Кала орны ретінде тандалған жердін

0


1-ТАРАУ. ТУРИСТІК ІС-ӘРЕКЕТ ЖӘНЕ ОНЫҢ АДАМ ӨМІРІНДЕП ӘЛЕУМЕТТІК
ҚЫЗМЕТТЕРІ
Халықаралык туризмтануда туризмді әлеуметтік феномен деп атайды.
Әлеуметтік дегеніміз — қоғам өміріне қатысты деген сөз. Ал феномен үғымының
екі мағынасы бар: 1) философиялық түсінігі — құбылыс деген сөзінің
синонимі, яғни бізге сезімдік танымның тәжірибесі арқылы берілетін нәрсе,
2) ерекше, сирек құбылыс немесе ерекше факт, адам.
Туризмң сөзінің түбірі — француз тілінің тур, яғни серуен, сапар
шегу деген мағыналар беретін сөзі. Қазіргі халықаралык туризмде тур сөзі
алдын ала жоспарланған маршруты, мерзімі, көрсететін қызметтерінің тізбесі
бар туристік саяхат деген мағынаны білдіреді.
Туризмң сөзі қазіргі энциклопедиялық ұғымда бос уақытта (демалыс,
каникул) саяхат жасау және белсенді демалыстын түрі, денсаулықты сақтау
шарасы, жеке адамның танымдык, рухани және әлеуметтік жақтарынан дамуының
жолы деген мағыналар береді. Халықаралык туризмде табыс табудан баска кез
келген мақсатта уақытша, ерікті түрғын орнын ауыстырушы адамдардың барлығын
туриске санау әдеті қалыптасқан.
1974 жылдан бастап Біріккен ұлттар үйымы (БҰҰ) елдің түрғын орнын және
жұмысын ауыстырғандардан басқа демалу, ғылыми, іскерлік және мәдени шарада
кездесу мақсатында орын, тұрақ ауыстыруларының барлыгын туризм деп есептеу
керек деген шешім қабылдады.
Ал қазіргі Әлемдік туристік үйым мамандары туризмң деген ұғымға өзі
түратын жерден тыс жерлерге белгілі бір мерзім аралығында арасына бір жыл
салып демалу, іскерлік және т.б. мақсаттарда болуын және саяхаттауын
жатқызады.
Туризмнің ең басты әлеуметтік мақсаты — адам өмірін үзарту және өмір
сүруді жақсарту.
Туризмнің басты әлеуметтік құндылығы табиғатпен және жаңа адамдармен
көнілді қарым-қатынас, кездесулер. Себебі адам қоғамының ең биік мұраты
(идеалы) — адам қатынастарының жағымды формаларын көбейту, сол формаларды
тиімді пайдалану барысында ләззат алу. Жаңа танымдар мен жаңалықтар ашу —
адамның табиғи бейім-дағдысы, осы табиғи бейімдағды күнделікті өмірде
күңгірттенеді де, саяхат барысында адам бойында оянады.
Туристік іс-әрекет ішкі туризм және халықаралық туризм болып екіге
бөлінеді. Ішкі туризм деп адамдардың өзі тұратын елдің аумағында
саяхаттауын, халықаралық туризм деп белгілі бір елге келу, елден кету
туризмін атайды. Елден кетіп саяхаттау туризмі — өзі тұрақты орнынан басқа
елге бару, ал елге келіп саяхаттау туризмі — бұл елде тұрақты қоныстанбаған
адамдардың қыдыруы.
Халықаралық туристер деп өз елінен басқа елдерге саяхаттайтын, бүкіл
әлемдік сауда ұйымының статистикасына тіркелген азаматтарды атайды.
Мәселен, 1994 жылы әлемде 528, 4 млн., 2000 жылы 697, 6 млн. адам
халықаралық турист болған. Болжаулар бойынша, 2010 жылы олардың саны
шамамен 937 млн. адамға жетпек.
Адамның кез келген ойластырған, үйымдастырған және жасаған іс-
әрекетінің, белгілі бір қызметтің немесе бірнеше қызметтің әлеуметтік
маңызы болады. Ол қызметтердің жағымды, жағымсыз жақтары болу мүмкін. Ал
туристік саяхаттардың, мамандардың айтуына қарағанда, танымдық, әлеуметтік-
қарым-қатынастық, спорттық, эстетикалық, эмоционалдық-психологиялық,
денсаулықтық, шығармашылық, қажылық секілді түрлерінің жағымды әлеуметтік
қызметтері бар.
1. Танымдық қызметі. Таным дегеніміз — өмір шындығының адамның ойлау
процесіндегі бейнеленуі, талдануы және қайта жасалуы; обьективті әлемнің,
табиғаттық және қоғамның заңдарының заңдылықтарын білу; игерген білім мен
тәжірибенің жиынтығы.
Адам саяхат жасау үстінде қоршаған ортаны ойлау және сезу қүралдары
арқылы таниды. Осы таным процесінде адамның ойлау қабілеті ойлау мен есте
сақтау, ал таным — сезімдік-түйсіктік, қабылдау, елестету секілді логикалық
және психикалық компоненттерін іске қосады. Зерттеуші Г. П. Долженконың
пікірінше, туризмнің танымдық жағына адамның өз таным дүниесін тарих,
экономика, табиғат, ғылым жөніндегі білімдерін байытуға, тарихи,
этнографиялық, табиғи және революциялык ескерткіштер, әскери, еңбек
дәстүрлері жайындағы мәліметтермен танысуға талпынысын жатқызады.
2. Денсаулықтық қызметі. Әлемдік денсаулық сақтау үйымы денсаулық
деген ұғымға адамның физикалық, психикалық және әлеуметтік жақтарының жақсы
жағдайда болуын жатқызады. Адамның денсаулық деңгейін бағалау критерийі —
оның қоршаған ортаға ыңғайлана білуі. Адамның қоршаған ортаның өзгергіш
жағдайларына сәтті дағдылана білуі адаптация деп аталады. Адамның туа және
жүре пайда болған қасиеттерінің деңгейінің тиімді адаптациялануын
дағдыланғыштық (адаптивность) деп атайды, Физикалық, пси-хикалық және
әлеуметтік адаптациялар адам өмірдің барлық саласында белсенді әрекет еткен
жағдайда ғана сәтті болмақ. Бұл адамның денсаулық деңгейін анықтайды.
XVІІІ ғасырда француз дәрігері Тисо: қозғалыс өз әсері жағынан кез
келген дәріні алмастыра алады, ал әлемдегі бар дәрі қозғалыстың әсерін
алмастыра алмайды деп жазған болатын.
Туризмнің негізгі мәні — қозғалыс, сондықтан да туризмде денсаулықтық
қызметтің белсенді түрлері, яғни туристердің белгілі бір бағыттар бойынша
өз күштерімен қимыл- қозғалыс жасауына, ерекше көңіл бөлінеді. Мүндай
шарттарға кез келген адамның шамасы келеді. Ең бастысы әрбір туриске сәйкес
физикалық және техникалық дұрыс жүктеме бере білу керек.
Белсенді саяхаттық спорттық саяхаттан ерекшелігі туризмде туристер
саяхаттың үзақтығын, қашықтығын және техникалық күрделілік деңгейін өздері
айқындайды және кез келген уақытта тоқтата, үзе алады. XXІ ғасырдың басына
қарай медиктер Жер бетіндегі адамдардың денсаулығының нашарлауының негізгі
екі себебін анықтады: адам өмірінің зиянды экологиялық жағдайлары, 2)
гиподинамия, яғни қозғалыстық шектеулілігі. Адам ден-саулығына тиімді әсер
ететін, жоғарыдағы екі себепті жоятын туризмнің белсенді және спорттық
түрлері болып табылады.
