Кемел кісі ілімі
Кемел кісі ілімі
Жоспар:
1.1. Кемел кісі қалыптастыру жолы
2.1.Кемел кісі ілімінің мәйегі.
Қорытынды
1.1§.КІСІ қалыптастыру,оны өңдеп жетілдіру кезеңдері
Адамтану қазақ ілімінде текті жан –толықсыған кісі болып тумайды. Кісі болып қалыптасу үшін дамудың көптеген сатыларын басып,кезеңдерінен өтуі тиіс.Мысалы кіндігі түсе бесікке салынып, мойны беки қырқынан шығарылып, құйрығын басса, құйрық басар жасап, еңбектеуге айналғанда,бауыр аяқ жасап,қадам басарда тұсауын қиған. Бесікке саларда бөлеу әнін орындайды. Бесік жыры үнемі айтылады.Қауым арасында бала жасын былай атап,төмендегіше топтайды.Бір жас аумағында-шарана, шақалақ,нәресте атаулары қолданылады. Бір мен екі аумағында ,қыз баланы бөпе, ұл баланы бөбек дейді. Екіден үш аралығын-бүлдіршін деп жалпылай атаумен қатар бірден үш жас арасында өбектеген,еркелеткен атаулар өте көп. Мысалы, тәттім, томпағым,торғайым, балапаным, қозым, гүлім,айым,күнім,жарығым,жұлдызым қатарлы қазақ ананың санына сай бүлдіршіндерді еркелетіп атайтын өз есімдері бар болған.Осы шақтағы сәбилер табиғаты осылай аймалап, өбектеп, еркелетіп қолпаштап, қолтығынан демеп, көкке көтеріп талпындырып отырғанды қалайды.Еңбектеуге таяғанда қолды-аяққа тоқтамай талпынып,ұшып кете жаздайды.Мұны қазақтар «қанатты» шақ дейді.Осы жағдайды білмейтін талайлар нәрестенің қанатты шағында оны «ұшырып» құлатып та алған.Үштен бес жас аралығында балдырған, балауса атанады. 6-7-8 жас бала, балақай, 3-12 жас арасы ойын баласы,7-13 жас жасөспірім,13-15жас арасы ересек бала,жас жеткіншек,15-19 арасы бозбала,бойжеткен 20-30 арасы жігіт,қыз аталады.Қыз айттырылғаннан кейін қалыңдық аталуымен қатар, құдалық рәсім жасалып, қалыңдықты болғандар күйеу бала атаып,жас жігіт, күлше қыз атауы олардың абырой атағын, айбарымен намысын ала келеді.Қазақ қызы,қазақ жігіті деген атаулар-үлкен жауапкершілікпен, борышпен,ар-ұятпен, міндетпен астарласып тұратындықтан оның бет-беделін,намысын сақтау үлкен ерлік пен ыждақатты тілейді.Бұл атаулар қазақ үшін аруақты да,ардақты рәміз саналады.Алпысқа келген сарыкідір әйелді де ұлықтағысы келсе:«Әй,біздің қыз!»-деп шақырады,абыройын арттырғысы келсе де:«Әй, біздің қыз»-деп қаратады.Ал, ерлерді алпыстан асса да, «отағасы, елағасы,жігіт ағасы»-деп құрмет көрсетеді.
Бүгінгі педагогика мен психологияда айтылатын даму кезеңдерін, қазақ жұрты тым ерте танып білген,осы кезеңдердің әрбіріне ат беріп,атап өтіп отырған.Осы кезеңдерде жасалатын бағым- күтім, көрсететін үлгі-өнеге, игерілетін машық дағдылар мұқият дараланып, өте орынды тәсілмен жүзеге асырылған. Қазақ ата-аналар,бала дамуының әр кезең ерекшеліктерін өте дұрыс танып білген. Ал,ата-әже және әке-шеше үшін бала жасы оның еңбекке араласуына сай төмендегідей аталатын. Ермегім, алданышым, қолұшым, қолғанатым, серігім, сүйенішім, асыраушым. Қолқанат бола бастаған шақта олардың жасы атқаратын міндетімен аталатын. Қозы жас;қой жас;жылқы жас; патша жас;аңдушы; қағушы; суқұяр: атқосшы; көрікші ; соғушы; аутартар;ескекші. Жыл бойында атқарылатын еңбек науқаны, балаларға олардың жасына сай еңбек мейрамын-(әулет мектбін) сыйлаған-ды.Төл аяқтандыру, қырқын,төл пішу,шөп шабу, егін ору,соғым сою сияқты еңбек науқандары бітісімен, қазақтар, салттық мейрам жасап, оны әулет мектебіне айналдырған. Мысалы:сірге жинар,төстік қаптар, соғым бас,көгентүп жасау, пішен той,сабан той т.б
Шаруа отбасында тәрбие,үлгі-өнеге көрсету іс- әрекеті, әулет пен тайпаның, рудың шынайы өмір әрекеттерінен айырмашылығы аз еді.Тәрбие құралдарының аясы атам заманнан қалыптасқан шаруа отбасының қатынастар жүйесіне, еңбек қимылдарының ауқымында жүзеге асырылатын. Өнегелер міндетті түрде өмір белестерінде өріліп, тәрбие еңбек қимылдарының ауқымында жүзеге асырылатын. Мәселен бала қозы жасында-қозы бағып,бұзау қайыруға тиісті болған.Тезек теріп, шөмшек отын дайындау да,осы жастағылар үлесіне тиген.Мал сауып,төл бөлу,қозы көгендеп, құлын тарту қозы жасындағы балалардың басты еңбегі еді. Қазақ ұғымында, азамат қалыптасу негізі 3-13 жаста қаланады.Қозы жасындағы бала онбеске толысымен отау иесі делініп,қозы бағудан қой бағуға ауысады. Ол,жәй ғана солай ауыстыра салу емес,үлкен оқу,мүқият баулудың нәтижесі. Қозы бағу оңай болмағанымен,қой бағу тіптен қиын. Бүл жастағылар,ата кәсібін-маман иемденуі қажет.Сондықтан,он бес пен жиырма бес арасын қой жасы деген.Он беспен жиырма бестің арасын қой жасы деуі-бір қора қойды ит-құсқа жем қылмай, жоғалтпай бағу,жауын-шашында,боранда аман сақтау, азаннан қас қарайғанша жалықпай жанында болу,жалғыз жүру осы жастағы адамдардың ғана қолынан келеді. Бұл қой жасынан еті тірілер, шыныққандар, сенімділер ғана өтіп,жылқы жасына ауысады. Қашан да болмасын,жиырма бес жас- белдің бекіп, бұғанасы қатайып,өсіп жетілген, тебіннің күшейген кемел шағы. Ат құлағы көрінбейтін боранда, түкірігі жерге түспейтін қаңтардың сары шұнақ аязында. тұмсығына оқтаудай мұз қатқан, кірпігіне ақсүңгі қырау тұрған атпен жүріп үйір-үйір жылқыға ие болу,күртік қарды белуардан ойып тігілген қоста жатып, жылқы отарлату,ұтылап тосатын,ұлып артыңнан қалмайтын қалың қасқырға шалдырмай,екі күннің бірінде тебініп келетін сақадай сай жауға алдырмай жылқы бағатын, жиырма бес пен қырық жас арасындағы жігіттер ғана. Жылқы жасындағы қазақ,ата кәсіптің ең маңдайлысы-жылқышы мамандығына қол жеткізуі тиіс.Бірер дарындылары,осы жаста атбегілік өнерін игерген.Қырық пен алпыс арасын патша жасы деудің өзіндік мәні бар.Қырықты қазақтар әспеттеп, қынынан суырылған қылышқа теңейді. Себебі, осы жастағы өнер иелері өрге жүзіп баршаға танымал болады, таланттылар атағы әйгіленіп, халық алдында көзге түседі, шешендері билік жасап, бағалана бастайды.
