Көкірек қуысының сүйектері | Скачать Реферат
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік
Медицина Университиеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Мамандығы: Жалпы медицина
Дисциплина:Морфология және физиология
Кафедра: Қалыпты физиология
Курс: 2
Тақырыбы:Балалардағы тірек-қимыл жүйесінің жасқа байланысты ерекшеліктері.
Орындаған: Ишанова А.Т.
Тобы: 217 А
Тексерген: Аманжолқызы Айнур
Ақтөбе 2018 ж.
Жоспар:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім:
1. Жас ұлғайған сайын бұлшық еттердің, қаңқа сүйектерінің құрылымдық-қызметтік өзгерісінің динамикасы
2. Балалардағы рефлекторлық- қозғалыстық қызметтердің физиологиялық ерекшеліктері ( (жаңа туылған, нәрестелік және т.б. кезеңдер )
3. Бала организмінің моторлы қызметтерінің дамуына сыртқы орта факторларының әсері.
ІІІ.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Кеңістікте қозғалып жүру, денені тік қалыпта ұстау, теңдікті сақтау қабілеттері адамның сүйек-ет жүйесінің қасиеттері мен қызметіне байланысты. Сүйек-ет жүйесіне, яғни тірек-қимыл аппаратына адамның қаңқасы мен бұлшық еттері жатады.
Қаңқа (скелет) екі жүзден астам сүйектерден тұратын адамның негізгі қатты тұлғасы. Олардың көбі бір-бірімен буын арқылы жалғасып, қозғалмалы келеді, Қаңқаға бұлшық еттер бекітілген. Ет пен сүйек адамның негізгі тірегі және оның қозғалуы, еңбек етуі осы сүйек-ет жүйесінің қызметіне байланысты.Ол жұлынның, мидың және көптеген ішкі мүшелердің сауыты болғандықтан, қорғану қызметін де атқарады, яғни жұмсақ мүшелерді (жүрек, бауыр, өкпе, ішек-қарын, бүйрек т.б) соққыдан және басқа да түрлі жағымсыз әсерлерден қорғайды. Соңғы кезде бұл жүйке зат алмасуына, әсіресе минерал заттарының мөлшерін бір деңгейде сақтауға қатысатыны анықталды. Бұлшық еттердің ұштары сүйекке бекітілген. Олардың көбі екі сүйекке бекігендіктен олардың қозғалысын іске асырады. Әрбір сүйекке екі, тіпті одан да көп еттердің ұштасуы мүмкін.
Еттердің негізгі қызметі — сүйектерді қозғау. Сол арқылы адамның еңбек етуін, күрделі жұмыстарды орындауын қамтамасыз етеді.Адамның қимыл-қозғалысы организмдердің эволюциялық дамуында қалыптасқан, оған тән морфологиялық және функциялық денені тік ұстауға, қимыл-қорғанысқа ет пен сүйектен басқа тірек-қимыл жүйесіне кіретін буындар, сіңірлер, тарамыстар қатысады.
Сонымен, сүйек-ет жүйесі негізінен тірек, қимыл-қозғалыс, қорғаныс, тұздардың алмасуына қатысу арқылы адам организмінде өте маңызды орын алады.
Жас ұлғайған сайын бұлшық еттердің, қаңқа сүйектерінің құрылымдық-қызметтік өзгерісінің динамикасы
Сүйектің құрамы атқаратын қызметіне, адамның жасына қарай әртүрлі келеді. Салмақ көп түсетін сүйектерде, мысалы, бел омыртқа, жамбас, аяқ сүйектерінде минерал заттары көбірек болады.
Жас балалардың сүйегінде органикалық заттар, ересек адамда минерал заттары көбірек болады.
Қаңқаның құрылысы. Адам қаңқасы бас, тұлға, аяқ-қол сүйектерінен тұрады Т ұ л ғ а сүйектеріне омыртқа жотасы, 12 қос қабыргалар мен кеуде сүйегі жатады.
