Коммуникация.Сөйлеуді дамыту.Тақырыбы:Кітап-алтын қазына

0







Ұстаз тілегі сайтында материал жариялап тегін сертификат, алғыс хат және құрмет грамотасын алуға болады. Ол үшін сайтқа тіркеліп материал жариялау керек. Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады




Коммуникация.Сөйлеуді дамыту.Тақырыбы:Кітап-алтын қазына

Автор: Нурканова Нургуль Қойшыбайқызы

Бағыты: Балабақша Бөлімі: Конспект Сыныбы: Мектепке дейінгі балалар

Жарияланған уақыты: 2019-01-20


Материал туралы қысқаша түсінік

Ұйымдастырылған оқу қызметі




МДС ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Күні:11.12.2018 ж Тәрбиеші: Нурканова Н.К.Білім беру саласы: КоммуникацияПән: Сөйлеуді дамыту Өтпелі тақырыбы: Менің ҚазақстанымТақырыбы: Кітап-алтын қазынаМақсаты: Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстауБерілген тақырып аясында диалогке қатысу Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру. Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу.Педагогикалық әдіс –тәсілдер: Сұрақтарға жауап береді. Әңгімеге араласады, сөздік қорын кеңейтеді.1.Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысыҰйымдастырушылық кезеңі:-Сөзі дана, үні жоқ,Сөйлемейді, тілі жоқ.Қолыңа алсаң-шешен,Ақылы асқан көсем.(Кітап).Қабат-қабат қаттама,Ақылың болса, аттама.(Кітап).2.Негізгі бөлім:– Қағаз, қаламдарды шашпауға уәде бересіңдер ме? Кітапхана бұрышын көрсетіп:– Кітаптармен дос болуға уәде бересіңдер ме?– Балалар, тек адамдар ғана бір-бірімен дос болмайды, кітаппен де дос болуға болады.Балалардың назарын кітапхана бұрышына бұрып, кітапханаға жақындайды.– Біз барлық білімді осы кітаптан аламыз. Кітапты сызып бүлдіруге, жыртуға болмайды. Халық «Кітап – алтын қазына» деп, кітапты мол байлыққа, қазынаға теңеген. Көп кітап жинақталған жерді «кітапхана» дейміз.1-тапсырма. Сен кітапханада болып көрдің бе? Сен ата-анаңмен бірге қандай кітап оқыдың? Суретте не көріп тұрсың, суреттегі балалар қайда жүр?Кітапханада балалар не істеп отыр? Кітапханада шулауға, дауыс көтеріп сөйлеуге болмайды.Балалар суретке қарап әңгіме құрайды. Педагог сотқар бала мен кітапханашы сөзін балаларға диалогпен айтқызады.(Балалар кітапханашы мен сотқар баланы сахналап береді.)2-тапсырма. Балалардың қылығына баға бер. Дұрыс суретті көк түсті қаламмен, дұрыс емес, істеуге болмайтын суретті қызыл қаламмен белгілейміз. Педагог кітапханада өзін ұстау ережесін құруды ұсынады. Бірлесіп талқылау.Көптілділік: кітап – книга – book, кітапхана – библиотека – library Сөздік жұмыс: қазына – байлық.Сергіту сәті:3.Қорытынды1.Талдау.Суретте не көріп тұрсыңдар? Суреттегі балалар қайда жүр?Кітапханада балалар не істеп отыр?Кітапханада шулауға, дауыс көтеріп сөйлеуге бола ма?Кітапты жыртқан балаға кітапханашы не айтады деп ойлайсың?2.Мадақтау.Балалар жасаған істерін мақтау.>







Материалды сайттан тегін жүктеу

Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.