Каспий теңізі — әлемдегі ең ірі көл

0

Әлемдегі ең ірі көл — Каспий теңізі боп есептелінеді. Географияда көл деп мұхиттармен жалғаспаған тұйық су қоймаларың атайды. Осы себептен Каспий көл боп табылады, бірақ карталарда және халық арасында, оның (Каспийдің) үлкендігін ескере отырып, теңіз деп атау жиірек қолданады.


Каспий теңізі


Каспийдің ауданы 371 мың шаршы километр, ең терен жері 1025 метр. Каспий теңізі пайдалы қазбаларға бай. Әсіресе теңіздің түбі мұнай мен газға өте бай. Суы бекіре тұқымдас балықтарға өте бай. Осы себептен Каспий елдері бекіре өндіруден озат боп тұр.


Каспий теңізі — Қазақстан, Түркменістан, Иран, Әзірбайжан және Ресейге тиесілі.


Каспийге құятын өзендер


Каспий теңізіне құятын өзендер көп, солардың ең ірілері — Еділ, Жайық, Эмба, Терек, Кура, Сулак, Атрек және Сефидруд.


Еділ өзеңі осылардың ең ірісі. Бұның суы мол, сондықтан бұл өзен арқылы кемелер жүзеді. Мысалы Каспий жағалауында орналасқан Астрахань портынан сонау солтүстіктегі бауырлас татар халқының астанасы Қазан қаласына дейін туристік кеме круиздері қатынайды. Еділ өзеңі арқылы көп жүк кемелер жүреді.


Каспий теңізіндегі қазақстандық порттар


Каспий теңізінде Ақтау, Құрық сияқты қазақстандық порттар бар. Каспий теңізінің солтүстігінде Астрахань порты бар, қазақстандық порттардың бір ерекшілігі, бұл теңіз суының қатпайтыны.


Оған қоса өзге мемлекеттердің порттары бар, мысалы Түркіменстанның Түрікменбаши порты.

Пән: География