Қазақта мүшел жас ерекше жиі қолданады және оны есептеу үшін жыл қайыру амалы енгізілген.Көптеген халық жылды мүшелмен есептейді.Қазақта жыл қайыруды жас мөлшерін есептеумен қатар әр мүшелде игеруге тиіс білім, білік, дағды-әдептің игерілу дәрежесіне есеп жасау сынап қорытындылау өлшем мөлшерін тағайындап қойған.Дәлірек айтқанда,КІСІ қалыптасудың кезеңдерін осылай белгілеп, қойылған талаптардың орындалуына бақылау қоятын амал-айласын тағайындап,оны қолдану жолын көрсетіп қойған. Он екі жыл уақыт мүшел деп аталады. Мүшелдегі жылдар он екі түрлі жануардың атымен аталады Бұлардың алтауы-үй жануары, алтауы түз тағысы.Осы кезде,кәзіргі жыл санау мен ескі жыл айыруды кестелеп пайдалану жиі қолданылуда. Мүшелдегі жылдардың ретін еске сақтаудың оңай әдісі бар.Ол үшін мына бір шумақ тақпақты жаттау керек. Түйе сеніп бойына, Қалған ұмыт жылдардан, Жатпа қарап,мойыма, Тайма именіп ділмәрдан./С.Мұқанов/ Осы шумақтағы әрбір сөз жыл санауда қолданылып жүрген жануарлар атының алғашқы әрпінен басталады.Түйе-тышқан, сеніп-сиыр,бойына-барыс, қалған-қоян, ұмыт-ұлу, жылдардан-жылан, жатпа-жылқы,қарап-қой, мойыма–мешін, тайма-тауық,именіп-ит,ділмардан-доңыз. Бірінші мүшел-13 жас(балалық шақ, азамат қалыптасудың ірге тасы қаланады Қазақ атамыз,сәбилік , балалық шақтан соң жастық шақты атайды.Ол-онбестен жиырма бес жасқа дейін Он үште-отау иесі деген сөз бар.Бұл есеюдің басы. Ертеде әке-шешеден бірдей айырылған,бірнеше балалар топтасып жетім қалатын жағдай да болатын.Егер,осы балалардың ортасында он үшке толғаны жоқ болса,ағайын-туыстары олардың мал-мүлкін бөліп алып, асырап бағатын.Балалардың біреуі он ұшке толған болса,ұлды үйлендіріп, қызды тұрмысқа шығарып,ол шаңырақты не ұлға,не күйеу балаға бастыратын.Олар бауырларын асырап бағып,қатарға қосатын-ды.Шаңырақ басқан күйеу-күшік күйеу болмайтын.Балдызының алды 13-15 ке толған соң, оны отау иесі болдырып,үйлендірген соң өз ата-анасына,еліне,руына кететін-ді.Он үш жаста өз басын ғана емес,бір шаңыраққа ие болатын,бауырларын асырап баға алатын дәрежеге жеткізіп, қазақ ұрпағын өмірге дайындаған.Бұл салт шығыс жұртының көпшілігінде болған.Осы дайындықтың игерілу дәрежесін жыл сайын Наурыз айында жастардан емтихан алып,сынақтан өткізіп отырған.Мысалы,осы шақта қыздардың күресіне дейін ұйымдастырған.Бозбалалар мен бойжеткендердің үйренген өнерін,алған біліміне бақылау жасаған. Екінші мүшел-25 жас.(Ұлтжандылықтың ұшқыны алаулаған шақ) Бозбалалықтан өтіп, (бойжеткен, қалыңдық атанудан өтіп жар болған жас) жігіттік жетілу,азаматтық нығаю, адамгершілік толысу жасы.Қазақтың бәрінің шаттықпен еске алатын қайрат-күштің,талап жігердің алаулау жасы.Жігіттік шақ халық талқысына түскен,жамағаттың сынынан өтіп, танылуы тиіс кезең. Сондығынан болар,Жігіт сыны,қыз сыны, әйел сыны,жігіт сұлтаны,азамат байқауы, додасы, сынағы, жарысы қатарлы сан түрлі әйгілену, анықталу,шаралары өмірге келген,оларға қойылатын талаптар мен сынақтар жасалып, оларды өткізу тәртібі, ережесі ұсынылған.Осылай жұрт тезінен өткен жігіттер мен қыздар КІСІ болып қалай қалыптасып келе жатқанын қауымға көрсетіп,сынақ тапсырып отырған. «Жігіттің де жігіттік ниетінен байқаңдар,ниеті қалыс жігіттің жүрегінде сайтан бар»-дейтін халық,жігіт сынын әр кез,айтып,оларды тану жолын көрсетіп, бойындағы жаман мінез,сөлекет қылық, тұрлаусыз әдеттерін жойып отырған.Қазақта «жігіт сыны,қыз сыны»-деген жігіттер мен қыздарды танып білу ережесі,жақсы-жаман қыздар мен жігіттердің ішкі-сыртқы санасын, мінезін, жүріс-тұрысын,ақыл-ой парасатын бағамдайтын өлшем қалыбы да бар.Ұл және Қыз сынын жырламаған бірде-бір ақын,жырау жоқ.Адамтанушы Шалақын (1748-1819);«Бір жігіт бар-құр жан,бір жігіт бар-тірі жан,бір жігіт бар-жігіт жан.Құр жан дейтін жігіт кеудесінде жаны бар,ешнәрсені бітірмейді;тірі жан дейтін бар тапқанын киімі мен асқа сатар жақын көрген досын жатқа сатар,қызыл белбеу шонқима етік,үкі тағып,әркімді бір сықақ қылар;жігіт жан дейтін жігіт-сегіз қырлы бір сырлы болар.» Ал,қыз сынын: «Ерімнің бір тұрманы үзеңгісі,Қыз онбесте келеді түзелгісі,Аяғын көр асын іш деген сөз бар,Шешесін көр қызын ал,сол белгісі.Уа,жігіттер әйел алсаң қарап ал,ақылдысын,Ол сенің ахиреттегі жақын кісің»-деп жар таңдаудың мақсатын ашып берген.«Басына бақ қонатын қазақтың ұлы епті, қызы көрікті болады». Есею шақ жиырма бестен отыз үш жасқа дейін. Кемелдену шақ-отыз үш жастан,жетпіс төрт жасқа дейін. Үшінші мүшел-37жас. Алды-артына көз тастап,ой жүгіртетін,ақыл тоқтатқан, азамат атанған, «орда бұзуға да»- қайрат-күші жеткілікті,нағыз жас қазақ. Осы аталған әр мүш-елде,КІСІ қалыптаса отырып,белгілі адамшылық қасиеттерді игереді,өмір заңдылықтарын танып біледі,тәрбие көріп,тәлім алады.Ертеде өмір сүрген Қоныс батыр Қожабек деген байдың қызы Тананы алмақ болады. Үлкендер құда түсейік десе, олардың ақылына көнбей, қызға күшпен үйленгісі келеді. Бір күні Қоныс жігіттерімен келіп, бір төбенің басына шатыр тіккізіп, Қожабекке кісі жібереді. «Қызын берсе қолынан, бермесе жолынан аламын» дегенді аңғартады. Сонда Тана әкесінің сасып отырғанын сезіп: «Батырға өзім барып жауабын беремін», — деп бір топ қызбен төбе басында отырған Қоныс батырға барады. Батыр оларды менменсіп қарсы алады. Тана қыз:- Айттырар мырзамыз қымсынып отыр ма, әлде қырсығып отыр ма? — деп тіл қатады. Қоныс батыр ашуланып:- Сен қыз алдымды орап, арбамай, ақтық байламыңды айт, — дейді. Тана:- Ашу — дұшпан лағынет,Сабыр ет, батыр, сабыр ет.Тоты құстай таранған,Көз тояттар көркім бар.Семсерден өткір сертім бар,Соны айтайын алдымен, Жігіт болсаң, сөз тыңдар. Мені ұнатқан жігіттің басты екі қасиеті болуын қалаймын. Алдымен ақылдылығыңды, содан кейін батырлығыңды сынаймын. Осы екі сыннан өтсең, мен сендікпін, — дейді. Бұл шартты Қоныс батыр құп алады.Тана:- Ер жігіттің үш серігін, адам бойындағы алты асыл қасиет пен үш асыл мінезді білесің бе? Өмірдің арқауы, өркені, өзегі не? Тірліктегі үш байлық пен тоғыз жамандықты айт, — деп сауалдар қояды. Батыр бұларды шеше алмайды. Сонда Тана қыз солардың жауабын өзі төмендегіше шешіп береді:- Ер жігіттің үш серігі:Айнымас адал жұбайы,Астындағы аты сапарлас болса ұдайы, Шыңдалған ақыл-айласы,Шымырлап тұрса шынайы. Адамдағы алты қасиет: Зерде — зейіні тылсым сырларды ұға алатын,Өнер — өрісі өмірден әперер сыбағасын, Тапқырлық — талап, ерлігі дұшпанға найза сұға алатын,Жігер-күші — аяқтан шалғанды жыға алатын,Қайрат — қаруы қиындықта сыналатын,Білім қанаты — биікке бастап шығар-атын. Үш асыл мінез:Шыншыл болсаң — қол жетпес шыңда өскен шынарсың,Әділ болсаң — аңқылдақ, ізгілікке құмарсың, Адал болсаң — ақжарқын, жақсы іске билік қыларсың.