Көмекші өндірістің сипаттамасы | Скачать Курстық жұмыс

0


Жоспар
Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … .. 3

І.Өндірістік шығындар есебінің теориялық негізі
1.1.Кәсіпорындағы өндірісті ұйымдастыру мен шығындардың жіктелуі … … ..4
1.2.Негізгі және көмекші өндірістер шығындарының пайда болуы және кемуі
жағдайындағы
есебі … … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … ..8

ІІ.Көмекші өндірістің шығындарының есебі
2.1.Көмекші өндірістің
сипаттамасы … … … … … … … … … … … … … … … … ..
..10
2.2.Қарапайым өндірістің
калькуляциясы … … … … … … … … … … … … … … … 12
2.3.Күрделі өндірістің
калькуляциясы … … … … … … … … … … … … … … … …
..13

ІІІ. Өндірістік шығындар есебінің аудиті
3.1. Өндірістік шығындар есебінің
аудиті … … … … … … … … … … … … … … … 16
3.2 Өндіріс циклының
аудиті … … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … .18

Қорытынды … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … … … … … …22

Пайдаланылған
әдебиеттер … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … .23

Қосымшалар … … … … … … … … … … … … … … … … …
… … … … … … … … … … ..24

Кіріспе

Кәсіпорын — түрлі өндірістерден және шаруашылықтардан (негізгі,
көмекші, қосымша, қосалқы және эксперименттік) тұратын күрделі механизм.
Кәсіпорынның жекелеген өндірістік буындары бойынша жоспарлау және
шығындарды есепке алу мақсатында өндірілетін өнімнің атқаратын қызметіне
қарай барлық өндірістер негізгі және қосымша өндірістер болып екіге
бөлінеді.
Негізгі өндіріске кәсіпорын шығаратын өнімдер, сондай-ақ өнімді сатуға және
зауыт ішінде тұтынуға (желілік, ұсталық, престеу — машина жасау
зауыттарында) арналған шала фабрикаттарды дайындайтын өндірістер жатады.
Көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды, бірақ өнім
өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді (жөндеу-
механикалық және аспаптық цехтар, электр-келіктік, сумен жабдықтау және
т.б.)
Қосымша цехтар (мақта қалдықтарынан тазартылған мақта өндіру жөніндегі
цехтар) негізгі өндіріс қалдықтарын кәдеге жаратуға септігін тигізеді.
Косалқы цехтар (ыдыстар мен буып-түю материалдарын дайындаумен айналысатын
цехтар) негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және көмекші
өндірістерде пайдаланатын материалдардан өнім өндіреді.
Эксперименттік (тәжірибелік) цехтар тәжірибелік үлгілерді дайындайды және
түрлі эксперименттік жұмыстарды атқарады.
Бұдан басқа кәсіпорында қызмет көрсететін өндірістер мен кәсіпорын ұжымының
тұрмыстық қажеттілігін канағаттандыратын шаруашылықтар (тұрғын-үй
коммуналдық шаруашылық, моншалар, кір жуатын орындар) болады.Бұл
кәсіпрындар өнімді дайындуаға , сондай-ақ басқа да тарапта жұмыстарды
атқаруға немесе қызмет көрсетуге өз септтін тигізеді.

І. Өндірістік шығындар есебінің теориялық негізі
1.1.Кәсіпорындағы өндірісті ұйымдастыру мен өндірістік шығындардың жіктелуі

