«Кәсіби оқыту» бакалаврларын даярлаудағы мультимедиа құралдарының сипаты

0

Өркениетті қоғамның қазіргі даму кезеңі ақпараттандыру процесін сипаттайды. Бұл процестің қоғамдық өндіріс сферасындағы бастапқы әрекет түрінен тұратын негізгі ерекшелігі жинақтау, жинау, продукциялау, өңдеу, сақтау, беру және ақпараттарды қолдану болып табылады, олар ақпараттық және коммуникациялық технология құралдарының негізінде жүзеге асады.

Қазір педагогикалық қоғамдастықтың алдында білім берудің жаңа моделін құру және оны енгізудің ауқымды  міндеттері тұр, оның негізгі ұстанымдары «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» көрсетілген [1].

Жоғары білім беруді дамыту процесі мамандар даярлау сапасын арттыру, қарқынды ғылыми-зерттеу қызметімен ықпалдастырылған инновациялық білімді дамыту, жоғары оқу орындары зерттеулерінің әлеуметтік сала мен экономиканың     қажеттіліктерімен  тығыз байланысты, білім беру және ақпараттық технологияларды жетілдіру  болып табылады. Қазіргі заман жағдайында жоғары білім беру жүйесінің бірінші кезектегі міндеті жоғары білікті мамандарды оздыра даярлау болып табылады.

Жоғары білім берудің мақсаты – қоғамның, мемлекеттік және жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға кеңінен мүмкіндік беру.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында келтірілгендей бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндетi ұлттыќ және жалпы адамзаттыќ ќұндылыќтар, ғылым мен практика жетiстiктерi негiзiнде жеке адамды ќалыптастыруға, дамытуға және кәсiби шыңдауға бағытталған бiлiм алу үшiн ќажеттi жағдайлар жасау [2].

Ақпараттық ғасыр өз алдына мамандарды даярлаумен  айналысатын  білім  беру жүйесінде приоритетті міндеттер мыналар болып табылады [2]:

  • оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық глобалды жаһандандыру коммуникациялық желілерге шығу;
  • еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, білікті жұмыскерлерді және мамандарды даярлау.

Осыдан білім беру процесінің тиімділігін ұйымдастыру қажеттілігі туындайды, ол ақпараттық технологияны пайдалана отырып, білімді, білікті және дағдыны қалыптастыру.

Жалпы білім берудің маңызы жөнінде А.А.Әбдікәрімұлы, В.В.Егоров, С.Т.Каргин, Ж.Ж.Наурызбай, М.Н.Сарыбеков және т.б. ғалымдардың еңбектерінің орны  ерекше. Ал, білім беруді ақпараттандыру, компьютерлік техниканы оқу процесінде пайдалану, оны қолдану Е.А.Батешовтың, Р.М.Дұзбаеваның, Д.М.Жүсібалиеваның, Ж.А.Қараевтың, М.С.Мәлібекованың, Ә.К.Мыңбаеваның және т.б. авторлардың еңбектерінде кеңінен қарастырылған [3].

Қазіргі уақытта ақпараттандыру процесінің әсерімен жаңа қоғамдық құрылыс – ақпараттық қоғам құрылады. Ол ақпараттық ресурстар өндірісі  мен ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндіктерін, автоматтандыру және роботтаудың өндіріс пен басқарудағы барлық салаларындағы әлеуметтік құрылыстың радикалды өзгерістермен жылдамдату процестерін қамтамасыз ететін ақпараттық технологияның жоғары деңгейімен, инфрақұрылысының дамуымен сипатталады [3].

Ақпараттандыру білім беру аймағында – оқыту мен тәрбиелеудің психологопедагогикалық мақсаттарын жүзеге асыруға бейімделген қазіргі, жаңа ақпараттық технологияларды қолдану мен өңдеуде педагогиканың теориясы мен практикасын қамтамасыз ететін процесс.

Білім берудегі ақпараттық технологиялар — бұл ең алдымен, оқытудың нәтижелері мен оны бақылау жүрісін оқыту және процесті объектілеу барысында ақпаратты беру процесін   оптимизациялау   жолымен білім беру мақсатына жету әдістері болып табылады.

