Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштері

0
544

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
МЕББМ Жоғарғы Техникалық Мектебі

Курстық жоба қорғауға
жіберілді
____________________
Жетекші Тастемиров А.Г.

Өндірістік экономика және өндірісті ұйымдастыру пәнінен

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:
Өнімнің бәсекеге жарамдылығын бағалау

Жобаны орындаған студент:

Мамандығы, шифр:____________
______________________________
Курстық жұмыс ______________
бағамен қаралды
Жетекші: Тастемиров А.Г.
_____________________
Аты жөні, қолы

Орал 2013

Мазмұны

Кіріспе … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … … … …3

1-бөлім. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық
және әлеуметтік маңызы
1.1. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі
көрсеткіштері … … … … …5
1.2. Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік
негіздері..10

2-бөлім. Нарықтық жағдайдағы өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне
қол жеткізу жолдары
2.1 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық
параметрлерін
жақсарту … … … … … … … … … … … … … … … … … ..
… … … … … 18
2.2. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін
факторлар … … … … .25

Қорытынды … … … … … … .. … … … … … … … … … … ..
… … … … … … … … … … ..31

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі … … … … … … … . … … … … … … … … … … ..
..33

Кіріспе
Ғаламдану жағдайында барлық елдердің негізгі міндеті ұлттық шаруашылық
пен жекелеген экономикалык субъектілердің бәсекелес қабілетін қалыптастыру
және қолдау болып табылады. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере
отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын
одан ары жақсарту максатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша
құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.

Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қалыптастырудың негізгі бағыты
ішкі өндірісті өркендету екені белгілі. Индустриалды-инновациялық даму
бағдарламасының негізгі міндеттері: ғылыми көлемді және жоғары
технологиялық экспортты өндірістердің құрылуына жағдай жасау; жоғары құнды
кызмет көрсету мен тауарлар пайдасына сай елдің экспортты деңгейін
диверсификациялау инновациялык үрдістермен бірігіп, әлемдік шаруашылық
жүйесіне интеграциялау.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі заманғы кәсіпорындар өздерінің
бәсеке бағытын нығайту үшін әлемдік нарықтың жоғарылап келе жатқан
талаптары, тұтынушылық сұраныстың дифференциялануы, инновациялық
айналымдардың азаю қажеттілігі және өндіріске ғылыми-техникалық
жетістіктерді енгізу мәселелерімен бетпе-бет кездесуде. Бәсекеге
қабілеттілік – Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты
кірігуінің кілті. Және мұның қажетті шарты -Қазақстан тауарлары мен
қызметтерінің озық халықаралық стандарттардың сапалық деңгейіне шығуы, –
деп айтқан Қазақстан Республикасының Президенті өзінің халқына жолдауында
осы жылы. Бұл жағдай Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында
айтылғандай: Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық
өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып
қала береді. Біз бұған өз экономикамыздың бәсекелік қабілетін арттыру
арқылы, қол жеткіземіз.
Курстық жұмыстың мақсаты өнімнің бәсекеге жарамдылығын бағалау
әдістері туралы туралы түсінік алу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
– Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономикалық
және әлеуметтік маңызы туралы түсінік беру;
– Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштерін
көрсету;
– Өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне қол жеткізу жолдары мен өнімнің
бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық параметрлерін жақсарту
жолдарын көрсету;
– Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар туралы
түсінік беру.
Курстық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізін кәсіпорынның
бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша отандық және шетелдік
ғалымдардың еңбектері, монографиялары, оқулыктары мен оқу құралдары,
мерзімді баспасөздегі мәліметтер мен ақпатраттар, сондай-ақ арнайы заңдар,
заңнамалық кұжаттар, нормативтік-құқықтық актілер мен Қазақстан
Республикасының Президенті мен Үкіметінің бұйрықтары, қаулылары мен
жарлықтары, ҚР-сы статистикалық агенттігінің мәліметтері жылдық есептемелік
кұжаттары құрайды.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімен, қорытынды мен
пайдалынылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыс кіріспесінде
тақырыптың өзектілігі, мақсаты, зерттеу объектісі, теориялык және
әдістемелік негізі қарастырылган. Бірінші бөлімінде кәсіпорынның бәсекеге
қабілеттілігінін теориялык жақтары, қазіргі нарыктық экономикадағы орны
қарастырылған.
Екінші бөлімінде нарықтық жағдайындағы өнімнің бәсекеге
қабілеттілігіне қол жеткізу жолдары қарастырылған.
1-бөлім. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың
экономикалық және әлеуметтік маңызы
1.1. Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштері
Ұлттық экономикадағы нақты саланың дамуын қамтамасыз етуде, отандық
өндірушілердің өнімдерін әлемдік нарықтың сұранысына сәйкестендіру
бағытында атқарылатын іс-шаралардың тобына шығарылатын өнімдердің
бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету мәселесін жатқызуға болады. Қазіргі
кезде өзекті болып отырған мемлекеттің экономикалық, азық-түлік
қауіпсіздігін қалыптастыру әрекеттері де сыртқы өндірушілердің ұқсас
өнімдеріне төтеп бере алатын отандық өнімдердің өндірілуіне тәуелді.
Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз — кез-келген экономикалык объектілерге
тән қасиет. Физикалық табиғатына және атқаратын қабілетіне қарамай, барлық
тауарлар, сондай-ақ оларды өндіру, пайдалану жүйелері бәсеке мәселесі
шеңберінде қарастырылады, тіпті мұндай талдау аспектісі абстрактілі емес,
нақты экономикалық қызметтің практикалық мәні.
М. Эрлих жэне Дж. Хайн пікірлері бойынша бәсеке қабілеті — фирманың өз
тауарын сату қабілеті.
Бәсеке қабілеттілік түсінігі XX ғасырдың 70 жылдарында Батыста пайда
болды. Шамамен сол уақытта өнімнің бәсеке қабілеттілігі мәселесімен КСРО да
айналыса бастады.
Бәсекеге қабілеттілік — өнеркәсіптік өнімнің құндық және сапалық
параметрлерін ғана қамтымай, сондай-ақ кәсіпорын қызметіндегі инвестиция
мен инновациялық басқаруға, менеджмент деңгейіне тәуелді жан-жақты ұғым.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі — тауарлардың тұтынушы қажеттілігін
жоғары деңгейде қанағаттандыруын және осының арқасында нарықты өз орнын
табуы. Басқа сөзбен айтқанда, бұл тұтынушының талғамына сай келетін және
оның сатылуын қамтамасыз ететін өнімнің қасиеттері.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің сипаттамалары кандай? Оның негізгі
кұрауыштарын атап өтейік:
А. Негізгі құрауышы өнімнің өзімен тікелей байланысты және оның
сапасына көп көңіл аударылады. Көптеген зерттеулер нәтижесінде өнімді сатып
алу туралы қорытынды шешім (30-35%) оның сапалық сипаттамаларымен
байланысты екенін көрсетеді.
В. Екінші құрауышы өнімді сату мен сервисімен байланысты. Тұтынушы
көбіне өнімнің сапасы төмен, бірақ сенімді және қымбат емес сервиспен
(мысалы, авто-мототехника) сатылатын тауарды таңдайды.
С. Үшінші құрауыш бұл тұтынушыга, субъективті фактор ретінде жағымды
немесе жағымсыз әсерін тигізетінің бәрі. Кәсіпорынның бәсекеге
қабілеттілігін модельдеудің мақсаты бәкелес кәсіпорынның өнімдері арасында
нарықты бөлудің нарықтық механизмін модельдеуге келіп тіреледі. Мұның
негізінде өнімнің бәсекеге кабілеттілігінің қалыптасуының механизмін
көрсетуге болады (сурет 1).