О м ы р т қ а ж о т а с ы — бүкіл дененің тірегі. Ол бір-бірімен буын арқылы жалғасқан 33-34 омыртқадан тұрады. Омыртқа жотасын беске бөледі: 7мойын, 12 көкірек немесе кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз, 4-5 құйымшақ омыртқалары. Мүның ішінде құйымшақ және сегізкөз омыртқалары бір-бірімен бірігіп кеткен, қалғандары жеке-жеке болады.
Әрбір омыртқаның денесі, доғалары және ө с і н д і л е р і болады. Омыртқаның тығыз жері — денесі. Омыртқалардың доғалары жұлын орналасатын омыртқа жотасының к а н а л ы н (өзегін) құрады. Омыртқаның 7 өсінділері бар: омыртқаның ортаңғы тұсынан басталып артқа қарай өскен 1 арқа өсіндісі, доғаның шетінен басталып жоғары жөне төмен бағытта орналасқан жүп 2 буын өсінділері, екі жанында орналасқан жүп бүйір өсінділері болады. Омыртқалардың жалпы құрылысы ұқсас болғанымен, өзіндік ерекшеліктері де болады.
Ересек адамның сегізкөз омыртқаларының арасы бірігіп сегізкөз сүйегіне айналады. Оның сыртқы ортасында бірігіп кеткен арқа өсінділерінен пайда болған ортаңғы сегізкөз қыры, оның екі жағынан бірігіп кеткен буын беттерінен пайда болған бүйір қыры, көлденең бүйір өсінділерінен пайда болған бүйір қыры болады. Біріккен омыртқа тесіктерінен пайда болған сегізкөз каналы омыртқа жотасы каналының жалғасы болып есептеледі. Оның алдыңғы және артқы бетінде нервтер мен тамырлар өтетін тесігі болады. Сегізкөздің бүйір жақтарында қүлақша төрізді жамбас сүйегімен жалғасатын буын беті болады. Оның артқы жағының бұдырлы жеріне тарамыстар бекиді. Ер адамның сегізкөз сүйегі әйелдер сүйегінен жіңішке және ұзындау болады. Адамның ІУ-У-ші қүйымшақ омыртқаларының денесі бірігіп құйымшақ сүйегіне айналған. Мүны жануарлардың құйрық омыртқаларының рудименті (қалдығы) деп есептейді. Олардың өсінділері жойылып, денесі ғана қалған. Тек І-ші құйымшақ омыртқасында ғана қалған өте қысқа көлденең өсінділері бар. Омыртқа жотасының өсуі баланың алғашқы 1 жасында жедел жүреді. Жаңа туған нәрестелердің омыртқаларыңца алты сүйектену нүктелерін көруге болады. Олар 1 жасқа таман біріге бастайды. Омыртқалардың эпифизі алғашқы жылы шеміршек күйінде сақталады. Омыртқа аралығындағы буындардың шеміршектері қалың және серпімді келеді. Сондықтан олардың омыртқа жотасы ересектермен салыстырғанда жеңіл қимылдайды.Жаңа туған сәбидің омыртқа жотасында физиологиялық иілімдері болмайды, 2-3 айда баланың мойыны бекігеннен кейін мойын л о р д о з ы ( лат. лордоз — алға қисаю, иілу), 6 айдан кейін отыра бастағаңда кеуде және сегізкөз к и ф о з д а р ы (лат. кифоз — артқа қарай иілу, қисаю), 1 жасқа жақыңдап, бала жүре бастағанда бел лордозы пайда болады. Дегенмен бір жастағы баланың омыртқа жотасының иілуі нашар әрі тұрақсыздау болады: таңертең ұйқыдан тұрғанда нашар, кешке таман күшейе бастайды 2-3 жаста омыртқа одан әрі қарай сүйектене береді.Омыртқа аралық буын шеміршектері әлі де болса қалыңдау болып, омыртқа жотасы жақсы қимылдайды. Бұл кезде сегізкөз, құйымшақ омыртқалары біріге бастағанымен аралары толық бітпейді. Омыртқа жотасының физиологиялық қалыпты иілістері күшейе түскенімен, әлі де болса тұрақсыз болғандықтан, баланың бойы таңертең өлшегенде 5-6 см ұзын (ересек адамда 2-3 см ғана), кешке өлшегенде соншалықты аласа болып түрады. 