Қазіргі кезде дүниені жан-жақты тұтас қабылдауда, ғылыми  түсініктердің жалпылай қалыптасуында, қоғам мен табиғаттың диалектикалық заңдылықтарын танып-білуде тұтас ойлау жүйесінің қажеттілігі туындайды. Ғылымдардың гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық болып дәстүрлі топтастырылуы олардың зерттейтін нысандарының ортақтығына, курстық қатынастарының бірлігіне негізделген.

Ғылымның қай саласында болмасын техника, жаңа ақпараттық технологияларға байланысты курстар интеграциясы білім беру саласында қомақты орын алуда, техникалық және гуманитарлық курстар арасындағы тығыз байланыс дәстүрге еніп келеді, соған орай жалпы білім мазмұны мен оқыту әдістемесінде де жаңалықтар дүниеге келуде. Оның тағы бір дәлелі мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасы жалпы міндетті білім беру стандарттарының бекітілуі [3].

Жаңа ақпараттық технологияларға байланысты курстар төменгі курстан бастап типтік оқу жоспарында жаратылыстану циклында мемлекеттік компонент ретінде өткізіледі. Сонымен қатар басқа да ақпараттық технологиялар бойынша жүргізілетін курстар оқу жоспарларында кеңінен орын алуда. Нәтижесінде  техникалық емес мамандықтардағы студенттердің ақпараттық білім мен біліктілігі, танымдылығы қалыптасады. Біздің міндет ақпараттық танымдылықты кәсіптік танымдылықпен ұштастыру. Оқу процесі барысында оқытылатын пәндердің арасынан  біз  «Педагогикалық бағдарламалық құралдарды жобалау негіздері» пәнін қарастырамыз. Бұл пән 050120 – Кәсіби оқыту мамандығында оқитын студенттерге арналған,  негізгі пәндер циклында таңдау бойынша компонентке енген.

Берілген пәннің мақсаты болашақ кәсіби қызметте ақпараттық технологияларды пайдалану үшін қажетті  ақпараттық көзқарас қалыптастыруға әсер ету, болашақ кәсіби оқыту педагогының негізгі кәсіби қаситеттерін қалыптастыру; педагогикалық теория, ақпараттық технологияларды жобалау және жасау тәсілдері, кәсіби білім беру жүйесінің болашақта даму жолдары туралы біліммен таныстыру.

Пәннің міндеттері: студенттерді педагогикалық қызметтегі ақпараттық технологияны пайдаланудың жалпы сұрақтарымен, электронды оқу материалдарының негіздерімен таныстыру.

Берілген пәнді оқу нәтижесінде студенттер міндетті:

  • ақпараттық қоғам мәнін және ерекшеліктерін, ҚР-дің білім беру жүйесін ақпараттандыру мәнін             және ерекшеліктерін;
  • педагогикалық бағдарламалық құралдардың жай-күйі және дамуы;
  • оқу орындарының білім беру процесінде ақпартты коммуникациялық технологияларды қолдану болашағы;
  • педагогикалық бағдарламалық құралдарды (ПБҚ) пайдаланудың теориялық аспектілерін;
  • ПБҚ-ны оқу процесінде қолдану әдістемесін;
  • ПБҚ-ға қойылатын талаптар;
  • ПБҚ-нің критерийлерінің бағасы және т.б.

«Педагогикалық  бағдарламалық құралдарды жобалау негіздері» пәнін оқу кезінде алынған білімдер «Кәсіптік білім берудегі      ғылыми  зерттеу негіздері», Оқушылардың кәсіби даярлық жүйесіндегі оқытудың қазіргі заманғы технологиясы» пәндерін меңгеру барысында қолданылады.

Пәнді меңгеру барысында  келесі сұрақтар қарастырылады: кәсіптік білім берудегі ақпараттық және коммуникациялық технологиялар; ПБҚ жобалау және құрастыру шарттары; педагогикалық бағдарламалық құралдарды жобалауға қойылатын талаптар; оқытудың ақпараттық технологиялар қағидалары; педагогикалық бағдарламалық құралдар; оқу материалын меңгеру  деңгейлері     көмегімен педагогикалық бағдарламалық құралдардың мазмұнын жобалау; электронды оқу материалын  құрастыру  критерийлері; ПБҚ құрастырудың технологиялық критерийлері; ПБҚ өңдеу кезеңдері; ПБҚ бейімдеу және оның құжаттамалық қамтамасыз етілуі.

Педагогикалық  процесті компьютерлендіру проблемасы үш бірбірімен өзара байланысты міндеттерден тұрады: құрастыру, апробация және оқуға компьютерлік технологияларды енгізу [4].