Гиннестің рекордтар кітабының мәліметі бойынша, 2002 жылғы ақпан
айындағы дерек бойынша әлемдегі ең кәрі адам — жапон жібекшісі Юкичи
Чугандзи 112 жаста. Оның әлі күнге дейін өз денсаулығына өкпесі жоқ, өзінің
ұзақ жасауының құпияларымен бөліседі. Дегенмен де Юкичидің жасы адамның
ұзақ жасауының шегі емес.
Ең ұзақ жасаған француз әйелі Жан-Луизе Калмен 1997 жылға дейін 122 жыл
164 күн жасаған. Чугандзиге дейін планетаның ең қарт адамы ретінде
италиялық Антонио Тодде саналған, ол Юкичиден 3 ай үлкен болған. Юкичидің
дәл туған датасы — 1889 жылдың 23 наурызы, Жапонияның Огори қаласы. Ол өмір
бойы жібек ісімен айналысьш, бұл іске басқаларды да үйреткен. Юкичидің ұзақ
жасауының құпиясы, өзінің әңгімелеуінше, өмір салтын өлшеммен жүргізіп,
оптимист болған, сары уайымға салынбаған. Ол ішімдік ішкен, бірақ құмар
болмаған. Оның сүйікті тағамы балапан етімен араласқан, суға қайнатылған
күріш екен.
Батыс Европа ғалымдары адам биологиялық түр ретінде өзінің эволюциясын
аяқтады, адамдар өз өсуінің шыңына жетті деп есептейді. Адамның эволюциясы
өз гендерінің қасиеттеріне негізделгендіктен, тірі орғанизм бойында
қоршаған ортаға бейімделу мүмкіншілігі аз, себебі адам дамуды тоқтатқан,
оның үстіне адамның биосфераға тәуелділігі кеміген, тіпті кейде адам
биосфераны өзінің өмір жағдайларына қарап өзгертеді. Барлық ұзақ өмір
сүрген адамдар биосферамен тығыз байланысты болып, туристік саяхаттардың
бастапқы кезеңдегі түрлері (адам өмірінің белгілі бір кезеңінде) оларды
биологиялық ортаға оралтып отырған және оларды биологиялық түр ретінде
сақтаған.
Адам денсаулығының ең басты көрсеткіштерінің бірі—оның өмірінің ұзақ
болуы.
3. Әлеуметтік қарым-қатынас қызметі. Коммуникативтік деген қарым-
қатынас жасауға дайындалған, ыңғайланған әрекет, яғни сөйлеу тілінің
көмегімен байланысу, ой мазмұнын қабылдау және беру.
Сонымен туризмнің әлеуметтік-қарым-қатынастық қызметі дегеніміз —
саяхатқа қатысушылардың бір-бірімен ресми емес жағдайда, өндірістік ара
қатынасты (субординация) сақтамай-ақ, әлеуметтік мәртебесін, жасын, үлтын,
азаматтығын және т.б. адамдарды бір-бірінен ерекшелейтін белгілерді есепке
алмай-ақ байланысу, қатынасу мүмкіндігі.
Туристік қабылдау түрғысынан алғанда, саяхат арқылы белгілі бір
жерлерді көру, табиғи, тарихи-мәдени ескерткіштерді кызықтау ғана емес,
бастысы — жаңа адамдармен танысу, олармен қарым-қатынастан әсерлермен
оралу.
4. Спорттық қызметі. Спорт деген кең мағынасында алғанда, өзіндік
бәсекелестік іс-әрекет, оған арнайы дайындық, адамдар арасында осы іс-
әрекет барысында арнайы қатынас орнату, оның қоғамдық мәні бар нәтижелері.
Спорт — қоғамдық мәні бар дене тәрбиесінің неғүрлым әсерлі құралдары
мен әдістерінің жиынтығы, адамды еңбекке, басқа да қоғамға қажетті іс-
әрекеттің түрлеріне дайындау. Сонымен қатар спорт — этикалық, эстетикалық
тәрбиенің маңызды бір құралы, интернационалдық байланыстарды кеңейту,
жеңілдету, халықтар арасындағы өзара түсіністікті, ынтымақтастықты,
достықты бекіту.
Туризмде спорт үғымынан басқа спорт түрі деген термин қолданылады.
Спорт түрі деген—бәсекелестік іс-әрекеттің белгілі бір жарыс түрін ерекше
спорттық техникамен, тактикамен іске асыру. Сол спорт түрінің бірі —
спорттық туризм. Туристік-спорттық жарыстардың: 1) спорттық жорықтардан
жарыс; 2) туристік көп сайыс бойынша жарыс деген түрлері бар.
Адамзат баласы спорттық бағдарламаның неше түрін ойлап тапқан, бірақ
туризм спорты ғана адам денсаулығын нығайту, табиғатпен тілдесу,
психологиялық жеңілдеу, физикалық белсенділік, үйреншікті жағдайды өзгерту
деген компоненттерін орындай алады.
Спорттық туризмнің ұйымдастырылуы қарапайым және кез келген жастағы
адамның онымен шұғылдануға мүмкіншілігі болады. Туризм — спорттың табиғи
түрі, себебі онда жүктеме (дозировка) жеңілдетіліп беріледі. Спорттық
туризм адамдардың бойына ұжымшылдық, тәртіптілік, табандылық секілді
қасиеттерді дарытады.
5-6. Эстетикалық және эмоционалдық-психологиялық қызметтері. Эстетика
(грекше сезімдік, сезуші деген мағына береді) — философия ғылымының
шындық өмірдегі әсемдікті, эстетикалық тәрбиені және әдемілік заңдарына
арналған шығармашылықтың жалпы принциптерін, өнерге деген түрлі
көзқарастардың жүйесін зерттейтін саласы.
Туризмнің эстетикалық қызметі дегенде туристік саяхаттар кезінде
адамдардың табиғаттың, сәулетшілер, мүсіншілер және суретшілердің
туындыларының әдеміліктерінен ләззат алу мүмкіндігін түсіну керек.
Туризмнің эстетикалық қызметі оның эмоционалдық-психологиялық қызметімен
тығыз байланысты. Ол туризмтануда саяхатшылардың қауырт еңбек процестерінен
кейінгі шаршап-шалдығуларды басу, адамдармен қарым-қатынастан жағымды
эмоция алу, қызықты туристік нысандардан әсер алу, спорттық және туристік
белсенді саяхатғарда кездесетін кедергілерден өту деген сөз.
7. Шығармашылық қызметі. Шығармашылық дегеніміз -жаңа сападағы, өзінің
қайталанбастығымен, сонылығымен және қоғамдық-тарихи ерекшелігімен есте
қалатын іс-әрекет. Шы-ғармашылык адамға ғана тән, өйткені шығармашылық іс-
әрекетті жасампаз тұлға жасайды.
Туристік саяхаттың жоғары шығармашылық қарымы оған қатысушылардың
әдеттегі аядан шығып, түрмыстық күйбең тіршіліктен ажырап, жаңа, қызықты
мәселелердің шешімін іздеуге талпындырады. Үйымдасқан саяхаттар пайда
болған бірнеше мындаған жылдар бойында саяхатшылардың сан мыңдаған
шығармалары дүниеге келді.
