Көкөністер мен жемістер балабақшадағы ашық сабақтар
Күні:
Пәні:Көркем әдебиет
Тақырыбы: Көкөністер мен жемістер
Мақсаты: 1. «Көкөністер мен жемістер» туралы өлеңдерді тыңдап,балалар жемістер мен көкөністердің пайдасы,оның құрамындағы дәрумендер туралы түсініктері кеңейеді.
2.Табиғат байлығы,оның алуан түрлігі,балалардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру,ақыл-ойын ,есте сақтау қабілетін дамыту.
3.Табиғатты қорғауға,бақша өсімдіктерін баптап күтуге тәрбиелеу
Көрнекілігі:Көкөністер мен жемістердің суреттері.
Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
Меңгерілетін сөздер:Қияр,қызанақ,орамжапырақ,асқабақ қызылша,сәбіз,бүлдірген,құлпынай,жүзім.
Сабақ барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
Балалар бүгігінгі сабақта жемістер мен көкөністер жайлы өтеміз.
V Жаңа сабақ
Психологиялық сәт
Жаңбыр көп жауады,
Шолып едім бақшаны,
Көкөніс біткен көңілді.
Жасыл,сары,қызыл,көк
Сан алуан көкөніс
Жұмбақ: Жер астында жер қазық. (Сәбіз)
Аспай піскен,
Қайнамай түскен (Жеміс)
Бақшада өседі көп өнімдерін береді (Көкөніс)
Қ.Күзембайдың «Қарбыздар» және «Қияр-бәдірен» өлеңі оқылып,көкөністер жайлы,ал Р.Қунақрва мен Н.Жанаевтың «Жемістер жыры» өлеңдері арқылы жемістер жайлы түсінік беріледі. (Хрестоматия)
Сергіту сәті: Жаңбыр,жаңбыр,жауасың,
Жанымызға дауасың.
Біз ойнайтын ауланың
Тазартасың ауасын.
VI Бекіту
Ойын: «Көкөністер мен жемісте»
Шарты:Әр топ өзіне тән заттарды тез арада жинап алу,шапшаңдығы мен жылдамдығын дамыту.
Балалар екі топқа бөлінеді.
1 себет 2 себет
Көкөністер Жемістер
VII Қорыту
-Балалар бізге бақша өнімдері не үшін керек?
-Көкөністерден қандай қыстық азық дайындаймыз?
-Жемістерден ше?
-Олардың пайдасы қандай?
VIII Бағалау Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!