Киіз үй слайд, презентация — Қазақ тілі
Киіз үй слайд, презентация
Киіз үй
Қазақ халқының көшпелі тіршілігіне сай, негізгі баспанасы киіз үй болған. Киіз үй тез құрылады, тез жиналады. Қолданыста өте ыңғайлы, көшіп – қонуға лайықты.
Киіз үй негізгі төрт бөлшектен құралады. Ол – уық, кереге, шаңырақ, есік. Олар мықты ағаштан жасалады. Киіз үйді тігу үшін, алдымен керегелерді керіп, таңғышпен байлайды. Содан кейін шаңырақты көтереді. Шаңырақты салт бойынша сол үйдің иесі ер адам көтереді. Шаңырақ пен керегенің арасын уықпен бекітеді. Уықты баумен байлайды. Содан соң киізбен жабады. Киіз үйдің есігін ағаштан әдемілеп жасайды. Киіз үйдің жамылытқысы : туырлық, түндік, үзік деп үшке бөлінеді. Бірінші туырлық / керегені /, содан кейін үзік /уықты / жабылады. Ең сыртынан түндік /шаңырақты/ жабылады.
Киіз үйдің іші төртке бөлінеді. Ортасында тамақ асатын ошақ орнатып қояды. Ошақтан жоғары бөлігі “ төр”, есік жағы “ босаға” аталады. Үйдің оң жағында ағаш төсек, көрпе жастық жинайды, сол жағында тамақ салатын кебеже, ыдыстар қойылады.
Кереге- деревянная решетка служащие стеной в юрте
Таңғыш- специальная веревка для закрепления
Босаға, табалдырық- порог
Уық- тонкая, крепкая унина, соедияющаяя шаңырақ и кереге
Күлдіреуіш-перекрестные рейки в круге юрты
Туырлық- первый войлок, которыс покрывают юрту
Үзік- кошмы, укладываемые выше туырлық и ниже түндік
Түндік – четырехугольный войлок, покрывающий шаңырақ