Өңдірістік есепті дұрыс ұйымдастырдың кез-келген кәсіпорын үшін манызы
зор. Өндірістің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру көбіне өндірістің тұрпатына
(типіне) байланысты болады. Өндіріс жеке-дара, сериялық және жаппай өндіріс
болып үш топқа (тұрпатқа) бөлінеді.
Жеке-дара өндіріс — өнім жекелеген даналарымен немесе қайталанып отыратын
шағын тапсырыстарымен дайындалатын өндіріс. Бұл ауыр машина жасауға, кеме
жасауға, бірегей станоктар мен турбиналарды өндіруге тән. Оның мынадай
ерекшеліктері бар: ондағы цехтар нақты бір салаға мамандандырылмайды;
субъект пен цехтардың өндіріс бағдарламасында бұйымдар мен олардың
бөлімдерінің көп мөлшерде болуымен ерекшелінеді; дайындық-қорытындылау
жұмыстарына кететін шығындардың деңгейі салыстырмалы жағдайда алғанда
біршама үлкен болады; өндірістін басқа да тұрпаттарына қарағаңда өндірістік
цикл ұзақ болып келеді. Жеке-дара өңдірісте, әдетте шығындарды есепке алу
үшін және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау үшін тапсырыстық әдіс
колданылады, бұл орайда шығындар әрбір бұйым (тапсырыс) бойынша есепке
алынады.
Сериялық өндіріс біркелкі бұйымдарды дайындап шығарудың оқтын-оқтын
қайталанып отыруымен сипатталады және оған мынадай ерекшеліктер тән:
шығарылатын өнім номенклатурасының шектеулілігі;жұмыс орындарының
салыстырмалы түрде алғанда кең мамандануы;мамандандырылған машинаның,
аспаптар , қондырғыларының қолданылуының шектеулілігі. Сериялық өндіріс
машина жасау өнеркәсібінде және металл өндеуде неғұрлым кең тараған. Бұл
кәсіпорындарда өнімнің шығарылуын есепке алу сериялы бұйымдарға тән етіп
қолданылады,бірақол бұйымдарды құрастыратын партияларға қолданылмайды.
Сериялардың көлеміне қарай өндірістер мынадай үш түрге бөлінеді: ірі
сериялық өндіріс (өнім жағдайы үздіксіз дайындалады), сериялық (мамандану
анағұрлым тар, ал өндірістік желілер мен цехтар бойынша және технологиялық
жағынан мамандырылған), ұсақ сериялық өндіріс (жекелеген өндірістен ұсақ
сериямен өнім шығаруға арналған).
Сериялық өндірісте шығынды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын
калькуляциялаудың нормативтік немесе қайта жасау әдістерін қолданады.
Жаппай өндіріс — ұзақ уақыт бойы бірдей өнімді үздіксіз шығаратын өндіріс
тұрпаты. Шығарылатын өнімдердің ассортименті көп болмағанымен олардың
шығарылатын мөлшері айтарлықтай көп болуы мүмкін,белгілі бір салаға
ыңғайланған жабдықтардың жоғары деңгейі және өндірістің жұмыс ырғағының
жоғары болуы өндірістің осы тұрпатына тән белгілер болып табылады.Бұл арада
әдеттегідей өнімнің және оның негізгі элементтерінің өзіндік құнын есепке
алудың және калькуляциялаудың нормативтік әдісі қолданылады.
Өндірісті ұйымдастыру типі (тұрпаты) тек шығындарды есепке алуға және
өнімнің өзіндік құнын калькуляциялауға ғана әсер етіп қоймайды, сонымен
бірге бастапқы есепті ұйымдастыруға, талдамалық есепке де әсер етеді.
Мәселен, ірі сериялық және жаппай өндірістерде шығарылатын өнім мен жалақы
ауысым (смена) ішінде өндірілген өнім рапорттарына, ал жеке-дара және ұсақ
сериялық өндірістерде — жасалған жұмыстар нарядтарымен үйлесімде көбіне
маршруттық парақтарына жазылады.
Кез-келген өнімді өндіру, жұмыстарды атқару және қызметті көрсету белгілі
бір шығындармен байланысты, ондай есеп мынаны қамтамасыз етуі керек: жалпы
өнім көлемін, әрбір өнім түрлерінің нақты өзіндік кұнын есептеу
(калькуляциялау), кызметті көрсету, жұмысты орындау, өндірілген өнімнің
нақты шығысын толық, дер көзінде және шынайы көрсету, сондай-ақ жалпы
бизнесті ұйымдастыру және басқарушылық шешімді қабылдау мен жоспарлау үшін
ақпараттарды жинау және бақылауды көздейді.
Шешімді қабылдау үшін ақпараттарды жинаған кезде белгілі бір шешім типтерін
қабылдау үшін белгілі бір шығын түрлері маңызды болуы, ал кейбіреулері үшін
сол шығындар ескерілмеуі мүмкін. Шын мәнінде, өндірістік шығындар көптеген
белгілері бойынша жіктелуі мүмкін:
— шығындардың туындайтын (пайда болатын) орындары (өндірістер,
цехтар,учаскелер) бойынша; өндіріс тізбесі (соның ішінде өндеуі) бойынша,
ал олар шығындарды есепке алу мен жоспарлау көзінде субъектінің есеп
саясатында анықталғандай етіп бөлінеді;
— қызметтер, жұмыстар және өнім түрлері бойынша; өндіріс шығындары
жекелеген түрлерінің өзіндік құнына немесе біртектес өнім топтарына
енеді;
— шығындар өнімнің өзіндік құнына ену тәсілі бойынша; тікелей — өнімнін
өзіндік құнына тікелей жатқызылатын, яғни жекелеген өнім түрлерін өндірумен
байланысты болып; жанама — өнімнің өзіндік құнына таратылып бөлінетін,яғни
бірнеше өнім түрлерін өндірумен байланысты болып бөлінеді;
— өндіріс шығындары өнімнің келеміне қатысты екіге бөлінеді: айнымалы-
шығарылған өнімнін көлемі өзгеруімен шығынның да өсуі немесе азаюы мүмкін
(негізгі материалдар мен шикі заттың шығысы, технологиялық энергия мен
отын,өндіріс жұмысшыларының жалақысы және т.б.); тұрақты — өнімнің шығару
көлемі өзгерген кезде, деңгейі өзгермейтін шығындар (өндіріс ғимараттарын
жарықтандыру мен жылытуға кеткен шығыстар, негізгі құралдардын
амортизациясы);
— шығыстар түрі бойынша;экономикалық элементтер бойынша шығындарға:
материалдық шығындар; енбек ақы шығындары; еңбек ақыдан аударылатын
аударымдар; негізгі құралдардың амортизациясы кіреді.
Шығындар басқару қызметі (функциясы) бойынша:
— өндірістік (өндіріс процесінің барысында пайда болады);
— коммерциялық (сатумен байланысты);
— әкімшілік (баскару процесімен байланысты).
Коммерциялық жене әкімшілік шығыстар кезең шығыстарына жатады, ал олар
өндірістік калькуляциялауды есептеудің негізі болып табылады, олардың
кестесін мынадай етіп салуға болады(қосымша-1).