Ол шығармашылық туындыларға ғылыми жаңалықтар, көркем және құжаттык
және ғылыми-көпшілік прозалық, поэзиялық шығармалар, туризмге қажетті
киімдердің, аяқ киімдердің, транспорттық көліктердің, жарак-жабдықтардың,
жаңа тағам түрлерінің, саяхатқа қатысушыларды белсенді және спорттық
саяхаттарға үйретудің жаңа әдістері мен тәсілдері жатады.
8. Қажылық қызметі. Қазақстанда 8 миллиондай мұсылман бар. Ал әлемдегі
мұсылмандардың саны — 1 млрд. 126 млн. Қажылық деп діннің қасиетті
орындарына (христиандар үшін — Иерусалим және Рим, мұсылмандар үшін — Мекке
мен Мәдине) сапар шегуді атайды. Христиандардың әдет-ғүрпы бойынша қажылық
сапардың белгісі — Палестинадан пальма бұтағын әкелу.
Уақыт пен кеңістікте орын ауыстыруда өзінің нақты мақсаты бар алғашқы
саяхатшылар қажылыққа баратындар мен саудагерлер. Әсіресе қажылыққа
барушыларды классикалық туризмнің көшбасшыларына балайды. Олар мақсат-
мұраттарына жеткенше саяхат барысында алыс қашықтықтарды игеріп, ас-аукат,
киім-кешектері аз болса да, қиындықтарды жеңіп жеткен. Саяхаттарының
мақсатына жету үшін, сол кездегі қауіп-қатерді ескерсек, тоналмай, аман-
есен жету қажет болды.
Әлемдік үйымдасқан саяхаттың ең көне қызметі бола тұра, қажылық әлі
күнге дейін өзінің позициясын жоғалтқан жоқ. Қайта қажылык қазіргі
халықаралық туризмде қарқындап дамуда. XX ғасырдың соңында әлемдегі
мемлекеттердің ұйымдасуының өзгерістеріне байланысты негізгі әлемдік
діндерге сенушілер мен қажылыққа барушылардың саны күннен күнге, жылдан-
жылға арта түсуде. Мұсылмандардың қажылыққа баруының саны өскені соншама,
Мекке, Мәдине секілді қасиетті қалалары бар Сауд Аравиясы мемлекетінің
үкіметі әлемнің әрбір еліне қажылыққа келушілерге арналған жылдық квота
тағайындауға мәжбүр болып отыр.
Жоғарыда біз сөз еткен туризмнің негізгі әлеуметтік қызметтері ғана,
негізінен бұдан басқа жағымды жақтары мен кызғылықты қызметтері жеткілікті.
Сондықтан да адамдардың туризмге деген кұштарлығы уақыт өте келе
геометриялық прогрессия қарқынымен өсе түсуде. Мәселен, зерттеушілер кейбір
адамдардың демалыс кезін саяхатта қызықты өткізу үшін өздерінің тамаққа,
киімге деген қажеттіліктеріне әдейі тыйым салатын көрінеді.
Туризмнің аталған әлеуметтік қызметтерін іске асыру үшін туристік-
рекреациялық ресурстарды (ТРР) пайдалану қажет. Бұл ресурстарды шартты
түрде 2 топқа бөлуге болады:
1)табиғаттың нысандары мен ресурстарының жиынтығы;
2) мәдени-тарихи нысандардық жиынтығы.
Туризмнің спорттық және сауықтыру қызметтері табиғат ресурстары арқылы,
ал қызметтері туристік-рекреациялық ресурстар (ТРР) арқылы іске асады.
Адам биологиялық түр ретінде өзінің даму процесінде өзін қоршаған
табиғаттың тікелей әсерінде болған және әлі де бола береді. Адам тұтас
тұлға ретінде оның физикалық және рухани қажеттіліктері әуелден-ақ табиғат
мүмкіншіліктерімен жарасымдылықта болып қана өз кажеттіліктерін
қанағаттандырған.
Уақыт өте келе адам еңбегі күрделеніп, ол түрлі машиналардың, зиянды
технологиялардың құлына айналды. Міне, осы себептердің барлығы адам
организмінің табиғатпен тепе-теңдігін жойды, адамның түрлі ауруларға
шалдығып, еңбек етуге деген қабілетін жоғалтты. Адамның физикалык және
рухани күштерін қалпына келтірудің басты құралы — табиғатгың жандандырар
күші.
Адамның денсаулығын өзінің негізгі өндірістік еңбегінен тыс уақытта
табиғатпен және адамдармен қарым-қатынас процесінде қалпына келтіруі
рекреация деп аталады. Рекреация белсенді (спорттық-туристік) немесе
пассивті (пансионатты) болуы мүмкін.
Адам рекреациясында туристік-рекреациялық ресустардың екінші тобы
ерекше рөл атқарады. Мәдени-тарихи нысандарға экскурсия жасау пассивті
рекреацияның кеңістік базасы болып есептеледі.
Мамандардың айтуына қарағанда, экскурсиялық нысандар информацияның 2
түрін береді: 1) семантикалық, яғни логикалық сипаты бар және адам санасына
әсер ететін; 2) этикалық.
Белгілі бір рекреациялық әсер алу үшін танымдық информация ғана емес,
адамның мәдени-тарихи нысандардың эстетикалық қасиеттерін қабылдау
негізінде адамның эмоционалдық толғануы да қажет.
Халықаралық туризм жекелеген елдердің экономикасында басқа да қызметтер
атқарады, Мәселен:
елге валюта жинаудың көзі және халықты жұмыспен қам-
тамасыз етудің құралы;
төлемдік балансқа салымды кеңейтудің құралы;
туризм аясына қызмет етудің саласын кұрайды, яғни эко-
номиканы диверсификациялаудың құралы;
ұлтгык дәулеттің көтерілуі мен кіріс есімнің, жұмыс орнын
көбейтудің құралы.
Адамдардың саяхатқа деген қажеттілігінің көлемі жағынан артуы және
туризм индустриясы өнеркәсіп, мекеме және үйымдардың жиынтығы ретінде
туристер үшін қызмет көрсету мен табар өндірудің өндірісін қамтамасыз етіп
келеді. Сондыктан да адам өміріндегі туризмнің әлеуметтік-экономикалық рөлі
өте қаркынды жылдамдықпен артып келеді

2-ТАРАУ. АДАМЗАТ ТАРИХИ ЖӘНЕ АЛҒАШҚЫ ҰЙЫМДАСҚАН САЯХАТТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-
ЭКОНОМИКАЛЫҚ СЕБЕПТЕРІ
Туризм тарихы дегеніміз — саяхаттардың (жорықтардың, экскурсиялардың)
ең қарапайым түрінен бастап күрделі түрлерін қоса және көне заманнан
қазіргі заманға дейінгі жүріп өткен жолын зерттейтін ғылым. Туризм
тарихының зерттеу пәніне туристік қозғалыстың әлеуметтік қүбылыс ретінде
шығу, қалыптасу және даму зандылыктары жатады.
Туризм тарихы өз зерттеулерінде археология, нумизматика, палеография,
этнография және т.б. тарих ғылымының салаларының деректеріне сүйенеді.
Туризм термині түрлі халықтардың тілінде XІX ғасырда ғана тұрақтала
бастады. Көне және орта ғасырларда адамдар оның орнына саяхат деген сөзді
қолданды. Қазіргі туризм тануда саяхат деп адамдардың мақсатына қарамастан
кеңістік пен уақытта орын ауыстыруын атайды. Қазіргі ТМД елдеріндегі туризм
кеңестік кезеңде әлеуметтік туризм ретінде дамып, шығындарына қоғамдық
қаржы жұмсалды. Сол кезде туризм теориялық тұрғыда нақты адамдардың
туристік іс-әрекеттегі мұратына байланысты зерттелді де, туризмнің
қалыптасу тарихы ерекше әлеуметтік құбылыс санатында қарастырылды.
