Келер шақ. ашық сабақ

0



Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8-771-234-5599 номеріне ватсап арқылы қоюға болады

Келер шақ. ашық сабақ

Бағыты: Қазақ тілі Бөлімі: Ашық сабақ Сыныбы: 4 сынып

Етістіктің шақтарын қайталау. Жаттығу орындаған кезде тапсырманы мұқият орындау. Сауатты, әрі әдемі жазуға үйрету.
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсрымаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірмелі ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдемелер келтіреді.
Жеке, топтық, жұптық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын сабаққа аудара алады.
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған түрлі-түсті суреттер, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер, жіп.
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік, рефлексия

Сабақтың тақырыбы: Келер шақ
Мұғалімнің аты-жөні:
Раисова Анар Аманжолқызы

Сынып: 4 күні: 18.02.19ж.
Қатысқан оқушылар саны: 11
Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың мақсаты:
Етістіктің шақтарын қайталау. Жаттығу орындаған кезде тапсырманы мұқият орындау. Сауатты, әрі әдемі жазуға үйрету.

Сабақ нәтижесі:
Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсрымаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.
Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды. Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірмелі ресурстармен жұмыс жасайды.
Оқушылардың кейбіреулері мынаны орындай алады: Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдемелер келтіреді.

Бағалау критерийі
Жеке, топтық, жұптық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын сабаққа аудара алады.

Ресурстар
Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған түрлі-түсті суреттер, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер, жіп.

Әдіс-тәсілдер:
Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік, рефлексия

Сабақ жоспары:

Жоспарланған уақыт
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Бағалау түрлері

Басталуы 2 минут
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Ұйымдастыру кезеңі. топқа бөлу
Шаттық шеңбер

Өткенді қайталау 3 минут
Өрмекшінің торы әдісі
1. Сөз таптары нешеу?
2.Етістік дегеніміз не?
3.Етістіктің түрлерін ата
4. алды деген сөзді жіктеу
5. Етісітіктің шақтарын ата

Жаңа білім
20 минут
Білу және түсіну категориясы
Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.
Слайд арқылы жаңа сабақты түсіндіремін.
49 жаттығу өлеңді түсініп оқы.
Білімнен жұпар жинайын,
Еліме бақыт сыйлаймын.
Жүрекпен сүйіп Отанды,
Жүрекпен мәңгі жырлайын.
Етістіктерді тап. Олар қашан болатын істі білдіріп тұр.
Қолдану категориясы
50-жаттығу Берілген сөздермен сөйлемдер құрастырып жаз.
Мен көмектесемін. Сендер көмектесесіңдер. Біз көмектесеміз.
Етісіктерді тауып. Олардың қай жақта тұрғанын және қашан болатын істі білдіреді.
51-жаттығу Мәтінді көшіріп жаз.
Қайың тез өседі. Одан алынатын нәрсенің бәрі де кәдеге асады. Оның бүршіктерінен дәрі-дәрмек әзірленеді. Бұтақтарынан сыпырғыш жасайды. Қайың ағаштарынан скипидар, спирт алады.
Талдау категориясы
52 жаттығу Бос торкөздерге сәйкес келетін етістіктерді тауып жаз.

Оқулық, мәтіндер

жұппен жұмыс

Сергіту сәті
Қыдырып қайту
бейнежазба

Аяқталуы
10 минут
Жинақтау категориясы
Ойын Көбелектерді қондыр
Гүлдерде осы шақ, өткен шақ, келер шақ сөздері жазылған. Көбелектерді тиісті сөздер жазылған. Балалар көбелектерді тиісті гүлдеріне қондырады.

Етістік деген жазуы бар күннің тақтаға ілінеді. Балалар шуақтарына етістік ережесін құрастырады. Қай топ ережені жақсы жазады. Сол топқа сыйлық беріледі.
топпен жұмыс

Сабақтың соңы
5 минут
Рефлексия

Бағалау категориясы
Бүгінгі сабақта белсене қатысқан балаларды бағалау.
Үйге: 54 жаттығу әңгіме құрастыру.


Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.