Өмірдің арқауы, өркені, өзегі: Адам өмір сүруі үшін –су, от,тұз, ақыл қажет. Су тіршіліктің нәрін береді,от өмірдің сәнін береді, тұз астың дәмін келтіреді, ақыл –мәнін береді. Ханнның ақылы тағында,Әкімнің ақылы жанында,Ғалымның ақылы басында, Ананың ақылы жасында,Жігіттің ақылы жақсылығында, Ақымақтың ақылы кім көргеннің қалтасында.Тоғыз жауың тағы бар:Басты жауың — жалқаулық, сорлататын жаныңды, Осалдығың — аңқаулық, соқтыратын саныңды,Жасқаншақ болсаң-ұры алар, қоралап қойған малыңды,Жалатқызбас жасықтық -аузыңдағы балыңды. Өтірік айтсаң өңмеңдеп, жоғалтарсың арыңды,Өсек терсең телмеңдеп, суға кетірер салыңды. Көпірме босқа мақтан ғып, түкке тұрмас барыңды , Көрінгенге жалтақтап, бола алмайсың жағымды, Біреуді алдап, арбаумен аша алмайсың бағыңды. Адамдардың сана-сезімін, адамшылығын жоғары деңгейге көтеру, оның тәжірибесі мен ақыл-ойына, зердесіне байланысты қалыптасады. Әрбір КІСІ, бойында иманы бар, өмірдегі кездескен мәселелерді, міндеттерді, мақсаттарды іс жүзінде шешуге тырысуы тиіс болған. Егер адамның түсінігі жеткілікті дәрежеде болмаса, білімі жетіспесе, онда ол қоршаған ортаны сыни көзбен түсініп, тұжырым жасауға қабілеті жетпейді. Сонымен бірге, егер КІСІ біліммен ғана сусындап, рухани мәдениетке көңіл аудармаса, онда оның алған білімі жеткіліксіз, сыңаржақ болып қалады. Сол себепті әрбір адам, халқымыздың рухани мәдениетінің барлық бағытынан нәр алып, жан-жақты дамуы қажет. Сонда ғана ол жан-жақты дамыған салауатты азамат болады. Ол адам қоғамдық өмірдің барлық қарым-қатынастар саласында, барлық әлеуметтік құрылымды өзгертуге ат салыса алатынын халқымыз ұзақ жылдық КІСІ жетілдіріп, өңдеу тәжірибесі арқылы қорытқан. Мысалы,қазақта:-бес асылды бойға сіңіру;-алты барлықтың қадірін білу;-жеті атасын саралап,тегін тектей алу;-сегіз парыз-қарызды өтеу;-тоғыз жаудан аулақ болу;-он қағиданы ұмытпау сияқты өмір заңдылықтарын білмесе оны ұстанып басшылық етпесе, ол адам-КІСІ дәрежесіне көтеріле алмаған-деп есептеледі.Бұлардың сыртында,қазақ ғалым-ғұламаларының, ойшылдарының ақын-жыраулары мен би-шешендерінің айтып кеткен аманат өсиеттері, даналық тұжырымдары мен пайымдауларын еске сақтап,терең түсініп, ұлағат еткендер ғана КІСІ аталатын.Арамызда,ата сақалы аузына шыққан аталар мен самайын ақ шалып,әже аталса да,КІСІЛІК дәрежеге көтеріле алмағандар аз да болса кезігуі текті тұлға өңдеп жетілдіруде, тәрбиелеп қалыптастыруда кеткен қателіктің кесірі екені жасырын емес.Айталық:
1.Жастықтың қадірін білу:жастық шақ–қайта айналмас алтын дәуір,өнер-білім үйренетін, әрқандай қиындықты бұйым ғұрлы көрмей,аңсаған арманға жетіп,бақыт-байлық жарататын, арындаған,жалындаған,дәуір екенін шынайы ұғынып, және оны ғанибет біліп,жастық шақты мәнді,мағыналы өткізуге күш салу. Жастықтың қадырін білу-уақыттың қадырін білу. Уақыт әрі сыншы,әрі сарашы,әрі қатал безбен.Қазақтардың сағат сатып алсаңда уақытты сатып ала алмайсың деп ескертуі өте орынды. Уақытты босқа өткізбей, мәнді пайдалану үлкен мәдениет.
2.Денсаулықтың қадірін білу: қазақ халқы «бірінші байлық –денсаулық»-деп, денсаулықты бәрінен жоғары қояды, денсау-лыққа ерекше көңіл бөліп,түрлі әдіс-амалдарды қолдана отырып, денсаулықты қорғау,денсаулықтың қадір-қасиетін ұғынуды дәріптеген.Қазақтың тұтынған,ішіп-жеген ас-суы,әрі табиғи, әрі өте таза болған. Тазалықты ерекше дәріптеп,адам ағзасына қылдай зияны тиетін бір де-бір дәмді аузына салмаған. Әрі жасына сай келетін тамақтар мен ауқаттанған.Қарттарға жылы-жұмсағын,нәрлі жұғымдысын ұсынса,жастарға әл-қуат берелік ,күштілерін таңдаған. Жеткіншектерге «бір аяқ қымыз-дың,екі аяқ желігі бар»-деп,қымыздың өзін шақтап ішкізген. Қырыққа келмей ашыған немесе бозаны ауыздарына да алғызбаған.Тамақты аузынан шыққанша обырланып, қомағайланып алуды үнемі шектеген. Киімнің өзін жыл мезгіліне сәйкес киіндіріп, «тоғыз қабат торқадан,тоқтышағымның терісі артық» -деп,ғұмыр кешкен өлкесінің ерекшелігіне сай киіндірген.
3.Өмірдің қадірін білу;«Өмір деген –бұйым емес қолдағы, Өмір дейтін – ұлы бекет жолдағы». /М.Мақатаев/ «Өмір-теңіз, өтіп кетем демеңіз, Ізгіліктен жаралмаса кемеңіз» /Рудаки./ «Өмірдің қызығын көрудің бір-ақ жолы бар батыл болып, жеңілістер мен ауыртпалықтардан қорықпау» /Дж.Неру /
Өмір жолы көшкен керуен соқпағы тәрізді. Оның бұлтарысы да, жазығы да көп. Асуы қиын асқарымен қатар, төмен қарай құлдырап өтер ылдиы да болады. Керуен жолы кейде ұзақ, кейде қысқа келеді. Бірақ қауіп-қатерсіз, қиындықсыз болмайды. Ойламаған жерден жел тұрып, сұрапыл дауыл соғады, қалың жауын нөсерлей құйып, бұрын суы толарсақтан келер тайыз жыра, кенет сарылдай аққан, өткел бермес, долы өзенге айналады, көшті бөгейді. Бұндай бөгеттен тек шаршамайтын, талмайтын керуен ғана өте алады.Тоқтамай көшіп өзінің деген жеріне жетеді.( І.Есенберлин.)Көз аөтті. Біріне-бірі жалғасып келіп, біріне-бірі айқасып жатқан әдемі шақ, қымбат күндер жүрегіңді жүз бұрап, сол күйінде қайтадан есіңе түседі. Бір тізбегі – сегіз жылдық бақытты шағың, бала кезің; одан соң оқумен өткен он жылың, одан кейін – армия, майдан. Шынын айтқанда менің өмірім-қазақтың жас жігітінің өмірі жаңа ғана басталды.( Б. Бұлқышев) Өмір дегеніміз-баға жетпес асыл зат. Өмірді дүниеде еш нәрсемен салыстыруға болмайды. Өмір әрқашан өз бағытымен енеді. Өмірді қалай өткізуімізді өзіміз білеміз, өз еркіміз. Өмір дегеніміз-баға жетпес бақыт. Өмірге келген әрбір адам соны лайықты өткізу керек. Өмір дегеніміз-адамның шыр етіп дүниеге келгенінен о дүниеге өткенге дейінгі аралық. Сол аралықта пенденің қуаныш-қайғысы, демалып, тіршілік етуі, жақсылығы мен жамандығы, яғни бір сөзбен айтқанда сол ортаға қалыптасуы. Өмірдің өзі өзен бір ағынмен жүріп отырады. Бірде асау-толқындар кездессе, бірде жайшуақ күндер болады. Өмір дегеніміз-Алла тағаланың бізге берген сыйы, бір мүмкіндігі. Өмір кейде жұмсақ, кейде қатал болады. Бірақ адам өмірге қайталап келмейді. Әрбір қиындықтармен күресе білу керек. Өмір дегеніміз-адамға бір-ақ рет берілетін баға жетпес тәңірдің сыйы. Осы өмірін әркім әрқилы өткізіп алады. Өмірдің әрбәр сәтін мәнді де, сәнді де өткізу керек.
4.Халықтың қадірін білу;Халық күллі бақыт-байлықтың қамбасы,дүниенің қожасы екенін шынайы түсінуге тиіспіз. Халықсыз қара жерде құлазитығын ұғыну.Көппен көрген ұлы -той.Елдің күші –селдің күші.Жаңғыз жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас.Көпті жамандаған көмусіз қалар.Бас жарылса бөрік ішінде,қол сынса жең ішінде.Мұның бәрі халық үшін,елің үшін,Отаның үшін еңбек етіп,баршаға пайдаңды тигізіп,ұлтыңа жан ашырлықпен,ұлжандылықпен қараудың қарапайым ережелері.Бұл асыл қасиеттер бала бойына,жас шағынан,ана сүтімен сіңісіп,КІСІ болып қалыптсасу барысында толысуы тиіс.Төртеу түгел болса төбедегі келеді,алтау ала болса ауыздағы кетеді. Береке бірлік қайда болса,ынтымақ игілік сонда топтасады. Сондықтан халықтың қадірін білу ең маңызды қағида.
