Коммуникативті стратегиялар мен коммуникативті тактикалардың құрылымдары

0

Мақалада коммуникативті стратегия мен коммуникативті тактиканың құрамы қарастырылады. Стартегиялық және тактикалық міндеттерді шешу үшін ауызекі сөйлеу стратегиясына сараптама жасалған. Коммуникативтік стратегия негізіне коммуниканттардың құрылғылары, қажеттіліктері мен уәждері жатады. Коммуникативті стратегия дегеніміз сөйлеушінің алдын ала жоспарлаған және коммуникативті мақсатқа жетуге бағытталған коммуникативті актідегі тәсілдері болып табылады. Коммуникативті тактика шынайы тілдік қарым­қатынас үрдісінде практикалық тәсілдер жиынты­ ғы ретінде қарастырылады, ол коммуникативті ниет жиынтықтармен сәйкес келеді. Сонымен, мақ­ сат тілдік стратегиямен, ал ниет­тактикамен анықталады.Тілдік стратегиялар қиын жағдаяттар мен әлеуметтік мәнмәтін аясында жүзеге асырылады. Әртүрлі тактиканың тәуелділік деңгейі коммуни­ кативті жағдаятты білуімен анықталады. Жоспарлау кезеңінде тілдік тактика мен коммуникативті тәсілдерін таңдаумен анықталатын параметрлері ерекшеленді. Коммуникативті стратегиялардың классификациялары берілген тілдік тактикаларды сипаттауға қажетті факторлармен анықталды.

А.Н. Леонтьеваның жалпы психологиялық теориясына сəйкес тілдік қарым -қатынас үдерісінде коммуниканттар бір-бірінің тəртібін реттей отыра бірлескен қызмет атқарады деп түсіндіреді [1]. Іс-əрекет – мақсатты бағытталған, ал қызмет (іс-əрекеттер жиынтығы) уəждемеленген (не үшін айтады). Мақсат – сөйлеуші үшін міндетті параметр. Адам тəртібінің маңызды уəждерін бейнелейтін мақсаттың екі типі анықталған: өз тілегін жүзеге асыруға ниет білдіру жəне жағдаятқа бейімделеу қажеттілігі. Сөйлеуші коммуникативті үдерісінебастама тастайды жəне тілдік қызметті басқаратын кезде мақсаттар бірінші деңгейлі болуы мүмкін. Қосалқы мақсаттар сөйлеушінің өзін-өзі бағалауымен,серіктесін сақтаумен, өзі үшін маңызды құндылықтарды сақтау жəне көбейтумен, сөйлеушінің жағдаятты басқару ниеті жəне жағымсыз эмоциялардан қашқақтау етуімен байланысты болуы мүмкін. Коммуникативті стратегиялар негізіне уəждер, қажеттілік пен құрылғылар жатады (сөйлеушінің белгілі формада саналылығын сезінбей дайын болуы).

Қазіргі тілдік қарым-қатынас теориясында оның негізгі құрылымдарын Р.О. Якобсон анықтаған коммуникативтік акт моделіне жіберуші (адресант), оның тілдік кодымен берілген хабардың өзі, байланыс арналары, алушы (адресат), қайта байланыс, коммуникативті мəнмəтін, кедергілер жəне шуылдар енеді [2]. Тілдік стратегияларды сараптау үшін моделдің əрбір элементтері əсер етуші əлеуетін игерген, стратегиялық жəне тактикалық міндеттерді шешуде қолданылуы маңызды болып табылады. Мысалы, тілдік өзара əсер етуін оңтайландыру үшін өзін-өзі таныстыру стратегиясы қолданылады, коммуникативті ниетін жасыру үшін «дипломатиялық» тіл, полемиканың өтірік тəсілдер мен басқа да манипуляциялар қолданылады.

