Клиникалық өлім (мәлімет) | туралы қазақша

0
95

Клиникалық өлім — қан айналысының тоқтауынан басталады. Бұл электр тогы соққан, суға батқан бірқатар басқа жағдайларда тыныс алу жолдары жаншылған немесе бітелген кезде болуы мүмкін.Қан айналысы тоқтауының алғашқы 10-15 сек ішінде пайда болатын алғашқы белгілері: ұйқы артериясында пульстің жоғалуы, естен тану, қалшылдау.

Қан айналысы тоқтауының алғашқы 20-60 сек ішінде пайда болатын кейінгі белгілері: зардап шегушілердің жарықты бағдарлай алмауы, көзінде қарашықтардың кеңеюі, тыныс алудың жоғалуы немесе қалшылдай тыныс алу (минутына 2-6 рет дем алу мен дем шығару), теріде сүр реңктің (бірінші кезекте — мұрын-ерін ұшбүрышында) пайда болуы.

Бұл жай-күй қайтарымды, егер ми жасушаларында қайтарымсыз өзгерістер бастала қоймаса, онда ағзаның барлық қызметтерін толықтай қалпына келтіруге болады. Науқастың ағзасы 4-6 мин бойы өмірге қабілетті болады. Өз уақытында қабылданған жан сақтау шаралары науқасты мұндай жай-күйден құтқаруы немесе оны болғызбауы мүмкін.

Клиникалық өлім белгілері пайда болғаннан кейін зардап шегушіні бірден арқасынан аударып, жүрек тұсына соққы жасау қажет. Мұндай соққының мақсаты — кеуде қуысын мүмкіндігінше қаттырақ сілку, Бұл тоқтап қалған жүректің қайта соғуына түрткі қызметін атқаруы тиіс.

Соққыны жұмылған жұдырықтың қырымен қабырғалар түйісетін, кеуде сүйегі аяқталатын өскіннен 2-3 см биігірек нүктеге жасайды. Мұны қысқа, жылдам қозғалыспен орындайды. Бұл ретте соққы жасайтын қолдың шынтағы зардап шегуші денесіне тік бағытталуы тиіс.

Дұрыс және дер кезінде жасалған соққы санаулы секундтан кейін адамды өмірге қайтаруы мүмкін: оның жүрек соғысы қалпына келеді, ақыл-есі кіре бастайды. Алайда бұл әрекет іске аспаса, онда жүрекке тікелей емес массаж бен жасанды тыныс алдыру жасауға кіріседі, олар зардап шегушінің жандану белгілері пайда болғанға дейін жүргізіледі: ұйқы артериясында тамыр соғуының жақсаруы сезіледі, қарашықтар біртіндеп тарылады, жоғарғы еріннің терісі алқызылданады.

Жүрекке тікелей емес массаж жасау мынадай кезектілікпен жүргізіледі (34-сурет).

Зардап шегушіні қатты негізге жатқызады (жерге, еденге және т.б., өйткені жұмсақ негіздегі массаж кезінде бауырдың зақымдануы мүмкін), белдігі мен кеудесіндегі киімінің жоғарғы түймесін ағытады. Сондай-ақ зардап шегушінің аяғын кеуде деңгейінен шамамен жарты метрге көтеру де пайдалы.

Құтңарушы зардап шегушінің бүйір жағында тұрады, бір қолын алаңанын төмен қаратып (қолды білезік тұсынан шұғыл бүгумен) зардап шегушінің төс сүйегінің төменгі жартысына білезік буынының осі төс сүйектің ұзын осімен сәйкес келетіндей етіп (төс сүйектің орта нүктесі көйлектегі немесе кофтадағы екінші-үшінші түймеге сәйкес келеді) қояды. Құтңарушы төс сүйектегі басуды күшейту үшін екінші қолын бірінші қолдың үстіне қояды.

Бұл ретте екі қолдың да саусақтары массаж кезінде кеуде қуысына тимес үшін көтеріңкі тұруы, ал қолдар оның басылуына әкелетін төс сүйектің катаң түрде тік серпілісін қамтамасыз ету үшін зардап шегушінің кеуде қуысының бетіне перпендикуляр болуы тиіс. Құтқарушы қолынын кез келген басқа жағдайына жол бермеу керек, өйткені бұл зардап шегуші үшін қауіп тутызады.

Құтқарушы мүмкіндігінше төс сүйекті шынтақ буындары тік бағытталған түрде басу мүмкін болатындай орнықты тұрады, одан кейін дене салмағын қолдарга көшіре отырып, алға қарай жылдам енкейеді және осылайша төс сүйекті шамамен 4-5 см-ге майыстырады, бұл ретте басудың жүрек тұсына емес, төс сүйекке жасалуын қадағалау керек, төс сүйекке түсетін қысымның орташа күші, шамамен 60 кг-ды құрайды, сондықтан массажды қол күштерінің ғана емес, сондай-ақ дене массасы есебінен де жүргізген жөн.

