Камчат крабы слайд,презентация
Камчат крабы слайд,презентация
Шаянтәрізділердің сипаттамасы;
аянтәрізділерді өсіру биотехникасы;
а) Камчат крабы
ә) Гиганттық тұщы су креветкасы
Денесі 3 бөлімнен тұрады: бас, кеуде және құрсақ. Шаянтәрізділер денесін жауып тұратын кутикулада сыртқы қаңқаның қызметін атқаратын хитин көп.
Олардың көп жағдайда кеуде аяқтары жылжу, жүзу, құрғақ жерде жүру қызметін атқарады. Жоғары сатыдағы шаянтәрізділердің құрсақ аяқтары дамыған әрі қос бұтақты.
Ас қорыту жүйесі жақсы жетілген. Ішегі ас үгітетін қарыннан және “бауырдан” құралып, ортаңғы ішекке ашылады. Бір клеткалы организмдермен, өлексемен, органикалық заттармен, көп клеткалы өсімдік және жануарлармен қоректенеді.
Желбезектерімен, егер олар болмаса, бүкіл денесімен тыныс алады. Қан айналу жүйесі тұйық емес, жүрегі арқа жағында орналасқан.
Шаянтәрізділер көбінесе дара жыныстылар, тек мұртаяқтылар мен онаяқтыларда гермафродиттік кездеседі. Көпшілік тобына партеногенез тән, жұмыртқаларын суға тастайды. Шаянтәрізділер метаморфтық жолмен дамиды. Жұмыртқадан планктонды дернәсіл — науплиус шығып, ол метанауплиусқа (екінші дернәсілдік даму сатысы, бұл кезде кеуде және құрсақ бунақтары оқшауланып бөлінеді) айналады. Кейде бірінші дернәсілдік даму сатысы жұмыртқа қабығының астында өтеді, онда дернәсілдердің суға шығуы дамудың соңғы сатысында жүреді (мыс., крабтардың зоеа сатысы). Жұмыртқадан аналық организмге ұқсас кішкене дарабас шығып, түлек арқылы біртіндеп өседі.
Шаянтәрізділердің ұсақ түрлері негізгі зоопланктон массасын құрайтын болғандықтан, олар судағы организмдердің қоректік тізбегінде буын болып табылады. Шаянтәрізділер майшабақтардың қорегі, суды өлекселерден тазартады. Көпшілік түрлері (омар, лангуста, креветкалар, т.б.) Дүние жүзінің көптеген елдерінде жоғарғы сапалы тағам ретінде пайдаланылады.
Қандайда бір түрді жасанды өсіру кезінде міндетті түрде оған тән ерекшеліктерді ескеру қажет.
Аналықтары шағылысу кезінде ұрықтанған уылдырықтарын құрсақ аяқтарында (плеопода) 11 ай ұстайды.
Өмір сүру ұзақтығы 20-25 жыл.
Негізгі эксперименттер көлемі 200 л және 1 м сумен қамтамасыз ету жүйесі тұйықталған (жабдықтану — акватрон) аквариумдерде орындалады. Бұл теңізден алыс орналасқан базалар үшін қолданылса, теңіз жағалауында ашық жүйесі қолданылады.
Камчат крабын ашық жүйеде (проточной)жасанды өсіру кезіндегі сумен қамтамасыз етілуі: суды зарарсыздандыру, аэрация, суды жылыту немесе салқындату (биотехника кезеңіне байланысты, қоспалардан механикалық тазарту, 2 –ші рет зарарсыздандыру, флотация).
Техникалық ұйымдасу міндетті түрде заводтың орналасуына байланысты жинақталып отырады.