Кельвин шкаласы

0

Кельвин шкаласы дегеніміз температураны өлшейтің шкала. Бұл шкаланың басы, абсолюттік нөлге сәйкес келеді, ал әрбір градусы Цельсий шкаласымен есептелген градусқа тең.


Абсолюттік нөль дегеніміз температураның ең төменгі мәні. Бұл Цельсий шкаласымен есептегенде -273,15 градусқа тең.


Цельсий және Кельвин шкалалары арасындағы байланыс


Цельсий шкаласы бойынша есептелген tC температура, Кельвин шкаласы бойынша есептелген tK температурамен мына формуламен байланысады:


tK = tC + 273,15


Яғни Цельсий шкаласының градусымен есептелген температураға 273,15 қосамыз да, Кельвин шкаласы бойынша градусты аламыз.

Пән: Физика