Кедергі күші және үйкеліс күші

0

Кедергі күші заттың газ не сұйықта қозғалғанында пайда болады. Мысалы сағатына елу километр жол жүріп жатқан көліктің айнасын ашсаныз сізге сырттан жел соғады. Бұл сыртқы ауаның, көліктің қозғалысын баяулатуға бағытталған кедергі күші.


Кедергі күші қозғалған денелерде ғана пайда болады. Мысалы сіз қайықты қолымен қозғалта аласыз, бірақ қайыққа үлкен жылдамдық бере алмайсыз, себебі қайықтын жылдамдығы артқан сайын, кедергі күшінің мәні де арта бастайды.


Кедергі күшінің формуласы


Қозғалған дененің жылдамдығы аз болса, онда кедергі күші мына формуламен аңықталады:


F = k1v, мұндағы k1 кедергі коефициенті деп аталатын шама ал v дененің жылдамдығы.


Қозғалған дененің жылдамдығы тым үлкен болса, кедергі күшінің мәні мына формуламен аңықталады:


F = k2v2, мұндағы k2 кедергі коефициенті деп аталатын шама ал v дененің жылдамдығы.


Яғни жылдамдық жоғарлай бергенде, кедергі күші едәуір артады!


Үйкеліс күші


Кітаптын бетіне өшіргішті қойыныз, кітапты сәл бұрыныз, өшіргіш неліктен сырғанап кетпейді? Бұны ұстап тұрған қандай күш? Не себепті ауыр каптарды шаңаға тиеп аз күш жұмсап қозғалта аламыз? Шаңасыз бір қапты да орнынан қозғалта алмаймыз?


Шаңғы


Бұның себебі денелердің арасында қозғалуға кедергі боп тұрған үйкеліс күшінің бар болуында, өшіргіш пен кітаптың арасында үйкеліс күші үлкен, сондықтан өшіргіш сырғанамайды. Ал шаңғы мен қардың арасындағы үйкеліс күшінің шамасы аз, сол себепті шаңғыны еркін қозғалтамыз.


Үйкеліс күшінің аңықтамасы


Үйкеліс күші деп екі дененің түйіскен жеріндегі, қозғалысқа қарсы әсер ететің күш. Үйкеліс күші мына формуламен есептелінеді:


F = μ N,


мұндағы μ үйкеліс коэфициенті деп аталатың шама, N нормаль қысым күші.


Нормаль қысым күші екі дененің бір-біріне қысылу күші, бұл күш үйкеліс бағытына тіке (900 бұрыш құрып) бағытталған.


Формуладан нормаль қысым күші N неғұрлым көп болса, соғұрлым кедергі күші көп болады. Өшіргішті қатты басып үстел бетімен жүргізіп көріңізші. Кедергінің артуы байқалады ма?


Үйкеліс коэффициенті


Кейбір заттардың үйкеліс коэффициенттерінің мәндері мына кестеде келтірілген:


Үйкеліс коэффициенттер кестесі

Пән: Физика