Кір жууға 10 кеңес

0

✅ 1. Жүннен тоқылған қысқы киімдеріңізді жуып жатқанда, кір соңғы шайылар алдын 1 шәй қасық глицерин қосыңыз, бұл сіздің киіміңізді жұмсақ қылады!

✅ 2. Егер түрлі түсті киімдеріңізді жуатын болсаңыз онда ішіне 2-3 ас қасық тұз қосыңыз, киіміңізді жарқын әрі ашық түсті етеді!

✅ 3. Синтетикадан жасалған киімдер ерекше әрі көп күтім қажет етеді, сол үшін басқа киімдеріңізге қарағанда көбірек жуыңыз!

✅ 4. Егер де 1 көйлекті 5-6 рет кисеңіз ол киім өзіне көп шаң тартатын болады, қозғалыс кезіндегі үйкелістің арқасында магниттік тартыс күші көбею себебінен, бұдан бөлек адам денесінен бөлінген ылғалмен қосылып майлы болып киім тез кірлейді!

✅ 5. Жүннен тоқылған киімдеріңізді жуып жатқанда суға 1 ас қасық ас содасын салыңыз ол: түсін жаңартып, жаман иісті кетіріп және жағымсыз иістердің ұзақ уақыт жұқпауына әсер етеді!

✅ 6. ақ нәскидің және гольфидің кірі оңай кетсін десеніз: суға 1-2 ас қасық борная кислота қосып бүкіл кіріңізді сол суға 1-2 сағатқа салып қойыңыз, жуған заттарыныз жарқырап шыға келеді!

✅ 7. Сүлгіңізді және xалаттарыңызды жуып болған соң тұздалған суға батырып алыңыз, үлпілдек, жұмсақ болып шыға келеді!

✅ 8. Перденің түл матасын жуып жатқанда ішіне кішкене сүт қоссаңыз жап жаңа болып шыға келеді!

✅ 9. жуылған затыңызды ыстық сумен ағартқыңыз келсе заттарыңызды салмас бұрын суға нашатыр спиртін қосыңыз: 1 ас қасықты әр 10 литірге!

✅ 10. Майда-ұсақ заттарды жол үстінде немесе қолайсыз жерде дереу жуып алу керек болса: полителен пакетине заттарыңызды салып ішіне кішкене су қосып (өз қалауыңызбен парошок немесе, ас содасын қоссаңыз болады, лимон сығындысын, этил спиртін, сабын қосуыңызға болады)

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!