Туризм тарихын зерттеушілердің көпшілігі белгілі бір саяхаттар бойынша
айқындалған фактілерді ғана баяндады. Олар адамзат тарихының әр түрлі
дәуіріндегі туризмнің жеткен жетістіктерін ұйымдасқан саяхаттардың нақты
әлеуметгік-экономикалық себептерімен байланыстырмады. В.Б.Сапрунованың
басқалардан басты ерекшелігі — туризм тарихын 4 кезеңге бөлді:
• 1-кезең (кене замандардан XІX ғасырдың басьша дейін) не-месе оны
туризм тарихының алдың деп те атайды;
• 2-кезең (XІX ғ.-ХХ ғасырдың басы) — элитарлык туризм
кезеңі, яғни туристік қызметтер көрсететін арнайы кәсіптің
туындауы;
• 3-кезең (XX ғасырдың басы — ІІ дүниежүзілік соғыстың ба-
сталуына дейін) — бұл әлеуметтік туризмнің калыптаса ба-
стауы;
• 4-кезең (1945 жылдан қазіргі кезеңге дейін) — бұл жаппай
туризмнің қазіргі кезеңі, туристік индустрияның туризм үшін
тауар өндіру мен қызмет көрсету кешенінің қалыптасуы.
Туризмнің дамуының әр түрлі кезеңде дамуының дәуір-дәуірге бөлуге
(периодизация) техникалық-экономикалық, әлеуметтік алғы шарттар және
туризмнің мақсатты қызметтерін негізгі критерийлер етіп алған.
Бірақ В. Б. Сапрунова туризм тарихын кезең-кезеңге бөлуде көне, орта
және жаңа кезеңдердегі адамдардың ұйымдасқан саяхаттарының дамуын жеке-дара
қарастырмаған. Яғни адам баласының уақыт пен кеңістікте орын ауыстыруының
бастапқы мұраттары айқындалмаған деген сөз. Дұрысында жоғарыда көрсетілген
мұраттар туризмтану теориясының басты мәселелерінің бірі болып табылады.
Осы мәселелерді шешу ғана ту-ризм индустриясының әлемдік және өңірлік
перманентті интенсификациясын түсінуге, түсіндіруге мүмкіндік береді.
Туризм тарихын зерттеудің мақсаты да осында жатыр.
Ұйымдасқан саяхаттардың дамуы мен оның тууына негіз болған түрлі
себептерді талдай келе, туризм тарихын дәуірлеудің негізінен адамзаттың
жалпы тарихын дәуірлеумен сәйкес келетіндігіне көзіміз жетеді. Адамзаттың
тарих алдындағы хайуанаттар ортасынан бөлінуі 5-2 млн жыл бұрын басталып,
б.д.д. ІV мыңжылдықта аяқталған. Адамзат өркениетінің дамуының бірінші
кезеңі — көне әлемнің тарихы (б.д.д. ІV мыңжылдық — б.д. у ғ.), екінші
кезеңі — орта ғасырлар тарихы (V—XV ғғ.), үшінші кезеңі -жаңа дәуір тарихы
(1918 жылдан біздің заманымызға дейін). Терімшілдік пен аңшылық адам
баласының бірнеше миллион жылғы басты кәсібі болған. Шамамен 10 мың жыл
бұрын (кейде 5-тен 10 мың жылға дейін делінеді) терімшілдіктен — жер өндеу,
аңшылыктан — мал шаруашылығы туындаған.
Өндірістік еңбекке дейін адамның кеңістікте орын ауыстыруы терімшілдік
пен аңшылық мақсатында болған. Адамдардың ол орын ауыстырулары ретсіз,
жоспарсыз болып, ондағы мақсат аштық инстинкті, өзін-өзі аман сақтау немесе
ұрпақты жалғастыру болған. Мұндай жағдай адам бойында тіршілік ету мен
дамудың табиғатқа бейімделуінен табиғатты өзіне бейімдеу мәдениеті
қалыптасқанға дейін жалғасты.
Түрлі ғылымдардың мәліметтерін талдай қарасақ, адам баласының Жер
шарымен мақсатты түрде танымдық мүддемен саяхаттауы бүдан 5-6 мың жыл бұрын
басталғанға ұқсайды. Міне, осы кезеңнен бастап адам терімшілдік пен
аңшылықтан өндірістік еңбекке көшкен.
Көне заманның алғашқы саяхатшылары саудагерлер болды. Оған дәлел арнайы
жоспарланған саяхаттың адамның өндірістік еңбегінің басталуымен
байланыстылығында жатыр. Б.д.д. ІІ мыңжылдықта адамның алғашқы еңбек
бөлінісі (мал шаруашылығының жерді игеруден бөлінуі), екінші бөлініс
(қолөнердің жер игеру мен мал шаруашылығынан бөлінуі), үшінші бөлініс (ой
еңбегінің дене еңбегінен бөлінуі) басталды.
Еңбектің бірінші, екінші бөліністері егіншілер мен малшылардың бір-
бірімен азық-түлік алмастыру қажетгілігін, ал үшінші бөлініс Жер
планетасының құрлығы мен суы жөнінде жүйелі мәліметгер жинауына мүмкіндік
тудырды. Адамдар жаңа жерлер ашу үшін планетаның құрлық, су, жер асты
туралы деректер жинап, арнайы саяхаттарды жасауды жоспарлады. Осылайша
тарих және география ғылымдары қалыптаса бастады.
Адамдардың металдарды (мыс, қола) кеңінен қолдануы, олардан жаңа еңбек
құралдарын жасау егіншілік пен мал шаруашылығында еңбек өнімділігі қауырт
өсе берді. Өндіріс аясындағы билік еркектердің қолына көшіп, патриархалды
қоғамдастық қалыптасты.
Адамзат қоғамындағы жоғарыда санамаланған барлық өзгерістер мақсатты
саяхаттар ұйымдастыруға 2 түрлі жағдай жасады. Бірінші мал шаруашылығының
дамуы кұрлық жолында орын ауыстыруға ыңғайлы ат секілді көлікті қолдана
алатын болды. Кейін келе аттың біршама алыс қашықтықты жылдам жүріп өтетін
жүрдек жылкылардың тұқымы іріктеліп алынатын жағдайға жетті. Екінші,
еркектердің қоғамдағы жетекшілік жағдайы олардың отбасынан ұзап ұзақ сапар
шегіп кетуіне мүмкіншілік берді. Еркектерше ұзап кетуге әйелдің жағдайы
балалардың анасы, тәрбиешісі ретінде келе бермеді және отба-сының ошағының
түтінінің түзу шығуы сол кісілерге байланысты болды.
Адам еңбегінің өнімділігінің артуы оларға төмендегідей бірнеше
мүмкіндік берді:
саяхатты өз еңбегінің өнімділігіне қарай жоспарлай ала-
тын болды;
саяхат үшін материалдық дүние-мүліктерін (азық-түлік,
еңбек құралы, киім-кешек, көлік) жинақтайтын, жасайтын,
пайдаланатын болды.
Әсіресе, ерекше таң қаларлық, данышпан адамдар жайындағы, табиғаттың,
адамзат мәдениетінің нысандары туралы мәліметтер жинала бастады. Дәл осы
мәліметтер әлемнің әр түпкіріне тез тарай бастады. Осы мәліметтерді естіген
елдердегі адамдар енді табиғаттың, тарих пен мәдениеттің таңғажайып
нысандарын көру үшін арнайы саяхаттар, яғни туристік мақсаттағы табиғи
саяхаттар жасауға көшті.