Коммуникация теориясының маңызды мəселелерінің бірі тұлғаның субьективті əлемінің өзгеру тəсілдері,оның көзқарасы, тəртібі жəнемеханизмін түсіну болып табылады. Коммуникация теориясында вербальды жəне вербальды емес өзара қарым-қатынасқа болжау жасау үдерісі туралы шынайы жалпы қабылдап елестете алмаймыз. Белгілі бір сөйлеу əрекетінің типін таңдай отырып, сөйлеуші белгілі бір жағдаятта тілдік өзара қарым-қатынас тəсілдері туралы жалпы білімге сүйене отырып, тілдік əрекетті жоспарлайды. Алдын-ала болатын қарым-қатынас жағдаяты туралы білім тілдік əрекетті таңдауды жеңілдетеді, мысалы əрбір тіл тасылмалдаушы ресми емес қарым-қатынас жағдаятында қалай сөйлеу керектігін біледі. Қарым-қатынас жасаушылардың білімінен басқа когнитивті ақпарат бар: белгілі бір ұқсас оқиғаға қатысты сендіру, құру. Әсер ету нəтижесі таңдалған тілдік коммуникация тəсіліне байланысты.

Қарым-қатынас үдерісіне қатысушылар серіктестерімен коммуникативтік тəсілдерін болжауға тырысады, қажетті нəтижеге жеткізетін ойша жоспар құрады. Жоспардың екі түрін бөліп қарастырады: стратегиялық (ұзақ қарымқатынастың дамуын болжайды жəне алыс мақсаттарға бағытталады) жəне тактикалық (ұзақ дамуды болжамайтын, «жақын маңдағы» жоспарлар).

Е.В. Клюев коммуникативті стратегия деп сөйлеуші алдын-ала жоспарлаған жəне коммуникативті мақсатқа жетуге бағытталған коммуникативті акт барысында жүзеге асырылатын тəсілдер жиынтығы деп түсіндіреді. Коммуникативті мақсат – коммуникативті актіге бағытталған стратегиялық нəтиже. Бұл мақсат адресаттың хабардың мəні мен сөйлеушінің мақсатын түсіну болып табылады [3, 18].

Е.В. Клюев коммуникативті тактиканы шынайы тілдік өзара əрекет ету үдерісіндегі практикалық жолдарының жиынтығы ретінде қарастырады, коммуникативті ниет жиынтығымен сəйкестендіреді. Сонымен, мақсат тілдік стратегиямен, ал ниет –тактикамен анықталады.

Тілдік стратегиялар барлық əңгіме барысындағы сұхбаттық өзара əрекеттің тəсілдерін саралау негізінде анықталады. Зерттеудің кішкентай бірлігі – сұхбаттық «қадам» – мағыналы қолданыстан шыққанын сипаттайтын сұхбат фрагменті. Сұхбаттағы мұндай «қадамдар» саны тақырыпқа, қарым-қатынасқа қатысушылар арасындағы қатынас жəне барлық прагматикалық факторларға байланысты болады.

Тілдік стратегиялар (тілдік тəртіптің ерекше тəсілдері) сөйлеушінің семантикалық, стилистикалық жəне прагматикалық таңдаумен анықталады. Жалпы жəне жеке стратегиялары сияқты түрлері анықталды. Мысалы, беделін түсірудің жалпы стратегиясы айыптау, балағаттау, мазақ қылу сияқты жеке стратегиялар арқылы жүзеге асырылады.

Тілдік стратегияларқиын жағдаяттар жəне əлеуметтік мəнмəтін аясында жүзеге асырылады. Әртүрлі тактикалардың тəуелділік деңгейі коммуникативті жағдаятты білуімен анықталады.

Рəсімделген тілдік тактикалар (құттықтау, алғыс айту жəне т.б.) рəсімделмеген (өтініш, бас тарту) сияқтылардан гөрі тəуелділігі аздау. О.С. Иссерс жоспарлау кезеңінде тілдік тактиканы таңдау жəне коммуникативті жолдарын анықтайтын келесі параметрлерді бөліп алады:

коммуникативті жағдаяттар туралы жалпы білім (рəсімделген, стереотипті, стереотипті емес, жеке тəжірибеде мүлдем пікірі жоқ);

əңгімелесуші туралы білім( тұлға ретінде, əріптес ретінде) [4, 100].

Жалпы коммуникативті стратегиялардың классификациясы таңдалған негіздемеге байланысты. Функциональды көзқарас тұрғысынан негізгі (семантикалық, когнитивті) жəне көмекші стратегия деп бөлінеді. Негізгі, яғни уəж жəне мақсат маңыздылығы дəрежесі тарапынан адресатқа, оның əлемді тануы жəне əркетіне əсер

етуіне тікелей байланысты. Көмекші стратегиялар адресатқа əсер етуді тиімді ұйымдастыру жəне оптимальды əрекет етуге көмектеседі. Олардың ішінде прагматикалық , сұхбаттық жəне риторикалық тип стратегияларын бөліп көрсетуге болады [5, 138].