Сурет 1. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің қалыптасуының механизмі

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі белгілі бір фактордардың ықпалымен
калыптасады. Олардың арасындағы негізгілері:
• Баға;
• Сапалық;
• Жаңалық;
• Жарнама;
• Пайдалану сенімділігі;
• Көркемдеу, мэнерлеу;
• Буып-түю, т.б.
Кең мағынады бәсекеге қабілеттілік бұл – күрделі нарықты жағдайдағы
жұмыс философиясы. Ең алдымен ол тұтынушының қажеттілігі білу мен
қанағаттандыру; нарықтың дамуы мен жағдайды түсін бәсекелестердің
мүмкіндіктері мен кимылдарын алдын-ала білуін бағытталған.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін оны басқа кәсіпорынмен
салыстырғанда ғана аныкталады, бұл салыстырмалы көрсеткіш болып табылады.
Ол берілген тауардың басқа тауарынан белгілі бір қажеттілікті
қанағаттандыру дәрежесі бойынша айырмашылығын көрсетеді. Тауардың бәсекеге
кабілеттілігін анықтау үшін белгілі бір қажеттілікке сәйкес келу дәрежесі
бойынша басқа тауарлармен салыстырып қана қоймай, сонымен бірге тұтынышының
тауарға жұмсаган шығыны мен өз қажеттілігін қанағаттандыру үшін оның әрі
қарай қолданылуы да есептеледі.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің зерттелуі оның өмірлік циклының
фазаларына тығыз байланысты үздіксіз және жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.
Мұның өзі бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерінің төмендеудің бас кезеңін
уакытылы анықтау мен лайықты шешімдерді қабылдау (мысалы, өнімді өндірістен
шығару, оны модернизациялау, нарықтың басқа секторына ауыстыру, т.с.с.)
үшін қажет. Егерде ескі өнім өз бәсекеге қабілеттілік ұстанымын түгелдей
жоймаса, ал кәсіпорын жаңа өнім шығаруды көздесе бұл экономикалық тиімсіз
болады. Сонымен катар, әрбір тауар нарыққа шыққаннан кейін өзінің бәсекеге
қабілеттілік әлеуметін бірте-бірте жұмсай бастайды. Бұл процесті баяулатып,
уақытша ұстап тұруға болады, бірақ оны тоқтату мүмкін емес. Сондыктан, жаңа
өнім ескі өнім бәсекеге қабілеттілігінде маңызды жоғалтулар болған кезде
нарыққа шығаруды қамтамасыз ететін график бойынша болжайды. Яғни жаңа
тауардың бәсекеге қабілеттілігі озық және ұзақ уақыттық болу кажет.
Тауар өндіруші өзінің нақты бәсекелестерін, олардың мүмкіндіктерін,
артықшылықтары мен кемшіліктері ғана емес, сондай-ақ таңдаған нарықтағы
бәсекелестірдің жалпы жағдайын, яғни осы нарықтың бәсекелестік сипатына
байланысты типін, өзінің салалық нарығындағы бәсекелестіктің қозғаушы
күштерін өте жақсы білуі керек. Бұл жағдайда өз бәсекелестерінің іс-
әрекеттері сипатын бағалау жүйесін, оның ішінде олардың іс-әрекеттерінің
құрылымдық талдауын пайдалануға болады (сурет 2).
Бәсекелестіктің салалық деңгейдегі қозғаушы күштерін зерттеу нарықтық
экономика жағдайында барлық деңгейлерде көрініс табатын жалпылама
бәсекелестік механизмінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Мұндай
зерттеу келесідей аспектілерді қамтиды: Салада потенциалды бәсекелестердің,
яғни жаңа тауар өндірушілердің пайда болуы, бағалардың төмендеуі және
(немесе) шығындардың өсуі, тиісінше пайда нормасының түсуіне алып келуі
мүмкін өндірістік қуаттардың артуына әкеліп соқтырады.
Нарыққа жаңа бәсекелестердің енуі барысында белгілі бір тосқауылдар
болуы мүмкін. Олардың негізгілері:
• өндіріс қажеттіліктерінің үнемделуі;
•өнімнің жіктелуі мен сатып алушылардың да сол кезеңдегі шығындары;
• тарату каналдарының салыстырмалы жетіспеушігі;
• саладағы артықшылықтардың болуымен белгіленетін тосқауылдар.
Нарықта әрекет етуші компаниялар арасында бәсекелестіктің қарқандылығы
мынандай факторлармен анықталады:
• бәсекелестердің сан жағынан көп болуы және олардың күштерінің
теңдігі;
• саланың салыстырмалы баяу өсуі;
• үстеме шығындар немесе тауарлы-материалдык корлар құны түріндегі
тұрақты шығындардың жоғары деңгейі;
• дифференциацияның жоқтығы (және тиісінше – конверсия шығындары);
• қуаттардың секірмелі өсімі;
• жоғары деңгейге шығу тосқауылдары.
Бәсеке сипаттамалары және оларды анықтайтын факторларды шартты түрде
микродеңгейлі (өнімнің сапасы мен бағасын көрсететін), мезодеңгейлі
(салалардың қолда бар өндірістік қорларын тиімді қолданудың көрсеткіштерін
жақсартатын) және макродеңгейлі (шаруашылық жүйелердің жалпы қалпын,
олардың балансын, инвестициялық климатын, салық тәртібін, тариф кедендік
саясатын және т.б. көрсетеді) болып бөлінеді.

