Кішкентай кеме

0

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Құрастыру

Тақырыбы: «Кішкентай кеме»

Мақсаты:

  1. Балаларға суреттен қарап, құрылыс материалдардан кеме жасауды үйрету.
  2. Қиялдау мен елестету қабілеттерін және ой-өрыстерін дамыту.
  3. Төзімділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Керекті құрал-жабдықтар: Құрастыру ойыншығы, түрлі кемелердің сызбасы.

Сөздік жұмыс: кеме, су көлігі, жүк тасығыш,капитан, капитан мінбесі.

Қостілді компонент: кішкентай-маленький.

Шаттық шеңбері:       Күндей жадырап,

                                               Айдай арайлап,

                                               Жұлдыздай жарқырап,

                                               Судай мөлдір таза көңілмен

                                               Бүгінгі күнімізді бастайық.

Тәрбиеші:Қане, балалар, орнымызға отырайық. Балаларға түрлі кемелер сызбасын көрсетіп, инженер ретінде кеме құрастыруды ұсынады. Балалар кеме жасауға қызыға келіседі. Тәрбиеші әңгіме жүргізіп, балалардың назарын кеме бөліктеріне, олардың ерекшеліктеріне аударады. Сөздікпен жұмыс жасайды. 

Балаларға кеменің құрастыру кезеңдерін анықтауға көмектеседі. Балаларға жұмыстарды бөліп береді, жұмыс барысын қадағалап, көмектеседі, түсіндіреді.

Балалар суреттерге қарап, сұрақтарға жауап береді, кемелерді салыстырып, құрастыру ерекшеліктерін анықтайды. Жаңа сөздер мағынасын ұғынып,  естеріне сақтайды. Сызбаларды қарастырып, құрастыруды неден бастайтындарын айтады. Құрастыруды орындайды.

Тәрбиеші балаларға өз кемелерін көрсетіп, оған ат қоюды ұсынады. Балаларды тыңдап, мақтайды.

Балалар кемелеріне ат қояды, мақтанышпен достарына көрсетеді.

Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: су көлігі не екені,  оны не үшін қолданылатынын

Нені игереді: құрылыс материалдарымен жұмыс жасау дағдысын.

Нені біледі: суретке қарап, құрылыс материалдарынан кеме құрастыруды, бөлшектерін берік етіп бекітуді.

 

 

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!