Көне әлемнің тарихында ұйымдасқан саяхаттардың дамуына негіз болған
бірнеше мемлекетті атауға болады. Бұған ең алдымен ежелгі Египетті
(саудагерлер елдің ерекше сатыдағы адамдары болды, әлем жайлы информациялар
жүйелі түрде жинақталып отырды, оның ішінде географиялық, астрономиялық
және медициналық білімдер де бар), Вавилон патшалығы (Алдыңғы Азияда керуен
және су жолдарын ұйымдастырып, қолдап отырды), Финикия (теңіздегі және
құрлықтағы белсенді сауда, бос жерлер іздеу) , б.д.д. ІІ мыңжылдықтың аяғы
-1 мыңжылдықтың басында әлемдегі ең озық корабль құру мен теңіз-шілер
дайындаған, б.д.д, І мыңжылдықтың басында әлемдегі алғашқы алфавит
кұрастырылды), Персия (мемлекеттің орталық және шалғай аудандарының
аралығын қосатын жолдар салу), көне Үндістан (басқа мемлекеттермен қызу
сауда, Ғанг өзенінің алқабындағы ну орман-тоғайды игеру, қант бұтасының
сөлінен алғашқы қант ендіру, мақтадан мата тоқу, әлемнің ең көне діні —
буддизмнің негізі салынды), көне Қытай (темірді өндіру мен өндеудің
басталуы, б.д.д. ІІ мыңжылдықта иероглифтік жазу мен қағазды ойлап тапты,
компасты, жібек өндіру тәсілін шығарды, шай дайындауды үйренді), көне
Греция (қолөнер, корабль құрылысы, өз жазуларын ойлап тапты, Финикия,
Египетпен тұрақты сауда, дауысты дыбысты белгілейтін алғашқы әріптік
алфавитті жасады, Жерорта теңізі мен Қара теңіз жағалауын жаппай отарлау,
теңізде жүзудің дамуы), б.д.д. 776 жылы алғашқы олимпиадалық ойындардың
ұйымдастырылуы, олимпиадалық ойындар кезінде соғысуға тыйым салынды), көне
Рим (шығыс Жерорта теңізін игеру, христиан-дықтың тууы, елді ағарту
жүйесінің және бүкіл империя үшін бір шіркеу жасап, христиандықты
үйымдастыру) елдері жатады.
Орта ғасырлар тарихындағы жоғарыдағы және одан да басқа мемлекеттер
туризмнің қалыптаса түсуіне итермеші күш (стимулятор) факторы қызметін
атқарады. Олар: көне Рим мемлекетінің негізінде қайта құрылған Шығыс Рим
империясы немесе Византия (Батыс Европа мен Шығыс арасындағы сауданың
дамуы, яғни Үлы жібек жолы, Аравия арқылы Парсы шығанағына, Үнді мұхитына
өтетін жұпар иіс жолы мемлекеттік почта мен шет елмен қатынас
ведомостиларының кұрылуы, шіркеудің батыста католиктік, шығыста
православиелік болып бөлінуі, крест жоқтарының басталуы), Аравия (үшінші
әлемдік дін — исламның пайда болуы, Мекке мен Мәдинеге қажылық жасау),
Франция, Германия, Италия (мектептердің ашылуы, академияның құрылуы, крест
жорықтары, сауданың дамуы, европалық саудагерлердің Жерорта теңізіне
орнығуы, ірі монастырьлар, жол айрықтарында, өзен өткелдері, теңіз айлағына
жақын жерлерге қалалар салу, табарлық-ақшалық ша-руашылықтың қалыптасуы,
өнеркәсіптік өнімдердің ел ішінде дамыту, өнеркәсіптік табарларды ішкі және
сыртқы рыноктарға шығару саясатын ұстанды, күшті флот жасау, зайырлы
өкіметті нығайту және ұлтгық мемлекеттердін дамуы).
Туризмнің жаңа дәуірінің тарихында саяхат негіздері Англияда
(капиталистік шарттардың дамуының негіздері одан әрі қалана түсті, тауар
сатудың қоймалық рыногы жинақталды, өнеркәсіптің ерекше дамуы үшін жұмыс
машиналарын ойлап тапты, машина жасау дамыды), АҚШ-та (өнеркәсіптің дамуы
табарлар қозғалысы. жаңа жерлерді отарлау, дамыған өнеркәсіп үшін ішкі
рынок жасау, өнеркәсіп пен сауданың дамуының кедергілерін жою, су және
теміржол транспорттын жолға қою, телеграфтық Морзе әліппесінің шығуы,
Белдің телефон аппараты, Эдисон лампасы, комбайын пайда болды), Францияда
(Адам және азамат құқығы декларациясың, таптарға бөліну жойылды, өнеркәсіп
пен сауда кедергілері жойылды, тұтас ұлттық рынок қалыптасты) болды.
Туризмнің жаңарған дәуірінің тарихында саяхат негіздері АҚШ-та (сауда
мен теңізде жүзу еркіндігін қамтамасыз ету, кедейлікті жоюға деген
талпыныс, елді кәсіптік кайта даярлау шаралары, халықтың білім алуына кемек
көрсету), Францияда (1936 жылы аптада қырық сағаттық жұмыс күнін белгілеу,
жылына екі апталық төлемді еңбек демалысы, зейнетақыны, жұмыссыздардың
төлемақысын көбейту, XX ғасырдың 60-жыл-дарында әлеуметтік заңдылықтарды
кеңейту), Ұлыбританияда (тегін медициналық көмек көрсетудің кіргізілуі,
барлық дерлік британ колонияларының азаттық алуы, өнеркәсіптің
модернизациялануы, іскерлік рухтың көтерілуі), ГФР-да (ІІ дүниежүзілік
соғыстан кейін демократиялық институттардың бекуі, өнеркәсіптің жаңа
техникалық негізде қайтадан қалпына келтірілуі және қайта құрылуы, әскери
шығындардың азаюы, капитал мен өндірістің жиі шоғырлануы, отарлық басқару
аппараттарын ұстауға арналған шығындардың жоқтығы), Италияда XX ғасырдың 50-
60-жылдарында экономиканың қаулап өсуі, экспорттың жылдам өсуі, ақша
бірліктерінің тұрақталуы, елдің өмір сүру деңгейінің өсуі, мемлекеттік
берекенің орнауы), Жапонияда (соғыстан ұлттық дербес құқығы ретінде бас
тарту, жалпыға бірдей сайлау құқығы, сайлаулы өзін-өзі басқару элементтерін
енгізу, сөз бостандығы, ұйым бостандығы, жүмысшылардың ұжымдық
келісімшартқа және ереуілге құкық алуы, помещиктік жер иелену жойылды,
жерді сатып алуды арендаторларға беру, фермерлік шаруашылық, мемлекеттік
шығындардың азаюы, инфляцияның тоқтауы, бағаның тұрақтануы, XX ғасырдың 50-
жылдарының ортасында жапон экономикасының ерекше өсуінің басталуы,
фермерлерге арналған жаңа, ірі өнеркәсіптік табарлар рыногының жасалуы,
қорғанысқа аз шығын жұмсау, өндірістік капитал қорын жинау, дәстүрлі жүйе,
экономиканың ауырлығын энергиялық-материалдық саладан ғылымға сүйенген
салаға ауыстыру, кәсіпкерліктен алынатын салықтың төмендеуі) болды.