Сурет 2. Нарықтағы бәсекелестер іс-әрекетінің құрылымдық талдауы

Келтірілген бәсеке сайыстың және бәсекелесу қабілетінің факторлары мен
сипаттамаларының субъектілерінің құрамы осы күрделі дәреженің
элементтерінің құрамын сипаттауға және олардың байланысын шығаруға
мүмкіндік береді. Бұл оның талдауына қажетті тиімді тәсілдер шығаруға,
қолда бар қорларды алуға қосымша мүмкіндіктер ашуға және сүт өнімі
кәсіпорындары үшін әр деңгейдегі бәсекеге қабілеттілікті жоғарлатудың
стратегиялық бағытын анықтауға көмек көрсетеді.

1.2. Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін
бағалаудың әдістемелік негіздері
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі өнімнің бәсеке қабілеттілігімен
тікелей байланысты. Өнімнің бәсеке қабілеттілігін бағалау келесі
жүйелілікпен асады:
1. нарықты талдау — потенциалды сатып алушылар мен бәсекелестердің
қажеттіліктерін зерттеу;
2. тауарға нарыктық талаптарды қалыптастыру және оны бағалық
көрсеткіштер құрылымында көрсету;
3. салыстыру көрсеткіштер базасын таңдау;
4. бағалық класс моделінің түрін таңдау;
5. тауарды бәсеке қабілеттіліктің жеке және интегралды көрсеткіштер
бойынша бағалау;
6. бәсеке қабілеттілік туралы қорытынды жасау және оның өндіріс пен
сатып алу мақсаттылығы туралы шешім қабылдау.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау тұрғысынан нарықты зерттеудің
нәтижесі тауардағы қажеттілікттердің әрекеттестік динамикасы мен жағдайы
туралы ақпаратты жинау болып табылады. Әрбір қажеттілік сатып алушы нарықта
тауарға талаптар түрінде мәлімдеме жасайтын белгілі бір параметрлер
жиынтығымен сипатталады.
Бәсекеге кабілеттілікті бағалаудың негізгі критерийлері:
• өнімнің жаңалық дәрежесі;
• өндірілу сапасы;
• өнім туралы ақпаратты тарату үшін материалдық базасының болуы;
• өткізуді ынталандыру бойынша шаралар; өткізу динамикасы;
• өнімнің нарықтық талаптарына ыңғайлану мүмкіндігі;
• қаржылық жағдайы.
Сонымен бірге, бәсекеге қабілеттілікті салыстырмалы құн мен
салыстырмалы пайда бағалық көрсеткіштері бойынша карастыруға болады. Егер
өнімнің бәсекеге қабілеттілігін баға бойынша бағалайтын болсақ, өнімнің
бағасы, сапасы мен дизайны ұқсас тауардан кем түспесе, онда өнім бәсекеге
қабілетті болып саналады. Ал егер өнімнің бәсекеге қабілеттілігін
салыстырмалы қүн бойынша бағалайтын болсақ, онда салыстырылатын
мемлекеттерде өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек бірлігінің салыстырмалы құны бір
валютада есептелінеді. Бәсекеге қабілеттілікті пайдалылық бойынша
бағалағанда, кәсіпорынның пайдалылығы жоғары болған сайын оның өнімінің
бәсекеге қабілеттілігі де жоғары болады.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістері келесідей:
Біз бәсекеге қабілеттілікті талданатын өнім мен салыстыру базасының
техникалық, экономикалық және басқа параметрлер бойынша салыстыру арқылы
бағаланатынын айтқанбыз.
Бағалау екі әдіспен жүргізіледі:
– дифференциалданған;
– комплексті.
Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың дифференциалданған әдісі талданатын
өнім мен салыстыру базасының параметрлерін қолданып салыстыруына
негізделген.
а) Егер бағалау базасы ретінде қажеттілік алынатын болса, онда
бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші мына формула арқылы есептелінеді:

Q1 = РiРіо* 100% (і= 1,2,3. ..,n) (1)

Мұндағы, Qі – і-параметрі бойынша бәсекеге қабілеттіліктің жеке
параметрлік көрсеткіші;
Рі – талданатын өнім үшін і-параметрдің мөлшері;
Ріо – қажеттілік толығымен қанағаттандырылғандағы і-параметрдің
мөлшері;
n – бағалау параметрлерінің саны,
Нормативті параметрлер бойынша бағалау кезінде жеке көрсеткіш 1 немесе
0 мәнін қабылдауы мүмкін. Егер талданатын өнім міндетті норма мен
стандартка сай келсе, онда көрсеткіш 1-ге тең; егер сай келмесе, көрсеткіш
0-ге тең болады.
Техникалық және экономикалық параметрлер бойынша бағалау кезінде жеке
көрсеткіш 1-ден үлкен немесе 1-ге тең болуы мүмкін.
б) Егер бағалау базасы ретінде үлгі алынатын болса, онда бәсекеге
қабілеттілік көрсеткіші мына формула арқылы есептелінеді:

QІ = РІРіо* 100% (і= 1,2,3,…,n) (2)
QІ = РіоРо* 100% (3)

Мүндағы, Qі – і-нші техникалық параметр бойынша бәсекеге
қабілеттіліктің жеке параметрлік көрсеткіші;
Рі – талданатын өнім үшін і-параметрдің мөлшері;
Ріо – үлгі ретінде алынған өнім үшін і-параметрдің мөлшері;
n – бағалау параметрлердің саны.
Бағалау нәтижелерін талдау:
Бұл 2 формуладан жеке көрсеткіштің өсіміне бәсекеге қабілеттіліктің
жоғарылауы сәйкес келетін формула алынады. (Мысалы, өнімділікті бағалау
үшін — формула (1), ал отынның шекті шығынын бағалау үшін — формула (2)
Егер өнімнің техникалық параметрлерінің физикалық өлшемі болмаса
(мысалы, ыңғайлылық, сыртқы келбет, модаға сәйкес келуі, т.б.), онда балмен
бағалау экспертті әдістер колданылады.
Дифференциалдық әдіс талданатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін немесе
ұқсас өніммен салыстырғандағы кемшіліктерді аныктауға мүмкіндік береді. Ол
өнімнің өмірлік циклдің барлық этаптарында, әсіресе оны болжамдық үлгімен
салыстырғанда қолданылады. Бірақ та ол тауардың әрбір салмақтылық
параметрлерін таңдаған кездегі тұтынушының қажеттілігіне әсерін ескермейді.

Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың комплексті әдісі. Бұл әдіс
комплексті (топтық, жалпы және интегралды) көрсеткіштерді пайдалануына және
талданатын өнім мен үлгінің шекті тиімді әсерлерді салыстыруына
негізделген.
Нормативті параметрлер бойынша топтық көрсеткіш келесі формула арқылы
есептелінеді:

Інп = Qһіn i=1 (4)

Мұндағы, Інп – нормативтік параметр бойынша бәсекеге қабілеттіліктің
топтық көрсеткіші;
Qһі – і-нші нормативтік параметр бойынша бәсекеге қабілеттіліктің жеке
көрсеткіші;
n – бағалауға қатысатын нормативті параметрлердің саны.
Нәтижелерді талдау:
Егер де жеке көрсеткіштердің бірі 0-ге тең болса (яғни, өнім қандай да
болмасын параметрлер бойынша керекті нормаларға сәйкес келмейді), онда
топтық көрсеткіш те 0-ге тең болады. Бұл берілген тауар қарастырылып жатқан
нарықта бәсекеге қабілетсіз екенін білдіреді.
Техникалық параметрлер бойынша топтық көрсеткіш мына формула арқылы
есептелінеді:
Ітп = Qi* Аіn і=1, (5)

