Касса операцияларының есебі | Скачать Курстық жұмыс
Тақырыбы: Кассирдің касса есебін дайындау тәртібі және
құжаттарды рәсімдеу.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … … 3
1 КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІ БОЙЫНША НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ
ТҮСІНІКТЕР … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … … … … .5
1.1 Кассалық операциялар есебін жүргізудің
тәртібі … … … … … … … .. … … … … 5
1.2 Касса операцияларының
есебі … … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… …8
1.3Касса операцияларының есебі бойынша негізгі бухгалтерлік
проводкалар … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … 12
2 АЛИНА ЖШС КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ
РӘСІМДЕУ … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … 14
2.1 Кассадағы ақшалар шоты бойынша жүргізілетін
операциялар … … … … … …1 4
2.2 Кассалық кітап жүргізу және толтыру
үлгісі … … … … … … … . … … … … … …17
2.3Құжаттардың маңызы, атқаратын рөлі және құжаттарды рәсімдеуге қойылатын
талаптар … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … …19
3 ФИРМАНЫҢ 1С ҚАЗАҚСТАНҒА АРНАЛҒАН БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫНДА КАССА
ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ЖҮРГІЗУ … … … … … … 22
3.1 1С Бухгалтерия деп аталатын бағдармалалық өнімде фирманың шоттарының
жұмыс жоспарын іске
асыру … … … … … … … .. … … … … … … … … 22
3.2 Касса бойынша операцияларды тоқтата
тұру … … … … … … … … … … … … … 25
ҚОРЫТЫНДЫ … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … ..28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… .30
ҚОСЫМШАЛАР … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … …31
КІРІСПЕ
Халықаралық қаржылық есеп стандартының №7 “Ақша қаражатының қозғалысы
туралы есеп” бойынша ақша қаражаты деп кәсіпорынның кассадағы және ағымдағы
шотындағы ақшаны айтады.
Қолма – қол ақшаларды қабылдау, сақтау және жұмсау үшін
шаруашылық субъектісінде касса болады. Касса – бұл қолма – қол ақшалар мен
өзге құндылықтарды қабылдауға, беруге және уақытша сақтауға арналған,
арнайы жабдықталған, оқшауланған үй жай. Касса операцияларының есебі
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Басқармасының 1993 жылғы 23
шілдедегі №24 хаттамасымен бекітілген Қазақстан Республикасының халық
шаруашылығында касса операцияларын жүргізудің уақытша тәртібіне сәйкес
жүзеге асырылады.
Касса операцияларын орындау кассирге жүктеледі. Ол материалды
жауапты адам болып табылады да, ережелерді мүлтіксіз орындауға міндетті
болады.
Курстық жұмыстың алға қойған мақсаты шаруашылық жүргізуші
кәсіпорындардағы кассалық операциялардың орындалу тәртібі мен есебі,
сонымен бірге құжаттардың дұрыс рәсімделуін ашып көрсету. Бұл мақсатты
жүзеге асыру үшін келесі міндеттер қаралды:
— касса құжаттарын дайындауда 1СБухгалтерия бағдарламасының
мүмкіндіктерін нақты мысалдармен жеткізу.
— кассалық операциялардың маңызы мен міндеттерін қарастыру;
— бақылау-касса машиналарын қолдану ережелері айту;
— құжаттардың маңызы және оларды тіркеу принциптерін көрсету;
— касса операциялары есебін талдау;
Курстық жұмыс құрылымы бойынша кіріспеден, 3 бөлімнен, пайдаланған
әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады
КІРІСПЕДЕ КУРСТЫҢ ЖҰМЫСТЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ, МАҚСАТЫ, АЛҒА ҚОЙҒАН МІНДЕТТЕРІ
ҚАРАСТЫРЫЛАДЫ. БІРІНШІ БӨЛІМДЕ КӘСІПОРЫНДАР МЕН ҰЙЫМДАРДЫҢ КАССАЛЫҚ
ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ҚАРАСТЫРЫЛҒАН. ЕКІНШІ БӨЛІМДЕ КАССА
ОПЕРАЦИЯЛАРЫ БОЙЫНША ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ РӘСІМДЕУ ЖОЛДАРЫ
КӨРСЕТІЛГЕН. ҮШІНШІ БӨЛІМДЕ КАССА ҚҰЖАТТАРЫН ДАЙЫНДАУДА 1С:БУХГАЛТЕРИЯ
БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН НАҚТЫ МЫСАЛДАРМЕН АЙТЫЛҒАН.
Қолма – қол ақшаларды кассаға қабылдау бас бухгалтер немесе ол
өкілеттік берген тұлға қол қойған Кіріс Ордері №1- нысанындағы кіріс касса
ордері бойынша жүргізіледі.
Қолма – қол ақшаларды кассадан беру Кіріс Ордері №2- нысанындағы шығыс
касса ордері бойынша немесе шығыс касса ордері мөртаңбасы қойылып, тиісті
түрде рәсімделген құжаттар (төлем ведомосі, қолма – қол ақшаны беруге
өтініш, шоттар) бойынша жүргізіледі. Шығыс кассалық ордерге бас бухгалтер
мен басшының қолы қойылған болу керек.