Туризмнің жаңарған тарихының дамуының бір ерекшелігі — социалистік және
дамушы елдер лагерінде қалыптасуы. Мәселен, жоғарыда аталған туризмнің
қалыптасып дамуының алғы шарттары Қытай халық республикасында XX ғасырдың
70-жылдарының соңы — 80-жылдардың басында Мао Дзэ Дун қайтыс болғаннан
кейін ғана (мемлекеттік мекемелердің шаруашылық есепке көшуі, шағын және
орта бизнестің дамуы, шет елдік капитал салуға қолдау көрсету, шет елдік
кәсіпкерлерге арнайы экономикалық зона жасау арқылы жеңілдетілген шарттар
ұсынылды, жерге ұжымдық меншікті сақтай отырып, ауыл шаруашылығына
отбасылық иелікті кіргізу, халықтың өмір сүру деңгейінің өсуі, 2000 жылға
дейін халық санын тұрақтандыру үшін бала табуға шектеу қою шаралары, Батыс
елдерімен байланыстардың кеңеюі мен беки түсуі) қалыптасты.
Азияның, Африканың және Латын Америкасының дамушы елдерінде соғыстан
кейінгі жылдарда туризмнің дамуының темендегідей алғы шарттары қалыптасты:
импортты ауыстыратын индустриализацияның орнына экспорттық мүмкіндіктер жан-
жақты дамыды, шет ел капиталын әкелу қолдау тапты, ақша айналымы
тұрақталды, әлемдік экономикаға интеграциялануға талпыныстар жасалды, ауыл
шаруашылығына заманға сай технологиялар енгізілді, жасыл революция,
әлеуметтік құрылым өзгерді, демократиялық институттар қалыптасты, өз
елдерінің халықаралық еңбек бөлінісіне белсенді катысу, әлемдік экономикаға
интеграциялану курсын сақтады, экономиканың рыноктық құрылымын дамыту,
әлеуметтік бағдардағы экономиканың қалыптасуы.

3-ТАРАУ, КӨНЕ ЖӘНЕ ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ ТУУ ТАРИХЫ
Туризм термині әлемінің түрлі халықтарының тілінде ХІХ ғасырға қарай
ғана тұрақтады. Көне және орта ғасырларда адамдар саяхат деген терминді
қолданып келді. С. И. Ожеговтың Словарь русского языка еңбегінде жол
сөзіне кеңістіктегі қозғалыс болып жататын сызықты, қимыл-қозғалыстың
бағыты деген түсіндірме жасалады. Әуелде саяхат сөзі жолмен жүру, яғни
уақыт пен кеңістікте белгілі бір бағытпен жаяу орын ауыстыру деген мағынада
қолданылған.
Саяхат — адамның күрделі де сан салалы іс-әрекеті, сондықтан да
саяхатшы, жаһангер болып көне заманнан бері саудагерлер, қажылыққа
барушылар, теңізшілер, зерттеуші ғалымдар, авантюристер және табиғат
ландшафтына кызыққандар саналған. Немесе бойына жоғарыда аталған
кәсіптердің бәрінің қасиеттерін жинақтаған адамдарды осылай атаған. Қазіргі
туристерде саяхатты жоспарлау барысында күрделі мұраттар мен максаттарды
басшылыкка алады. Түйіндей келгенде, іс әрекет туризммен де, саяхатпен де
байланысты адамдардың сыртқы да, ішкі де мураттары сәйкес болады, яғни
адамның маңызды кажеттіліктері болып табылады. Туризм және турист
ұғымдары қоғамдық санада XVIII ғасырдын соны — XІX ғасырдың басында әбден
орнынықты Шамамен осы кезеңде Франциада француз тілінің сөздігінде турист
ұғымына кызығушылыктан туындаған саяхатпен уакытты өткізу деген аныктама
берген. 1838 жылы Ф. Стендальдің Туристік жазбалары деген еңбегі шығады,
сондықтанда турист деген сөзді ойлап тапкан Стендаль болып саналады.
Зерттеуші С.Усыскиннің ойынша, туризм термині XVІІІ ғасырларда Англияда
пайда болған. Бұдан баска да зерттеушілер бұл ойды шет ел ғалымдарының
еңбектеріне сілтеме жасай отырып түйіндейді.
Біздің ойымызша, туризм терминінің авторы француздар болу керек,
себебі бұл термин — француз тілінің тур деген түбір сөзінен туындаған
сөз.
Сол кезде белгілі жерлердің беинелі жол сілтегішін кұрастырған алғашкы
саяхатшы ғалым, көне грек тарихшысы Геродот (б.д.д. шамамен 484-125 жж.)
және көне грек тарихшысы, географ Страбон (б.д.д. 64 63 ж. — б д 2324 ж.)
Әрине, олардың жанында атақ-данқы аз жайылған талантты саяхатшылар мен
зерттеушілер болған.
Көне гректердің б.д.д. VI-V ғасырлар шегіндегі географиялык тусшпсгерш
Гекатей Милетскийдін Обозрения Земли атты енбегінің сакталған узінділері
бойынша елестетуге болады. Атакты экономика тарихшысы А.М. Петровтың
Великий Шелковый путь (1995 ж.) атты кітабында Гекатей (б.д.д. VI-V) екі
жарым мың жыл бұрын камтыған деректердің казіргі географиялык картасын
(реконструкциясын) жасалды. Бұл реконструкцияланған картада Кіші Азияның,
Қара және Азов теңіздердің шекаралары айкын көрінеді, Қызыл теніздің
аумағы, Араб тубегінің, Тигр мен Евфрат өзендерінін контурларының
шекараларына жуық. Гекатейдің картасынан Ундістанды табу киын, дегенмен де
оның батыс жақ бөлігінде Инд өзені белгіленген. Шығыс Индостан мен Кытай
картада жок.
Геродотты тарихтың атасы деп атайды. Оны географияның да атасы деп
есептесе еш әділетсіздік болмас еді. Ол өз окырманына атакты Тарихында
белгілі де, белгісіз де Көне әлемді, кейде өз ойынан шығарылған дуниені,
яғни өзіне белгілі болған әлемнің барлык үш бөлігін таныстырды. Геродот:
Менің бір тусінбейтінім — неліктен тұтас жерге үш атау берген?- дейді. Ол
үш атау: Европа, Азия және Ливия деп аталған Африка.
Геродот б.д.д. 484 жылдың шамасында кіші азиялық кала Ғаликарнас
каласында дуниеге келген. Ол жан-жакты сауда байланысы бар, бай да атакты
отбасында дуниеге келген.
Геродоттың арманы өз замандастарынан әлдекайда кең көлемді болған, ол
мыкты мемлекет болған халықтар, гректерден өркениетті болған елдер жөнінде
білгісі келді. Оны сонымен қатар баска елдерден әр турлі және жабайы
көрінетін әдет-ғұрыптар қызыктырды. Осыдан келіп ол сол кезде гректердің
өздері аз білетін парсы соғысыныц тарихын, Грецияға шабуыл жасаған барлық
халыктар туралы кең көлемде зерттеу жургізді. Ол Нілдің тасуы кезінде
жасаған Епшетме саяхатының маршрутының орнын толтырды. Ол алые-алые елдерге
көптеген саяхаттар жасап, өз көзімен көріп, өз аяғымен жүріп өтті, әрине,
атпен, есекпен жүрген, қайықпен жүзген кездері де аз болмады. Ол храмдардан
жазуларды аударды, абыздардан перғауындар тарихы туралы сұрағыштады.
