Калашников автоматы | Скачать Реферат

0
472
Advertisement


Ақтөбе қаласы
ҚазГЗУ колледжі

Мәнжазба

Тақырыбы: Калашников автоматы

Орындаған: Маратқызы Н.
Тексерген: Ерғазиев Б.М.

2016-2017 оқу жылы

Жоспары
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
а) Калашников автоматының негізгі бөліктері
ә) Автоматты толық емес бөлшектеу мен жинақтау
б) Қызықты деректер
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

I. Калашников автоматы (АК, көбінесе қате АК-47 деп атайды) – 1947 жылы Михаил Калашников құрастырған және 1949 жылы Кеңес Одағының қарулы күштеріне қабылданған автомат. Автоматтың (пулеметтің) арналуы мен ұрыстық қасиеті. 5,45 мм жетілдірілген Калашников автоматы — дербес қару, ал 5,45 мм Калашников пулеметі атқыштар бөлімшесінің қаруы болып табылады. Олар қарсыластың тірі күшін жою мен атыс құралдарын жоюға арналған. Қарсыласты қоян-қолтық шайқаста жеңіліске ұшырату үшін автоматқа сүңгі-пышақ бекітіледі. Түнгі табиғи жарык жағдайларында ату және бақылау үшін АК74Н, АКС74Н автоматтары мен РПК74Н, РПКС74Н пулеметтеріне түнде атуға арналған әмбебап көздеуіш бекітіледі (НСПУ). Автоматтан атыс жүргізу үшін кәдімгі (болат өзекті), жарқырауық және сауыт бұзғыш — өртегіш оқтары колданылады. Автоматтан (пулеметтен) автоматты немесе жекелей атыс жүргізіледі. Автоматты атыс автоматтан атудың негізгі түрі болып табылады: ол қысқа (5 атысқа дейін) және ұзак атумен (10 атысқа дейін, пулеметтерден 15 атысқа дейін) кезекпен және үзбей жүргізіледі. Атыс кезінде патрондардың берілуі автоматта 30 патронға, пулеметте 45 патронға дейін болатын оқжатар қорабынан жүргізіледі. Автомат пен пулеметтің оқжатарларын өзара алмастыруға болады. Атудың көздеу қашықтығы — 1000 метр. Жерүсті нысаналары бойынша нақты атыс қашықтығы; автоматта 500 метрге дейін, пулеметте 600 метрге дейін. Ал ұшақтар, тікұшақтар және парашютпен секірушілерге автоматтан және пулеметтен ату кашыктығы 500 м — ге дейін. Автомат пен пулеметтен жер үстіндегі нысаналар бойынша шоғырланған атыс 1000 метрге дейінгі қашықтықта жүргізіледі. Тура атыс қашықтығы: автоматта кеуделік фигураға 440 м, жүгірмелі фигураға 625 м; пулеметте кеуделік фигурага 460 м, жүгірмелі фигураға 640 м. Атыс қарқыны минутына 600 атысқа жуық. Ұрыстың ату жылдамдығы — автоматтан минутына кезекпен ату 100 — ге дейін, пулеметтен 150 — ге дейін, жекелей атқанда — автоматтан 40 — қа, пулетметтен 50 — ге дейін. Автоматтың сүңгі — пышақсыз жарақталған оқжатарымен қоскандағы массасы: АК74 — 3,6 кг; АК74 — 5,9 кг; АКС74 — 3,5 кг; АКС74Н — 5,8 кг. Сүңгі — пышақтың қынабымен қоса алғандағы массасы — 490 г. Пулеметтің жарақталған оқжатарымен қосқандағы массасы: РПК74 — 5,46 кг; РПК74Н — 7,76 кг; РПКС74 — 5,61 кг; РПКС74Н — 7,91 кг.

II. Автомат (пулемет) мынадай негізгі бөліктер мен механизмдерден тұрады:
— ұңғы қорабы, көздеу аспаптары және тапаншпа сабы;
— ұңғы қорабының кақпағы;
— газ поршені мен бекітпе жақтауы;
— бекітпе;
— қайтармалы механизм;
— ұңғы жапсырмасы мен газ түтігі;
— соққы — ағытқыш механизм;
— құндақ;
— оқжатар.
Сонымен қатар автоматта ұңғы аузындағы тежеуіш компенсаторы мен сүңгі-пышақ, ал пулеметте — жалын сөндіргіш пен сирағы болады. Автомат жиынтығына керек — жарақ, бау және оқжатарды салуға арналған сөмке (оқжатарда екі сөмке) кіреді. Жиналмалы дүмі бар автомат (пулемет) жиынтығына, сонымен қатар окжатар салынатын калтасы бар автоматқа (пулеметке) арналған қапшық, ал түнгі көздеуіші бар автомат толымына түнде атуға арналған көп салалы көздеуіш кіреді.
Автоматты бөлектеу толық және толық емес болуы мүмкін: толық емес бөлшектеу- автоматты тазалау, майлау және тексеру үшін; толық бөлектеу – жаңбыр мен қар астында қалғанда, не жөндеу кезінде автоматты қатты ластанудан тазалау үшін жүргізіледі. Автоматты толық емес бөлшектеу мен жинақтау үстел үстінде немесе таза төсеніш жайылып жүргізіледі; бөлшектер мен механизмдер бөлектенген ретімен қойылады. Оларды абайлап ұстап, бірінің үстіне бірін қоймай, күштемей және соққыламай жүргізу керек.