Келтірілген сызбадан байқағанымыз өзіне активтердің азаюын енгізетін
шығындар (материалдар, ақша қаражаты және т.б.) немесе міндеттемелердің
өсуіне (көбінесе кредиторлық қарыздар) әкелетін шығындар жаңа активтерді
жүзеге асырады, ал ол ресурс ретінде анықталып, өткен оқиғалардың нәтижесі
ретінде одан болашақта табыс алынатын болып күтіледі.
Өндіріс шығындарын есепке алу үшін шоттардың кешенді жүйесі пайдаланады,
оған 8100 — «Негізгі өнціріс», 8300 — «Көмекші өндіріс», 8400 — «Үстеме
шығындар» бөлімшелерінің шоттары кіреді.
Шығындарды және өнімнін шығарылуын есепке алу мен бақылау жасауды
қамтамасыз ету үшін мынадай есеп регистрлері пайдаланылады:
«Цехтар бойынша шығындар» ведомосы, онда 8100, 8300 және 8400 бөлімшелер
шоттары бойынша шығындар есепке алынады. 8100, 8300 және 8400 шоттарының
есебі компьютерлендірілген кезде олар бойынша тиісті машинограмм
қолданылады. Ай соңында бухгалтерия өндіріс шығындарын жинақтауды жүзеге
асырады.»Цехтар бойынша шығындар» ведомосына жазу үшін мыналар негіз болып
табылады:
-«материалдар (жалақы) шығындарын бөлу (тарату)» кестесін әзірлеу, онда
шикізат, материалдар, сатып алынған шала фабрикаттар және өндірістің басқа
да материалдық запастары көрсетіледі; өндіріс персоналдарына төленген еңбек
ақы шығыстар; еңбек ақыдан аударылатын аударымдар
-«негізгі құрал-жабдықтар амортизациясының (тозуының) есебі» кестесін
әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге тиісті негізгі құрал-жабдықтар
амортизациясының сомасы көрсетіледі (2420 — белімшесі шоттарының кредиті);
-«материалдық емес активтер амортазациясының есебің» кестесін әзірлеу, онда
өндіріс шығындарына енгізілуге жататын амортизацияның сомасы көрсетіледі.
(2740 — белімшесі шоттарынын кредиті);
-«көмекші (қызмет көрсетуші) өндірістер мен шаруашылыктардың
көрсеткен қызметтерін бөлу» кестесін әзірлеу, онда өндірістер мен
шаруашылыктардың өнім өндіруге, жұмыстарға және көрсетілген қызметтерге
жұмсалған шығындары көрсетіледі (8300 — «Көмекші ендірістер» және
шоттарынын кредиті).Өндіріс шығындарынын бухгалтерлік есебін ұйымдастырудың
қосымша-2 келтірілген.
Өндіріс шығындарының талдамалық (аналитикалық) есебі калькуляция (есеп)
объектілерінің және цехтар мен өндірістер бойынша шығын баптарының
белгіленген номенклатурасы бойынша калькуляциялык (көпжазбалық)
карточкаларда немесе ведомостарда жүргізіледі.
Өндіріске жұмсалған шығындарды олардың құжаттары бойынша қандай
калькуляциялау объектісіне жататындығын белгілеу үшін, есеп объектілерін,
шығын баптарын кодтайды және үстеме шығыстарын ажыратады. Ал бұл үстеме
шығыстарды баптары бойынша және шығындарды калькуляциялау объектілері
бойынша дұрыс топтастыруға мүмкіндік береді.

Орташа және ірі кәсіпорындарда өндіріс шығындарын есепке алу және өнімнің
өзіндік құнын калькуляциялау үшін кәсіпорынның бухгалтериясы құрамында,
біртұтас болып келетін екі бухгалтерия, яғни қаржылык және баскару
бухгалтериясы болуы мүмкін.
Қаржылық бухгалтерия шоттардың бас жоспарынын 1000-7000-бөлімшелеріне
енетін шоттарын жүргізіп, есептін Бас кітабын, кәсіпорынның балансын және
қаржылық есеп беруін жасайды.
Басқару бухгалтериясы шоттардың Бас жоспарының 8100-бөлімшелеріне енетін
шоттарды пайдаланады. Ол өндіріс шығындары туралы ақпаратты қорытып,
өзіндік құнды калькуляциялайды, өндіріс шығындарының нормалары мен
нормативтерін талдап және олардың орындалуын бақылайды, өндірістегі шала
фабрикаттардың қозғалысын есепке алады, есептің бүкіл көлемінің
нормативтік, жоспарлық және талдамалық жұмыстарын атқарады. Басқару
бухгалтериясы жабық (құпия) болып келеді. Бұл өз билігінде қандай да
болмасын бір «ноу-хауды» және өндірісті басқарудың озық деңгейін
ұйымдастыруды, «жаңалықтарды» өз бәсекелестері өздерінен бұрын пайдаланып
кетпеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан басқару бухгалтериясы ақпаратының
сыртқы тұтынушьиар үшін ғана емес, сонымен бірге осы кәсіпорынның
қызметкерлері үшін де «жабық» болуы мүмкін.
Қаржылық және басқару бухгалтериясының арасындағы өзара қарым-қатынастар
қосымша-3 көрсетілген.
Кәсіпорынның қаржылық бухгалтериясында аяқталмаған өндірісті есептеу үшін
8100 «Негізгі өндіріс», 8200 «Өз өндірісінің шала фабрикаттары»,8300
«Көмекші өндіріс», 8400″Басқа да» шоттары пайдаланылады. Бұл шоттардағы
топтастыру транзиттік болып табылады, онда бір-екі күнде аяқталмаған
өндіріс қалдығы есептеліп, яғни есептік кезеңнің соңында өндірістік
бухгалтериядан қаржылық бухгалтерияға беріледі (демек, 2110-2420 шоттары
дебеттеліп, 8100,8300,8200,8400 шоттары кредиттеледі), содан соң келесі
жылдың басында қайтадан қаржылық бухгалтериядан өндіріс
бухгалтериясына беріледі (демек, 8100, 8200, 8300,8400 шоттары дебеттеліп,
2110-2420 шоттары кредиттеледі).