ПБҚ-ны құрастырудың әдіснамалық негізін білім беруді гуманизациялау парадигмасы құрайды – білім беру акценті тұлғаның құнды бағдарын қалыптастыру, сонымен бірге педагогика, антропология, психология (жас ерекшелік, медициналық, инженерлі,   педагогикалық, еңбек психологиясы), информатика, кибернетика, ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, эргономика, экология және ғылыми білімнің басқа салалары аясында қазіргі заманғы жетістірге жету.

ПБҚ-ны құрастыру және шынайы педагогикалық практикаға енгізу жобалау процесімен байланысты. Педагогикалық бағдарламалық құралдар (ПБҚ) – бұл оқу әрекетінің кез-келген түрлерін жүзеге асыру үшін шарттарын қамтамасыз ететін, оны оқыту технологиясын сол немесе басқа да шамада іске асыратын және кейбір пәндік аймақ бейнеленетін бағдарламалық құралдар. Педагогикалық бағдарламалық құралдар оқыту үрдісін белсендендіру және оқушы тұлғасының дамуы мақсатында әр түрлі мамандарды даярлау, қайта даярлау мен біліктілікті арттыруда пайдаланылады [4].

ПБҚ-ны жобалау кезінде ақпаратты білімділік ортаның құрамды бөлігі ретінде қарастыру қажет. Сонымен қатар оған қосымша дайындық жұмыс, үлкен шығындар, сонымен қоса қаражат және т.б. қажетті болады.

ПБҚ-ны жобалау және құрастыру кезінде бірқатар міндеттер шешіледі, олар оны шынайы педагогикалық практикада кеңінен пайдаланылады Мультимедиа технологиялары – тұтынушының интерактивті режимде әр қилы формадағы (мәтін, графика, дыбыс, бейне және т.б.) ақпаратпен әрекеттесуге берілетін мүмкіншілік.

Жоғарыда келтірілген пән бойынша практикалық   сабақты   меңгеру барысында студенттер бүгінгі таңда сұранысқа ие, әсіресе оқытушылар арасында кеңінен тараған бағдарламалардың бірі – PowerPoint-тің барлық мүміншіліктерін пайдалана отырып өзіндік презентациялар жасауды кәсіби түрде меңгеру.  Сол себептен мультимедиа технологияларына тоқтала кетейік.

Microsoft PowerPoint-та презентацияларды әзірлеу процесі слайдтардың ентаңбаларын таңдау, қажеттілік туындаған кезде слайдтардың безендірілуін өзгерту, схемалардың түсін өзгерту, безендірудің әр түрлі шаблондарын қолдану сияқты әрекеттерден және слайдтарды демонстрациялау кезінде анимация сияқты әсерлерден тұрады.

Слайдты безендіру үшін дайын түс схемаларын пайдалануға болады. Түс схемасы фонды, мәтінді немесе жеке жолдарды, көлеңкені, мәтін тақырыптарын, құйып бояуларды, екпіндер мен гиперсілтемелерді түстермен ерекшелеу кезінде пайдаланылатын сегіз  түстен тұрады. Презентацияның түс схемасы безендірудің қолданылған шаблонында беріледі.

  • Мәтін тақырыбы мен негізгі мәтінге пайдаланылған түс.
  • Фонға, құйып бояу мен көлеңкеге пайдаланылған түс.
  • Маркер сияқты гиперсілтемеге, құйып бояулар мен екпінге пайдаланылған түс.

Мультимедиа технологиясы арнайы аппаратты және бағдарламалық құрылғылардан тұрады.

Мультимедиа азықтарын тұтынушылардың қандай тобына арналып жасалғанына байланысты бірнеше категорияға бөлуге болады.

90-шы жылдың басынан бастап мультимедиа дами және қарқындай  түсті, ал ХХІ ғасырдың басында ол электрондық оқулықтар және газеттер, оқытудың жаңа технологиялары, бейне-конференциялар, дыбысты және бейнепоштаның графикалық құралдары және т.с.с. арқылы жаңа азық негізі ретінде қолданыла бастады.