4-5 жасқа дейін омыртқалар тез өсіп, иілістері толық қалыптасады. Бұл кезден бастап балалар мен ересек адамдардың омыртқа жотасыңда физиологиялық қалыпты 2 лордозы (мойын және бел омыртқа), 2 кифозы (кеуде және сегізкөз) иілістері түзіледі.Салмақ бел омыртқа иілісіне көбірек түсіп, ол қисаяды, ал жатқанда мойын және бел омыртқаларының иілістері түзеледі. Бала омыртқасының сүйегінің қатаюы жылдам болғанымен, олардың диафиздерінде шеміршек қалың болады және омыртқа аралық шеміршектері биік келеді. Сегізкөз бен құйымшақ сүйектері біте бастайды. Қыздарда 7-11, ер балаларда 7-13 жас арасында омыртқаның денесі мен эпифиздерінің арасында жұқа болса да, шеміршекті қабаты сақталады. Омыртқа аралық шеміршектер қалың болғандықтан омыртқалар әлі де өседі. Омыртқа эпифиздерінің сүйектенуі 18-20 жаста аяқталады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың омыртқалары ұзарып, жуандайды. 5-6 жастағы балалардың омыртқа жотасы тез қисаяды. Омыртқааралық шеміршектердегі заттың алмасуы өте күшті болады. Сондықтан түрлі жағдайлардың әсерінен омыртқаның өсуі тез бұзылып, омыртқа жотасының бір жақ бүйіріне қарай қисаю, лордозы, кифозы өзгерістері пайда болады. Мысалы, өте жылдам 8-12 мсек қозғалғанда мойын және көкірек омыртқалары зақымдалады. Бала өте аз қозғалғанда да ұсақ зақымдар пайда болып, олардың негізінде кейіннен омыртқа кемшіліктері дамиды. Омыртқа жотасының өсуі жігіттік пен бойжеткендік кезеңге дейін байқалғанымен, әр түрлі бөлімдерінің омыртқалары бірдей өспейді. 1,5 жасқа дейін барлық омыртқалар бірдей өседі, 1,5-3 жас арасында мойын және кеуденің жоғарғы омыртқалары нашар өседі.
Омыртқа аралығындағы шеміршектер жоғарыдан төмен қарай қалыңдай түседі. Ол шеміршектердің ұзындығы бүкіл жотаның 14 бөлігіне тең. Бұлар омыртқа жотасын серпімді етіп, жан-жаққа қимылдауға мүмкіндік тудырады.
Көкірек қуысының сүйектері. Тұлға сүйектеріне омыртқа жотасынан басқа көкірек қуысын құратын қ а б ы р ғ а және тө с сүйектері жатады.
Қ а б ы р ғ а. Адам денесінде 12 қос қабырғалар бар. Әрбір қабырға жалпақтау ұзын сүйектен және шеміршектен тұрады. Олар бір-бірімен жалғасып кеткен. Қабырғаның б а с ы , м о й ы н ы , д е н е с і болады. Оның омыртқамен жалғасқан жерін қабырға басы деп атайды да қалған жері мен басының арасыңдағы жіңішкелеу жерін мойын дейді. Қабырға денесінің алдыңғы жақ ұшы төс сүйегімен жалғасады. Жоғарғы қос қабырғаның мойыны мен денесінің қосылатын жеріндегі қабырға бұдыры омыртқаның көлденең өсіндісімен жалғасады.
Қабырғалардың сүйектенуі баланың 2-айлығында VI-VII қабырғаларда басталады, 3-4 жасқа келгенде қабырғаның ортасы мен бұрышында ғана тығыз сүйектері болады, яғни қабырғаның 40%-ында ғана остеондық құрылысы болады, 6-7 жаста қабырғаның алдыңғы жағы толық сүйекке айналады.Төс суйегі — жалпақ сыңар сүйек. Дененің көкірек қуысының алдыңғы сызығының бойында орналасады.Т ө с сүйегінің денесі, тұтқасы, семсершесі болады. Төс тұтқасының жоғарғы жағында м о й ы н д ы р ы қ, екі жағында б ұ ғ а н а, және жеті-жетіден қабырға ойындылары бар.