Сонымен, 2110-2420 шоттар «бір күндік шоттар» болып табылады және оның
қалдықтары осы шоттар бойынша кәсіпорынның каржылық есеп беруіне енгізу
інарналған.
Өндіріске кеткен шығындарды есептеуге арналған шоттардың белімшесі бір
шолушы және бірнеше «транзиттік» шоттардан тұрады, онда олардың мазмұны,
пайда болған орындары және басқа да белгілері бойынша шығындар
топтастырылады.
«Транзиттік» шоттарда көрсетілген ақпараттар нақты жасалған шығындар туралы
белгілі бір ақпараттардың бөлігін көрсетеді, оны шолып (белгіленген
қағидалар мен ережелерді пайдалана отырып), шығарылған өнімнің нақты
өндірістік өзіндік құны туралы мәліметтерді алуға болады, сондай-ақөнім
бірлігі де есептелінеді. Әрбір бөлімше өз кезегі бойынша үш категорияға
бөлінеді:
— шығындарға кеткен тікелей материалдар;
— шығындарға кеткен тікелей жұмыс күші;
— үстеме шығыстар.

1.2.Негізгі және көмекші өндірістер шығындарының пайда болуы және кемуі
жағдайындағы есебі.

Негізгі меншікті және көмекші өндірістер , сондай-ақ үстеме шығыстар
активтер болп табылады, өйткені олар бар болуды білдіреді және активті
шоттарда бейнеленеді.Өндірістік есеп шоттарын калькуляциялық деп те атайды
, өйткені ол шоттарда шығындардың калькуляциялануы (жиынтығы) жүргізіледі.
Бұл білімннің шоттары сауда да,сақтандыру ісі мен инвестициялық қызметте,
яғни өндіріс жоқ барлық жерде болмайды.
Негізгі және көмекші өндірістер шығындарының кему ( жабылу) жағдайларда
көрсетілген шығыстар кредиті бойынша өтеді. Бұл жерде біз шығыыстар шоттары
жабылуының ерекшеліктерінне назар аударуымыз керек.
Олардың пайда болатын (көбеюінің ) жағдайында олар дебет бойынша өтеді. Бұл
жерде біз өндірістік шығыстар қандай элементтерден пайда болатындығына
назар аударуымыз керек .
Мысалы: тауарлы-материалдылық құндылықтарды өндітрістік цехтардың
мұқтаждықтарына шығыс ету. Бұл операциялар өндірістегі материалдар
шоттарының дебеті бойынша бейнеленеді. Шығыстар тауарлы-материалдық
құндылықтардың жиынтығынан пайда болатындықтан шаруашылық операциялар
шоттарының кредитінен шоттарының дебетіне жасалады. Бухгалтерлік жазу
төмендегіше болады:
Дт Кт
Құжаттар
8110,1310 1310-1350
Материалдық есептер,

Жүкқұжаттар, шоттар,

Карточкалар
Жазудың дұрыстығын тексереміз: кредиттік жағында тек қана активті шоттар
орналасқан. Бұл жағдайда 1 типті Активті- активті операция орын алады.
Яғни баланстың активінде тек қана өзгірістер болады.Бір жағынан кәсіпорын
өндірістерінің шығыстары көбеюді, екінші жағынан бір мезгілде сол сомада
материалдық ресурстардың мөлшері кемиді.
Мысал келтіреміз: Үстіміздегі жылдың екінші тоқсанында агрегаттар цехының
өндірістік мұқтаждықтарына 2005 жылы маусым айындағы цех бастығының
материалдық есебі, шектеу-алу карточкалары мен жүк құжатттарына сәйкес
8750 000  теңге сомаға табақ темір шығыс етілді. Бұл жағдайда бухгалтерлік
жазба төмендегіше болады:
Дт Кт Сома
Ескерту
1310 7470 8 750 000
1 типті операция
А (+) А (-)
Көмекші цехтардың өнімін негізгі өндірістсік мұқтаждықтарына шығыс ету. Бұл
операциялар №8200 өндірістегі материалдар шотының дебиті бойынша
бейнеленеді.Шығыстар ккөмекші өөндірістер шығындарының жиынтығынан пайда
болатындықтан шаруашылық ооперациялар кредитінен №8310 шоттың кредитінен
№8210 шоттың дебетіне жазылады. Бухгалтерлің жазу төмендегіше болады:
Дт Кт
Құжаттар
1310 8310
Талаптар, жүк құжаттар,

шектеу-алу карточкалары
Жазудың дұрыстығыын тексереміз: кредиттік жағында тек қана активті шот
орналасқан . Бұл жағдайда (№8300) 1 типті Активті- активті операция
орын алады, яғни баланстың актиыінде тек қана өзгірістер болады.Бір жағынан
кәсіпорын өндірістерінің шығыстары көбеюді, екінші жағынан бір мезгілде сол
сомада көмекші өндірістер бойынша шығындардың мөлшері кемиді.Мысал:
Үстіміздегі жылдың үшінші тоқсанында темір бетон бұйымдарын құю цехінің
өндірістік мұқтаждыықтарына 2005 жылы қазан айының 1 жұлдызындағы
қазандықтың №183 жүк құжатына сәйкес күмекші өндірістен 860 000 теңге
сомада өндірістік бу мен су жұмсалды. Бухгалтердік жазу төмендегіше болады:

Дт Кт Сома
Ескерту
1310 8310 860 000
1 типті операция
А (+) А (-)
Негізгі және көмекші өндірістегі негізгі құралдардың тозуы мен материалдық
емес активтеррдің амортизациясын есептеу. Бұл операицялар негізгі
құралдардың тозуы мен материалдық емес активтеррдің амортизациясы шотының
дебеті бойынша бейнеленеді. Шығындардың жиынтығы негізгі құралдардың тозуы
мен матерриалдық емес активтеррдің амортизациясы бойынша жиналатындықтан ,
шаруашылық операциялар негізгі құралдардың тозуы , материалдық емес
активтердің амортизациясы шоттарының кредитіне №2420 шотының дебетіне
жасалады.
Бухгалтерлік жазу төмендегіше болады:
Дт Кт
Құжаттар
2420 2740 Негізгі
құралдардың тозуы мен