Мультимедиа технологиясының аса ірі, ерекше мүмкіншіліктері бар, олар ақпаратты ұсынуда белсенді түрде пайдаланылады :[5]

  • бір тасымалдаушыда әр қилы үлкен көлемді ақпаратты сақтау мүмкіншілігі (2000 және одан да көп жоғары сапалы бейнелер, 30-45 минут бейне жазулар, 7 сағатқа дейінгі дыбыс және т.б.);
  • экран бетінде бейнені ұлғайту мүмкіндігі, яғни бейнені жиырма есе үлкейту мүмкіндігі. Бұл әсіресе тарихи құжаттарды және өнер туындыларын призентациялауда өте қажет;
  • әуендік немесе тағы да басқа аудио сүйемелдеуді үсіліссіз түрде пайдалану мүмкіндігі;
  • фильмдерден, бейне жазулардан және т.б. бейне фрагменттерді пайдалану мүмкіндігі, бейне жазуда «стоп-кадр», кадр асты «парақтау-пролистывание» функцияларын қолдану;
  • «өткенді сақтау – пролистывание пройденного пути» және экран бетінде сізге ұнаған бетке «белгі закладка» қою мүмкіндігі.

Мультимедиа жүйелерінің пайда болуы білім беру, компьютерлік тренинг, кәсіби қызметтің көптеген салаларында, ғылымда, өнерде, компьютерлік ойындарда және т.б. аяда өзіндік революциялық өзгерістер жасамай қоймады.

Мультимедиа технологияларының мүмкіндіктері шексіз. Мультимедиа бизнесқосымшаларда негізінен презентацияны оқыту және өткізу үшін пайдаланылады.

Мультимедианың аппаратты құралдары мыналар [6]:

  • дыбысты жазу құралдары;
  • дыбысты шығару құралдары;
  • манипуляторлар;
  • ақпаратты тасымалдаушы (CDROM…);
  • ақпаратты жеткізу құралдары;
  • ақпаратты жазу құралдары;
  • бейнелерді өңдеу және т.б.

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде мамандарды даярлау барысында оқу процесінде мультимедиалық технология элементтері әр қилы сабақтарда («Педагогикалық  шеберлік»,  «Кәсіби психология», «Кәсіптік білім берудегі этнопедагогика», «Кәсіптік білім берудегі ғылыми зерттеу негіздері», «Кәсіптік педагогика» және т.б.) кеңінен пайдаланылады. Кафедраның бірқатар аудиториялары компьютерге жалғанған проекторлармен, интерактивті тақталармен, транформерсыныппен де қамтамасыз етілген.

«Педагогикалық бағдарламалық құралдарды жобалау  негіздері»  пәнін аяқтау нәтижесінде әр студент өзіне ұнайтын проблема жөнінде презентациялық материал әзірлейді, атап айтқанда келесі талаптарды орындаулары тиіс – электронды материалдарды әзірлеудегі түс таңдаудағы эстетикалық талаптарды сақтау, шрифтерді дұрыс таңдау, күрделі анимация түрлерін, әуендік сүйемелдеуді,  файлдарды байлауды, сілтемелер жасауды және т.б. операцияларды пайдалану. Студенттер өзіндік презентациялық азықтарын толығымен аяқтау барысында  бірқатар білім алып, білік және дағдыларын қалыптастырады.

Сонымен, осы қарапайым мультимедиа құралдарын барлық оқытушылар мен студенттер қауымы оқу процесінде кеңінен пайдаланса, сонда ғана біздің қоғам ақпараттандырылған деп атай аламыз, деп ойлаймыз.

 

Әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы // Орталық Қазақстан, 28 қазан, 2004. Б.11 – 13.
  2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. – Астана, 2004, 63 б.
  3. Самашова Г.Е. Ақпараттық технологиялар арқылы студенттерді іс қағаздарын жүргізуге оқытудың педагогикалық шарттары. Пед.ғыл.канд…дис. Қарағанды,167 б.
  4. Шкутина Л.А., Смирнова Г.М., Готтинг В.В. Программа   для  ЭВМ «Электронный учебник «Основы проектирования педагогических программных средств»» Свидетельство о государственной регистрации объекта интеллектуальной собственности № 186 от 27 марта 2007 г.
  5. Скибицкий Э.Г., Егоров В.В. Технология дистанционного обучения. – Новосибирск, 2005. – 345 с.
  6. Гаевская Е.Г., Винницкая М.А. Методические аспекты организации дистанционного образования. Алматы, 1999. – 57 с.

Автордың аты-жөні, тегі: Г.Е. Самашова,М.С. Нурмаганбетова,В.В. Готтинг