Ақша қаражаттарының келіп түсуі мен жұмсалуы жөніндегі барлық
операцияларды кассир Кіріс Ордері №4 нысанындағы касса кітабына жазады.
Егер кәсіпорында аздаған касса операциялары жасалатын болса, кассалық
есеп беру үш – бес күнде бір рет жасалуы мүмкін. Кассирден қабылданған
есептеме деректерін бухгалтерия қызметкерлері тексереді.
Қазіргі таңда әр бір кәсіпорынның бухгалтериясының кассасы 1С
Бухгалтерия деп аталатын өнімдік бағдарламада тіркеледі. Барлық
толтырылған құжаттар сонымен бірге сол құжаттар негізінде кассаға
кірістелген немесе кассадан төленген ақша қаражаттары кассалық кітапқа
тіркеледі.
1С Бухгалтерия бағдарламасында Кассалық кітапті ашу үшін
келесідей операция орындалады: Меню → Банк и Касса → Кассовая книга.
Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорын қызметіндегі, бухгалтерлік
есептегі кассалық операциялардың дұрыс орындалуын, қателіктер жіберілмеуін
және әр бір құжат негізінде ақша қаражаттарының тиімді қолданылуы сонымен
бірге АЛИНА жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі кассалық
операциялардың ұйымдастырылуын меңгеру болып табылады.
Курстық жұмыстың алдына қойған мақсатқа жету үшін жұмысты орындау
барысында келесідей міндеттерді шешу қарастырылған:
1 КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ ЕСЕБІ БОЙЫНША НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ ТҮСІНІКТЕР
1.1 Кассалық операциялар есебін жүргізудің тәртібі
Ақшалай қаражат қозғалысы олардың операциялық инвестициялық және
қаржылық қызметінің нәтижесіндегі түсімімен жұмсалады. Кассадағы ақшалай
қаражатты сақтау, жұмасау және есептеу тәртібі есеп саясатына сәйкес
шаруашылық жүргізуші субъект дербес жасайтын кассалық операцияларды жүргізу
ережелерді белгілейді. Банк шоттары теңгеменде, шетелдік валютамен де
ашылуы мүмкін.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп
айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын
ашады.
Банк шоттары — бұл банкмен клиенттер арасындағы келісім-шарттың
қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен
де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып
бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар — банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір
операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары — бұл да банктік шоттар,
бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның
оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу
үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек;
вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының
инкассалық жарлықтары болып табылады.
Банк көшірмелері оған қоса тіркелген құжаттармен тексеріледі. Банкінің
қате аударған сомаларының мән-жайын анықтағанға дейін 1040- «Есеп айырысу
шотындағы қолма қол ақша» шоты кредитінен 1280 -«Басқа да дебиторлық
қарыздар» шотының дебетіне есептен шығарылады, ал есепке алынған сомалар
1040- шотының дебеті және 3370- «Басқа да кредиторлық қарыздар» шотының
кредиті бойынша көрініс табады.
Валюталық операцияларды жүргізу үшін 24 желтоқсан 1996 жылғы №54-1
«Валюталық реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және 20 сәуір 2001
жылғы № 115 Ұлттық банкінің Қаулысымен бекітілген «Қазақстан
Республикасында валюталық операцияны жүргізудің Ережесі» негіз болып
табылады.
Қазақстан Республикасында валютаны реттеудің негізгі органы болып
Ұлттық банкі саналады. Кез келген валюталық операцияны өкілеттілігі бар
банксыз жасауға рұқсат етілмейді. Осындай операцияларды жасау үшін өкілетті
банктер заңды тұлғалар үшін валюталық шоттар ашады.
Қолма-қол валютаны беру Тапсырмамен (валюталық шығыс ордерімен)
рәсімделеді, оның толтырылған үлгісі төменде келтіріліп отыр. Банк
куәландырған тапсырманың (валюталық шығыс ордерінің) көшірмесі валюталық
кіріс касса ордерін жазу үшін негіз болып табылады.
Валюталық шот оның иесінің өтініші бойынша жабылады, содан соң осы
өтінішін өзіне қызмет көрсететін банк мекемесіне жіберіледі. Шот жабылған
жағдайда, сондай-ақ субъектінің атауы өзгерсе немесе шоттың нөмірі өзгерген
жағдайда шот иесі валюталық шоттағы қаржының калдығын растайтын құжатты
өтінішке қоса тіркеуге міндетті.
Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық
жүргізуші субъектінің кассасы болады. Кассир материалды жауапты адам. Ол
касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуы тиіс. Осыдан кейін
материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады.
Кассадағы операциялар есебі 1010 — Кассадағы ұлттық валюта және
1020 – Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма қол ақша шоттарында
жүргізіледі.