5. Ағайын-туыс,дос-жаранның қадірін білу; есейген әрбір адам, ұрпағына,туыс туған,дос-жаранның көрсетер көмегін, тигізер ықпалын,демеу-сүйеуін жас шағында айтып,ескертіп, олардың алдындағы борыш міндетін ұғындыру арқылы олардың қадір-қасиетін бағалай алатын халге жеткізетін. Кешегі отағасы-әкеде суық қабақ,отанасы-шешеде өр мінез,қазыналы қарттарда ақылман абыздық болған.Иә,кешегі отбасында; сотқарын сүмірейтіп отырып, түзеп алатын талқысы,жетесізін желкелеп отырып жөнге салатын айбары, жалқауын зорлап отырып еңбекке жұмылдыра алатын уыты, дөрекілерді жүндей түтіп,жібектей мінезді ұл мен қыз жасай алатын тезі, бәрі бәрі болған.Осының бәрінде,әкенің орны ерекше еді.«Әке-асқар тау,ана қайнар бұлақ,бала-жағасындағы құрақ».Әке әркімнің сүйенер тіреуі.Әке әркімге қымбат.Әкені ардақтай білу ата салтымыз. Отбасында,әкенің отырар орыны, жатар жайы,ішер асы, сөйлер сөзі ,атқарар қызметі бәрі-бәрі айрықша еді. Оның жаңағы аталған тұтынатын бұйымы,іс-әрекеті бала үшін киелі де,салмақты. Мысалы әкенің бас киімі қайда тұру керек,оны қалай дайындап, ұсыну керек,басқа адам немесе балалары кіюге болама,жок па?Тізе берсек,әкеге қатысты әдептің қалыптары мен өлшемдері көп-ақ.«Алты аға бірігіп әке болмас,жеті жеңге бірігіп ана болмас»,«Өсірген баптап баласын, әкеден үлгі аласың.Бар өнерін үйреткен,әкелер тіптен салмақты-ақ.Айтайын шын жүрекпен,Әке деген ардақты- ат.Ту етемін, қашанда, Әкетайым, ардақтап!» Құрмет пен ардаққа лайық әкені өмірге дайындаған ұлттық үрдісіміз негізі осал емес! Әке-сыйламағанның жақыны кем.Ана сыйламағанның ақылы кем.Ананың мейірімі көзінде,ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде. Ана мен әкенің тәрбиедегі орны туралы түсінік қазақ халқында ерте қалыптасқан әрі ауқымды-ақ. Туысқандық мейірім. «Туысы бірге түтпейді,түбі бірге кетпейді», «Ағайынның азары болса да безері болмайды», «Қанды қалпақ кисе де,қиыспайды туысқан» деп,қазақ,туыстың ешқашан қиыспайтын нәзік сезімін көрсетеді.Ағайын арасында қандық,тектік қатынастың сырлы байланысы бар екенін байқай білген.көңілге шаттық құятын аса мәнді құбылыс.Иә,достық- біздің туымыз, ұранымыз. Достық ел мен ел,халықтармен халық арасын байланыстыратын дәнекер. Достық адам мен адамды туыс-тыратын,адамның мейірін өсіретін,мәртебесін көтеретін, рухани дүниесін байытатын ұлы күш.Достасу дегеніміз-ең алдымен,адамның біріне-бірінің сенімі,бірін-бірі терең түсінуі, біріне-бірінің қалтқысыз көңіл күйі,біріне-бірінің жолдастық көмегі,ақыл кеңесі.Ертеректе ел ішінде Әйтінбет деген сөзге шешен кісі болыпты.Бір отырыста Әйтімбет шешенге замандастары:-Достық нешеу ?-деп сұрақ қояды.Сонда Әйтімбет тұрып:-Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық та, екіншісі -амал достық.-Дұрыс-ақ.Енді оларды қалай ажырата аламыз?- дегендерге: -Адал достық өмірлік нұсқа болады,амал достықтың өрісі қысқа болады,адал дос қашан да жаныңнан табылады. Ал,амал досты басыңа іс түссе,іздеп таба алмай қаласың деген екен.«Жаман дос көленке-басыңды күн шалса қасыңнан қалмайды,бұлт шалса маңыңнан табылмайды». А.Байтұрсынов: Адамға адал жолдас табу қиын Көбісін дос жасайды ақша,бұйым, Досым деп көрінгенге сене берме, Ахмет,бар болса егер баста миың.
6.Қолда бардың қадырін білу:айналадағы әке-шеше,ағайын туыстың ғана емес ел-жұрт,қауым-қоғамдағы өнер-білімі асқақ,ой-парасаты өрелі,адамшылығы жарқын,мінезге бай өнегелі жандарды қадірлеп,оларға сүйеніп КІСІлік қалпын игеру,солардың айтқанына көніп,үйреткенін үғу баршаға парыз болған. «Қолда барда алтынның қадырі жоқ,қолдан шығып кеткен соң,өкіндім-ай»-демекші барында естілер мен білімділерден естіп біліп,үйреніп қалу абзал борыш.Абай атамыздың «Егер есті кісі қатарында болғың келсе,өткенге ой жібер, «күніне бір мәртебе,болмаса жұмасында бір,ең болмаса айында бір , өзіңнен өзің есеп ал», «Өмірді қалай өткіздің екен», не білімге,не ахиретке,не дүниеге жарамды, күніңде өзің өкінбестей қылықпен өткізіппін деп ойжүгіртіп отыр» Қолда бардың қадырын білмеу ысырапшылыққа, мақтаншаққа, шашып-төгетін астамшылыққа апаралы.Жеріміз кең,еліміз бай,ауылымыз бахуатты,жүртымыз асып-төгілген дәулет ұстап отыр деп марқаюмен қатар,барға қанағат етіп,дұрыс жұмсап,орынды жаратуды үнемі есте сақтаған, шүкіршілік жасаған адам асып-таспйды,салихалы КІСІ болады. Қазақ халқы бүгінгі өз қамын ойлаумен қоса ұрпағының келешегіне үнемі қам жеген,бар байлығын соларға арнап, сақтап, қорғап,байытқан жұрт.Бар екен деп басқаға тарту-тарта бермеген,жер байлығын,ел байлығын қызғыштай қори отыр-ып,үнемшілдік пен ұқыптылықпен игере білген.Ұрпағының бірі екеу болу үшін,азының молаюы үшін барын салған.Қазақта, аш-жалаңаштық,бас панасыздық,тақыр кедейілік тарихтың көп кезеңінде болған емес.Ал,қырғын-жойғын,ашаршылық,тентіреушілік қатарлы зобалаңдар жауларымыздың жасаған арнайы, сұмпайылығы,зымияндығы болатын.
Кәрілік жетпіс төрт жастан басталады. Қарттар-тарих, қазына,ел қазығы.«Есік алды төбе болса,ерттеп қойған атпен тең. Ақылды қартың болса, жазып қойған хатпен тең»,«Ақылды қария-ағып жатқан дария», «Қариясы бар үй-құты бар үй» екені ақиқат. Аталарымыз:«Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда дәулет бер» деп тілей. жүріп,қарттық келмей қоймайтын табиғи құбылыс екендігін түсінген.Асыл қарттарымыз-ұлы байтерек болса, біз соның бүршігіміз.Қыңырды жөнге,қисықты тезге салған,осы қарттардың жолымен талай ұрпақ тәрбие алып , өнер-білімнің жолын тауып,шыңдалып жетілді,тасты тесіп өскен шынардай заңғар да,айбынды қазақтар- бабалар сынығы, асылдар тұяғыХалық өз ұрпағына қайрымдылықты ес біле бастағаннан үйретіп тиісті талап қою,дағдыландыру арқылы, оның тұрмыстық салтына,адамгершілік дәстүріне енгізе білген.Адам өміріндегі ең ізгі істердің бірі-қарттарға қамқорлық көрсету болмақ.. Отбасындағы үлкеннің кішіге көрсеткен қамқорлығы, кішінің үлкенге көрсеткен ізеті,бір-бірімен үйлесіп, баланың ата-анаға, әке-шешеге,өз кезегінде,оның бала-шағасына мейір-шапағаты ұласып,ер азаматтың еліне қызмет ету қайрымдылығының қайнар көзіне айналады.