материалдық емес активтердің

амортизациясын есептеу бойынша

есептер
Жазудың дұрыстығыын тексереміз: кредиттік жағында тек қана пассивті шот
орналасқан . Бұл басланстың активі мен пассиві 3 типті Активті-
пассивті операция орын алады. Бір жағынан кәсіпорынның негізгі
құралдардың тозуы мен материалдық емес активтеррдің амортизациясы бойынша
шығыстары , екінші жағғынан бір мезгіілде сол сомаға негізгі құралдардың
тозуы мен материалдық емес активтеррдің амортизациясы көбейді.Мысалы,
кәсіпорында 2005 жылы тамыз айныда негізгі құралдардың тозуын есептеу
бойынша есептер мен ережелерге сәйкес 68750 теңге сомада үйлер мен
ғимараттардың тозуы есептелді. Бұл жағдайда бухгалтердік жазу төмендегіше
болады:
Дт Кт Сома
Ескерту
2420 2470 68750
3 типті операция
А (+) А (+)

ІІ. Көмекші өндірістің шығындарының есебін жүргізу
2.1.Көмекші өндірістің шығындарының есебінің сипаттамасы

Негізгі өндіріс тұтынатын өнімді шығарып жұмыс жасайтын және қызмет
көрсететін өндіріс көмекші өндіріс деп аталады. Бұл — қазандық, электр
станциялары, сумен жабдықтау, жөндеу-механикалық цехы, автотранспорт және
т.б. Көмекші өндірістің шығындарын есептеуге 8300 шоты арналған және ол
«Цехтардың Шығындары» деп аталатын ведомоста жүргізіледі, онда әрбір
өндіріс (цехтар) үшін жеке талдамалық шот (тіркемелі парақтарда) ашылады.
Көмекші өндірістің шығындарын есепке алу үшін мына шоттар арналған:
8310- «Көмекші өндірістер (қорытушы шот)»;
1310- «Материалдар»;
3350- «Қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу»;
3350- «Еңбекақыдан қаржы бөлу»;
8410- «Үстеме шығыстар»;
Көмекші өндірістердің әрбір цехтары бойынша шығындарды есепке алу «цехтар
шығындары» деп аталатын ведомоста жүргізіледі. Ведомосқа жазбалар
талдамалық кестелерден немесе бастапқы құжаттардан алып жазылады.
Көмекші өндірістің талдамалық (аналитикалық) есебі әрбір цехта, өнім
түрлері (егер олар әрқилы болса) және шығын баптары бойынша жүреді. Шығын
номенклатурасы өндірістің күрделілігі мен сипатына тәуелді болып келеді,
Әдетте, ол өзіне: негізгі материалдарды, көмекші материалдарды, отын-
энергетикалық және технологиялық шығыстарды, электр энергиясын, өндіріс
мақсаты үшін пайдаланатын буды және суды, негізгі және қосымша жалақыны,
жалақыдан аударылатын аударымдарды, үстеме шығыстарды қосады.
Қосымша өндірістің күрделілігі, сондай-ақ шығарылатын өнімнің біртектестігі
немесе біртектес еместігі көмекші өндірістің көрсеткен қызметінің өзіндік
құнын есептеу үшін әртүрлі әдісті қолдануға мәжбүр етеді.
Көмекші өндірістің есеп айырысуы мен калькуляциясы біршама ерекшеленеді,
өйткені кейбір цехтар бір-бірімен тығыз байланыста болады және тұрақты
түрде бір-біріне қызмет көрсетеді: жөндеу-механикалық цехы жүк автомашина
цехына ағымдағы жөндеу жүмысын жүзеге асырады, ал автотранспорт цехы жөндеу-
механикалық цехына жүкті тасымалдайды.
Автомашинаның ағымдағы жөндеуінің өзіндік құнын есептеу үшін автомашинамен
тасымалданатын жүктің өзіндік кұнын білу керек, ал тасымалданатын жүктің
өзіндік құнын есептеу үшін ағымдағы жөндеудің өзіндік құнын білу керек. Бұл
жағдайда, өзіндік құны не математикалық, не есептік өзіндік құн бойынша
(немесе өткен айдағы кызмет көрсетудің құны бойынша) есептелінеді.
Математикалық әдіс анық болғанымен, іс жүзінде екінші әдісі кеңінен
пайдаланылады. Көмекші өндірісте шығындар ай сайын таратылады, сондықтан
онда қалдық қалмайды.
Тек жөндеу-механикалык пен аспаптар жасайтын цехын қоспағанда, бұл цехтарда
ай соңында қалдықтары болуы мүмкін. Бұндай қалдықтарды есептік кезеңнің
соңында өндірістік бухгалтериядан қаржылық бухгалтериясына беріледі, ол
кезде 1630 — «Көмекші өндіріс» шоты дебеттеледі де, 8310 — «Көмекші
өндіріс» шоты кредиттеледі — бұл операцияның көмегімен аяқталмаған
өндірістің қалдығы қаржылық есеп берудің көмекші өндірісіне жатқызылады.
Келесі есептік жылдың басында қаржылық бухгалтериядан өндірістік
(басқарушылық) бухгалтерияға беріледі, ол кезде 8310 — «Көмекші өндіріс»
шоты дебеттеліп, 1630 — «Көмекші өндіріс» шоты кредиттеледі.
Көмекші өндірістің көрсеткен қызметін және атқарған жұмысын тұтынушылар
бойынша тарату үшін «Көмекші өндірістің көрсеткен қызметін тарату» деп
аталатын талдамалы кестесін жасайды. Онда әрбір көмекші цехтардың жиынтық
шығындары, өндірілген өнімнің саны көрсетіледі: су қайнататын қазан цехы
бойынша — будың тоннасы, компрестік қондырғы — қысылған ауаның куба метрі,
электростанция — киловаттсағаты, автотранспорт — тоннакилометрі. Содан
соң жұмыс пен қызметтің өзіндік құнының бірлігі анықталады. Өзіндік құнның
бірлігін анықтаған соң, жұмыс пен кызметті тұтынғандарға таратады.
Көмекші өндірістің өнімінің санын счетчиктердің көрсеткіштері бойынша
немесе шамамен (шартты жолымен) анықтайды.»Көмекші өндіріс қызметін
таратудың» талдамалық кестесі үш бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде өнімнің, жұмыстардың, көрсетілген кызметтердің және көмекші
өндірістер шығындарынан, ондағы материалдық құндылықтардың іс жүзіндегі
өзіндік құны есептелініп шығарылады және олардың жоспарлы өзіндік құны
келтіріледі. Қабылданған және көрсетілген қарама-карсы қызметтердің өзіндік
құны тең болуға тиіс. Екінші бөлімде алынған және көрсетілген қызметтердің
саны мен жоспарлы өзіндік құны, негізгі тұтынушыларға босатылған
қызметтердің саны мен құны, материалдық шоттарға кіріске алынған
құндылықтардың құны көрсетіліп, өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін
қызметтердің бір өлшемінің, өзіндік құны анықталады.
Екінші бөлімнің деректері «Цех шығындарының» негізінде ведомосқа жазылады,
содан соң өнімді, жұмысты және қызметті тұтынғандардың шоттары дебеттеледі
де, 8310 шоты кредиттеледі.
Үшінші бөлімде көрсетілген қызметтің жабдықтаушысы болып саналмайтын
бөлімшелердің шығындарының таратылғаны көрсетіледі.
Ай ішінде көмекші өндіріске мынадай шығындар жатқызылды(қосымша-5).