Касса – арнайы жабдықталған, дабылдама (сигнализация) орнатылған және
ақшаларды сақтайтын сейфі бар бөлімде орналастыруды қажет етеді. Кассадағы
нақты ақшалар касса қызметкерінің мөрі сүргіш арқылы басылып жабылатын
сейфте сақталуы тиіс. Бұл сейфтің кілті мен сүргіш басатын мөр касса
қызметкерлерінде, ал кілттің екінші данасы ұйымның басшысында болады. Касса
қызметкері әр бір жұмыс күнінің соңынды кассаны жауып қызметшіге тапсыруға
тиіс. Кәсіпорындар, ұйымдар өздерінің есеп айырысу шотынан нақты ақшаны сол
есеп айырысу шоты ашылған банк мекемесі бергенше кітапшасы ғана арқылы ғана
алады.
Толтырылған чекке кәсіпорынның бас бухгалтері және басшысы қол қойып,
осы ұйымның мөр таңбасы басылады. Сондықтан банк мекемесінің алынған нақты
ақша сол алынған күні ұйымдардың кассасына кіріске алынуы керек және ол
үшін кассир кассалық кіріс ету ордерін толтырып, содан соң кассалық кітапқа
жазады.
Кассада негізінен кіріс және шығыс ордері толтырылады, соңында бұл
ордерді кассалық кітапқа енгізеді. Күн сайын кәсіпорын касса қызметкері
кассадағы нақты ақшалардың қалдығын жұмыс күнінің соңында санап оның
соммасын қаржылық кітапқа жазады.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп
айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын
ашады. Бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім – шарттың қатынастарын
көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де
жүргізіледі және ол ағымдық жиынтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар – банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір
операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – бұл да банктік шоттар,
бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай – ақ заңды тұлғаның
ақшаланған бөлшектері үшін де ашылады.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі негізгі нысандары: төлем тапсырмасы,
чек, вексель, төлем – талап тапсырмасы, кеден және салық қызметінің
органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.
Төлеушілер мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім – шарт
негізінде анықтайды, сондай – ақ олардың арасында болатын талаптары мен
міндеттемелері зачетқа да жазыла алады.
Төлем тапсырмалары онда көрсетілген сомманы бенефициардың пайдасына
ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады.
Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттер көрсетіледі:
• Төлем тапсырмасының нөмірі;
• Төлем тапсырмасының жазылған күні;
• Жеке теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған)
коды (ЖТК және ИИК);
• Жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;
• Бенефициар аудару жасалған ақша қаражатын алушы.
Бір жақты сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын қатаң
нысанда белгіленген төлем құжаты. Ол жай және аудармалы болып бөлінеді.
Қолма-қол ақшаны қабылдау, сақтау және жұмсау үшін кәсіпорында касса
болады. Қолма-қол ақшамен жұмыс істеу ережелері ҚР-ы Ұлттық банкінің
нұсқауымен бекітілген.
Нұсқау мыналарды ұйғарады:
— ҚР-ы банк мекелерінде барлық ақша қаражаттарын сақтау; чекте
көрсетілген мақсаттарға, банктерден алынатын қолма – қол ақшаларды жұмсау;
— банк мекемелерімен бекітілген лимиттер шегінде кәсіпорынның
кассасында қолма-қол ақшаны сақтау;
— кассалық құжаттарды дайындау және қолма-қол ақшаны қабылдау мен
беру тәртібі;
— ақша қаражаттарын сақтау мен тасымалдау кезінде олардың
түгелдігін қамтамасыз ету бойынша көрсетулер;
— кәсіпорын кассаларының орнын жабдықтау тәртібі.
Кассир жұмысқа орналасқан кезде кассалық операцияларды жүргізу
ережелерімен танысып және кәсіпорын әкімшілігімен толық жеке материалдық
жауапкершілік туралы келісім шартқа отыруға тиісті. Ол өзі қабылдаған
құндылықтардың түгелдігі үшін материалды-жауапты болады.
Кассалық операцияларды дайындау кезінде төмендегі құжаттар
пайдаланылады:
— кіріс кассалық ордерлер;
— шығыс кассалық ордерлер;
— кіріс және шығыс кассалық ордерлерді тіркеу журналы;
— кассалық кітап.
1.2 Касса операцияларының есебі
Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасы жұмысшы-қызметкерлерге
есептелінген еңбекақы бойынша есеп айырысу үшін, күнделікті көлік
құралдарына қажетті шығандарды (жанар-жағар майға) төлеп отыру үшін, кеңсе
тауарларын сатып алу үшін, сондай-ақ ұйымның хат және басқа да құжаттарды
пошта арқылы жөнелтуі үшін есеп айырысуға арналған. Касса арнайы
жабдықталған, яғни дабылдама (дыбыстық белгілер, сигнализация) орнатылған,
және ақшаларды сақтайтын сейфі бар бөлмеде орналастыруды қажет етеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда кассирлік жұмысқа қызметкер орналасқан
уақытта, яғни ұйым басшысы касса қызметкерін тағайындау туралы (жайлы)
бұйрыққа қол қойғаннан кейін кәсіпорынмен касса қызметкері арасында
материалдық жауапкершілікке келісімшарт жасалуы қажет. Кәсіпорындар мен
ұйымдар өздерінің есеп айырысу шотынан нақты ақшаны сол есеп айырысу шоты
ашылған банк мекемесі берген чек кітапшасы арқылы ғана ала алады.