Мұндағы, Ітп – техникалық параметр бойынша бәсекеге қабілеттіліктің
топтық көрсеткіші;
Аі – қажеттілікті сипаттайтын n техникалық параметрлер ішінен і-нші
параметрдің салмағы;
n – бағалауға қатысатын нормативті параметрлердің саны.
Нәтижелерді талдау:
а) Ітп топтық көрсеткіші берілген өнімнің техникалық параметрлер
бойынша кажеттілікке сәйкес келетін дәрежені көрсетеді. Ол неғұрлым жоғары
болған сайын, соғұрлым тұтынушының қажеттілігі толығырак
қанағаттандырылады.
б) Әрбір техникалык параметрдің салмақтығын анықтау үшін үлгі,
семинар, тұтынушының сұранысы, нарықтық зерттеулерге негізделген эксперттік
бағалау негіз болады.
в) Нарықтық зерттеулер өткізген кезде пайда болатын қиындық жағдайда,
сонымен қатар техникалық параметрлерден бағдарлық бағалауды өткізу және
есептеулерді оңайлату мақсатында салмақтық топ немесе комплексті
параметрлер — одан әрі салыстыруда қолданатын тиімді әсер қолданылады.
Экономикалық параметрлер бойынша топтық көрсеткіш өнімді сатып алуға
және тұтынуға (эксплуатация) тұтынушының толық шығындарын анықтау негізінде
есептелінеді:

3 = Зс + Сі т і=і (6)

Мұндағы, 3 – өнім сатып алуға және тұтынуға (эксплуатация) кететін
тұтынушының толык шығындары;
Зс – өнімді сатып алуға кеткен бір жолғы шығындар;
Сі – і-нші жүмыс істеген жылына қатысты өнімнің эксплуатациясына
кеткен орташа жиынтық шығындары;
Т – жүмыс уақыты;
і – рет бойынша жыл.
Мұнда,
Сі = Scj n j=1 (7)

Сj – j -нші бап бойынша эксплуатациялық шығын;
n – эксплуатациялық шығындардың баптардың саны.
Егер өнім эксплуатациядан кейін сатылатын болса, онда толық шығындар
ол үшін табыс шамасына азаюы керек (берілген бап үшін көрсеткіш формулаға
минус таңбасымен еңгізіледі).
Экономикалық параметрлер бойынша топтық көрсеткіш мына формула арқылы
есептеледі:

Іип = 3Зо (8)

Іип – экономикалық параметр бойынша топтық көрсеткіш; 3, Зо –
бағаланатын сәйкесінше өнім мен үлгі үшін тұтынушының толық шығындары.
Бәсекеге қабілеттіліктің интегралды көрсеткішінің формуласы:
К = Інп * Ітп Іэп (9)
К – үлгі өнімге қатысты талданатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің
интегралдық көрсеткіші.
Нәтижелерді талдау:
К – өнімді сатып алу мен тұтынуға кеткен тұтынушының бірлік шығынына
шакқандағы тұтынушылық тиімділігіндегі салыстырылатын өнімдер арасындағы
айырмасын көрсетеді. Егер К1 болса, онда қарастырылатын тауардың бәсекеге
қабілеттілігі үлгі тауарға қарағанда төмен; ал егер К1 болса, онда
қарастырылатын тауардың бәсекеге қабілеттілігі үлгі тауарға қарағанда
жоғары; егер екі тауардың бәсекеге қабілеттілігі бірдей болса, онда К=1.
Егер талдау бірнеше үлгі бойынша жүргізілсе, онда таңдалған аналогтар
бойынша өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің интегралдық көрсеткіші әрбір
бөлек үлгі бойынша орта салмақты көрсеткіш қосындысы ретінде есептелінеді:
Кср = Зкі * Rі n i=1 (10)
Мұндағы, Кср – үлгі топтарға қатысты бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші;