Tөc сүйекті аз уақыт басқаннан кейін жүректі жасанды қысу оның босаңсуымен алмасуы үшін жылдам босату керек. Жүрек босаңсыган кезде қолдарды зардап шегушінің кеуде қуысына тигізбеген жен.

Ересек адам үшін жүрекке тікелей емес массаж жасаудық оңтайлы қарқыны минутына 60-70 рет басуды құрайды. 10 жасқа дейінгі балаларға массажды бір қолмен. ал кішкентай сәбилерге — екі саусакпен (сүк және ортаң саусақпен) минутына 100-120 басу жиілігшен жүргізеді.

11-кестеде зардап шегушінің жасына қарай жүрекке тікелей емес массаж жасауға қойылатын талаптар келтірілген.

Жүрекке тікелей емес массажды жүргізгенде, төс сүйекті басу кезінде сипатты сықыр бойынша анықталатын қабырғаның сынуы түріндегі мүмкін болатын асқыну массаж үдерісін тоқтатуы тиіс емес. |

«Ауыздан ауызға» тәсілімен жасанды тыныс алдыру (34-суретті қараңдар) мынадай кезектілікпен жүргізіледі:

— Зардап шегушінің аузын екі саусақпен немесе мата оралған (беторамал, дәке) саусақпен жылдам тазарту, басын желке буыннан артқа шалқайту. Құтқарушы зар­дап шегушінің бүйір жағында тұрады, бір қолын оның маңдайына, ал екіншісін желкенің астына қояды және зардап шегушінің басын бұрады (бұл ретте ауыз, әдетте, ашылады).

— Құтқарушы терең дем алады, дем шығаруды сәл-пәл ұстап тұрады және зардап шегушіге еңкейіп, өз еріндерімен оның ауыз аймағын толықтай жабады. Бұл ретте зардап шегушінің танауын маңдайда жатқан қолдың бас бармақ және сұқ саусағымен қысу немесе өз ұртымен жабу керек (зардап шегушінің мұрны немесе ауыз шеті арқылы ауаның шығып кетуі құтқарушының барлық әрекетін зая кетіруі мүмкін).

— Қымтаудан кейін құтқарушы зардап шегушінің ты­ныс алу жолдары мен өкпесіне ауа үрлей отырып, жылдам дем шығарады. Бұл ретте зардап шегушінің тыныс алуы дем алу орталығын жеткілікті ынталандыруын туындату үшін 1 сек-тай уақытқа созылуы және көлемі 1-1,5 м-ге дейін жетуі тиіс.

Дем шығаруды аяқтағаннан кейін құтқарушы зардап шегушінің аузын босатады және түзетеді. Бұл үшін зардап шегушінің басын имей, қарама-қарсы иық жағына аузы кеудесінен төменірек болатындай етіп бұру керек. Зардап шегушінің дем шығаруы 2 сек-тай уақытқа созылып, барлық жағдайда да оның тыныс алуынан екі есе ұзақ болуы тиіс.

— Келесі тыныс алудың алдындағы кідірісте құтқарушы өзі үшін бір-екі кәдімгі шағын дем алу-дем шығаруды жасайды. Бұдан кейін цикл басынан бастап қайталанады. Мұндай циклдердің жиілігі — минутына 12-15.

— Асқазанға көп ауа келіп түскен кезде ол қампаяды, бұл жандануды қиындатады. Сондықтан зардап шегушінің асқазан тұсын қыса отырып, асқазанды қайта-қайта ауадан босатып отырған дұрыс.

«Ауыздан мұрынға» жасанды тыныс алдырудың жоғарыда баяндалғаннан ешқандай айырмашылығы жоқ. Қымтау үшін қол саусақтарымен зардап шегушінің төменгі ернін жоғарғы ерніне жақындатып жабу керек.

Балаларды жандандыру кезінде дем үрлеу ауыз және мұрын арқылы бір мезгілде жүргізіледі.

Егер көмекті екі адам көрсетсе, онда олардың біреуі жүрекке тікелей емес массаж жасайды, ал екіншісі жасанды тыныс алдыру жүргізеді. Бұл ретте олардың әрекеттері келісілген болуы тиіс. Ауаны үрлеу кезінде кеуде қуысын басуға болмайды. Бұл шараларды кезектестіре жүргізу ке­рек: кеуде қуысын

4-5 рет басу (дем шығаруда), одан кейін ауаны өкпеге үрлеу (дем алу). Көмекті бір адам көрсеткен кезде орындалатын әрекеттердің кезектілігі біршама өзгереді: ауаны өкпеге әрбір екі рет жылдам үрлегеннен кейін кеуде қуысын 15 рет басады. Кез келген жағдайда жасанды тыныс алдыру мен жүрекке тікелей емес массаж жасау қажетті уақыт бойы үздіксіз жүзеге асырылуы керек.

#Клиникалық #өлім #мәлімет