Абыз ақсақалды, шежіре кеуделі анасы бар шаңыраққа бас сұқсаң,ашулы кітап, шашулы қазынаға тап боласың. Мұндай отбасылар саны азайғанмен,Аллаһқа тәубә, жұрнағы үзіле қоймаған,жалғасы жапырақ жайып келеді. Ал,100-120 жасқа келген қазақтар бұрын да болған,кәзір де бар. Олар адамның ұрпақ сүю,немере шөбересінің қызығын көру,бақытқа кенелу жас,абыз жас.Абыз жасына жеткен кез-келген қазақ –адамтанушы.Ол жасты келешекте кім болатынын жазбай танып,батасын бере алатын болған.
КІСІНІҢ аталған әр кезеңіне сәйкес киіну,сөйлеу, тамақтану,жатып, отырып-тұру,өнер-білім игеру,еңбек дағдысына баулу қатал ережелері-әдеп қалыптары бар еді. Олардың тұрмыс-салтында игерілуіне мұқият бақылау қойылатын.Үнемі сынап-байқап,безбендеп отыратын тамаша-сүзгілік таразысы, талқысы қазақта болған.Осы бір салмақтау, безбендеу тетігіміз тым ортайып,пәрмені бәсеңдеп,шама-шарқы әлсіздеп кеткендіктен,бетке салық,сүйекке таңба түсе бастады.Оны орнына келтіру баршамыздың борышымыз.
1.2. Кемел кісі ілімінің мәйегі
Тәуелсіз елді өркениетгі әлемге танытатын, дамыған елдер қатарында терезесін тең ететін күш — білімді ұрпақ. Білімді ұрпақ — егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани жан-дүниесі бай, білімі мен біліктілігі жоғары, талап-талғамы терең, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған тұлғаны айтамыз. Мұндай тұлғаны қазақ КІСІ деп атаған. Қазіргі жаңа қоғамда тек білімді болу жеткіліксіз, сондықтан әрбір кісінің бойында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, отансүйгіштік және тағы басқа да қасиеттер болуы керек. Жалпы адами асыл қасиеттердің жиынтығын қазақтар имандылық деген жалғыз ауыз сөзге сиғызған. Осы негізде тәрбиелі кісіні иманды жан, көргенді кісі,текті жан деп атаған. Ал, бүгінгі күнгі жиырмадан астам түрге жіктелетін(саяси, ақыл-ой, дене, әсемдік, ұлттық, экологиялық, табиғи,еркіндік,т.б.) тәрбие түрлерін имандылыққа баулу деп түсінген. Кісі қалыптастыру дегеніміз текті жанды имандылыққа баулу болмақ. Себебі иман ұғымы қазақ үшін;а)ислами- діни түсінік ғана емес,ататектен ұласқан наным-сенімдік рухани ұғым. ә).имандылық барлық діндер мен наным сенімге ортақ ұғым. Ал,ислам діні осы үшін де басқа діндерге құрметпен қарап,олардағы имани-адами ұғымдарының құзыреттілігіне шек келтірмеген.
Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері тарихымен біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тәрбиелеудегі тәжірибелері бізге сол рухани мәдениет, этикалық, эстетикалық құндылықтарын құрайтын ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, әдеби, музыкалық, кәсіби, тұрмыстық фольклорлар мазмұны арқылы жетіп отыр. Сонымен бірге ұрпақ тәрбиесіне, жалпы халықтың рухани дамуына байланысты ұлттық тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді: Қорқыт ата, Әл-Фараби, Қожа Ахмет Иассауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Асанқайғы, т.б. қазақ ақын- жырауларының мұраларынан, билер мен шешендердің тәлімдік сөздерінен көреміз. Кісілік ұғымы – ұлттық тәрбиенің негізгі қағидасына жатады. Кісілік қасиеттің жарқын көрінісі – адам мен адамды достастыру, адам бойындағы жақсы қасиеттерді көре-сезе білу және дәріптеу болмақ. Жарық дүниемен қоштасқан адамды қазақтар ешқашан жамандамай «жақсы кісі еді» деп, әділ айтқан. Онда айтпағымыз: қандай адам болса да, оның бойында бір жақсы қасиет бар, яғни ол кісіліктің белгісі екені рас болып шығады.
Жаңа тұған наресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін ие бола алмайды.Өйткені, кісі болып, ер жету үшін бала оңы мен солын, өзінің менің басқа, яғни басқа мендерден адамдардан ажырата білуі тиіс. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті өмір тәжірибесі мен білімі, бағыт-бағдары мен дағдысы, икемі мен дүниетанымы, сенімі мен талғам-мұраты бар адамды тұлға деуге болады.Тұлғаның түрлері сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, толымды, кемел немесе керітартпа, бұзық, жауыз.т.б. түрлері бар. Халқымыз кез келгенді кісі деп атай бермей, оны имандылық пен адамшылықтың басты белгісі, ес жиып, етек жабу нәтижесінде біртіндеп қалыптасатын адамның азаматтық ар-ожданы, кісілік, кескін-келбеті, адамгершіліктің өлшемі деп түсінген. Кісіліктің белгілерінің бірі ар-ұятқа кір келтірмеу, намысты аяққа баспау. Қазақта «жарлы болсаң да, арлы бол» деген сөз осыған орай айтылған. Кісіліктің жалпы белгілері: ар-ұятты қастерлеп сақтау, намыстылық, мейірімділік пен қайырымдылық, ізеттілік, адамдық пен шыншылдық, ілтипаттылық пен кішіпейілдік. Қазақ дәстүріндегі үлкенді сыйлау, оның алдынан кесе өтпеу, үлкендерге сәлем беру, үйге келгенде төрден орын беріп, кісінің көңіл-күйіне қарап, орынсыз сөзге араласпау кісілікке жарасымды қасиеттер. Кемелдену адамда ұзақ уақыт пен машық-дағды,терең білім болуды талап етеді. Жалпысын алғанда,қазақтың кемелдік ілімі тым тереңде жатыр. Оның педагогикалық-психологиялық негізін қазақ ғұламалары ертеден қалаған-ды.Әл-Фараби «Адамның мінез-құлқын кемелдендіретін іс-әрекеттер адамның тәнін кемелдендіретін іс-әрекеттерге ұқсайды. Тәннің кемелдігі – денсаулық, денсаулық бар болса, оны сақтау керек. Жоқ болса, оған жетуге тырысу керек. Тәнді сауықтыратын іс-әрекеттер тек қалыпты деңгейде болса ғана, саулыққа жетуге болады. Дәл осы секілді іс-әрекеттер де орта деңгейде болса, солар арқылы жақсы мінез-құлыққа ие боламыз» — дей отырып, тән сұлулығы адамның денсаулығында, ақыл, парасат күшінде және адамгершілік сапаларында екендігін баса көрсетеді.