Төс сүйегінің бөлімдерінің арасындағы шеміршек 30 жасқа дейін болады. Төстің төменгі жағының шеміршектері 15-16 жаста, жоғарғы жағының шеміршектері 21-25 жаста сүйекке айналып, төс сүйегінің бөліктері жалғасып, арасы бітіп кетеді, ал семсершенің сүйектенуі 30 жасқа дейін созылады.
Омыртқа сүйектері мен XII қос қабырғалар және төс сүйегі көкірек қуысын құрайды. Адамның көкірек қуысы жұмыртқа пішіндес болады, бірақ жасына, еңбегіне, ауруға байланысты өзгеруі мүмкін.
1 жастағы баланың көкірек қуысы екі бүйірінен қысылған конус тәрізді, 12-13 жаста ғана ересек адамның көкірек қуысындай болады. Көкірек қуысы жүрек, қолқа және үлкен өкпе артериялары, өкпе, бауырды қорғайды. Сонымен қатар, тыныс мүшелерінің еттерінің және қол еттерінің бекіген жері. Осы сүйектерінің қозғалмалы байланыста болуы арқасында адам тыныс алуға мүмкіншілік алады.
Ауыр жүмыстың әсерінен дене шынықтыруға байланыстьі көкірек қуысының көлемі кішірейеді.
Партада отыру ережесін дұрыс орындамай, үстелдің шетіне үзақ уақыт кеудесімен тіреліп отырған баланың төс сүйегі ішіне қарай майысады және көкірек қуысы тарылады да, өкпе мен жүректің дамуы нашарлайды.
3.Иық және жамбас белдеулерінің сүйектері. Аяқ-қолдардың сүйектері адам денесінің екі белдеуін құрады: иық және жамбас белдеулері. Омыртқа жотасының жоғарғы жағында екі жауырын сүйектері орналасқан. Олар бұғана және тос сүйектерімен жалғасады. Жауырынның сыртқы бұрыштары иық басы сүйегі арқылы қол сүйектерімен жалғасады.
Ж а у ы р ы н — жалпақ қос сүйек, ол омыртқа және қабырға сүйектерімен бұлшық ет арқылы жалғасқан. Жаңа туған сәбидің жауырын сүйегінің иық, құс тұмсық өсінділерінде, буын бетінде, омыртқа жақ шетіңде, жоғарғы және төменгі бұрыштарында шеміршектер болады. Жауырын сүйектері жігіттерде 19-20, қыздарда 18 жаста қатады.
Б ұ ғ а н а (латынның) 8 әрпі тәрізді иілген сүйек. Бала туар алдында оның төс жақ ұшынан басқа жері сүйекке айналып үлгереді. Ал төс жақ ұшының сүйектенуі жігіттерде 24, қыздарда 23 жаста аяқталады. Қ о л жауырынмен қозғала біткен иін сүйектерінен, шынтақ пен шыбық сүйектерінен құралған білек сүйектеріне, білезіктің ұсақ сүйектері, бес ұзын алақан сүйектері мен саусақ сүйектерінен тұратын қолдың басынан тұрады. Қолдың басы сүйектері кеудеге қарай бағытталған алақан ойығын түзеді. Алақан ойығы жаңа туған нәрестеде қалыптаса бастап, 10-13 жаста толық аяқталады. Осы мерзімде саусақ сүйектерінің қатуы да аяқталады. Сондықтан мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларының сурет салуы, жазуы өте баяу болады. Ұзақ уақыт жаттықтырса, саусаққа күш түсуіне байланысты оның сүйектері тез қатады да, ұзын болып өседі. Мысалы, күйшілердің саусақтарын айтуға болады.Тоқпан жілік немесе иық сүйектері 20-25 жаста қатайып, екі басында тек шеміршектері қалады. Бұл жіліктің ұзарып өсуі оның басындағы өсу нүктелеріне байланысты болғандықтан, 22 жасқа дейін жілік басын кесуге болмайды. Кессе, жілік өспей қысқа болып қалады.Кәрі жіліктің қатуы 20-25 жаста жігіттерде, 17-20 жаста қыздарда аяқталады. Ш ы н т а қ сүйегінің өсуі жігіттерде 18-22 жаста аяқталады, бойжеткендерде сәл ерте қатады. Б і л е з і к сүйектерінің қатуы 14-16 жаста аяқталуға жақын болады. С а у с а қ сүйектері 16-18 жаста қатып аяқталады.