Банк мекемесінен нақты ақша алу үшін кәсіпорынның касса қызметкері чек
кітапшасындағы парақты толтырады. Бұл чек парағын толтыру барысында чекке
банк мекемесінен алынғалы отырған, яғни кәсіпорынның жұмсауға тиісті нақты
ақшаларының сомасы және бұл соманың қандай мақсатқа жұмсалатындығы жазылып
көрсетілуі тиіс. Толтырылған чекке кәсіпорынның бас бухгалтері және басшысы
қол қойып, осы ұйымның мөр таңбасы басылады. Барлық толтыруға тиісті
ақпараттар толтырылмағанша, чекке қол қоюға болмайды. Сонымен қатар чекке
лауазымды адамдардың, яғни қол қоюға тиісті адамдардың қолы қойылмаса (екі
адамның қолдары қойылмайынша), мөр басуға рұқсат етілмейді. Кәсіпорындар
мен ұйымдардың касса қызметкері банк мекемесінен нақты ақша аларда банк
бақылаушысының қатысуымен ақшаны санап алуы тиіс. Сонымен қатар банк
мекемесінен алынған нақты ақша сол алынған күні кәсіпорындар мен ұйымдардың
кассасына кіріске алынуы керек. Ол үшін кассир кассалық кіріс ету ордерін
тол-тырып, содан соң оны кассалық кітапқа жазады. Кәсіпорындардың кассасына
қолма-қол нақты ақшаны кіріске алу, яғни қабылдау үшін бас бухгалтердің
немесе ол сенім білдірген адамның кассалық кіріс ету ордеріне қол қоюы
керек және ақша төлеген заңды немесе жеке тұлғаға осы толтырылған кассалық
кіріс ету ордерінің квитанциясы беріледі. Осы нақты ақшаны кассаға қабылдау
барысында толтырылатын кассалық кіріс ету ордеріне ұйымның аты, ақша
төлеуші заңды немесе жеке тұлғаның аты-жөні, қандай мақсатқа және не үшін
ақша төлеп жатқандығы, сол ақшаның төленген уақыты (күні, айы, жылы)
жазылып, кассир мен бас бухгалтердің қолдары қойылуы қажет. Кассалық кіріс
ету ордері мына үлгілі түрде болады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасыннан нақты ақша кассалық шығыс ету
ордері немесе тиісті үлгілі түрде дайындалған басқа да ақша төлеу
тізімдемелері, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдардың басшысы мен бас
бухгалтерінің қолдары қойылған ақша алу үшін жазылған өтініштер, шоттар
тағы да басқа құжаттар бойынша беріледі. Бұл құжаттарға кассалық ордердің
деректемесі (реквизиті) көрсетілген мөртаңба (штамп) басылуы керек. Егер
кассалық шығыс ету ордеріне қоса тіркелген құжаттарда кәсіпорындар мен
ұйымдардың басшысының «рұқсат етемін» деген жазуы және қолы қойылған болса,
онда кассалық шығыс ету ордеріне оның қол қоюы аса қажет болып саналмайды.
Сурет 1 Кәсіпорын кірістері мен шығыстарын тіркеу журналы
Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасынан адамдарға кассалық шығыс ету
ордері бойынша ақша берген кезде касса қызметкері нақты ақша алушы адамның
төл құжатын немесе өзін қуәландыратын басқа да құжаттарын көрсетуді талап
етуі керек. Сонымен қатар касса қызметкері осы көрсетілген құжаттарда
жазылған деректерді, яғни ақша алушы адамның аты-жөнін, құжатының нөмірін
және ол құжатты кім бергендігін, қай уақытта берілгендігін кассалық шығыс
ету ордеріне жазуы тиіс. Кассадан нақты ақша алушы адамдар кассалық шығыс
ету ордеріне алып жатқан соманың теңгедегі бөлігін жазумен, ал тиынын
сандармен көрсетеді.
Кассалық кіріс ету ордері және оның квитанциясы, сондай-ақ кассалық
шығыс ету ордері және оның орнына жүретін немесе оған қосымша тіркелетін
құжаттарды кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерия қызметкерлері сиямен
немесе шарикті қаламсаппен анық етіп толтырулары қажет. Бұл құжаттарды
өзгертуге олардағы сандармен әріптерді түзетуге, өшіруге ешқандай рұқсат
етілмейді. Кассалық кіріс ету және кассалық шығыс ету ордерлерін немесе
олардың орнына жүретін құжаттарды кассаға берместен бұрын бухгалтерия
қызметкерлері тіркеу журналына тіркеп жазады. Кассалық шығыс ету ордері
мына үлгілі түрде болады:
Кассалық кітаптың беттері (парақтары) нөмірленіп және оған жіп
өткізіліп, кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтері қолдарын қойып, куәландыруы
керек. Кәсіпорынның кассасына келіп түскен, кірістелген немесе кәсіпорынның
кассасынан төленген, яғни шығыс етілген ақшалардың кімнен келіп түскендігін
немесе кімге не үшін төленгендігін білу үшін ол операцияларға толтырылған
құжаттардың нөмірі және бухгалтерлік жазулар, сонымен қатар кіріске
алынған, сондай-ақ шығыс етілген сомалар кассалық кітапқа жазылуы тиіс. Күн
сайын кәсіпорынның касса қызметкері кассадағы нақты ақшалардың қалдығын
жұмыс күнінің соңында санап, және оның сомасын кассалық кітапқа жазады. Бұл
кассалық кітаптағы деректерге өзгеріс енгізуге, өшіруге, түзетуге жол
берілмейді және касса операциялары мен ондағы жүргізілетін, толтырылатын
құжаттардың дұрыстығына ұйымның бас бухгалтері бақылау жасап отыруы керек.
Кәсіпорынның кассадағы шетелдік валюта түріндегі нақты
ақшаларының есебі үшін өз алдына кассалық кітап ашылады. Сонымен
қатар бұл жағдайда кассалық операциялар бойынша толтырылатын барлық,
құжаттарда кіріске алынған, яғни келіп-түскен және шығыс етілген, кассадан
төленген, ақшалардың сомасы шетел валютасымен және сол күнгі бағам (курс)
бойынша ұлттық валютаға (теңгеге) айналдырылып жазылады.
Мысалы: кәсіпорындардың сатып алушысы болып табылатын заңды тұлға 2002
жылдың 13 желтоқсанында алған тауарлары үшін 5000 (бес мың) АҚШ доллары
көлемінде кәсіпорынның кассасына ақша төлеген (сол күнгі доллардың теңгеге
шаққандағы бағамдық айырмашылығы 149-ға тең) деп алатын болсақ бухгалтерлік
есепте мынадай жазу жазылады:
Д-т: Касса $ 5000
(745000 тг.)
К-т: Тауарларды сатудан алынған
табыс $ 5000
(745000 тт.)
Мұндағы 745000 тг. = 149 х 5000
Жалпы кәсіпорынның кассасындағы шетел валютасы түріндегі ақшалардың
есебі кассадағы ұлттық валюта түрінде нақты ақша қаражаттарының есебіне
ұқсас жүргізіледі.
Кәсіпорындардың кассасындағы ақшаларын есептейтін шоттар бойынша
жүргізілетін операциялар кредиті бойынша нөмірі бірінші журнал-ордерде, ал
дебиті бойынша осы журнал-ордердің тізімдемесінде жүргізіледі.
1.3 Касса операцияларының есебі бойынша негізгі бухгалтерлік
проводкалар
Қолма – қол ақшаның келуі мен берілуінің синтетикалық есебін №1010
Кассадағы қолма – қол ақша активті шотында жүргізіледі. №1010 шот бойынша
сальдо айдың басына кассадағы қолма – қол ақшаның қалдығын көрсетеді. Дебет
бойынша айналым – есеп айырысу шотынан ақшаның келуі, өнімнің өткізілуі
үшін қолма – қол ақшамен төленуі, есепті сомалардың жұмсалмаған бөлігін
кассаға қайтару және т.б. бейнеленеді. Кредит бойынша – қолма – қол ақшаның
жұмсалуы бейнеленеді.
Бұл операцияларды төмендегі сызбаларда бейнелейміз
№1010 Кассадағы қолма – қол ақша
2110 Алуға тиіс шоттар 1310 Материалдар
Өткізілген өнімдер Келген материалдарға
қолма – қол ақша алынды қолма – қол ақша төленді
1250 Есепті және басқа тұлғалардың 1250 Есепті және басқа тұлғалардың
дебиторлық қарызы дебиторлық қарызы
Есепті тұлғалардың пайдалан- Тұлғаларға есепті негізде ақша
баған қаражаттарын қайтару беру
Сурет 2 Касса операцияларының тіркелімі
l040 Есеп айырысу шотындағы l040 Есеп айырысу шотындағы
ақшалар ақшалар
Есеп айырысу шотынан Қолма –қол ақшаны есеп
қолма – қол ақшаның келуі айырысу шотына өткізу
3390 Басқа кредиторлық қарыздар 3350 Еңбекақы бойынша персоналмен
есеп айырысулар
Кредиторлық қарыздардың Еңбек ақы, әр түрлі
жабылуы жәрдемақылар төленуі
Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп және есеп беру туралы
ережелеріне сәйкес кәсіпорын жыл сайын мүліктің, оның ішінде кассадағы
қолма-қол ақшаның түгендеуін жүргізіп отыруы тиіс. Түгендеу кезінде
бухгалтерлік есептегі мәліметтер мен қолма-қол ақшаның нақты мөлшері
арасындағы айырмашылығы төмендегі тәртіппен реттеледі.