Білімге бағытталған іс-әрекеттердің барлығы әл-Фарабидің ойынша, белгілі бір кезеңде және қоғамда ілім мен тәжірибелік мүмкіншіліктерді тұлғаның игеруі деп тұжырымдайды. Білім алудың басты мақсаты – жеке тұлғаны кемеліне жеткізу болса, ал әлемде адамзаттың өмір сүруінің басты мақсаты – абсолюттік жақсылық – жоғары деңгей деп танылатын бақытқа жету. Мүлтіксіз тұлға, әл-Фарабидің ойынша, интеллектуалды білімін қорытындылайтын теориялық ізгілік пен рақымшылықты, адамгершілікке толы тәрбиенің кемеліне жеткен тәжірибелік ізгілікті бойына сіңірген адам. Ақыл мен адамгершілік, қайырымдылық өзара табиғи түрде байланысып жатқан құбылыстар екенін түсіндіреді. Әл-Фарабидің айтуы бойынша, адам өзінің мінез-құлқын жетілдіре түсу үшін, ең алдымен, ол өзіне-өзі мейлінше адал болуы тиіс. Сонда ғана адам өз бойындағы ізгілікті қасиеттерді барынша жетілдіре түсуге мүмкіндік алады. Әл-Фараби «қандай шебер әдістің жәрдемімен жақсы мінез-құлыққа жететінімізді қарастыр-уымыз керек» дей келіп, қоғамдағы әрбір құбылыс шектен шығып кеткен жағдайда адамға теріс әсер ететіні сияқты адамның мінез-құлқындағы шамадан асып кеткен көріністер де ізгі қасиеттерге кері ықпалын тигізеді. Әл-Фарабидің атап көрсетуінше, адам өзінің бақытқа жету жолын логикадан бастаған жөн. Бір сөзбен айтқанда, Фараби адамдардың өз көздеген мақсатына жетуі оның өзіне ғана байланысты екенін айтады. Адам рухани жағынан үнемі өзін-өзі жетілдіріп отыруға тиіс, адам тек ақиқатты, айналадағы дүниені танып-білу арқылы жетіледі деп түйін жасайды. Мәселен, Әл- Фараби өзінің «Интеллект (сөзінің) мағынасы жайында» деп аталатын зерттеуінде адамның ақыл-парасат мүмкіндігіне жан-жақты талдау жасай келіп, оны «потенциалды интеллект», «актуальды интеллект», «жүре келе дарыған интеллект», «әрекетшіл интеллект» сияқты философиялық категорияларға бөліп-бөліп талдайды. Әл-Фараби «жүре келе дарыған интеллект» туралы айта келіп, адам туғаннан ақылды, білімді болып тумайтынын, интел-лектің өзі жүре келе, естіп, көріп барып қана дамитынын ескертеді. Сондай-ақ Әл-Фарабидің «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері» атты еңбегінде адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттердің бәрі жаратылысынан емес, жүре келе, өзін қоршаған қоғам өміріне сәйкес өзгеріп отыра-тынын айта келіп, төмендегідей тұжырым жасайды: «Адамның әуелден тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны сияқты, қайырымдылық пен жаман қылық та адамға әуел бастан жаратылысынан дарымайды. Бірақ қайыр-ымдылықпен немесе жаман қылықпен (байланысты) күйге жаратылысынан бейім болуы мүмкін, оған қандай да болсын басқа әрекеттерден гөрі әлгі (күйден) туатын әрекеттерді істеу оңайырақ болады Өнер біткеннің бәріне жаратылысынан бейім адамның болуы шындыққа сыймайтыны сияқты, қайырымдылықтың, этикалық және интеллектуалдық бәріне жара-тылысынан толық бейім адамның болуы шындыққа сыймайды, ол мүмкін емес».Ж.Баласағұнидің тәрбие теориясының негізін жетілген тұлғаны тәрбиелеу ілімі құрайды. Бұл ілім тәрбиенің төрт тұғыры-әділет, дәулет, парасат, қанағат арқылы адамда адамдық ізгі қасиеттерді тәрбиелеу идеясына негізделеді. Ізгілікті — адами қасиеттерді тәрбиелеуде Ж.Бала-сағұнидің ойынша, жоғары адамгершілік сана мен мінез-құлықты қалыптастыру басты роль атқарады, соның негізінде ішкі және сыртқы дүниесі бір-біріне сай, рухани және дене әсемдігі өзара үйлескен жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеуге болады.
Түркі өркениетінің шежіресін жазып, өз есімін мәңгілік еткен данышпан ғалым, кемеңгер ұстаз Махмұт Қашқаридің «Түрік сөздігі» еңбегінің кісілікті пайымдаудағы орны ерекше. Онда біздің ата-бабамыздың ұрпақ тәрбиесі бойынша тәжірибесі жинақталып, түркі халқының педагогикалық тұжырымдамасы негізделгенін айқын көруге болады. Ғұламаның тәлім-тәрбиелік идеялары өнегелі өмір сүру үшін жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім берудің маңыздылығын дәріптеуге бағытталған.Оның педагогикалық тұжырымдамасының негізгі өзегі — орта ғасырдағы түркі баласының бейнесі-«ұлылыққа ұмтылған», «білімділікті іздеген», «даналықты таңдаған», «біліктіге серік болған», «бабалардың әдеп-ақлақты насихатын ұстанған» ірі тұлға.
Ал А.Ясауи ілімінде: « Хаққа қызмет ету халыққа қызмет етуден басталады. Халыққа, ұлтына қызмет етудің шарты-топырақ сипатты болу, нәпсіні тыю. Топырақ сипатты болып, өзін халқына арнау кемелдікті білдіреді. Осылайша А.Ясауи дүниетанымында «дертті адам», «топырақ адам», «кемел адам», сондай-ақ, «ғарип адам» тұлғалары дәріптеледі. Хикмет жолындағы «дертсіз адам» адамдық сезімнен жұрдай, қара басының қамын күйттейтін жан. Дертті адамның А.Ясауи іліміндегі алатын орны ерекше. Ол хикметінде “Білімің-шырақ, халің -пілте, көз жасың-жағатын май ” болсын дейді. Дертті, шерлі адам пілте болып жанып, қоғамның кемшілік тұстары мен ақсаған руханиятын көріп, қайрат-жігерімен одан шығар жол іздейді. А.Ясауи ілімінде адамның жаратылыс мақсаты – Хаққа құлшылық ету (ибадат ). Бұл ибадат – Хақты тану жолындағы ең жоғарғы мақам. Өйткені А.Ясауи ілімі – дін, мәзһаб аясына сыймайтын шексіз ашық (махаббат) жол. Ғарип адамды кемелдік мәртебесіне жеткізіп, пайғамбардың қоғамдағы өкілі, ізбасары ретінде бағалайды .Сондықтан да А. Ясауи «Қай жерде ғарип көрсең һәм дем болғын» дейді. Яғни оларға дем бер, қолдау көрсет, қасынан табыл, құрметте дегені еді. Адамзаттың ішкі рухани адамгершілік дүниесінің негізгі формалары-үміт, сенім және махаббат үнемі даму үстінде. Адам…Адам болу -қасиетті атақ. Адам атың болған соң, сен-ата-анаңның, еліңнің, Отаныңның перзентісің. Отан алдындағы қарызың мен парызың-ең ұлы жауапкершілігің. Адам болу үшін Абай атамыз айтқандай: Сүймек, сезбек, кейімек, Харекет қылмақ, жүгірмек. Ақылмен ойлап сөйлемек..Ақыл керек, ес керек, мінез керек… Ұлы ақын Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысана “Атаның баласы болма, адамның баласы бол… жақсылығың көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін” деген гуманистік ой-пікірді қуаттауы еді. Оның жастарды тәрбиелеудегі педагоги-калық көзқарастары дүниежүзілік педагогика классиктері Ж.Руссо, Конфуций,: К.Д.Ушинскийдің ой-пікірлерімен терең қабысып жатыр.. Ол өзіне дейінгі Әл-Фараби, Ж.Баласағұн, М. Қашқари, Қ. Яссауидің кемел адам жайлы ой-пікірлерін әділет пен ақылдың сын таразысына салып, тұжырымдар жасады.
VIII-IX ғасырда түрік халықтарының мінез-құлықтары, ой-танымын жолға салу әрекеті Әл-Фараби ұстанған моральдық-этикалық ілімінде парасатты адам (инани фазыл) туралы танымында жатты. Әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты философиялық трактатында «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» сияқты ұғымдарға түсінік бере келіп: «Жүрек-басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ мұның үстемдігі бірінші емес»-дейді. Әл-Фараби түрік әлемінде өз танымының негізі ретінде жүрекке шешуші мән беруі-Абай негізін қалаған «толық адам» ілімінің түп төркіні қайда жатқандығын білдіретін құнды дерек.
