Коммерциялық банктердің қызметтері мен операциялары — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

 

Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрініс табады.

Банк қызметін — банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізіне қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру жатады.

Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ, осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген түрлері жасалынып шығуы мүмкін.

Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып алу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.

Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады.

Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты кредиттік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.

Скачать реферат/Рефератты жүктеу