Египеттікьердің діни мерекелеріне қатысып, олардың турлі-түсті бояулы
киімдерге және шаш қою әдеттерге таңыркады. Пирамидаларға тап болып, оның
әрбір сатысын адамдарымен өлшеп, өз өлшемдерінде ешбір қате жібермеді.
Геродот өзінің әлемді айналу саяхатын Вавилониядан бастап, онда ұлы
қала Вавилонның квадрат пішінді кабырғалары мен корғандарын көрді. Бұл
қабырғалардың периметрлік ұзындығы сексен бес шақырым болатын. Геродот
Вавилонды өте үлкен қала ретінде сипаттайды. Шындығында да Вавилон — ол
көрген калалардың ішінде болсын, көне әлемнің өз кезіндегі ең үлкен,
көлемді кала еді. Ондагы тік бұрыш болып киылысатын тузу көшелер туралы
әңгімеледі. Вавилондагы өз елінде көрмеген үш, төрт қабатты үйлерге
суйсінді. Геродот Вавилонды зерделеп болған соң, Перенята аттанады.
Геродот — Скифия, оны мекендеген халыктар жөнінде өз байқауларынан,
жергілікті грек отаршыларынан сұрап білген деректерінен құрастырылған
алғашқы сипаттаманың иесі.
Геродот Қара теңіздің барлык батыс жағалауын Днестр ернеуінен Босфорға
дейін аралағаны сөзсіз, сонымен қатар Балкан түбегінің көп бөлігін аралаған
болу керек.
Туйіндей келгенде, Геродот бізге ең алғаш болып жетіп отырған
Пелопоннес рельефі мен Балкан тубегінің шығыс жағалауы туралы шолу түрінде
болса да айкын нұскаулар беріп отыр. Бұл тендректіц ішкі ещрлерщ ол
зерттеген жок, сондыктан ол жайлы мәліметтер өте аз, себебі олар елден
сұрау жолымен жинакталған.
Геродоттың саяхаттары солтустік Шығыс Африканы да камтып, Киренде де
болды. Б.д.д. 448 немесе 447 жылы Нілмен жоғары жузіп, Эльфантина аралына
жетті.
Геродот көргісі келген, көрген барлык елдердің ішінде Египет елінің
тарихы мен географиясы толык та жан-жакты баяндалды. Ол Нілдің бастау кезі
және тасып жайылу секілді қос құпиясының сырын ашуға талпынды. Саяхатшы
сонымен катар жабайы ғұрьштар туралы деректерді ерекше еміреніспен жинады.
Геродоттың Египет жайындағы ғажайып, бірак толык емес деректерін қазіргі
заман тарихшылары растайды және шындыққа жакын мәліметтер ретінде
мойындайды. Ол көптеген накты деректерді египеттіктердің өз аузынан жазып
алды. Геродоттың Финикиядағы Тиру каласына жузіп барғанына шубе жоқ, себебі
ол жайында өте накты сипаттамалар береді. Ол Сирия мен Палестина жайлы
деректер жинап, оларға кыскаша сипаттама жасады.
Өз отаны Ғаликарнаска жап-жас куйінде оралған атакты саяхатшы Лигдамис
баскыншыға қарсы халык қозғалысына қатысып, оның тақтан таюына үлесін
қосты. Ол өмірінің соңына қарай Италиядағы Туриумға коныс аударып, сол
жерде б.д.д. 425 жылдың шамасында өзін атакты саяхатшы және одан да атақты
тарихшы ретінде даңктап өмірден өтті. Киренде тұрған (б.д.д. 234-196 жж.)
грек философы және математигі Эратосфен зерттеулері үшін өз қарамағында
көлемі кең бастапкы информацияның иесі болды. Себебі Эратосфен көне
дуниедегі ең бай Египет Александриясындағы кітапхананың сактаушысы еді.
Эратосфен географиялық зерттеулерге алғаш рет математикалык білімдерді
пайдалана отырьш, Родос аралында киылысатын ендік, бойлык — екі осьтің
сызығын жүргізіп, меридиан бойлығының Византия ~ Родос — Александрия — Сиен
аркылы өтетінін аныктады. Кейін келе атакты астроном Гиппарх градустык
торды ойлап тауьш, Эратосфеннің басты параллельдерін 360 градуска белда.
Гиппарх ендігі, он екі параллелін жүрпзіп, бар Жерді климаттарға
(зоналарға) бөліп, ғылыми картографияның негізін салды.
Біздін дәуіріміздің басына қарай жинакталған географиялык мәліметтер,
баска елдер мен туристік нысандар турасындағы деректерді біршама толык
баяндаған географ Страбон. Страбон (б.д.д. 6463 — б.д.2324 жж.) — көне
грек тарихшысы және географы. Көптеген саяхаттар жасаған. Ол — Көне
заманның географиялық білімдерінің нәтижесі болып табылатын 17 кітаптан
тұратын Географияның және бізге жетпеген Тарихи жазбалардың авторы.
Страбон Қара теңіздің оңтүстік жағалауынан жүз шакырым, Жерорта теңізге
апаратын жолдық бойына орналаскан Амасияда б.д.д. 6463 жылдары дүниеге
келген. Оның ата-аналары бұл жерге Крит аралынан қоныс аударған еді.
Страбон сол кездегі деулетті де атакты отбасыларының дәстурі бойынша
жеке муғалімнің тәрбиесінде болған. Муғалімдерді Страбонның өз
Географиясында арнайы еске алуына карағанда, олар Страбонның өмірінде
ерекше рол аткарған болуы керек. Келешек географка айрыкша әсер еткен тағы
бір адам Страбоннан екі ғасыр бұрын өмір сүрген философ Зенон болды. Ол өз
кітабында стоиктер мектебін непздеушіні біздің Зенон деп ілтипатпен
атаған. Страбон нағыз стоик ретінде сабырлы да саликалы өмір кешкен. Шын
стоик ретінде саясатка араласпай, оған катысты окиғаларды сырттай ғана
бакылаған. Страбон жігіт шағында Римге аттанады. Италия мен Египетке көп
саяхаттаған. Ара-арасында еліне де келіп-кетіп жүрген. Жомарт табиғат оның
бойына жаркын таланты бар жазушылыкты, ерекше ойлау қабілетін сыйлады, оның
куші өте ұқыптылығында, мәліметтерді жинап кана коймай, жалпылай алу
дағдысында еді. Оған өзінің жан-жакты білімдарлығы косылғанда, гректердің
тілімен айтканда, энциклопедист ғалым болып шықты. Нәтижесінде Страбон
оқырмандарына 43 кітаптан тұратын Тарихи жазбалар деген еңбектерін ұсынып
кетті. Ол кейін келе сол кезде жерлердін дөңгелектері деген атаумен
атакты болған үлкен су-ретін жасап, онда жердің барлық бөлігі туралы
мейлінше толык әнгімелеуге күш салды. Баска жиЬангерлердің ойлары мен
мәліметтеріне ерекше кұрметпен қарай отырып, әлемді кеп шараларды,
мумкіндігі келгенше өз көзімен көруге талпынды.
Страбонның дәуірінде жолдар мукият жоспарланып, оларға киыршак тастар
теселді. Негізгі магистраль Британиядан бастау алып, букіл Европаны басып
өтіп Балкандағы Иллирияға, одан кейін Кіші Азия мен Сирия арқылы Үнді
мұхитына жетті. Римдіктер орта ғасырлардағы Европа мен Византияға мұраға 90
мың шакырымдық негізгі және 15О-200 мың шакырымдық косымша даңғыл жол
калдырды.