Әл-Фарабидің жоғарыды көрсетілген философиялық тұжырымы Абайдың «Он жетінші» қара сөзінде өзінің логикалық жалғасын тапқан. Абайдың осы сөзінде «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» үшеуі әрқайсысы өзін мықты санап, айтысып, таласып, ақыры «ғылымға» келіп жүгінеді. Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:-Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ-менің ісім,-депті. Бірақ билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді: жақсылық айтқанына жаны-діні құмар болады.Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығар-ады. Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін жүрек-ке билет,-депті.Осы үшеуің бір кісідей менің айтқан-ымдай табыссаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиет-ті адам сол.Үшеуің ала болсаң, мен «Жүректі» жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды»-деген қорытыныға келеді.«…Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек, -деп Абай айтқандай, жүректің жылуы, махаббат, ар-намыс, қайрат-жігер деген сезімдері бар рухтың мекені-тәлімгердің жүрегі болуға тиіс. Абайдың «он жетінші» қара сөз бен «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңіндегі ақыл, қайрат, әділет, шафқат (жүрек) секілді басты ұғымдардың барлығы да Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігіндегі» «жауанмәрттілік» (ақыл) деп аталатын төрт түрлі кейіпкерге балама ретінде суреттелетінін байқауға болады:1.Әділет-Күнтуды 2.Дәулет (қайрат)- Айтолды уәзір 3.Ақыл-Өгдүлміш уәзір 4.Шафқат-Одғұрмыш (қана—ғат, рахым). еді Міне, Абайдың «толық адам» туралы танымы да Сократтан басталатын Платон, Аристо-тельдегі «сүюді сүйеніш еткен адам», Қытайлардың дао іліміндегі «әбден жетілген адам», Шығыс ойшылдары мен суфизмдегі «пенделіктің кәмалаттығына ұмтылған адам», атап айтар болсақ, Әл-Фарабидегі «Кемел адам», Ж.Баласағұнның дастанында көрініс тапқан «Жауан-мәрттілік» ілімі және А.Ясауи дүниетанымындағы «дертті адам», «топырақ адам», «ғарип адам» секілді тұлғаларымен сабақтасып жатыр. «Адам болу оңай іс емес. Тек ерік-жігері мықты адам ғана адамдықтың шыңына жете алады»-(Иоганн Вольфганг фон Гёте). тердің ішіндегі ең абзалы, ең биігі, ең қадірлісі деп біледі. Ал ақыл мен қайырымдылықтың адамдық болмыс пен адамгершілікті жасайтыны белгілі. Адамның ділін, болмысын құрайтын ақыл мен қайырымдылықтан өзглердің бәрі де қосымша, жанама түрде қажет болғанымен, адамның болмысы мен қасиетін танытатын «кісілігін» қалыптастыра алмайды. Адамзат қауымында киелі, қасиет-ті саналатын құт-береке, бақыт ұғымы Аристотель пікір-інше, қайырымдылық, адамгершілік ілімімен табысады.Әл-Фарабидің жоғарыды көрсе-тілген философиялық тұжырымы Абайдың «Он жетінші» қара сөзінде өзінің логикалық жалғасын тапқан. Абайдың осы сөзінде «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» үшеуі әрқайсысы өзін мықты санап, айтысып, таласып, ақыры «ғылымға» келіп жүгінеді. Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:-Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ-менің ісім,-депті. Бірақ билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді: жақсылық айтқанына жаны-діні құмар болады.Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден қуып шығар-ады. Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін жүрек-ке билет,-депті.Осы үшеуің бір кісідей менің айтқан-ымдай табыссаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиет-ті адам сол.Үшеуің ала болсаң, мен «Жүректі» жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды»-деген қорытыныға келеді.«…Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек, -деп Абай айтқандай, жүректің жылуы, махаббат, ар-намыс, қайрат-жігер деген сезімдері бар рухтың мекені-тәлімгердің жүрегі болуға тиіс. Абайдың «он жетінші» қара сөз бен «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңіндегі ақыл, қайрат, әділет, шафқат (жүрек) секілді басты ұғымдардың барлығы да Жүсіп Баласағұнның «Құтты білігіндегі» «жауанмәрттілік» (ақыл) деп аталатын төрт түрлі кейіпкерге балама ретінде суреттелетінін байқауға болады:1.Әділет-Күнтуды 2.Дәулет (қайрат)- Айтолды уәзір 3.Ақыл-Өгдүлміш уәзір 4.Шафқат-Одғұрмыш (қанағат, рахым). еді Міне, Абайдың «толық адам» туралы танымы да Сократтан басталатын Платон, Аристотельдегі «сүюді сүйеніш еткен адам», Қытайлардың дао іліміндегі «әбден жетілген адам», Шығыс ойшылдары мен суфизмдегі «пенделіктің кәмалаттығына ұмтылған адам», атап айтар болсақ, Әл-Фарабидегі «Кемел адам», Ж.Баласағұнның дастанында көрініс тапқан «Жауан-мәрттілік» ілімі және А.Ясауи дүниетанымындағы «дертті адам», «топырақ адам», «ғарип адам» секілді тұлғаларымен сабақтасып жатыр. «Адам болу оңай іс емес. Тек ерік-жігері мықты адам ғана адамдықтың шыңына жете алады»-(Иоганн Вольфганг фон Гёте).
Кемелдену қазақ ілімі осылай жетіліп, Абайдың «Толық Адам» ілміне ұласты. Абай атамыздың ізбасарларымен шәкірттері бұл ілімді шыңдап, жетілдіріп, одан ары дамытты. Өлмейтін адам- Бақытты адам-Кісілік кемелдену-Махаббатқа малшынған, дертті адам-Кемел адам-Толық адам-Арлы адам-Білімді адам. Бұлар-тәрбиелеу қазақ ілімінің алтын арқауы.Ол ешқашан үзілген емес. Шәкәрім «Үш анықта» Ақиқат деген не? деген сұрақ қояды. Оған өзі «адам ақиқатты ақыл – ес көзімен көріп, қабылдауы керек. Ақиқат — әрбір адамның жанында болады не ол өзіндік өмір сүреді» -деп қорытынды жасайды. Жанның ең негізгі қажет ететіні-ұждан. «Адамның нысап, әділет, мейірім-үшеуін қосып, мұсылманша айтқанда, ұждан,орысша айтқанда совесть бар» дейді.Шәкәрім ар-ұжданды адамгершілік этикалық жағынан ғана емес, оны философиялық категория, әлем құрылымының негізгі болатын субстанция ретінде жоғары қарастырған. Ол адам-ның рухани өсуіне мықты тірек болатын үш анықты атайды: Бірінші-мәңгі өзгерістегі Универсумда барлығына себепші жаратушы ие. Екіншісі – бұл жаратушы барлық тірі мен тірі емеске жан береді, адам өлген соң, одан әрі тазарып, жоғарылайды, өздігінен өмір сүреді.Үшіншісі -жанның жоғарылап, тазаруы үшін адам ұжданға сай арлы өмір сүруі керек. Шәкәрім адамдарды осыған шақырады. Абай ілімін осылай тереңдетті. Шәкәрім зерттеулері бойынша адам болмысы үш бөліктен тұрады: тән, рух және жан. Тән табиғаттың негізгі элементтері топырақ, су, ауа, от және эфирден тұрады, ол — материалдық болмыс. Рухқа — сезім, ой-өріс, ақыл-ес, түйсік және әркімнің өзіндік «мені» жатады. Жан болса адам өмірін басқарушы, қуат көзі, тіршілік болмысы. Жан таным-білімге және рухани ләззатқа құштар. Жанның толығуы тек рухани жолмен ғана жүзеге асады. Рухани жетілген адамның бүкіл болмысы кемелді келеді. Жан тәнді тек рух арқылы билейді. Адамның материалдық болмы-сын жан мен рух болмысы жеңіп тұрса, нағыз жетілген адам содан шығады.А.Байтұрсынов:«…Үкіметке керегі мемле-кеттегі жұрттың бәрі бір тілде, бір дінде, бір жазуда болуы, әр халыққа керегі-өз дінін, тілін, жазуын сақтау»-дей отырып, ұстазы Абайдың ілімін басшылыққа алып «Қазаққа білім-тәрбие беру ұлттық жүйесінің ғылыми негізін қалып-тастыр-ды» және оны сол дәуірде жүзеге асырып,қолдана білді. Ж.Аймауытов білім негіздерінің ана тілі арқылы меңгеріл-етінін айта келе: “Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілі халық болып жасаған-нан бергі жан дүниесінің айнасы болып, өсіп-өніп, түрлене беретін, мәңгі құла-майтын бәйтерек. Жүректің терең сырла-рын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын мол қазынасы- халықтың тілі” – деп оның қоғамдық рөлін, адамзат баласы жасаған бар рухани-мәдени байлықты меңгерудің басты құралы екендігін, оны жан-жақты және терең меңгерудің қажеттігін баса көрсетеді. Сондай- ақ, Абай ілімінің психологиялық астарын талдап берді. Ал,Ж.Жұмабаев,тәрбиелеу ұлттық ілімінің педагогикалық тоериясын негіздеп берді. Мұнда,Абай ілімінің, барлық қырлары толық қамтылумен қатар,оны европалық педагогикаға ұштастыра білді. Жүсіпбек: «Күн көру тәсілін сырттан жұқтырып үйрене беруге болады. Рух мәдениетін бөтеннен қарызға ала беруге болмайды. Алса да, халықтың көкейіне көпке дейін қонбайды. Ендеше, өзіміздің бар дәулетті жарыққа шығарып, іске жаратуға талпыну керек».«Білімді орнына жұмсайтын не? Ол — тәрбие». Сонымен, білімнің адамзат игілігіне жұмсалуы, жұмсалмауы тәрбиеге байланысты екен. Тәрбиесіз білімді адам сол білімін адамзаттың игілігіне де, сорына да оңды-солды жұмсай беруі мүмкін. Тәрбиелі адам, яғни иманды адам, толық адам ондайға бармақ емес, ол білімін өз орнына, игілікке, адамзаттың гүлденуіне жұмсайды…»-деп, Абайдың толық адам ілімін, сол күннен бастап,ұрпақ тәрбиелеуде ұтымды пайдалана беруге болатындығын нұсқаған. Ал, Мұқтар дана: «Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі -ниет керек, одан соң – күш керек, одан соң-тәртіп керек. Азамат сыны – ерлік, ерлік сыны-елдік. Адам көркі-ақыл. Адам баласының жақсы құлқы жаратылысынан емес, өскен ортасында көрген үлгі-өнегесінен. Тумай жатып-толдым деме, толмай жатып-болдым деме.Маңына ұрық шашпаған жақсылық жапанда жалғыз өскен бәйтерекше тұл болады да қалады.Білім-бақтың жібермейтін қазығы, Білімсіз бақ-әлдекімнің азығы. Көгенкөз қазағыма қаратып, мінбе құрып, сол мінбеге шығарып:“Ақырғы діліңізді айтыңызшы, Мұхтар!”-десе, тілімнің ұшында жүрген сөз төмендегіше: тас үгітіліп құмға айналады, темір тозады, ұрпақ озады, дүниеде өлмейтін сөз ғана, халқымызбен бірге жасасып келе жатқан мұра сөзімізді арзандатып алмайық.Жалған намыс-қасиет емес, ар сақтаған-қасиет. Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе-білім. Ар жазасы-бар жазадан ауыр жаза..»-деп Толық адам ілімін осылай тереңдетеді. Бұларда ешбір таптық, топтық пиғыл жоқ таза ұлттық мүддеге негіздеп педагогикалық ,психологиялық ғылым негінде қорытылған тұжырымдар. Олай болса,сонау ғұн заманының патшасы Мәді(Моде)-ден бастау алып,түркі заманында Дана Аналардың жетілдірген, сақ заманында Ер Тонғаның жоқтауында Ер жігіт деп ізі қалған, Қорқыт Ата байытқан, Фараби бабабыз ғылыми негізін қалаған, Ж.Баласағұни, М.Қашқари жетілдірген, А.Яссауи өрнектеген,Асанқайғыдан Абайға дейінгі ақын жырау,сал-сері,би-шешендердің күлтелеген, Абай және оның ізбасарлары мен шәкірттерінің дамытып,тәрбиелеу Әлемдік іліміне теңестіріп берген «Кемел кісі ілімін» М.Мырзахметұлы ақсақалдың кестесіне келтірсек:
1.Алып Ер Тонаның «Ақи » ілімі(б.з.д. 7 ғасыр),
2) Әл-Фарабидің парасатты адам ілімі (Х ғасыр),
3) Жүсіп Баласағүнидің жәуанмәртілік ілімі((Х1 ғасыр),
4) Ясауидің хәл ілімі (ХІІ-ХІІІ ғасыр),
5) Абайдың толық адам ілімі (ХІХ ғасыр соңы),
6) Шәкәрімнің ар ғылымы (ХХ ғасыр басында).
