Киізден аяқ киім жасау технологиясы

0

Киізден аяқ киім жасау технологиясы
Сабақтың мақсаты:
1. Киізден қысқа қонышты аяқ киім жасау технологиясын үйрету.
2. Киізден жасалған бұйымдарды көрсету арқылы оқушылардың қолөнерге деген қызығушылығын арттыру.
3. Оқушылардың жүрегіне жол тауып, олардың бойында еліне, жеріне, ұлттық өнерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: «Аяқ киім үлгілері, киізден жасалған бұйымдар, плакаттар, альбом, фото сурет т. б.»
Құрал жабдықтар: жүн, сабын, кленка, қайшы, қатты қағаз, тостақ, оқтау, елеуіш т. б.
Пән аралық байланыс: биология, сызу, бейнелеу өнері.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: жинақтау, түгендеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: өткен тақырып бойынша сұрақ – жауап.
1. Жүнді бояу алдындағы өңдеу жұмыстар
2. Жүнді бояу үшін қандай табиғи бояулар қолданылады?
3. Кәзір қандай бояулар қолданамыз?

Жаңа сабақ түсіндіру жоспары: киіз аяқкиім жасау технологиясының тиімділігі.
1. Киізді пайдаланып кәдеге жарату, іске асыру.
2. Қазақ ұлттық қолөнерге қызығушылығын арттыру.
3. Шеберлікке, әдемілікке, ұқыптылыққа тәрбиелік мәні зор.
4. Алған білімдерін өмірге пайдалана білуге үйрету.
Қажетті материалдар:
 Жүн
 Сабын
 Клеенка немесе линолеум
 Тюль су өткізетін материал
 Елеуіш су құятын
 Суға арналған тостаған
 Ине

Аяқкиім жасауға кететін жүн шығыны аяқкиімнің өлшемінен түріне байланысты әр – түрлі болады. Сызбаның базалық негізін жасап алу үшін қалың қағазға немесе кардонға 39 – өлшемді табан сұлбасын салу керек, жан – жағынан 4 — 5 см қосу керек. жүннің мөлшері 280 г.
Бүгінгі сабақта жасайтын «С» қысқа қонышты етік.

Киізден жасалған бұйымдар: (слайд бойынша көрсету)

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласы
Аягөз аудандық білім бөлімінің
«№4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Технология пәні мұғалімі
Койшыбаева Мейргуль Тилеубековна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!