кедей, кедейлік, бай, байлық туралы мақалдар

0
Жері байдың елі бай.

Әуелгі байлық — ден саулық,
Екінші байлық — он саулық,
Үшінші байлық — ақ жаулық.

Денсаулық — зор байлық.

Ай бетінде де дақ бар.

Құзғын ас таңдамайды.

Байлық не керек,
Адалдан жимасаң.
Билік неге керек,
Әділдік құрмасаң!

Су байлық —
Алты айлық.
Қар байлық —
Үш айлық.

Байлық байлық емес, бірлік — байлық.

Байлық мұрат емес,
Жарлылық ұят емес.

Бақыт — қолға қонған құс.
Байлық — қолға ұстаған мұз.
Құс ұшып кетеді
Мұз еріп кетеді,
Дүниенің қызығы — сіз бен біз.

Тар киім – тозғақ.

Кедей мен бай жолдас болмас,
Қасқыр мен қой жолдас болмас.

Алтынды тот баспайды.

Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін.

Қарыз қатынас бұзады.

Тіленшіге жел қарсы.

Базар – бай, алушы – кедей.

Жоқшылық жомарт ердің қолын байлар.

Жоққа жүйрік жетпейді.

Жіп жіңішке жерінен үзіледі.

Байлық — мұрат емес,
Кедейлік — ұят емес.

Ауызы қисық болса да
Байдың ұлы сөйлесін.

Ашаршылықта
Ашқарақ алдымен өледі.

Сараң бай союға қозы таппай
Жарлының жалғыз тоқтысын сұрайды.

Бар мақтанса, табылар,
Жарлы мақтанса, шабылар.

Көз бір уыс топыраққа тояды.

Ақыл байлық — аз байлық,
Темір байлық — тозбас байлық,
Кен байлық — кең байлық.

Малға жарлылық — жарлылық
Ақылға жарлылық — сорлылық.

Он екі мүшең сау болса
Сәулет емей немене?!
Он саусағың сау болса
Дәулет емей немене?!

Шапқанда байдың ұлы,
Тоқтағанда есіңе түсер.

Барымтаны бай алады,
Бәлесі кедейге қалады.

Бай баласы балпаң,
Жарлы баласы — жалтаң.

Мал байдікі,
Жан құдайдікі.

Бай бір жұттық,
Батыр бір оқтық.

Жаңа байыған,
Жақынын да танымас.

Жарлы — жомарт,
Бай — нәмарт.

Бармын деп мақтанба,
Жоқпын деп қорланба.

Күні біткен жалшы,
Көнекті сырттан сұрайды.

Бар болсаң — аспа,
Жоқ болсаң — саспа.

Бар, барын айтады,
Жоқ зарын айтады.

Жуан созылғанша,
Жіңішке үзіледі.

Борышын жасырған байымас.

Жарлының жары құдай.

Бардан тиер,
Балдан тамар.

Бай бастас,
Бақыр мұңдас.

Байдан пайда артылмас,
Қудан айла артылмас.

Бай болып көргеніміз жоқ,
Кедей болып өлгеніміз жоқ.

Бейнет көрмей,
Дәулет жоқ.

Жарлылық, сені қайтейін,
Жандай досты жат еттің.
Кәрілік, сені қайтейін,
Сөйлер сөзге мерт еттің.

Жарлы болсаң
Арлы болма,
Қарап жүріп
Сорлы болма!

Көптен дәметкен,
Аздан құр қалады.

Жарлылық деген жақсы екен,
Жатып ішер ас болса.

Базары жақын —
Байымас.

Барымен базар,
Жоқты қайдан қазар.

Базар — бай,
Базаршы — кедей.

Базарға әркім барар,
Өзінің керегін алар.

Сауда сақал сипағанша.

Саудада достық жоқ.

Иттен сүйек қарыздар.

Ақшалының қолы ойнар,
Ақшасыздың көзі ойнар.

Сатушыны алушы ұтады.

Малдың нарқын иесі айтпас,
Базар айтар.

Тон алам десең
Базарға бар,
Тоналам десең
Мазарға бар.

Алғаның — олжа;
Сатқаның — зиян.

Алдың — ұттың,
Саттың — жұттың.

Алтыға алып,
Беске сатпас болар.

Арзан менен қымбатты
Базардағы біледі,
Қожа менен молданы
Мазардағы біледі.

Жаз – жарлынікі,
Қыс — әлдінікі.

Жоқтық ұят емес,
Тоқтық мұрат емес.

Бір жоқтың бір тоқтығы бар.

Адамды кейде баршылық сынайды,
Кейде жоқшылық сынайды.

Бірі екіншісіндей дәрежеде бай болған кезде, бауырлар бір — бірін жақсы көреді.

Бай — байға, сай — сайға.

Жеген — тоқ, ішкен — мәз.

Кедей — байға жетсем дейді, бай — құдайға жетсем дейді.

Бай — балпаң, жоқ — қалтаң.

Денсаулық терең байлық

Ақша болса — алақанда сорпа қайнайды.

Тазалық – саулық негізі,
Саулық – байлық негізі.

Жатқанға жан жуымас,
Жалқауға мал құралмас.

Дереккөз: http://bilimsite.kz/