Өзін-өзі таныстыру əрі мəртебелі рөльдік стратегиялары эмоциональды көңіл-күй тудырады, сондықтан олар прагматикалыққа жатады, мақсатпен уəжделген.

Сұхбатты стратегиялар қарым-қатынас үдерісінде тақырыпты бақылау, түсіну дəрежесі жəне бастама үшін қолданылады.

Риторикалық стратегиялар адресатқа тиімді əрекет ету техникасымен байланысты. Мысалы, түзету – формулалы жəне риторикалық стратегия (жиі лексиклық ). Жеке сөз сөйлеуді бақылау кейбір қалып немесе «жалған» рефицинальды немесе жағымсыз интерпретацияға тыңдаушының терең импликциясы немесе ассоциациясын бағалауға əкелетін болжам тудыруы мүмкін. Мұндай тəсіл əдетте жалпы семантикалық нақтылық немесе жағымды өзін – өзі таныстыру стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Күшейту – бұл тыңдаушының зейінін жақсы немесе өте жақсы тиімді бақылауға («назарын аудару»), релевантты ақпаратты құрылымдық ұйымдастыруды жақсарту (мысалы, жағымсыз предикаттарды) немесе субьективті макроақпаратты ерекшелендіруге бағытталған формулалы стратегия. Мысалы, мынадай типтік сөйлемдер: Бұл масқара … Бұл ұят қой

Қайталау – формулалы стратегия, оның қызметі күшейтуге жақын: назарын аудару, ақпаратты құрылымға бөлу, субьективті бағалауды анықтау, маңызды тақырыптар жəне т.б.

Бұл келесі кестеде көрініс табады:

Әсер етудің негізгі стратегиялар типологиясына үш құрамдас бөлік енеді.

 

Жалпы стратегиялар

Жеке стратегиялар

Көмекші стратегиялар

Негізгі стратегиялар

(семантикалық жəне когнитивті)

Сұхбатты стратегиялар

Риторикалық стратегиялар

Прагматикалық стратегиялар

Императивті стратегия адресатты қысқа мерзім ішінде бағынуын болжайды, уақыт мерзімі тапшы болған жағдайда маңызды жедел шешім қабылдау жəне қолдануды талап ететін экстримальды жағдайда əрі «жабық» типті жүйелерде иеархиялық қарым-қатынасқа шек қоюда тиімді жəне орынды. Сонымен, тұлғаралық қарым – қатынасқа басыңқылық құру негізгі болып табылады. Үкім беруге, біржақты пікір алуға ұмтылу көздейді. Императивті əсер ету ашық түрде көрініс табады, сендіру жəне бұйрыққа дейін күш не қысымсыз, яғни көз бояушылыққа бармайды. Манипуляциялық стратегияларнегізінен ішкі сананы ынталандырудың тəсілдері, əлемнің жаңа моделін құратын жасырын техниканың көмегімен жүзеге асырылады. Әсер етулер стеоритиптерге сүйенген жасырын, көбінесе олар – алдау, арбау, азғыру, тұспалдау. Манипуляцияның бір түрі болып қарым-қатынастағы əріптестің қауіпті жəне алдын-ала болжап білмейтін есептесуге тура келетін бəсекелестігі болуы мүмкін. Бұл жерде «жеңіл», мырзалық немесе мезгілді тактикалық келісім манипуляция түрлері қолданылады.

Дамытушылық стратегия коммуниканттардың сұхбаты мен екі жақты жариялылығына, ашықтығына негізделеді. Сонымен қатар, өзара əсер етуге серіктестік (тең құқылы, бірақ келімшартта қарым – қатынас өзара келісім негізінде құрылады) пен ынтымақтастық (басқаға қарым қатынас келісімде өзін бағалау ретінде құрылады) сияқты түрлері қолданылуы мүмкін.

Тілдік тактикаларды сипаттауда келесі маңызды факторларды көрсетуге болады:

  • алдын-ала болатын коммуникативті жағдаят туралы ақпарат (жеткілікті/жеткіліксіз), коммуниканттардың когнитивтік болжамдарының сəйкес келуі. Теріс жауап жағдайында көмекші коммуникативті тəсілдер қолданылады-ақпаратқа тура жəне жанама сұраныс жасау, кешірім сұрау, жол беру т.б.;
  • сөйлеушінің ұстанымы (симметриялық/ симметриялық емес, күшті/əлсіз). Әлсіз ұстаным жағдайында сөйлеуші өзін-өзі таныстыру тактикасы немесе (өзін) «жоғарлату ойыны» жəне (серіктесін) «беделін түсіру» сияқты коммуникативті тəсілдер қолданылады;
  • сөйлеуші мен тыңдаушы арасында қарым – қатынас типін орнату (кооперативті/қақтығыс). Құрылғылардың сəйкес келмеуі көңіл-күйді орнататын тактикаларды, өзін – өзі таныстыруды қолдануды талап етеді;
  • тілдік тактиканы жемісті таңдау шарты сөйлеудің қолдану аясында əлеуметті жəне мəдени тəуелділікті тудырады;
  • нақты жағдаяттарда іс-əрекеттің бірнеше нұсқасы енетін, сценарийге (фрейм) сүйенетін коммуникативті тəсілдер. Сценарий – белгі лі немесе белгілі бір қалыпты жағдаяттардағы стандартты бірізді əрекеттер болып табылады. Мысалы, «досыңмен кездейсоқ кездесу» жағдаятына сценарий келесі əрекеттің бірізділігін болжайды: таң қалу, қайта сұрау, бірнеше тақырыпты талқылау, жалпы мүдде, сəлем жолдау, қоштасу;
  • сөйлеушінің тактикалық міндеті жəне стратегиялық ой маркері тілдік құрал болып табылады. Тілдік тактика индикаторлары қызметі сөйлеу кезіндегі қорытындыға тəн белгі, бұл тілдік стратегиянының түрін анықтайды. Тілдік тактиканың маркері семантикалық деңгейде тілдік қатынасқа түскен кезеңнің, оқиғаны белгілеу кезеңінің, əрекет кезеңін, коммуникативтік жағдаяттың жəне қатысушылар арасындағы қарымқатынас кезеңінің ерекше белгісі болады.

Атап айтсақ, тілдік тактикада мақтау, жағымпаздық, асыра мадақтау – бұл адресат атына асыра мақтап көтермелеу болса, ал тактикада балағаттау, мазақ қылу – бұл адамды төмендету болып есептеледі. Сөйлеу əрекетіне түсетін адамның əлем туралы білімі тілдік тактиканы тануға жол ашады. Мысалы, кездейсоқ кездесу стандарттық қойылымға құрылады: қысқа амандасу, басқа мəселені қозғамай-ақ, бірден жұмыс барысын сұрау. Лексикалық деңгейде тілдік əсер етуі сөздің стилистикалық параметрі (мысалы, мақұлық, есуас) сөйлеушінің белгілі бір құндылықтарын куəландыратын жəне тыңдаушының құрылғыларына əсер етін «қанағаттанарлық/қанағаттанарлық», «қолданылмайтын/қолданылатын» емес болып құрылады. Тактиканы анықтау бағалауда асыра сілтеушілік, максимализм істің жалпы жағдайын көрсететін көрсеткіші болып табылады. Мұндай жағдайдағы əдетте қолданылатын типтік сөйлемдер мынадай: Ылғы осы; Жылайсың да жатасың, мен саған жүз рет айттым, бұл мазақтау, даттау, араздасу, жанжалдасу конфронтациялық тілдік тактикалардың белгілері болып табылады.

 

Әдебиеттер

  1. Леонтьев А.А. Психология общения. – 2-е изд. – М.: Смысл, 1997. – 287 с.
  2. Якобсон Р.О. Избранные работы. – М., 1985. – 294 с.
  3. Клюев Е.В. Речевая коммуникация: успешность речевого взаимодействия. – М.: Рипол классик, 2002. – 320 с. – С. 18-20.
  4. Иссерс О.С. Коммуникативные стратегии и тактики русской речи. – 5-е изд. – М.: Издательство ЛКИ, 2008. – 288 с. – С. 93-100.
  5. Викулова Л.Г. Основы теории коммуникации. – М.: Издательство «Восток – Запад», 2008. – 316 с.

Автордың аты-жөні, тегі: А.К. Жукенова