Кестелік көбейту және бөлу, бір таңбалы санға кестелік көбейту және бөлу

0
Сабақтың тақырыбы: Бір таңбалы санға кестелік көбейту және бөлуді қайталау
3 сынып
Сабақта меңгерілетін дағдылық мақсаттар: Бір таңбалы санға кестелік көбейту және бөлу туралы есептерді өз бетінше шығару іскерліктерін қалыптасады.
Басы
Екі шеңбер жасап тұрып, қарама — қарсы тұрған оқушының жақсы қасиеттерін айтады. Санау арқылы топқа бөлу.
Математикалық диктант.
(10+80)*5=450 (13+27)*4=160
(24+6)*2=60 (12+18)*3=90
(100+80)*5=900 (100+70)*4=680
(400+60)*2=920 (200+80)*3=840

Ортасы
Электронды оқулықты тыңдау.
Бірлесіп жазу
Түсіндіру ресурстарымен танысу.
Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындау.
Бір таңбалы санға кестелік көбейту және бөлу

Сергіту сәті
«Сергіту жаттығулары — энерждайзер.
«Поезд» жаттығулары психологиялық және физикалық қобалжулықтан арылу, дұрыс пікір қалыптастыру. Ойын шеңберде өткізіледі. Алдымен бірінші, екінші деп саналу керек. Бірінші қадам — алақанмен шапалақтау, екі рет аяғымен тоқылдату. Екінші қадам — екі шапалақ, бір топылдату. Қозғалыс кезекпен қайталанады: бірінші — екінші — бірінші — екінші және т. с. с шеңбер бойынша: пойыз доңғалақтарының шуылын салып көрсетеді. Ойын барысының өн бойында қарқын үнемі тездетіледі. 2 мин

Соңы
Тапсырманы орында:
Ойын «Брейн – ринг»
Екі жұмыртқа 4 минутта піседі. Дәл сондай 8 жұмыртқа қанша уақытта піседі?
— Әжей қалаға бара жатып қарсы алдынан 3 ер адамды кездестіреді. Олардың әрқайсысында бір — бір қап бар, әр қаптың ішінде бір мысықтан бар екен. Қалаға сапар шеккен жолаушылар нешеу?
— Торда 4 қоян бар еді. Осы қояндарды төрт бала бір — бірден сатып алды, біреуі қалып қойды. Неліктен бұлай болды?
— Қаз 2 аяғымен тұрған кезде, оның массасы 6 кг. Егер қаз бір аяғымен тұрса, массасы қандай болады?

Мектеп: Ғали Орманов
Мұғалім: С. Сарай
Бір таңбалы санға кестелік көбейту және бөлуді қайталау жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/