Кі – і-нші үлгіге қатысты бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші;
Rі – аналогтар тобындағы і-нші үлгінің салмақтығы;
n – аналогтар саны.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің бағалануын көрсеткіштердің
келесі топтарының негізінде іске асыру ұсынылған: өнімнің бәсекеге
қабілеттілігі; кэсіпорын өндірісінің жетік ұйымдастырушылық-техникалығы
өзіне екі жалпыландыру көрсеткіштерін косады:өндірістің техникалық деңгейін
(Ктд) және өндірістің ұйымдастырушылык деңгейін (Кұд).
Олар жекелік көрсеткіштердің функциясы ретінде анықталады
(xi …, xn
Кұд,Ктд = f1(хi …,хn), (11)
Әр фактор (меншікті көрсеткіш) былай табылады:
Хі = ПфіПні (12)
Мұндағы Пфі – і-нші факторының деректік мәні, өндірістің
ұйымдастырушылық-техникалық деңгейі жалпыландыру көрсеткішіне әсер етеді;
Пні – қағидалық немесе жоспарлықта дәл солай.
Жалпыландыру көрсеткішін келесі формулалар бойынша табамыз:
Кұд, Ктд = аі * хi + … + аn * хn (13)
Мұндағы Атд жэне Аұд – өндірістің техникалық деңгейінің көрсеткіші
және ұйымдастырушылық деңгейінің көрсеткішінің салмақтандыру
коэффициенттері.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің бағалауының бірнеше әдістемесін жиі
қолданылады. Оларға жататындар: матрицалық әдіс; негізгі тәсіл ретінде
кәсіпорын тауарының бағалануын қолданылатын әдіс; бәсеке тиімділігі
теориясында негізделген әдіс.
Матрицалық әдіс негізінде координаттар жүйесінің қағидасы бойынша
жасалынған матрица талдауы жатыр. Мұндай әдістерге келесі матрицалар: ВСG,
Мак-Кинзи, Хоуфер, ADL, И.Ансофф, Д.Абель бойынша стратегиялардың өрісі
жатады.
Екінші әдіс тауардың бәсекеге қабілеттілігінің параметрлерінің
анықтамасы (бағалық және бағадан тыс) және оның бәсекеге қабілеті
деңгейінің интегралды көрсеткішінің есептеуінде негізделген.
Тауар сапасының теориялық мәні — тұтынушылардың тауарға деген
сұранысын қанағаттандырудың түрлі критерийлерін шығару, яғни сапа фирманың
бәсекеге қабілеттілігінің кепілдемесі болып табылады.
Әлуетті сатып алушылардың қажеттілігін білу негізінде параметрлердің
номенклатурасы анықталады, оларды өндіруші нарықта өнімді бағалау үшін
пайдаланылады.
Егер салыстыру үшін базаны анықтау мүмкін болмаса үлгі арқылы бәсекеге
қабілетінің бағаларының жарнама әдісі қолданыла алады, әсіресе нарықта оның
үйлестігі болса және белгілі жеңгейлі өнім бағаланса. Үлгі-тауар
қажеттілікті модельдейді және оның параметрлерін бағалауға ұсынылған
параметрлермен салыстыруға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, бәсекеге қабілеттілігі талданатын өнімнің тұтынушыға
қажетті параметрлермен салыстыру аркылы бағаланады. Салыстырылатын
параметрлер өлшеудің бірдей шамаларымен көрсетіледі. Салыстыру техникалық
жэне экономикалық параметрлердің топтары бойынша іске асырылады.
2-бөлім. Нарықтық жағдайдағы өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне
қол жеткізу жолдары
2.1 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық
параметрлерін жақсарту
Бәсекелік саясатта тауарға қатысты, ең алдымен, оның функционалдық
тағайындалуын, сенімділік, қолдануындағы ыңғайлылық, сыртқы келбетің
эстетикалығы және басқа сипаттамалары, яғни берілген тауардың үлгі
тауарларға қарағандағы тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыру
мүмкіндіктері назарға алынады. Берілген тауардың жиынтық қасиеттерін
қосатын тауардың мұндай тұтынушылық құндылықтарын қалыптастыру нарықта
өмір сүріп қалудың маңызды шарты болып табылады. Өндіруші бәсекеге
қабілетті тауарды өндіргенде әртүрлі стратегияны қолданылады:
– Бәсекелестер тауарынан айырмашылығы бар кәсіпорын тауарына
тұтынушының назарын аудару;
– Өндіріске айқындалған тауарлардан барлық тұтынушылар үшін тартымды
… жалғасы

Дереккөз: https://stud.kz