Автоматты толық емес бөлшектеу реті.
1. Оқжатарды бөліп алу.
2. Керек-жарақпен қоса пеналды шығарып алу.
3. Сүмбіні алу.
4. Ұңғы қорабының қақпағын шығарып алу.
5. Қайтарма механизмді шығарып алу.
6. Бекітпе мен қоса бекітпе жақтауын алу.
7. Бекітпені бекітпе жақтауынан алу.
8. Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін шығарып алу.
Толық емес бөлшектеуден кейін автоматты жинастырудың реті.
1. Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін қосу.
2. Бекітпені бекітпе жақтауына қосу.
3. Бекітпесімен қоса бекітпе жақтауын ұңғы қорабына қосу.
4. Қайтарма механизмді қосу.
5. Ұңғы қорабының қақпағын қосу.
6. Сүмбіні қосу.
7. Пеналды дүмбі ұясына салу.
8. Оқжатарды автоматқа қосу.

Оқжатарды бөлектеу. Автоматты сол қолмен дүмінің мойыншасынан не құндағынан ұстап, оң қолмен оқжатарды орай ұстайды, бас бармақпен бекіткішті қысып, оқжатардың төменгі жағын ілгері ұмсындырып, оны бөлектеп алады. Содан кейін оқтықта оқтың бар-жоғы тексеріледі, бұл үшін ауыстырғыш төменге түсіріледі, оны АВ автоматты ату немесе ОД жекелей ату жағдайына қойып, бекітпе жақтауының тұтқасы кейін жылжытылады, оқтықты тексеріп, бекіткіш жақтауы жіберіліп, шүріппе ұрыстық қайырудан взводтан босатылады.
Түнгі көздеуіші бар автоматты бөлшектеу кезінде оқжатарды бөліп алғаннан соң, түнгі көздеуішті бөлектейді, ол үшін қыспа құрылғысының тұтқасын сол жаққа және артқа қарай апарып, көздеуішті артқа жылжытады да, оны автоматтан бөлектеп алады.
Жабдықтар пеналын дүм ұясынан шығарып алу. Оң қолдың сұқ саусағымен дүм ұясының қақпағын пенал серіппенің әсерімен ұядан шығатындай етіп басады; пеналды ашып, одан сүрткішті, тазалығышты, бұрауышты, қаққышты шығару керек.
Жиналмалы дүмі бар автоматтың пеналы оқжатарды салуға арналған сөмкенің қалтасында жүреді.
Сүмбіні алу. Сүмбінің ұшын оның басы қарауылдың негізіндегі тіректен шығатындай етіп ұңғыдан тартып, сүмбіні жоғары суырып алады. Сүмбіні алу қиындық тудыратын болса, онда қаққышты қолдануға рұқсат беріледі. Оны сүмбінің басындағы саңылауға сала отырып, ұңғыдан сүмбінің ұшын тартып суырып алады.
Автоматтан – ұңгылық тежеуіш-компенсаторын бөліп алу. Бұрауышпен ұңғылық тежеуіш-компенсатордың орнықтырғышы батырылады.
Ұңғылық тежеуіш-компенсатор қарауыл негізіндегі бұрандалы дөңестен сағат тіліне қарсы бағытта бұралып шығарылады. Ұңғылық тежеуіш-компенсатор тым қатты бұралған жағдайда ұңғылық тежеуіш-компенсатордың әйнегіне қойылған сүмбінің қаққыштың көмегімен бұрап алуға болады.
Ұңгы қорапшасының қақпағын бөлектеу. Сол қолмен дүмнің мойнын қамти ұстап, осы қолдың бас бармағымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегінің дөңесін басады, оң қолымен ұңғы қорабы қақпағының артқы бөлігін жоғары көтеріп, қақпақшаны алады.
Қайтармалы механизмді бөліп алу. Автоматты дүмнің мойнынан сол қолмен ұстап тұрып. оң қолмен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегін оның өкшесі ұңғы қорабының бойлық ойығынан шыққанша ілгері карай ұмсындырады; бағыттаушы өзектің артқы шетін көтеріңкіреп, қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арнасынан шығарады.
Бекітпемен қоса, бекітпе жақтауын алу. Автоматты сол қолмен одан әрі ұстап тұрып, оң қолмен бекітпе жақтауын артқа тірелгенше тартып, … жалғасы

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз