Компьютерлік желілер туралы қазақша реферат
Сіздер дербес компьютерлердің желілері (торабы) туралы естіген де шығарсыздар.Олардың ауқымыды жалпы және жергілікті желілерге бөлінетінінен де хабардар боларсыздар.Бұқаралық ақпараттық жүйеде « 100-мегабитті технологияны… Желілік технологиялар… интернеттегі жанжал… интражелілер…» деген сөздер жиі естіліп жатады.Бірақ біз бұл материалдарды түсындыру кезінде оқушылар желілерімен таныс емес тек компьютер құрамын біледі деп есептейміз.
Егер сіздің бір-ақ компьютеріңіз болса және модеміңіз болмаса,онда сіз компьютерлік желінің артықшылықтарын сезіне де алмаймыз. «Атыңыз егер болмаса,жорғасын қайдан білесіз»,-деп өлеңде айтылатын сияқты … Бірақ сіздің бірнеше компьютеріңіз болса немесе мәліметті қашықтағы компьютерге жөнелту керек болса онда желілік технология мүмкіндіктері сіз үшін өте қажет болып табылады.желілік технологиялар орасан зор қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді.Ол үшін компьютер желілерінің қолданылатын аймақтарын қысқаша қарастырып өтейік.
Компьютерлік желі дегеніміз – бір-бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі.
Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютердің және де принтер,модем факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жйынын айтады.Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға,қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.
Желі құрамына кіретәін компьютерлер мынадай жұмыс атқарады:
— желімен қатынас құруды ұйымдастыру;
— олардың арасында мәлімет алмасуды басқару;
— желі тұтынкшыларына есептеу құрылғыларын пайдалануға беріп,оларға әртүрлі қызмет көрсету.
.
Тағы рефераттар