Кеңістікті бағдарлау сабақ жоспарлау

0
221
Ересек «Ақбота» тобының ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы:«Таным»
Кіші сала: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
Тақырыбы: Кеңістікті бағдарлау «Оң жақта – сол жақта, астында – үстінде, арасында»
Мақсаты: Балаларды кеңістік қатынастарымен оң – сол, үстінде, астында, арасында ұғымдарымен таныстыру. Заттардың өзара орналасуын, орынын ажырата білуге үйрету.
Билингвальдық компоненті: Оң жақ – справа, сол жақ – слева.

І кезең – мотивациялық қозғаушы
Тапсырмаларды орындау.
3 рет аяқпен тарсылдату.
2 рет оңға, 2 рет солға
қадам басу.
Алақанмен 3 рет жоғары, 1 рет төмен шапалақтау.

ІІ кезең – ұйымдастырушылық
ізденушілік Ертеде – Айша, Әлия және Әнел деген үш қыз өмір сүріпті.
Айша – ең ұзыны, Әлия – оң жақта тұр,
Әнел сол жақта тұр.
Қыздардың қайсысының бойы қысқа? Ең ұзын қыздың аты кім?
Айшадан қысқа қыздың аты кім?
– Әр қыздың қай үйде тұратынын ойлап табындар, қарындашпен көрсетіңдер.
– Биік үй қай жақта?
Одан аласа үй қай жақта?
Ең аласа үй қай жерде?
Бір күні Айша, Әлия және Әнел орманға барады. Өзенге жақындап келіп, олар мынаны көреді: өзен жағасына да екі ағаш өсіп тұр екен, оның аласасы – шырша да, одан биігі – ұшы әрең көрінетін қарағай.
– Шырша қай жерде орналасқан? Қарағай ше?
– Орманда қыздардың нені кездестіргенін жұмбақты шешу арқылы табыңдар.

Жұмбақтар:
Үсті толы ине,
Бірақ та іс тігіп
Қадамайды түйме.

Бұтақтарға секіріп,
Әр жерден қылт етеді
Кейде жаңғақ кеміріп,
Жоғары өрлеп кетеді.

Қорыққанда жел аяқ,
Отырғанда томардай – ақ

Сергіту жаттығуы.
Ал, балалар тұрайық.
Үлкен шеңбер құрайық,
Алақанды соғайық.
Оң жақтағы балаға,
Шапалақты соғайық.
Сол жақтағы балаға,
Шапалақты соғайық.
Жоғары төмен қарайық,
Орнымызды табайық.

Дәптермен жұмыс
1. Тор көзді салып бояу.
2. Тор көздің оң жағындағысын –
Сол жағын бояу.
Кеңістікті бағдарлау «Оң жақта – сол жақта, астында – үстінде, арасында» жүктеу

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/