамен салқындатылады. Басқа жағдайларда цилиндрлері сумен салқындатылады. Жұмыстық камераға май жəне су бүркіп беру əдістер қолданылады.
Пластиналық компрессорларда цилиндрден жəне оның ішінде пластиналары бар ротор айналып тұрады. Пластиналардың саны (2-30 дейін болады), машина көлеміне, компрессордағы ротордың өзгеруіне, пластинаның материалына, майлау жəне салқындату тəсілдеріне байланысты. Пластинаның саны неғұрлым көп болған сайын, соғұрлым ротордың өзгеруі бірқалыпты жəне газдың шығыны аз болады, бірақ цилиндр тез тозады. Пластина материалы — болат, синтетикалы смала жəне көмірлі графиттер аралас. Біліктің айналу бағытына қарай пластиналардың еңкіш орналасуы,пластиналардың фазасындағы үйкелісін жəне олардың қысылып қалуын азайтады. Ротордың айналу жиілігін шектейді, пластиналардың шеңберлік жылдамдығы, шамамен болат пластиналар үшін 13 мс пластмассалы жəне графитті пластиналар үшін 8…18 мс. Бір сатылы компрессорлардағы қысымның сығылу дəрежесі 5-тен төмен, екі сатылы аралық салқындатқышы бар машиналарға тән. Пластиналық компрессордың жұмыс істеу принципі бойынша (4-сурет) сорап каналы D нүктеден бастап бөлініп алынған газ камера алдындағы пластина шыға беріс терезеге келгенше b нүктесіне дейінгі аралық газ сығымдалады. Камерадағы қысым жылдам бір қалыпқа келгеннен кейін, бұр процесс камерадағы алдыңғы пластина цилиндр бетімен (c нүкте) жанасқанша жалғасады. С нүктеден d нүктеге дейін камера қозғалысында ротор мен цилиндрдің төменгі жағында қалған газ ұлғаяды.

Сурет 4 Пластиналы компрессордың сұлбасы және индикаторлық диаграммасы

4-суреттің оң жағындағы қысымның өзгеруін көрсететін диаграмма поршеньді компрессордың индикаторлық диаграммасын елестетеді. Егер сығылу қысымы Р камераның ab учаскесіндегі сығылу дəрежесіне тəуелді болса, ол келте құбырдағы Р қысымына тең. Кері жағдайда индикаторлық диаграмм bb` немесе bb« сызық бойымен өзгереді. Камерадағы Р қысым жəне соңғы қысым Р — ның қалыптасуы камерадағы жұмыстық сұйықтықтың айдалу аймағында кездесуінен осыған байланысты пластиналы компрессордың айдау құбырындағы қысымы сығымдау қысымымен тең болуы керек [2].

1.3 Компрессорлық машиналар

3 атм. жоғары қысымындағы қысылған ауаны беруге, яғни газдарды сығу үшін және алмастыруға арналған машиналар компрессорлы машиналар деп аталады.
Жұмыс істеу принципі бойынша компрессорлы машиналар: поршенды, роторлы, центрден тепкіш, осьтік болып бөлінеді.
1) Поршеньды машиналарда газдардың сығылуы, поршеннің қайтымды- іргелмелі қозғалыс әсерінен газ көлемінің төмендеуі нәтижесінде болады.
2) Роторлы машиналарда газдың сығылуы эксцентрлі орналасқан ротор айналғанда газ көлемінің төмендеуімен байланысты.
3) Центрден тепкіш машиналарда энергия газ ағынына жұмыс дөңгелегінің қалақшаларының күштік әсерімен беріледі. Бұның нәтижесінде сығылу болады және кинетикалық … жалғасы