Технологиялық процестің сипатына және шығаратын
өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің біртектілігіне қарай
қосымша өндіріс қарапайым және күрделі болып бөлінеді.
Қарапайым өндіріс біртекті, күрделілігі бірдей өнімдерді шығарады. Оларда,
әдетте, аяқталмаған өндіріс пен шала фабрикаттар (электр станциялары, бу-
қазандық, компрессорлық және оттегі станциялары, автомобиль көлігі)
болмайды.
Күрделі өндіріс алуан түрлі өнім түрлерін шығарады, оның аяқталмаған
өндірісі болады және бұйымдардың, өнімдердің, жұмыстардың және көрсетілген
қызметтердің түрлері бойынша есеп жургізуді талап етеді. Күрделі өндіріске
жөндеу, модельдік (үлгілік), аспаптық, ыдыс цехтары жатады.
Мысал, кәсіпорынның құрамында көмекші өндіріс ретінде: автотранспорттық,
жөндеу-механикалық, бу қазандық цехтары бар болсын дейік. Олардың ішінен
жөндеу-механикалық цехы — күрделі цех болып саналады, ал қалған екеуі
қарапайым цехтар қатарына жатады

2.2.Қарапайым өндірістің калъкуляциясы.

Қарапайым өндірісінде өнімнің, қызметтің және жұмыстың өзіндік құнының
бірлігі ықшамдалған тәсіл бойынша калькуляцияланады: шығарылған өнімге,
жұмысқа,қызметке қатысты шығын сомасын сол өнімнің санына бөледі.
Анықталған өнімнің, қызметтің, жұмыстың өзіндік құны бойынша тұтынушыларға
920 шотының кредитінен есептен шығарылады.
1. Бу қазан цехы. Бу қазан цехының таза өзінің шығыны 2610080 тенге
кұраған, ал жөндеу-механикалық цехының көрсеткен қызметі (құрал-
жабдықттарды жөндеу бойынша) — 175150 тенге құраған, автотранспорт цехының
көрсеткен қызметі (есептік құны бойынша) — 382719 тенге құраған. 1 тонна
будың есептік өзіндік кұны — 185 тенге құраған (өткен айдағы нақты
шығындарының деңгейінен алынған).
Ағымдағы айда жылыту үшін 14397 тонна бу шығарылған, еңді ол счетчиктердің
көрсеткішіне сәйкес тұтынушылардың арасына таратылады(қосымша-6):

Негізгі тұтынушыларға көрсетілген қызметтің нақты өзіндік құны 2920049
теңге құраған (қосымша-6): 2610080 + 175150 + 382719 — 1340 х 185 (жоспарлы
өзіндік құны бойынша жөндеу-механикалық цехының көрсеткен қызметі). Негізгі
тұтынушыларға көрсетілген қызмтеттің нақты өзіндік құнының бірлігі 223,64
теңгеге тең болған (2920049 : 13057).
Негізгі тұтынушыларға көрсетілген қызметтің нақты өзіндік кұны туралы
мәліметтің (223,64 тенге) және тұтынылған кызметтің саны туралы ақпараттың
негізінде бу қазанының шығындары тиісті тұтынушылары бойынша есептен
шығарылады.
2. Автотранспорт цехы. Автотранспорт цехының тасымалдаған жүгінің саны
18957 ткм құраған (ағымдағы айдың жол парағының мәліметі бойынша). Ал
автотранспорт цехының өзі жасаған шығын 3414419 тенге құраған, қарама-қарсы
қабылданған кызметтің деңгейі — 253861 тенге құраған (жөндеу-механикалық
цехының көрсеткен қызметі, 6 кестеге 568 б. қараңыз). Өткен айдың нақты
өзіндік құны туралы мәлімет бойынша бір ткм-дің жоспарлы өзіндік құны 193
тенге құраған.Жоспарлы өзіндік құн бойынша қарсы көрсетілген қызметтің
сомасы цехтар бойынша мынаны құраған:бу қазан цехы бойынша — 382719 тенге
(1983 ткмх193);жөндеу-механикалық цехы бойынша — 100360 тенге (520
ткмх!93).
Жоғарыда келтірілген мәліметтер бойынша негізгі тұтынушыларға көрсетілген
қызметтің нақты өзіндік құнының сомасы 3185021 тенге құраған
(3414419+253681-382719-100360). Негізгі тұтынушыға көрсетілген қызметтің
көлемі 16454 ткм құраған (18957-1983-520). Негізгі тұтынушылар бойынша
шығындардың жалпы деңгейін (3185021) негізгі тұтынушыларға көрсетілген
қызметтің көлеміне (16454) бөлеміз де, 1 ткм нақты өзіндік құнын табамыз,
ал ол біздің мысалда — 193,57 тенге құраған (3185021:16454).
Жасалған калькуляцияның және жол парағының негізінде транспорттық кызметті
тасымалданған жүктің ткм бойынша есептелген санына пара-пар
(пропорционалды) етіп тұтынушылардың арасына таратылады.(қосымша-8)

