Керқұла атты Кендебай ертегісі слайд,презентация — Әдебиет
Керқұла атты Кендебай ертегісі слайд,презентация
Сабақтың түрі: дамыта оқыту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, айтылым, тыңдалым, «болжау стратегиясы», Топтық жұмыс, жеке жұмыс, ой қозғау, Венн диаграммасы, шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Күтілетін нәтиже: балалар ертегіден үлгі алады
Ақпарат құралдары: интерактивті тақта, слайд.
Қосымша көрінекіліктер: бүктемелі альбом, тірек сызбалар.
Білімділігі:
ертегі мазмұнын түсіндіру, басқа ертегілерден айырмашылығы мен ұқсастығын ажырата білуді үйрету, Кендебай бойындағы адами қасиеттерді нақтылап ашу;
Тәрбиелік:
Кендебай мінезін ашу арқылы адамгершілікке, қамқор да мейірімді, адал да қарапайым болуға, айналасындағы адамдарға қол ұшын бере білуге тәрбиелеу.
Дамытушылығы:
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, жоспар құру дағдыларын, өзіндік пікір айту, ауызекі сөйлеу тілі мәдениетін дамыту;
Мазмұндау жоспары:
1.Кендебайдың дүниеге келуі.
2.Керқұланың тағдыры.
3.Кендебай мен жетім бала.
4.Кендебайдың аралға баруы.
5.Кендебайдың биені күзетуі.
6.Хан бұйрығы.
7.Кендебайдың бұйрықты орындауы.
8.Кендебай мен ханның бір-біріне қойған шарттары.
9.Баланың ата-анасымен қауышуы.
10.Керқұла атты Кендебай батырдың елі.
Әр бала әр тарауды мазмұндайды.