7) М.Ж.Көпейұлының түгел адам ілімі
8) Ақыт қажының иманжүзді адам, т.б. ілімдер өте тереңнен тамыр тартып,айналасындағы күллі жұрт ой-санасымен ұштасып жатыр. Бұл турада М.Мырзахметұлы былай деген: «Жалпы адамзат баласының мыңдаған ғасырлардың ар жағында қауымдасып қоғамдық дамуы жағдайына назар салсақ, ізгілік, кісілік туралы ой танымдарының өзекті желісі Азия құрлығында алғаш рет бүр жарып, елес беріп із тастаған рухани шырақ көздерін ғылыми тұрғыдан танып, біліп, бір жүйеге түсіре алсақ – ұтқанымыз. Мысал ретінде айтар болсақ:1) Қытай жерінде б.з.д. алғашқы бес жүз жылдықта қалыптасып үлгерген «жэнь» сөзінің мағынасы адам сүю деген ұғымды береді. Конфуции б.з.д 551-449 жылдары «цзюнь-цзы» яғни жетілген адам ұғымын ендірді. Бірақ бір жүйеге түсірілмеді әрі дәстүрлі жалғастық тауып ғылыми даму жолына түспеді. 2) Туран мен Иран жерінде пайда болған, кейінірек Үнді жеріне таралған Заростризм дінінің кітабі «Авестада» қайырымдылық, ізгілік дінінің Құдайы – Тара туралы ой-пікірлер желісі ізгілік қайырымдылық ілімінің алғашқы ой-танымдары желі тартқаны, өзіндік дүниетаным тұрғысынан айтылған пікірлер желісі аңғарылады. 3) Туран жеріндегі б.з.д. жетінші ғасыр басында Алып Ер Тона (Афрасиаб) туралы халық аузында жырланған дастанның үзіктері (600 өлең жолы, яғни 150 шумақ өлең) М.Қашқаридің он бірінші ғасырда күллі әлемге танымалы «Түрік сөздігі» арқылы бізге жетіп, шындықтың ой тамыздығына айналуда.»
Кемел адам(араб. “инсан-и камил” – толық адам) – ақыл-ойы толысқан кісі. Діни ілімде кемел адам – кісілікке жат қылықтардан әбден арылып тазарған, ішкі жан-дүниесі ағарып, рухани қасиеті артқан, мүлтіксіздіктің қалыбы мен негізіне мейлінше жақындаған асыл адам. Кемел адамның әрбір іс-әрекеті Алла тағалаға арналады. Ол – адасқандар үшін темірқазықтай жол көрсетуші, жолда қалғандар үшін – көпір, үміті үзілгендер үшін – ашылар есік. Көне қытай ойшылдары адамның адамдық қасиетін сыртқы көрінісінен іздейді. Ұлы ойшыл Конфуцийдың пікірінше адам үш түрлі болады: Дана адам – асып таспайды, Жақсы адам – күй талғамайды, Батыл адам – қорықпайды, — дейді. Сонымен қатар қытай жұртының ғұламасы, дао ілімінің негізін қалаушы Чжан – Цзы: өзінің арғы тегінен ажырамайтын адамды «Аспан адамы», рухани бастауынан бөлінбеген адамды «Қасиетті адам », шындықтан бөлінбеген адамды «Кемел адамға» жатқызған екен. Кемел адамдар туралы айтылған ой тұжырымдар,міне осылай астарласып сабақ-тасып жатқанын, оны тек шығыс тәрбиелік ілімдермен ғана шектеп қоймай,төрт құбыласы тең ілім екендігіне көз жеткізуге болады.
қорытынды:
Кемел кісі ілімін бүгінгі таңда,мына мақсаттарды шешу үшін орынды да,оңтайлы қолдануға тиіспіз:
-Бүгінгі ұрпаққа: оның тоқсан-тоғыз ұстынды ата-бабасы осы ілім негізінде тәрбие алған ТЕКТІ КІСІЛЕР болғанын ұғындыру; нақты мысалдармен олардың көкейіне қондырып, ата-тегінің ұлағатты іс-өнегісінен тәлім алуға бағыттау;
-бүгінгі жас ұрпақтың бойында,ата-тегінен ұласқан талант-дарын,мөлдір сезім,асқақ рухтың нышаны бар екеніне сендіріп, сол арқылы олардың көкірек көзін аша отырып, дамытып жетілдіру;
-бүгінгі ұрпақтың:жас ерекшелігіне байланысты және ата-тегінің ғұмыр кешкен тарихына тәуелді кездесіп жүрген, әдет-салтындағы,мінез құлқындағы қандай бір ауытқулар мен ерекше көріністерді терең түсініп,оларды дағдарыссыз асатын,батыл шараларды мұхият белгілеп,жүзеге асыру.
-бүгінгі жас ұрпақ бойы мен ойында кезігуі мүмкін тексіздік нышандарының алдын алып, оларды болдырмаудың педагогикалық-психологиялық негіздерін айқындап, текті жанды кісі болдыру амал-айласын, жол-жобасын ғылыми негізде дайындап, барлық тәрбиелеуші тараптарды нұсқаулармен, ұсыныстармен қанымдау;
-кемел кісі қалыптастыру ісін оның жас және жекедаралық ерекшелігін ескере отырып, әр мүшелі жаста, оның белгілі кезеңднрінде игеруге тиісті, әдеп-дағды, мінез байлығы, адамшылық сапаларын айқындап, ортақ қағидаларын табу.
Кемел кісі ілімі-осы заманғы текті жанды тәрбиелеу теориясы болмақ. Дәлірек айтқанда,кемел КІСІ ілімі жаңа дәуірдің қазақ педагогикасы болуы тиіс. Оның басты ерекшелігі:
Бірінші.Ұлттық құндылықты негіздей отырып, жалпыадамзаттық адами-рухани жетістіктерге жету жолы ең негізгі ұстаным болуы тиіс.
Екінші. Ұлттық наным –сенім мен діни тәрбиенің барлық мүмкіндіктерін толық пайдалана отырып, саналы тәрбие қағидаттарын басшылық ету.
Үшінші.Толысқан адам болудың басты қағидаты болушы-заманауи біліммен қаруланған,оны өмір тіршілігінде сауатты қолдана білетін, үздіксіз білім алуға Жалпақ білім емес,ортақ білімді,сондай-ақ, кісі өз бетімен жарата алатын, оған қажетті білікті игертуге жалпақ жұртты дағдыландыру.
Азия төрінде,Қазақ атты елінде тұрып тіршілік ете алатын, Жұмыр Жердің кез-келген бөлігінде тұрғандармен терезесі тең мемілекетін дамытьып, Жер Жиһанмен жан-жақты байланыс жасай алатын, азаматын қалыптастыр у.
Қобдабай Қабдыразақұлы (ғалым-жазушы) 10.12,2018
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!