2.3.Күрделі өндірістің калькуляциясы

Шығындардың талдамалық есебі жөндеу түрлері және жөнделетін объектілер
бойынша, дайындалған аспаптар, керек-жарақтар, модельдер (үлгілер) түрлері
немесе топтары бойынша жүргізіледі. Әрбір есеп (калькуляция) объектісіне
талдамалық есеп ведомосы немесе карточкасы ашылады. Онда айдың басындағы
аяқталмаған өндіріс қалдықтары, ағымдағы ай ішіндегі шығындар, есепке
алынған шығындарды азайту тәртібімен есептеп шығару (материалдардың
қайтарылуы, өндіріс қалдықтары), дайын өнімді кіріске алу, атқарылған
жұмыстар мен көрсетілген қызметтердің құнын есептеп шығару, ай соңындағы
аяқталмаған өндіріс қалдықтары көрсетіледі.
Жеке орындауға қабылданған цех тапсырысы тапсырыстар кітабына жазылады
және олар белгіленген мерзімде орындалуы тиіс. Накладнойда, жұмысшының
нарядында және басқа құжаттарда тапсырыстың нөмірі көрсетіледі. Бұл
жұмсалған әрбір шығынды тиісті тапсырысқа жатқызуға қажет. Материалдар бір
тапсырысқа қажет шегінде қоймадан босатылады. Пайдаланбаған материалдар
тапсырысты орындағаннан кейін қоймаға қайтарылады және сол қайтарылған
материалдардың құнына тапсырыстың шығыны азайтылады.
Әрбір тапсырыстың өзіндік құны цех мәліметтерінің негізінде бухгалтерияда
Жеке орындауға қабылданған цех тапсырысы тапсырыстар кітабына жазылады және
олар белгіленген мерзімде орындалуы тиіс. Накладнойда, жұмысшының нарядында
және басқа құжаттарда тапсырыстың нөмірі көрсетіледі. Бұл жұмсалған әрбір
шығынды тиісті тапсырысқа жатқызуға қажет. Материалдар бір тапсырысқа қажет
шегінде қоймадан босатылады. Пайдаланбаған материалдар тапсырысты
орындағаннан кейін қоймаға қайтарылады және сол қайтарылған материалдардың
құнына тапсырыстың шығыны азайтылады.
Өзіндік құнның калькуляциялық-карточкасынын, негізінде ай сайын 8310
шоттың, кредитінен тиісті тұтынушыларға есептен шығарылып отырады.
Накладной мен нарядтың негізінде жұмыс түрі мен тұтынушылары бойынша
тапсырыстарды топтастырады, содан соң бүкіл жөндеу-механикалық цехы бойынша
шығындарын анықтайды, олар келесі түрде жасалады
(қосымша-10).
Бу қазаны мен автотранспорт цехының жөндеу-механикалық цехына көрсеткен
қызметі қарама-қарсы қабылданған өткен айдағы кызметтің нақты өзіндік құны
туралы мәліметтің негізінде анықталған есептік құны бойынша
көрсетілген:бір ткм өзіндік құны — 193 теңге;бір тонна будың өзіндік құны
— 185 теңге.
Бірінші әдіс кезінде жөндеу жұмыстарына, тапсырыстарға, не өнімнің
жекелеген түрлерін дайындауға кеткен шығындар бойынша есептеп шығарылады.
«Негізгі материалдар», «Қосалқы материалдар», «Негізгі және косымша жалақы»
және т.б. баптар бойынша шығындар бастапқы кұжаттардың деректері бойынша
тікелей табылады. Қосымша шығындар оларды бөлу тәртібімен белгіленген
көлемде аяқталмаған өндіріске жатқызылады.
Екінші әдіс кезінде түгендеу деректері бойынша аяқталмаған өндіріс
объектілерінің саны және норма-сағаты олардың дайындық деңгейімен
анықталады. Норма-сағаттардың санын есептеп шығарып және бір норма-сағаттың
жоспарлы өзіндік құны арқылы аяқталмаған өндірістегі жалақының үлесін
табады. Осы баптар бойынша жасалған шығындар сомасы аяқталмаған өндірістің
құнын құрайды
Күрделі көмекші өндірістердегі өнімнің, жұмыстар мен көрсетілген
қызметтердің іс жүзіндегі өзіндік құны әрбір талдамалық (аналитикалық) шот
(тапсырысы) бойынша анықталады. Бұл үшін, әдетте, әрбір талдамалық шот
бойынша аяқталмаған өндіріс қалдығына осы шоттың бір ай ішіндегі есепке
алынған шығындары қосылады және айдың соңында аяқталмаған өндірістің сомасы
алынып тасталынады. Біздің мысалда айдың басына да, айдың соңына да
аяқталмаған өндірістің қалдығы болған жоқ.
Көмекші өндірістің көрсеткен қызметін тарату үшін «Көмекші өндірістің
қызметтерін тарату кестесі» деген аналитикалық кестесін жасаймыз (қосымша-
11).
Көмекші өндіріс қызметін тарату кестесін жасаған кезде оның бірінші
бөлімінде негізгі тұтынушының көрсеткен қызметінің нақты өзіндік құны
анықталады.
Екінші бөлімде алдымен негізгі тұтынушының тұтынған қызметін табады (ол
біздің мысалда: бу қазаны бойынша — 13057, ал автотранспорт цехы бойынша
-16454 болды). Содан соң негізгі тұтынушының көрсеткен қызметінің нақты
өзіндік құнын (2920049; 3185021) сол тұтынушының тұтынған кызмет санына
бөледі (13057; 16454). Егер де біз жоғарыда алынған қызметтің өзіндік
құнының бірлігін (223,64) көмекші өндірістің көрсеткен қызметінің санына
көбейтсек (13057), нәтижесінде, негізгі тұтынушының көрсеткен қызметінің
нақты өзіндік құнының сомасын аламыз. Онда әрбір цех бойынша жоспарлы
өзіндік құны көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Бухгалтерлік есепке алу мен қаржылық есеп беру
туралы Заңының 7 тармағының 6 бабына сай операциялар мен орын алған
оқиғалар синтетикалық жинақтау шоттарына екіжақтылық әдіске және
бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарына сай жазылады деген. Қойылған
осы талапты іс жүзіне асыру үшін Қазақстан Республикасының Қаржы
министлігіндегі Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті іс –
тәжірибеде қолданылатын бухгалтерлік есеп шоттарыныңжұмыс жоспарын жасап,
мұндай ресми мағынадағы құжаттарды аталмыш министрліктің 22
желтоқсан 2005 жылғы № 426 бұйрығыымен бекітті.
Синтетикалық жинақтаушы шоттардың жұмыс жоспарының түпкі мақсаты
Қазақстан Республикасы аймақтарында орналасқан заңды тұлғалардың
бухгалтерлік есеп жүргізу жүйесін халықаралық қаржылық стандарттарға
көшіру процесінің негізін салуға әсер болып табылады. Шоттардың жұмыс
жоспарын жасау Қазақстан Республикасында қабылданған бухгалтерлік есеп
және қаржылық қорытынды есепп жөніндегі заңнамалар талабына сай орындаған.
Төменде №8300 Көмекші өндіріс бөлімшесі шоттары қаржылық қорытынды есепті
халықаралық қаржылық қорытынды есеп стандарттарына сәйкес дайындап
тапсырушы ұйымдарға арналған бухгалтерлік есептің синтетикалық (
жинақтаушы ) шоттарының жұмыс жоспарындағы алатын орны салыстырылып
көрсетілген.

Кесте 1.
Бас жоспардағыШоттардың аталуы Жұмыс жоспардағы
шоттардың коды шоттардың коды
8310 Көмекші өндіріс 8030
1310 Материалдар 8031
3350 өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы 8032
3350 Еңбекақы қорынан аударымдар 8033
8410 Үстеме шығыстар 8034

ІІІ. Өндірістік шығындар есебінің аудиті
3.1. Өндірістік шығындар есебінің аудиті

1995 жылы 26 желтоқсандағы № 2732 Заң күші бар «Бухгалтерлік есеп туралы»
Қазакстан Республикасының Президенті-нің жарлығында және 1996 жылғы 12
қарашада № 2 Қазакстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі Ұлттық
комиссиясың Қаулысымен бекітілген каржылық корытынды есепті дайындау және
тапсыру үшін тұжырымдык негізде, табыс — бұл есепті кезенде активтің өсуі
немесе міндеттеменің төленуі, ал міндеттеме — бұл есепті кезенде активтін
төмендеп немесе міндеттенің өсуі деп көрсетілген.
Әдетте, шыгын шағармай көздеген табысты алу мүмкін емес. Өз кезегінде табыс
алмай, шаруашылыктың дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді
табысты шешу мүмкін емес.
Шығынның аныктамасы меншікті, өндірісті және тауарлы -материалдық қорларды
сатуға, жұмысты орындауға, қызмет керсетуге және зиян басқаруға байланысты
шығындарды камтиды. Әдегге, ол ақша қаражаттары, материалды қорлар,
қозғалмайтын мүліктер, құрылғылар және жабдықтар сияқты активтерді
тұрақтамау немесе пайдалану нысанында болады.
Аудиторлық тексеру жүргізудіңтәжірибесі көрсетіп отырғандай, өндіріс
шығындарының есебіне аудит жүргізілген кезде кеткен кемшіліктер мен
жіберген қателіктерге, бұрмалаушылықтарға талдау жасауға мүмкіндік туады:
— аяқталмаған өндірістегі еңбек акы материалдық қорлар ж.т.б. негізсіз
көлемі жоғарылатылған (темендетілген) шығындарға
— өндіріс шығындарына, заң актілеріне сәйкес арнайы көздердің есебіне
жатқызылған негізсіз енгізілген шығындарға
— калькуляциялау объектісіне жатпайтын шығындарға
— есепті кезеңнің өндіріс шығындарына негізсіз өндірілген сатылмаған
тауардың қалдықтарына тасымалдау шығындарына
— өндіріс шығындарына ендірілген негізгі құралдарға сальшған күрделі
қаржыға
— өндірістік сипаты жоқ өзіндік құнға негізсіз ендірілген шығындарға
— негізгі құжаттары жасалмаған және растаушы бастапкы құжаттары жоқ өзіндік
кұнға ендірілген шығындарға
— кұжаттарымен расталмаған … жалғасы

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!