Халык ыгы-жыгы жиналған сауда орындарында, курорттарда жолаушыларды
кымбатта колайлы конак уйлер күтіп тұрды. Себебі әдеттегі уакытша
тұрактарда тазалық пен жайлылык жетіспеді. Дегенмен де жарнаманың кадір-
касиетін сол кезде-ак білген. Мәселен, мынандай: Мұнда Меркурий — пайдаға,
Апполон — денсаулыкка, Септимен — дастархан жайьш карсы алуға уәде береді.
Мұнда кірген өзін ғажап сезінеді! деген хабарландыруларға кім елтіп
ермеді.
Б.д.д. І ғасырдың соңынан бастап саяхат жасау бұрыңғыға қарағанда
әлдекайда колайлы бола бастады. Осы кезден бастап туризм әдетке, сәнге
айналды. Саяхаттағысы келгендерге ерекше бюролар керсеткіштер, жол
сілтегіштер, аныктамалар беретін болды. Бұл тәсілдер бойынша маршрутты,
конак уйі бар жерлерді, баратын жердін кашыктығы мен бағасын аныктауға
болатын еді. Географиялык карталар ілініп койылмаса да, оның орнын
кабырғадағы сызбалар басты. Осындай сызбаның бірі кезінде Рим сарайының
кабырғасының сәнін келтіріп тұрды. Жол сілтегіш аныктамалардың кейбірінің;
мұқияттап жасалғандыгы сонша, адам ойлай бермейтін пішіндерге ие болды.
Мысалы, күміс ыдыс пішініндегі затқа Ғадестен (Кадис, Испанияның оңтустігі)
Римге дейін маршрут сызылъш, онда аралыктағы станциялар, олардың ара
қашықтығы көрсетілді.
Страбон Италияны жол сілтегішпен емес, өз көзімен көріп жеріне жеткізе
зерттеді. Ол түрлі теңіздердің жағалаулары сипатталған ғылыми шығармаларды
да окыды. Ол өз кезінде кең таралған, зерттеушілердің бірі географияның
келесі жағы деп атаған ерекше жанрдағы саяхатшылардың әңгімелерін де
жокка шығарған жок. Страбон фантастикалык ойдан шығарылған әңгімелерден де
акикаттың дәнін іздеді. Ол үшін түрлі авторлардың мәлітметтерін
салыстыруға, салғастыруға тура келді. Страбон ең абзалы — өз кезімен көру
деп есептеп, кең саяхаттады. Страбон еуелде өз ізденістерін ғылымның кай
саласына арнағысы келетінін анык білмегенмен, тарихка, географияға
катыстының бәрін ұқыштап жинады. Өткеннің кираған ескерткіштерінен де көп
сыр ұққысы келді. Ол кейін келе: Адамдар ана жерді де, мына жерді де
көргісі келеді, тіпті олар сондай данқты істердің іздерін іздеп атакты
адамдардың бейітіне баруды да жаксы кереді деп жазды.
Страбон өмір бойы саяхаттаған. Ол барлык өзендерді, мүйістерді,
тауларды тәптіштеп санамалайды да, ана жерден мына жерге дейін осыншама
шакырым деген цифрларды келтіреді. Оны мұнды ойларға жетелемеген жалғыз
рана кала, ол Коринф болуы керек.
Көне заман каламгерлердің ешқайсысы да үйреншікті әлемнің жеті
кереметі саяхаттардың максаты болып, арнайы маршрутка кірді демейді.
Жекелей алғанда, ол кереметтердің кай-кайсысын болсын кім болса да
көргісі келді. Страбон да солардың бірі болды.
Бұл дәуірдің адамдары кереметінің жетеу екенін анык білді. Жеті
кереметті б.д.д. III ғасырда ғана накты санамалағанмен, оған дейін
жетіге кандай кереметтерді жататындығында бір ізділік келісім болған
жок.
Вавилон бактары бұл кезде жок болатын. Б.д.д. V ғасырдың 30-жылдарында
Фидий жасаған олимптік Зевстің мүсініне танырқап қарап, тамсана
әңгімелегенімен, неге екен белгісіз, жеті кереметтің біріне де санамады.
Эфес Артемидтердің храмы да, Фарос маягы да Зевс мусінінің кебін киді.
Страбон Артемисион, ягни Эфестеп Артемидтер храмы жайлы ол кастерпі
орынды кім, калай және кімнін каражатына салынғанын санамалап, Геростраттың
мұнды жадын салған сәулетшінің атын жол-жөнекей ғана сөз етеді.
Географияның он жетінші кітабы ғылыми шығармадан гөрі жолжазба
күнделігіне көбірек ұксайды. Оның ойға келмес нактылыкка толылығы сонша,
ондай мәліметтерді көне заман авторларының ешкайсысынан кездестірмейміз.
Александриядан шыккан жол алдымен араларын жиырма шакырымдык канал
жалғап жаткан Канопка (казіргі Абукирге жакын) әкеледі. Каналды жағалай
өздеріне тұтынушыны (клиентті) сұңқылдап шакырған конак уй кызметкерлері
жүретін мейманханалар салынып тасталған. Туристер орта жолда Элевсинде
бірінші аялдамасын жасайды, себебі онда әсем көріністерге қараған секілер
мен сатылар бар болатын.
Каноптан баска рахат іздеген туристердің бір бөлігі әрі карай
онтустікке, Гелиопольге, жол тартады. Бұл жерде дельта аякталып, Ніл
басталады. Одан әрі Мемфис — Мерида көлі — Абидос —- Фивы — Сиена —
Элефантина аралдары — Филе. Страбон осы нүктелердің әркайсысы туралы
тәптштеп баяндайды. Страбон Египеттің ең көне астанасы Мемфисті, оныц
тарихының күәсі ретінде жалғыз өзі бүтін қалған пирамидалар ат усті
баяндайды.
Мемфистен жол Мерид көліне шығатын, көлдің касында — XІX ғасырда
перғауын III Аменемхет тұрғызған ғажайып қурылыс болды. Ол туралы Страбон
пирамидалармен ғана салыстыруға болатын лабиринт кұрылыс, касында
лабиринтті салдырған патшаның бейіті бар деп баяндайды.
Лабиринт жайында жазғандардың ішінде бұл жұмбак сарайдың саяси
мағынасын аша Шігімелеген Страбон ғана. Пі Аменемхет тутас, бірлікгі
мемлекет жасаута кеп куш салған. Зор лабиринт перғауыннын куДіретті битпмен
біріккен букш Египетпц жене оньш халкынын. біртутас ел екендігінін символы
болды.
Страбон ез саяхаттарынық барысында Эфиопиянын шека-расына, ягни
ойқұмендердщ шек-шекарасына жетш, озін кана-ғат сезімге беледь Страбон
енбектерінін кызыкты, жаркын жэне накты беліктері онын езініц куэ болған,
тікелей бакыпау аркылы жазған ізденістері болды. Онық кергені мен куэ болг-
аны аз емес еді. Сондыктан да онық: Мен Армениядан баты-сца карай
Тиррвения (Этрурия) аймагына дейін, ягни Сардиния аралдарына карсы жаткан
ещрге дейін, ал оцтустікте Евк-синск Понтынан Эфиопия шекарасына
саяхаттадым. Баска географтар арсынан мен аралаған кендстікті менен кеп
шарлатан ещюм жок. Батые аудандардық ішкерГі аудандарын менен де кеп
шарлағандар болғанымен, шыгыстьвд узак нуктелеріне менен шгершеп ешюм
барған емес, ал шыгыстын кеп жер-лерш кыдырғандар маған … жалғасы