Ақша қаражаттарының артығы кіріске алынып және қаржылық нәтижелерге
апарылуға жатады. Есепте артық сомаға № 1010 шоттың дебеті мен № 6110
Негізгі емес қызметтерден түскен табыс шотының кредиті бойынша проводка
жазылады. Кейін артық ақша мен айыпты тұлғалар анықталады.
Ақшаның кем шығуы айыпты тұлғалардың есебіне апарылады. Егер олар
анықталмаған немесе олардан өндіру жөнінен сот талап арызын
қанағаттандырмаған жағдайда, залалдар өндірістің шығындарына (№ 7210 Жалпы
және әкімшілік шығыстар шотының дебеті мен № 3390 Басқа кредиторлық
қарыздар шотының кредиті бойынша) проводка арқылы шығыс етіледі. Кем
шығулар сомасына төмендегі проводкалар: № 3390 шоттың дебеті мен № 1010
шоттың кредиті бойынша, ал ақша төлеу кезінде № 1010 шоттың дебеті мен №
3390 шоттың кредиті бойынша жазылады.
2 АЛИНА ЖШС КАССАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ ҚҰЖАТТАРДЫ РӘСІМДЕУ
2.1 Кассадағы ақшалар шоты бойынша жүргізілетін операциялар
Есепшоты жабылған кезде сондай-ақ иесінің аты немесе есепшоттың нөмірі
өзгергенде — шот иесі қолдарындағы пайдаланбаған чектерді банкіге қайтаруы
керек.
Есеп айырысу шоты бойынша мынадай шаруашылық операциялары көрініс
табады:
1040- «Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша» — шоты дебеттеліп, мына
төмендегі шоттары кредиттеледі:
1010 — «Кассадағы үлттың валюта түріндегі қолма-қол ақша» шоты —
кассадан келіп түскен түсім жонс депоненттелген еңбек ақы сомасы;
1210- «Алынуға тиісті қарыздар» шоты — сатылған енім, жүмыс пен қызмет
төлемақысына;
4410- «Тауарлы-материалдық босалқылармен жабдықтау үшін алынған
аванстар», 44102 — «Орындалатын жұмыстар және көрсетілетін қызметтер үшін
алынған аванстар» шоттары — сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден
алынған аванстарына.
1040- «Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша» шоты кредиттеледі де,
мына шоттар дебеттеледі:
4110- «Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу» шоты
-алынған өндірістік қорлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін
жабдықтаушылар мен мердігерлердің акцептелген шоттарының телемақысына;
1010 — «Кассадағы ұлттық налюта түріндегі қолма-қол ақша» шоты — еңбек
ақыға, іс-сапарларға жөне басқа да шығыстарға жұмсауға арналған кассаға
алынған сомасына;
2040- «Еншілес серіктестіктерге салынған инвестициялар», 20402 —
«Тәуелді серіктестіктерге салыпган инпсстициялар», 20403 -«Бірлесіп
бақыланатын занды тұлғаларға салынған инвсстициялар» — шоттары
кәсіпорындардың жарғылық капиталына салынған инисстициялардың сомасына;
2040- «Акциялар»;
1610 — «Тауарлы-материалдық құндылықтар мен жабдықтау үшін берілген
аванстар», 16102 — «Орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін
берілген аванстар» шоттары — жабдықтаушылар мен мердігерлерге төленген
аванс сомаларына;
3010 — «Банктер несиелері», 3020- «Банктен тыс мекемелерден берілген
несиелер» шоттары — есеп айырысу шотынан өтелген баик несиелері мен заем
қаражаттарының сомасына;
3320 — «Еншілес серіктестіктерге қарыздар», 3340 — «Тәуелді
серіктестіктерге қарыздар», 3330- «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға
қарыздар» шоттары-еншілес және тәуелді серіктестіктерге есеп айырысу
шотынан қарыздарды өтеуге;
3130- «Қосылған құн салығы», 3140- «Бюджетпен басқа да есеп
айырысулар» шоттары — салықтар бойынша бюджетке төлемдер төленгенде;
3410 — «Жеке және мүліктерін сақтандыру бойынша есебі» — жеке және
мүліктерін сақтандыру бойынша қарыз сомасын төлегенде;
3110 — «Төленетін ағымдағы табыс салық» — бюджетке корпоративтік табыс
салығын төлегенде.
Инкассациялау шығындарын қысқарту; бухгалтерияның жұмысын жеңілдету,
Қазақстаннан әлемнің кез келген нүктесінен тез автоматталған ақша аударымын
жасау мақсатында төлем карточкаларын пайдаланады.
Төлем карточкалары — ақша қаражатына электрондық терминал немесе басқа
да қондырғылар арқылы қол жеткізу, ондағы ақпараттар валютаны айырбастауға,
қолма-кол ақшаны жасауға мүмкіндік береді.
Төлем карточкалары: дебеттік, кредиттік және корпоративтік болып
бөлінеді.
Дебеттік карточкалар қаржы-шотындағы ақша сомасының шегінде оның
ұстаушысына (иесіне) төлем жасауына мүмкіндік береді және оны ұстаушылар,
өздерінің қарызын банк берген қаржы көлемінде төлей алады.
Кредиттік карточкалар бойынша банк берген қарыз сомасының шегінде оның
ұстаушылары төлем жасай алады.
Одан басқа кәсіпорын іс-сапарының шығыстарын төлеуге, офистік, үстеме
шығыстары үшін корпоративтік төлем карточкаларын ашуына болады.
Корпоративтік карточкалар — бұл да төлем карточкалары, ол оны
ұстаушыға банк пен заңды тұлғалардың арасында жасалған келісім шарттың
негізінде беріледі.
Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде ол қазіргі шақтың қаржылық тегігі
(инструменті) ретінде 2 млр. карточкалар қолданыста жүр. 30 жылдан астам
кезең ішінде Vіsa және Маster Саrd халықаралық карточка жүйесі үлкен
жетістіктерге жетті. Сондықтан оны 14 млн. кәсіпорын төлем карточкалары
ретінде өздерінің күнделікті өмірінде пайдаланады. Олардың қатарына:
супермаркеттер, авиакомпаниялар, ресторандар, түнгі клубтар, аяқкиім
сататын дүкендер т.б. жатады.
Қазақстан Республикасының аймағында Ұлттық банкінің лицензиялауымен
шығарылған төлем карточкалары пайдаланады.
Төлем карточкалары келесі көрсеткіштерден тұрады:
— телем карточкаларын берудің жағдайы;
— төлем карточкаларымен жасалатын төлем түрлері және оның жағдайы;
-төлем карточкаларын алған тұлғалардың тізімі;
— төлем карточкаларын қайтарып алудың және тоқтатудың (блокирования)
жағдайы; -төлем карточкаларының әрекет ету мерзімі;
Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің ақшаларын сақтау үшін өздері
қалаған банк мекемелерінен есеп айырысу шотын ашулары тиіс. Кез келген
кәсіпорындар үшін әрбір банк мекемесінен бір ғана есеп айырысу шотын ашуына
болады. Есеп айырысу шотын ашу үшін кәсіпорындар мен ұйымдар банк
мекемесіне мынадай құжаттарды табыс етуі қажет:
— банк мекемесінің атына шот ашу туралы өтініш;
— кәсіпорынның құру туралы (жайлы) шешімдердің көшірмесі;
— кәсіпорынның басшысы, бас бухгалтері және олардың орынбасарларының
қолтаңбалары қойылған, сондай-ақ кәсіпорынның мөр таңбасы басылған арнаулы
үлгідегі карточка және басқа құжаттар;
Кәсіпорынның басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға төлейтін төлемі едетте
қолма-қол ақшасыз есеп айырысу шотынан төленеді.
Қандайда болмасын заңды ұйымның басқа кәсіпорындар мен ұйымдарға
қарызы, олардан сатылып алынған тауарлардың, материалдық құндылықтардың,
тағы да басқалардың құны және олардың көрсеткен қызметтеріне төленетін
төлем шот иесінің келісімімен ғана төленеді. Есеп айырысу шотынан қаржы
кейбір жағдайларда шот иесінің келісімінсіз арбитраждың бұйрығы, соттың
үкім қағазы, салық комитеті немесе қаржы полициясының бұйрығы тағы да
басқа заңда қаралған жағдайлар негізінде аударылуы мүмкін. Есеп айырысу
шотындағы ақшадан, нақты ақшамен қаржы алу үшін шот иесіне қызмет
көрсететін банк мекемесі чек кітапшасын береді.
Ұйымдардың өкілі, әдетте кассир есеп айырысу шотынан кәсіпорын
кассасына нақты ақшаны осы чек кітапшасының тиісті түрде толтырылған чегі
бойынша ала алады. Есеп айырысу шотына кәсіпорынның сатқан өнімі мен
тауарларының, материалдық құндылықтары мен басқа да активтерінің және басқа
заңды немесе жеке тұлғаларға көрсеткен қызметтерінен түскен табыс сомасы,
банктер мен басқа да банктен тыс мекемелерден алған несиеге сондай-ақ басқа
да кәсіпорындар мен ұйымдардан алған қарыздарының сомалары кірістеледі. Ал
бұл шоттан кәсіпорынның басқа заңды немесе жеке тұлғалардан сатып алған
мүліктері мен заттарының құны, бюджет және бюджеттен тыс мекемелерге
төленетін төлем сомасы төленеді. Сонымен қоса бұл шоттан кәсіпорынның
кассасына жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысын төлеу үшін және
басқадай мақсаттар үшін нақты ақша алынады. Банк мекемссі есеп айырысу
шотындағы ақшалардың көлемінде шот иесінің, яғни кәсіпорындар мен
ұйымдардың ақша қабылдау, төлеу және аудару жайлы тапсырмаларын орындайды.
Кесте 1
АЛИНА ЖШС кассасындағы ақшалар шоты бойынша жүргізілетін операциялар
№ Операциялардың мазмұны Дебиттелетін шотКредиттелетін шот
1 Түсуге тиіс дебиторлық борыш сомасы 1010, 1020 1210
кәсіпорынның кассасына кіріске
алынды.
2 Алынған вексель бойынша түсуге тиіс 1010, 1020 1130
дебиторлық борыш сомасы кәсіпорынның
кассасына кіріске алынды.
3 Еншілес, тәуелді серіктестіктердің 1010, 1020 1220
берешек ақшалары кәсіпорынның
кассасына келіп түсті.
4 Есептелген пайыз бойынша алынуға тиіс1010, 1020 1270
дебиторлық борыш сомасы кәсіпорынның
кассасына кіріске алынды.
5 Есеп беруге тиісті адамдардың бұрын 1010, 1020 1250
аванс ретінде алған, жұмсалмаған
(жұмсалғаннан қалған) ақшалары
кәсіпорынның кассасына қайтарылды.
6 Жұмысшылар мен қызметкерлерге артық 1010, 1020 1250
төленген еңбекақы сомасы кәсіпорынның
кассасына қайтарылды.
7 Заңды тұлғалар мен жеке адамдардың 1010, 1020 1254
берешек қарызы кәсіпорынның кассасына
кіріске алынды.
8 Алынуға тиісті жол төлемі 1010, 1020 1280
кәсіпорынның кассасына кіріске
алынды.
9 Қызмет көрсетушілер мен қоюшы 1010, 1020 2910
мердігерлерге аванс ретінде берілген
соманың артығы кәсіпорынның кассасына
қайтарылды.
10 Келіп түсуге тиісті жолдағы ақшалар 1010, 1020 1030
кәсіпорынның кассасына кіріске
алынды.
11 Банктегі арнаулы шоттардан 1010, 1020 1070
кәсіпорынның кассасына кіріске
алынған сомалар
12 Банк және банктен тыс мекемелерден 1010, 1020 4010
несие түрінде алынған сомалар
кәсіпорынның кассасына кіріске алынды
13 Дайын өнімдерді сатудан алынған 1010, 1020 6010
ақашалар кәсіпорынның кассасына
кіріске алынды.
14 Сатып алынған тауарларды сатудан 1010, 1020 6010
алынатын ақшалар кәсіпорынның
кассасына кіріске алынды.
15 Сатып алынған материалдық қорлардың 1310, 1315, 14201010, 1020
бағасы кәсіпорынның кассасына
төленді:
— сатып алынған құны бойынша;
— қосылған құн салығы сомасына;
16 Есеп беруге тиісті адамдарға 1250 1010, 1020
берілетін ақшалар (іссапарына,
керекті бұйымдар сатып алу үшін тб)
кәсіпорынның кассасына төленді.
17 Қызмет көрсетушілер мен қоюшы 2910 1010, 1020
мердігерлерге аванс ретінде
кәсіпорынның кассасына төленген сома.
18 Сатып алынған құнды қағаздардың 2040 1010
бағасы кәсіпорынның кассасынан
төленді.
19 Кассаға тауарларды, дайын өнімдерді 1050 1020
және тағы да басқаларды сатудан
түскен ақшалай түсімдер валюталық
шотқа аударылды.
2.2 Кассалық кітап жүргізу және толтыру үлгісі
Кассалық операциялар бухгалтерлік кітаптарды жүргізу жөнінде алдын ала
қарастырылған барлық талаптарға сай келетін кассалық кітапта жазылады.
Беттер нөмірленіп, кітап түптеліп, ал ондағы парақтар саны басшы мен
бас бухгалтердің қол таңбалары және кәсіпорынның мөрі қойылуы тиіс.
Кассалық кітаптағы жазулар көшіргіш арқылы 2 данада жазылады. Екінші
дананасы — жыртылмалы, оған тіркелетін құжаттарды қоса, ол кассирдің есебі
болып саналады. Есеп күнделікті қолма-қол ақшаның келу мен шығыс етілу
барысы бойынша жазылады.
Сурет 3 Кіріс касса ордері
Қолма-қол ақша сейфте сақталады. Онда қатаң есеп берудің бланкілері (еңбек
кітапшалары мен оларға қосымша беттер, автокөлік жолдама қағаздарының
квитанциялары және т.б.) және басқа бағалы құжаттар (демалыс үйлері мен
санаторийларға жолдамалар, пошталық маркалар, қоғамдық көлікте жүру
талондары, кәсіпорын қайта сатып алған акциялар) да болуы мүмкін. Қатаң
есеп берудің бланкілері сол атаулы № 006 баланстан тыс шотында, ал бағалы
қағаздар № 5010 Жарғылық капитал бөлімшесінде бейнеленеді.
Сурет 4 Кассалық кітап
Қазіргі таңда кассалық кітап 1С Бухгалтерия деп аталатын
бағдарламада көрініс табады. Кассалық кітапқа барлық кассалық операциялар
тіркеледі. Бұл бағдарлама орыс тілінде жүргізіледі.
1С Бухгалтерия версия 8.1 деп аталатын бағдарламада кассалық кітапты
ашу үшін келесі операциялар орындалады: Меню … жалғасы
Дереккөз: https://stud.kz