Жамбас белдеуінің сүйектері. Жамбас белдеуі сегізкөзден және онымен қимылсыз біріккен екі жамбас сүйектерінен құралған. Жамбас сүйектерінің алдыңғы жағы бір-бірімен қимылсыз біріккен. Жамбас сүйектерінің ойысында ортан жіліктің басы бекіген. Жамбас пен ортан жілік қозғалмалы буын арқылы бірігеді. Адамның жамбас сүйектері кең тостақан тәрізді қуыс жасайды. Себебі адамның тік жүруіне байланысты ішек-қарынның салмағы осы жамбас сүйектеріне түседі. Ортан жіліктің екінші шеті асықты жілік пен оның ш ы б ы ғ ы н а жалғасады. Ал олар толарсақ, бақай сүйектері және бақайшықтан құралған т а б а н сүйектерінен тұрады.
Ортан жілік пен асықты жілік бір-бірімен тізе буыны арқылы қозғалмалы жалғасқан. Табан сүйектері бір-бірімен буындасып жалғасқан сүйектер.
Ортан жілік адам денесіндегі ең ірі сүйек. Оның жілік басы, денесі болады. Жілік басы мен денесінің арасында мойыны бар. Мойыны мен денесінің қосылатын жерінде бұдырлау орналасқан ұршықтары болады. Бала туғаннан кейін алғашқы 5 жылда ортан жілік тез өседі де, 5-9 жас арасында қыздардың ортан жілігі жылдан жылға баяулап, ер баланың жілігі бір қалыпта баяу өседі. Жілік басы мен мойыны 14-20 жаста бірігіп кетеді. Осы мерзімде ұршықтары, мойыны, денесі бір-бірімен жалғасады. Ортан жілік 18-20 жаста өсуін тоқтатады. Асықты жілік пен оның шыбығының сүйектері қыздарда 16-18, жігіттерде 19-20 жасқа дейін осіп, одан әрі қарай өсуін тоқтатады. Олар төмен қарай өседі, яғни ұзарады. Асықты жіліктің шеміршектері балада неғүрлым тез жүріп кетсе, соғүрлым тез өседі.
Табан сүйектері өкше, бақайшақ және аяқ саусақтарының сүйектерінен құралған. Өкше сүйектеріне нағыз өкше сүйегі, тепкіш, қайық , сына, куб тәрізді сүйектер жатады. Бұлардың өсуі бойжеткендерде 16-18, жігіттерде 18-20 жасқа дейін байқалады.
Бақайшақтар бес ұсақ жүмыр пішінді әртүрлі сүйектерден тұрады. Қыздарда — 17, жігіттерде — 20 жасқа дейін өседі. Бес саусақ сүйектерінің төртеуі 3 сүйектен, ал бас бармағы 2 сүйектен құралған, бір-бірімен буындасқан сүйектерден тұрады. Ең алдымен І-саусақтардың сүйектері өсе бастайды да кейіннен IV-V саусақтар сүйектері жетіледі. Барлығының өсуі 15-20 жаста аяқталады.
Т а б а н сүйектері бір-бірімен буын арқылы күмбезденіп қосылған. Табан күмбезі баланың аяғын басу барысында толық қалыптасады. Табан күмбезі сүйектерді мықтап бекітіп тұратын тарамыстардың даму барысында пайда болып, табанға күш түскенде оның күмбезі төмендейді. Табан күмбезінің дұрыс қалыптасуына тар аяқ киім, ауыр жүк тасу, үзақ уақыт табанға күш түсіріп, кішкентай баланың түрегеліп тұруы, сол сияқты мешел ауруыңда да кері әсер етеді. … жалғасы